Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача

Описание работы

МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.

Работа содержит 1 файл

мемлекет және құқық тарихы.docx

— 363.10 Кб (Скачать)

1) мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық  қатынастар менинституттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік);

2) мемлекеттен тəуелсіз  өндірушілердің жиынтығы (жекефирмалар  жəне т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен  бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен  қозғалыстар;

5) тəрбиелеу мен мемлекеттік  емес білім беру саласы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық  ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу жəне т.б.Азаматтық  қоғамның белгілері:- адам мен  азаматтың құқықтар мен бостандықтарының  мейлін-ше толық қамтамасыз етілуі;- өзін-өзі басқару;

-оның құрылымдары мен адамдардың əртүрлі топтарының бə-секелестігі;- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

- жалпы ақпараттану мен  адамның ақпаратпен танысу құқығы-ның  шын мəнінде жүзеге асырылуы;

-өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттікаппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

-экономиканың көпжақтылығы;- биліктің заңды жəне демократиялық сипаты;- құқықтық мемлекет;

-адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететінмемлекеттің күшті əлеуметтік саясаты жəне т.б.

 

 

10. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу:

 

 

 

 

 

11. Құқық түсінігі  мен мәні

1. Құқықтың түсінігі жəне белгілері. Құқық – бұл қоғамдыққатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтыры-латын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальдыанықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1) еріктілік сипаты;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальды анықталғандығы;

6) жүйелілігі.

2. Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсатықоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуіненжəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдықөмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып,қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекететуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

3. Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəнежалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерінқамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алуқабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідейнегізгі көріністерін атап өтуге болады:

1) құқық адамдардың əрекеттеріне  ұйымдастырушылықты,тұрақтылықты, үйлесімділікті  дарыта отырып, олардың бақы-лануын  қамтамасыз етеді, осы арқылы  ол қоғамдық қатынастарғареттеушілік  элементін енгізе отырып, оларды  өркениетті құбы-лысқа айналдырады; 

2) құқық тұлғалардың ерекше  мүдделерін үйлестіру арқылыолардың  жүріс-тұрысы мен қызметіне əсерін  тигізеді, яғни, құқықжеке мүдделерді  басып-жаншымайды, керісінше, оны  қоғамдықмүддемен үйлестіреді;

3) құқық тұлғаның қоғамдағы  бостандығын көрсетуші жəнеанықтаушы  болып табылады жəне осы бостандықтың  шегін,шамасын анықтайды;

4) құқық əділеттілік идеясын  көрсету қабілетіне ие, яғни, құқықматериалдық  игіліктердің дұрыс жəне əділетті  бөлінуінің талап-тарын орнықтырады,  барлық азаматтардың заң алдындағы  теңді-гін бекітеді;

5) құқық қоғамдық дамудың  тарихи кезектілігіне сəйкес  қоғам-ның жаңаруының қайнар көзі  болып табылады; əсіресе, оныңқұндылығы  тоталитарлық режимдердің құлауы  мен жаңа нарық-тық механизмдердің  бекітілуі жағдайларында өсе  түседі;

6) құқықтық тəсілдер халықаралық  жəне ұлтаралық сипаттағымəселелерді  шешудің негізі жəне жалғыз  құралы болып табылады.

4. Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қа-тынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақтыұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалықбостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызызор:

1) формальдық – кез-келген  құқықтың ең алдымен реттеушіекендігі;

 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделерінеқызмет ететіндігі.

Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға бола-ды:

- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін,мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анық-талады;

- жалпыəлеуметтік, бұның  шегінде құқық қоғамдағы əртүрлітаптардың, əлеуметтік топтардың арасындағы  келісімнің көрінісіретінде қарастырылады. 

 

5. Құқықтың объективтік  жəне субъективтік мағынадағытүсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəнежеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастардыреттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəнеқамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталғанзаң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бірмемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды

прецеденттер жəне нормативтік  шарттар. Оның объективтілігіжеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған тиесіліболмауынан көрініс  табады.Субъективтік құқық – бұл  тұлғаның жеке мүдделерін қанағат-тандыруға  бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы.

      Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын(еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардыңсубъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігіненжəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді. Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтікқұқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бос-тандыққа жəне т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қата-рына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қара-мастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды. Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объек-тивтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көріністабады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген. Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығару-шылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардыңшығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нəтижесі болыптабылады;

ə) ол заңдар немесе басқа  да қайнар көздер түрінде, яғни, жайой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ре-тінде өмір сүреді.

     Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы бары-сында оның бір мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқанекі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық-құқықтық жағы,екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.

     Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билікпен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқа-ралық билік ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың құрылымы жəне қызметі.               

    Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-тілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға,институттар мəртебесі.

 

 

Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің біріболып  оның мемлекетпен тығыз байланысы  табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-далуын мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра,қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа дамүдделерге сəйкес реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-меттік реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретіндекөрініс табуына мүмкіндік береді.

4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеу-шілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеушімазмұнымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

Құқық – бұл мемлекетпен белгіленетін жəне қамтамасыз етілетін жəне қоғамдық


қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған

заңдық нормалардың жүйесі

 


Құқықтың белгілері




Еріктілік сипаты – халықтың белгілі-бір тобының немесе қоғамдағы көпшіліктің


еркі мен мүдделерін білдіреді

 


 

 


 

Нормативтілік – заңдық нормалардың — жалпыға міндетті тəртіп ережелерінің


жиынтығын білдіреді

 


 

 

 


Жалпыға міндеттілік – мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға


таралады

 


 

 


 

Формальды анықталғандық – арнайы мемлекеттік құжаттарда-нормативтікактілерде көрініс тапқандығы



 

 

 


Мемлекетпен байланыстылығы – мемлекеттен туындайды жəне кез-келген


бұзушылықтардан мемлекеттік мəжбүрлеу шараларымен қорғалады

 


 

 

 

11. Құқық түсінігі  мен мәні

 

 

 

 

12.Құқық нормасы

1. Құқық нормаларының  түсінігі жəне белгілері. Құқық нор-масы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпығаміндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нор-масынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары менміндеттері туындайды жəне осы ереже аталған субъектілердіңəрекеттерін реттеуге бағытталған. Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесініңэлементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылысретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы заңды да.Алайд, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бірекенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретіндебайланысқа түседі. Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндеттіəрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-жаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-тырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз еті-леді;

4) ұсынушылық-міндеттемелік  сипат – ол бір субъектілерге  құ-қықтар берсе, келесі субъектілерге  міндеттемелер жүктейді, се-бебі, құқықты  міндетсіз, ал міндетті құқықсыз  жүзеге асыру мүм-кін емес.

2. Құқық нормаларының  түрлері. Заң нормаларының түрлері:

1) реттеуші жəне құқыққорғаушы;

2) құқық беруші, тыйымсалушы жəне міндеттеуші;

3) императивтік жəне диспозитивтік.

Реттеуші норма – бұл  субъектінің субъективтік құқықтары  менміндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.Құқыққорғаушы норма –  бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеушараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма. Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттердіжүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттердіжасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағыəрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма. Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көріністабатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрдеəрекет ететін норма.Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіре-тін норма.

3. Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманыңқұрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəнесанкция.

       Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағ-дайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзінкөрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсызсалдарды көрсету.

      Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай: «егер , онда , бұлайболмаған жағдайда». Мысалы, займ шарты жазбаша нысандажүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құ-руға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбашатүрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күшіболмайды.

4. Құқық нормасы  мен нормативтік акт бабының  арақаты-насы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдаремес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нор-масы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралғанжүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы–бұлқұқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерікбілдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының маз-мұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болыптабылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие.Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бірбабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуімүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлінормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір норматив-тік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.

Көрсету тəсілдері бойынша  құқық нормасы мен нормативтікакт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тəсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабыныңөзінде тікелей көрсетіледі;

ə) сілтемелі тəсіл – нормативтік акт бабы норманы толығыменашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқаемес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

13. Құқық нысандары  (қайнар көздері)

Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттен туындайтын немесе онымен танылатын, құқық нормаларын айқындайтын жəне бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мəн беретін ресми құжаттық нысандар.


 


 

 


Құқықтың қайнар көздерінің түрлері




- нормативтік құқықтық актілер;


- санкцияланған əдет-ғұрыптар;

- заңды прецедент;

- құқықтың жалпы қағидалары;

- діни мəтіндер

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.Нормативтi – құқықтық акт.

Нормативтік құқықтық актілер – бұл құзіретті мемлекеттік органнан туындайтын, құқық нормасынан тұратын жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы