Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача

Описание работы

МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.

Работа содержит 1 файл

мемлекет және құқық тарихы.docx

— 363.10 Кб (Скачать)

2.   Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.

3.   Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.

4.   Мемлекет адамдардың, саяси-әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.

5.   Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.

6.   Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.

Мемлекет өзінің билігін  саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.

Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды  басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.

Мемлекет және қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктер- қазіргі заманда  халықтың мүдде - мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар  емес. Ол мүдде - мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.

Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің  басым көпшілігі еңбек ұжымдарының  құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы  дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы  бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.

Мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында  мемлекеттік билікті жүргізуге  құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.

Мемлекет пен азаматтар  мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып  немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары  бар және ақпарат, радио, теледидар  да өздер талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс-әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.

Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:

-  зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б.

-  теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.

-Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.

Саяси жүйе  биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.

Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек.

 

 

 

 

9.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

1. Құқықтық мемлекеттің  түсінігі жəне қағидалары. Құқықтықмемлекет  – бұл адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандық-тарының  толық түрде қамтамасыз етілуіне  жəне құқық бұзушы-лықтарды болдырмау  мақсатында мемлекеттік билікті  құқықпенмейлінше байланыстыруға  жағдай жасаушы саяси билік  ұйымы. Құқықтық мемлекеттің мəнін  қарастыруда оның негізгі екіжағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға  болады:

1) мазмұнды жағы – адам  мен азаматтың құқықтары менбостандықтарын  мейлінше толық көлемде қамтамасыз  етуден,тұлға үшін құқықтық ынталандыру  режимін орнықтырудан кө-рінеді;

2) формальды-заңды жағы  – мемлекеттік билікті құқықпен  бай-ланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар  үшін құқықтық шектеурежимін  орнықтырудан көрінеді. Сонымен  қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына  мыналар дажатады:- билікті заңсыз  пайдалануды болдырмау мақсатында  онызаңшығарушылық, атқарушылық  жəне сот тармақтарына бөлу;- заңның  үстемдігі, яғни, биліктің жоғары  органымен барлықконституциялық  тəртіптерді сақтай отырып қабылданған  заңатқарушылық билік актілерімен  жоққа шығарылуы, өзгертіліуіжəне  тоқтатылуы мүмкін емес;- мемлекет  пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;- қоғамдағы құқықтық сана мен  құқықтық мəдениеттің жоғарыдеңгейі;- азаматтық қоғамның болуы жəне  тарапынан құқық субъек-тілерінің  заңдарды орындауына бақылау  жүргізілуі.

2. Биліктің тармақтарға  бөлінуі құқықтық мемлекеттіңқағидасы  ретінде. Бұл қағиданы алғаш  рет Д.Локк пен Ш.Мон-тескье  ұсынған болатын. Қағиданың басты  талабы – саяси бос-тандықты  бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету  жəне белгілі бірəлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра  пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығару-шылық (халық сайлайтын жəне қоғамды дамытуды заңдар қа-былдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (би-ліктің өқілдік органы тағайындайтын жəне заңдар мен оралым-дық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) жəнесот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінəлілердіəділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері депбөлу қажет. Жəне осы əр бір билік түрлері дербес жəне бір-бірінтежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесіарқылы жəне арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік жəне тежемелік жүйесі»заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түрінеқатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы,заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлдіПрезидент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығыниеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болыппрезидент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік воту-мы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызмет-пен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көріністапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінə-сіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен соталдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалы-лығы, соттарға отвод жариялау жəне т.б.

3. Мемлекет пен тұлғаның  өзара жауапкершілігі. Бұл құ-қықтық  мемлекеттің дербес қағидасы  болып табылады. Бұл саясибилікті  шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-дегі  мемлекет пен оны жүзеге асырудың  қатысушысы ретіндегіазаматтың  арасындағы қарым-қатынастардың  адамгершілік-заңдыбастамаларын көрсетеді.  Қоғам мен тұлғаның бостандығын  заң-шығарушылық нысанда бекіте  отырып, мемлекет өз шешімдерімен  əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді  иеленеді. Заң арқылы олөзінің  азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы  əділеттілік пен теңдікті қамтамасызететін  міндеттемелерді өз мойнына алуы  тиіс. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік  органдар ондағы ере-желерді бұза  алмайды жəне осы міндеттерді  орындамағаны үшінжауапкершілікке  тартылады. Заңның мемлекеттік  билік үшін мін-деттілігі əкімшіліктік  қателіктерді болдырмауға бағытталған  ке-пілдіктер жүйесімен қамтамасыз  етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдікоргандардың  алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген  деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік,азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичментжəне т.б. жатады. Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерінорындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, де-путтардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады. Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауыжəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс.Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастарөзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет – бұл адамдардың бір бірімен араласуының ең ойға қонымды жəне əділетті


нысаны, мұнда заң азаматтар үшін де, мемлекет үшін де міндетті болып табылады.

Сократ, Платон, Аристотель, Полибий

 

Құқықтық мемлекет идеясының пайда  болуы мен дамуы




Мемлекеттің мақсаты – əрбір адамға мүлікті еркін пайдалану мен қауіпсіздікті


қамтамасыз ету.

Макиавелли, Боден

 


 

Мемлекет əрбір азаматқа өз өмірінің сақталуына ғана емес, сонымен  қатар оның меншігінің қауіпсіздігі, ары мен бостандығының сақталуына да кепілдік бере алғанда ғана қуатты бола алады.


Спиноза

 


 

 


Мемлекеттің міндеті – заң қорғамаған жағдайда, əркімнің барлық жағдайларда өз


еркіне сай əрекет ету бостандығын қамтамасыз ету.

Локк

 



 

Бостандық (еркіндік) дегеніміз  заңдармен рұксат етілгеннің барлығын жүзеге асыра


алу құқығы.

Монтескье

 


 


Нағыз заңшығарушы болып  халық табыла алады, тек халық  еркі ғана саяси биліктің


қайнар көзі болып табылады

Дидро

 


 


Мемлекет– құқықтық заңдарға бағындырылған көпшілік адамдар бірлестігі.


Кант

 


 


Мемлекет – барлығы құқықтық негізге сəйкес құрылатын, қоғамдық өмірдің ең


жетілген ұйымы

Гегель

 


 


Мемлекет өз қызметінде құқықпен байланысты жəне шектелген, құқықтың үстінде


емес, астында тұрады

Гессен

 


 

 

 

Мемлекет пен  қоғамның өзара қатынасы. Қоғам – бұл, кеңмағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқаннысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, əлеуметтік жүй-енің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір ныса-ны. Мемлекет – бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрдеұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет – əртүрлі түсініктер. Бірін-шісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мем-лекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар,саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбекұжымдары жəне т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі,элементі болып табылады. Мемлекет қоғамда орталық орынды жəне басты рөлді иелен-ген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мəнінесипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істеріншешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттіңхронологиялық шектері де əртүрлі болып келеді: біріншісі екінші-сіне қарағанда ерте пайда болған жəне бай даму тарихына ие.Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатыстысалыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы. «Азамат-тық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс,Дж.Локк, Гегель, Маркс жəне т.б. ойшылдар қалыптастырған.Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адамидеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жекетұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын Адам-гершілік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы. Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы