Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция

Описание работы

Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 111.12 Кб (Скачать)

ҚР Қылмыстық кодексінің 6-бабының 5 бөлігіне сәйкес өлім жазасы рақымшылық жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан  айырумен немесе айрықша режимдегі  түзеу колониясында жазасын өтеуге жиырма бес жыл бас бостандығынан  айырумен алмастырылуы мүмкін, бұл  АСҚХП 6-бабының 4 тармағына сәйкес келеді.

2003 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев «Қазақстан Республикасында  өлім жазасына мораторий енгізу  туралы» Жарлыққа қол қойды.  Бұл Жарлыққа Мемлекет басшысы  Қазақстан Республикасы Конституциясының  әркімнің өмір сүру құқығын  бекітетін 15-бабының 1-тармағына  сәйкес қол қойған, ол Қазақстан  Республикасының қылмыстық заңнаманы  одан әрі ізгілендіру туралы  құқықтық саясат тұжырымдамасының  қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған  және өлім жазасын қолдануды  шектеуге бағытталған бағдарының  заңды жалғасы болып табылады.

 Көптеген әлеуметтанушылық  сауалдамалар еліміздің халқының  көпшілігі өлім жазасын толық  жоюды әлі ертерек деп санайтынын  көрсетеді. Қоғамның пікірін ескермеуге  болмайды, сондықтан ең ауыр жазаны  қолдануды одан әрі шектеуге  жасалған кезекті қадам ретінде  өлім жазасын орындауға мораторий  жариялау таңдалды.

Жарлық соттардың өлім жазасы туралы үкімді орындауды тоқтата тұруын көздейді. Өлім жазасына балама ретінде  өмір бойы бас бостандығынан айыруды  енгізу өзін-өзі ақтайды деп ойлаймыз. Бұл ретте өлім жазасының өзі  қылмыстық жазалау түрі ретінде  жойылмайды, тек соттардың өлімге кесуді орындауын тоқтатады. Мораторийдің мерзімі шектелмейді, тек қажет  кезінде күші жойылады.

Өмір бойы қамауға алу институтының пайда болуы соттардың өлім жазасын  кесу жағдайларын барынша азайтады, бұл өлім жазасынан толықтай бас  тарту үшін нақты алғышарттар  жасайды деп ойлауға әбден  болады.

Өлім жазасына мораторий енгізілген мерзім ішінде республикада қылмыстың  өршуі байқалған жоқ және криминогендік  жағдай салыстырмалы түрде тұрақты  сақталуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес тіркелген қылмыстардың жалпы  саны мен елдегі қылмыс жасау деңгейі 90-шы жылдардың ортасынан бастап төмендеген. 2000 жылы республикада 150790 қылмыс тіркелген болса, 2003 жылы олардың  саны 118485 болған. 2004 жылы 143550 қылмыс, 2005 жылы 146347 қылмыс тіркелген.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тиісті мемлекеттік  органдар тұрақты мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша алдағы уақытта  өлім жазасын толық жоюдың мүмкіндіктері  туралы мәселе шешілетін болады.

Қазақстанда құқық қорғау органдарының немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының сотсыз немесе өз бетінше жазалауы немесе адамдардың із-түссіз жоғалып  кетуі практикасы жоқ.

 Дегенмен де АСҚХП ережелерін  жүзеге асыру кезінде, соның  ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары  жөніндегі комитетінің жалпы  реттегі №6 Ескертуінің 5 тармағына  сәйкес өмір сүру құқығын түсіндіруге  барынша кең ауқыммен келу  қажет, бұл құқықты қорғау кең  мағынасында әртүрлі салаларда,  мысалға балалар өлімін азайту  және өмір сүру ұзақтығын арттыру,  кедейлік пен ауруларға қарсы  күресу және т.б. үшін сындарлы  шешімдер қабылдауды талап етеді. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне  қол сұғылмайды деп белгіленген. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық  қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір  көрсетуге не жазалауға болмайды.

Аталған конституциялық ұйғарым Қазақстан  Республикасы 1998 жылы ратификациялаған «Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты  қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау  түрлеріне қарсы конвенцияға» толықтай сәйкес келетінін атап өткен маңызды.

 Алайда алдын ала тергеу  және анықтау органдарының, түзеу  мекемелерінің лауазымды тұлғаларының  азаптау элементтерін қолдануы  фактілері бар. Мысалға, кәмелетке  толмаған У.-ды жазықсыз соққыға  жыққаны үшін Атырау қаласы  сотының 2004 жылғы 25 маусымдағы  үкімі бойынша полиция бөлімінің  кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі  учаскелік инспекторы Б. сотталған.  [2, 116 б]

 ҚР Бас прокуратурасы мен  ҚР ҰҚК мәліметтері бойынша  кейбір әскери бөлімшелерде казармалық  бұзақылық, «дедовщина», әскери  қызметкерлер құқығының бұзылуы,  бопсалау, жекелеген кіші командирлердің, прапорщиктер мен офицерлердің  сарбаздардың құқықтарын бұзу  фактілері бар. 

