Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция
Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі — біріншіден, адам мен азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы өзгелердің құқықтары мен бостандықтарына кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл қағидаттың бүзылуы адамдардың ңүқыңтық теңсіздігіне алып келер еді. Екіншіден, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында баяндалған бұл норманы адам мен азаматтың заң мен сот алдында теңдігінің жалпы қағидаты деп түсіну қажет. Сот алдындағы теңдік тұрғысындағы бұл қағида сот іс қараған кезде тараптардың құқықтық бірегейлігін білдірмейді. Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» бөлімінде жазылғандықтан «жұрт» деген сөз адам және азаматты қамтиды және Қазақстан Республикасы аумағында заң мен сот алдында әркімнің тең екендігін танытады.
1.1 Қазақстан Республикасындағы азаматтық
Азаматтық - қазіргі мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруіне себепкер болатын және маңызды факторлардың бірі болып табылатын әлеуметтік-саяси құбылыс. Азаматтың, қоғамның табиғи-тарихи дамуының нәтижесі бола отырып, мемлекеттің әлеуметтік негізі ретінде әрекет етеді.
Азаматтық институты азаматтықты алу негіздеріне қарамастан азаматтардың бірлігі мен теңдігі қағидатына сәйкес әрекет етеді. Азаматтықтың құқықтың институты жекелеген нормативтік-құқықтық актілерде (арнайы заңдарда) бекітіледі. КСРО тарағаннан кейінгі ТМД-ның көптеген мемлекеттеріндегі алғашқы заңдар азаматтың туралы болды. Аталған заң Қазақстан Республикасында 1991 жылы 20 желтоқсанда, яғни 1993 жылғы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясына дейін қабылданды. Азаматтықтың негізгі бастапқы нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген. Азаматтық туралы нормативтік-құқықтық актілер азаматтық туралы мән-жайларды есепке ала отырып қарастырылады. Кейбір мемлекеттерде азаматтың туралы заңдардың болмағанын әлемдік практика көрсетіп отыр, бірақ заңдардың болмауы азаматтықты жоққа шығара алмайды.
Конституцияның азаматтық туралы негізгі ережелері барлық азаматтардың теңдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығына деген кепілдік, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне, азаматтықтан айыруға жол берілмеу, т.б. бағытталған. ҚР Азаматтың туралы Заңы азаматтардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу мен тоқтату тәртібін, азаматтық мәселелері туралы мемлекеттік органдардың құзіреттілігін, т.б. айқындайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары заң алдында азаматтықты алу тәсілдеріне, шығу тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тектік-топтық немесе басқа да жағдайларға қарамастан тең.
ҚР заңдылығы азаматтықты азаматтардың тобы емес, жекелеген адам ретінде қарастырады. Азаматтық туралы заңға сәйкес азаматтың «...тұлға мен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы түрінде бейнеленетін тұрақты саяси-құқықтық байланысын анықтайды». Бұл анықтамадан азаматтықтың негізгі белгілерін анықтауға болады:
Қазақстан Республикасының азаматы болып кім табылады?
Қазақстан Республикасының азаматы - Қазақстан Республикасында азаматтың туралы заңның күшіне ену кезінен бастап тұрақты өмір сүріп жатқан және азаматтың туралы заң бойынша азаматтықты қабылдап алған тұлға. Азаматтықты айқындайтын құжат паспорт болып табылады. Егер тұлға 16 жасқа толмаса, онда азаматтық туу туралы куәлікпен немесе ата-анасының біреуінің паспортымен бекітіледі. Егер Қазақстан Республикасының азаматы шетелде тұрып жатса, оның азаматтығы күшін жоймайды. Азаматтық адамның құқықтық жағдайының негізі ғана емес, сонымен бірге маңызды құқықтардың бір объектісі болып табылады. ҚР азаматтығы туралы заңының преамбуласында азаматтыққа деген құқық тұлғаның мемлекетпен қорғалусыз қалуын, азаматқа берілген құқықтық мәртебені, құқықтар мен бостандықтарды толың жүзеге асыра алмау және азаматтығы жоқтылық жағдайға мемлекетіміздің жол бермеуге талпынуы айтылған. Себебі азаматтық құқықтар мен бостандықтардың неғұрлым жоғары деңгейін, тұлғаның құқықтық жағдайын айқын да анық көрсетеді. Апатризм (азаматтылықтың болмауы) және бипатризм (қос азаматтылық) белгілі бір мөлшерде тұлғаның құқықтық жағдайындағы қайшылықтардың алғышарттарын қалыптастырады. Азаматтықты өзгерту де адам құқығы болып табылады.
Кез келген мемлекетте, соның ішінде Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі азаматтар деп танылады, сонымен бірге кейбіреулерінің азаматтығы жоқ болса, ал енді біреулері шетел азаматтары.
Шетел азаматтары болып өзін белгілі бір шетелдік мемлекетке танылғандығын дәлелдей алатын тұлға танылады. Қазақстан Республикасында тұратын және ҚР азаматы болып танылмайтын, өзінің белгілі бір шетелдік мемлекетке танылғандық дәлелі жоқ тұлға азаматтығы жоқ тұлға деп саналады. Шетел азаматы және азаматтығы жоқтардың құқықтық мәртебесі арнайы заңнамамен реттеледі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп бекіте отырып ашық мемлекет санатына қосылды. Қазақстанға уақытша және тұрақты тұру мақсатында шетел азаматтарының көптеген бөлігі келіп жатады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарымен белгіленген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сонымен қатар оларға міндеттемелер жүктеледі. Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен мемлекетаралық келісімшарттары арқылы қарастырылуы да мүмкін. ҚР заңнамасына сәйкес шетел азаматтары кейбір құқықтар мен бостандықтарға ие бола алмайды. Мысалы, шетел азаматының саяси құқықтар мен бостандықтары шектеулі, олар әскери қызметті өтемейді, сот, полиция, прокуратура, үлттық қауіпсіздік органдарына қызметке тұра алмайды.
Азаматтығы және құжаттары жоқтар қажеттілік жағдайында ғана көрінеді. Мысалы, қайшылықтар туындағанда, әскери қақтығыстар кезінде көршілес елдердің тұрғындары Қазақстанға көшіп келді. ҚР заңнамасына сәйкес мұндай тұлғаларға қатысты екі мәртебе тағайындалады: босқындар және еріксіз түрдегі қоныс аударушылар. Босқындардың басым көпшілігі соңғы жылдары Қазақстанға Тәжікстаннан 90-жылдардағы үздіксіз жүргізілген әскери әрекеттердің нәтижесінде келді. Кез келген босқынды арнайы орган оның өтініші бойынша таниды. Босқындық мәртебеге ие болу оған жұмысқа орналасуға, сонымен қатар болашақта азаматтықты алуға мүмкіндік береді.
Еріксіз қоныс аударушылардың босқындардан айырмашылығы - басқа территорияға қоныс аударуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы екендігі. [1, 144 б]
Әлемдік тәжірибеде азаматтықты алудың екі негізгі тәсілі белгілі: 1) шығу жолымен; 2) табиғи жолмен. Азаматтықты алудың бірінші тәсілі бойынша, яғни азаматтың дүниеге келуіне қатысты екі негізгі қағидат қолданылады. Бірінші қағидатқа «қан принципіне» сәйкес аталған мемлекеттің азаматы болып осы мемлекетте туылған барлық тұлға табылады. Екінші қағидатқа «жер принципіне» сәйкес — аталған мемлекеттің аумағында дүниеге келген барлық тұлға сол мемлекеттің азаматы болып танылады. Азаматтықты туу бойынша қабылдау шетелдерде филиация; шетелдіктің азаматтықты алуы натурализация деп аталады.
Натурализация бойынша азаматтықты алу тұлғаның еркімен, құзіретті мемлекеттік органдардың немесе өкілеттіліктердің мәлімдемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Көптеген елдерде азаматтықты алу тәсілдері тұлғаның құқықтың мәртебесіне әсерін тигізеді. Сонымен бірге осындай ықпал етушілік, яғни натурализация бойынша азаматтықты алу тұлғаның құқық қабілеттілігінің белгілі бір шектелуіне әкеледі. Мысалы, АҚШ Конституциясы былай деп анықтайды: «Тууы бойынша берілген немесе Құрама Штаттардың азаматынан басқа бірде-бір тұлға аталған Конституцияны қабылдау кезеңіне дейін Президенттік лауазымға сайлана алмайды». Көптеген елдердің заңнамалары әр түрлі саяси, экономикалық, нәсілдік, діни және басқа да натурализация шектеуліктерін ңарастырады.
Азаматтықты таңдау (оптация) бір мемлекеттің аумағы екінші мемлекетке берілген жағдайда іске асырылады.
Тұлғаның азаматтықты қалпына келтіруі оның бұрын нақты бір мемлекеттің азаматы болып табылуы жағдайында мүмкін.
Азаматтықты тоқтату жағдайы азаматтықтан шыққанда, азаматтықты жоғалтқанда, азаматтықтан айырылғанда, басқа мемлекеттің азаматтығын таңдағанда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қандай жағдайда Қазақстан Республикасының азаматы болып танылуға болады? Қазақстан Республикасының азаматтығын алу төмендегі жолдар бойынша жүргізіледі: