Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача
МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.