Бұрынғысынша азаматтарды заңсыз ұстау мен тұтқындау және оларды ішкі істер органдарына жеткізу, оларды қызметтік кабинеттер мен  басқа да орын-жайларда ұстау фактілері  кең тараған. Мысалға, Қазақстан  әлеуметтанушыларының ассоциациясы 261 респондент арасында «Сіздің құқықтарыңыз нақты немен бұзылды?» деген  сұрақ бойынша жүргізген сауалдама  көрсеткеніндей, құқықтары бұзылды  деп санаған респонденттердің үштен  бір бөлігінен астамы - 35,2% нақты  қалай бұзылды деген сұраққа  жауап беруге қиналған. Бұл сұраққа  алынған жауаптардан шығатын  қорытынды, азаматтар көбінесе олардың  құқықтары: полицияның заңсыз ұстауымен, құжаттарды тексеруімен - 8,0%, жалақының, өтемақының өз уақытында төленбеуімен - 7,7%, жұмыс алу құқықтарына қысым  жасалуымен - 6,5%, зейнетақыны ең төменгі  көрсеткіштермен тағайындаумен - 4,6%, еңбек заңнамасының бұзылуымен - 3,8%, сайлауда адамның сайлаушылар тізімінде болмауымен - 3,1% бұзылды деп есептейді. Әлеуметтанушылық зерттеудің алынған мәліметтері ҚР Бас прокуратурасынан алынған ресми мәліметтермен корреспонденцияланады.

2005 жылы прокурорлар тергеу  изоляторларынан 54 заңсыз ұсталған  адамдарды айқындап, босатқан. 2006 жылы  прокурорлар 62 азаматты ұстауды  заңсыз деп мойындаған, соның  ішінде 47 азамат - ҚР Ішкі істер  министрлігі желісі бойынша. 

 Тек Мемлекет басшысының  жанындағы Адам құқықтары жөніндегі  комиссияның араласуынан кейін  ғана К. Украина аумағында басқа  адам жасаған қылмысқа ешқандай  қатысы жоқ ретінде заңсыз  тұтқыннан босатылған. ҚР Президенті  жанындағы Адам құқықтары жөніндегі  комиссия Қазақстанның Бас прокуроры  мен Украинаның Бас прокурорына  атқарылған жедел жұмыстары үшін  алғыс білдірді, олар Комиссияның  үндеуіне жедел шара қабылдап, К.-ны заңсыз тұтқындаудан босатуға  көмек көрсетті.

 Жоғарыда көрсетілген тұлғаға  қарсы қылмыстарды жасаудың себептері  кейбір лауазымды адамдардың (тергеушілердің, анықтаушының) төмен біліктілігі  болып табылады, олар «көрсеткіш  қуалап» заңсыз әдістермен қандай  да бір күдіктінің айыбының  дәлелдері жоқ кезде олардан  мойындайтын айғақ алуға әрекеттенеді  немесе дәлелдемелеррді бұрмалау  жолымен қызметтегі жағдайын  жақсы етіп көрсете отырып, өзінің  қателіктерін жасыруға тырысады (толығырақ осы баяндаманың XVIII тарауынан қараңыз).

 Жеке адамның қадір-қасиетін  қорғау туралы конституциялық  норма қылмыстық, азаматтық, әкімшілік  жауапкершілік белгілеу арқылы  жүзеге асады. ҚР Қылмыстық  кодексінде қорлау мен жала  жабу үшін және азаптауды қолданғаны  үшін қылмыстық жауапкершілік  белгіленген. ҚР Азаматтық кодексінде  жеке адамның қадір-қасиеті материалдық  емес игілікке жатады және  заңмен қорғалады деп белгіленген.  Азаматтық заңнама бойынша қорғау  амалдарының ішінде моральдық  зиянды өтеу, адамның қадір-қасиетіне  нұқсан келтіретін мәліметтерді  сот арқылы теріске шығару  мүмкіндігі бар. 

 Қазақстан Республикасының  кеден органдарының азаматтардың  жеке өміріне қол сұғылмау, жеке  басының және отбасының құпиясы  құқығын бұзуы фактілері практикада  жиі кездесетінін ерекше атап  өткен жөн. Атап айтқанда олар  азаматтардың алып шығатын бейнекассеталарды,  аудиокассеталарды, дискілер мен  фототаспаларды оларда тыйым  салынған ақпараттың бар-жоғын  тексеру үшін міндетті түрде  алдын ала қарауға ұсынуы туралы  қолданыстағы кедендік ережеге  сілтеме жасайды. 

 Жұмыс тобының пікірінше  кеден органдарының талаптары  оларды орындаудың күрделілігінен  азаматтардың негізделген жазғыруын  тудырады және кеден органдары  қызметкерлері тарапынан жемқорлық  құқық бұзушылыққа жағдай жасайды. 

 

 Қазақстан әлеуметтанушылары  ассоциациясы 1500 респондент арасында  жүргізген сауалдама жеке өмірге  қол сұғылмау құқығын қорғау  саласындағы ахуалға сұрақ берілгендердің 19% теріс баға бергенін көрсетіп  отыр. Сұрақ берілгендердің 65,3% жеке өмірге қол сұғылмау құқығын қорғаудың мемлекеттік тетіктеріне оң баға берген. Сұрақ берілгендердің 15,7% жауап беруге қиналған. Тұтас алғанда, жеке адамның өміріне қол сұғылмау құқығын қорғау ахуалына жасалған әлеуметтанушылық талдау нәтижелері жеке өмірге қол сұғылмау құқығын қорғаудың мемлекеттік тетіктері кейбір жеке лауазымды адамдардың, басқа да адамдардың заңдылық пен адам құқықтарын бұзу фактілерін есепке алмағанда, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін ескере отырып жетіліп келеді деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Адамның ар-намысы,  қадір қасиетіне  қол сұғылмаушылық ҚР Конституциясының 17бабымен бекітілген. Адамның қадір-қасиеті деп адамның саналы түрде қоршаған орта айғақтарын адамгершілік құндылықтар және санаткерлік сапа тұрғысынан сезінуін айтамыз. Адамның қадір қасиеті оның қоғамдағы жағдайымен, өмірлік бейнесімен, кәсібилігімен, басқа да жағдайларға деген мүддесімен байланысты. Адамның қадір-қасиеті онын, әлеуметтік құндылықтарына қарамастан қорғалады және ешқандай жағдай оны қорлауға кедергі бола алмайды.

Адамның арнамысы оның қоғамдағы алатын орнына, өмір салтына, іскерлігіне, қызығушылықтары  мен басқа да жағдайларға байланысты болады. Кез келген адамның қадір-қасиеті оның әлеуметтік құндылықтарына қарамай заңды қорғалуға жатады.

Мемлекеттіқ адамның қадір-қасиетін біреудіқ озбырлық жасауынан қорғап отыруы  мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардық және басқа да азаматтар тарапынан жүзеге асады.

«Қадір-қасиет», «ар-ождан» ұғымдары, әлеуметтік маңызды әрекеттердің жүзеге асуымен байланысты болып келетін, этикалық нормалардық негізінде тұсіндіріледі. Олар азаматтыққұқықтық және қылмыстыққұқықтық әрекеттердіқ, қадір-қасиеті мен ар-ожданына қол сұғылған тұлғаға қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекеттіқ қылмыстық заңнамасы адамның арнамысына қарсы жасалған қылмыстық құрамын қарастыра келіп, Тұлғаның аты және оның мүліктік емес қызығушылықтарын қорғайды. Конституция мен өзге заңнамалар, заңды әрекеттер мысалы, әр түрлі тергеу әрекеттері, тексерулер, тінту әрекеттері мен тұтқындау, т.б. барысындағы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықтық міндеттемелерін қатақ белгілейді.

ҚР Конституциясының 17-бабы бойынша: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдьщ намысын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Мәжбүрлеу және өзге жауыздық, айуандық пен қадір-қасиетті құртатын жаза тұрлеріне қарсы конвенсияны Қазақстан Республикасы 1998 жылы бекітті. Ол бойынша, кез келген әрекет ретінде Мәжбүрлеу, қасақана жасалған ауыртпалық пен қайғы әкелген адам, өзінің жасаған әрекеті үшін міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс.

Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық ҚР Конституциясының 18бабының 1тармақшасына сәйкес, «әркімнің жеке өмірінің қол сұғылмауына, өзінің және отбасынық құпиясы болуына, арнамысы мен атынық абыройлы қорғалуына құқығы бар». Әркімнің тәуелсіз және өзіндік шарттар негізінде басқа адамдармен жеке, достық, жыныстық және тағы басқа қатынастарға тұсу еркіндігі ҚР Конституциясы бойынша мойындалады және кепілденеді. Ешкімнің адамның рұқсатынсыз және келісімінсіз оның жеке өмірі мен отбасы өміріне араласуына; оның жұбайлық, туыстық, жыныстық және өзге қатынастарына араласуға; оның жеке қызығушыльщтарына, жағымды және жағымсыз сипаттағы мінезіне қатысты мәліметтерді таратуға құқығы жоқ. Егер, журналисттер тарапынан адамның келісімінсіз және рұқсатынсыз, сол адам туралы мәліметтер жиналса немесе жарияланса, онда конституциялық құқық бұзылған деп танылады.

Информация о работе Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған