Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция
Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.
1 АДАМ ЖІНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.
Құқықтық мәртебе, оның негізгі мазмұны - мемлекеттің конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық мәртебе объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық мәртебе әр түрлі болды. Бірақ бұл үдеріс үнемі прогрестік жолмен дамыды. Құқықтық мәртебе - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрінісі.
«Адам» мен «азамат» ұғымдарын айқындап алатын болсақ, олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірңатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. Адам ұғымы жеке адамның биологиялық әлеуметтік табиғатын білдіреді. Мыңдаған жылдар бойы адам денесінің анатомиялық құрылысы өзгерген жөң. Ал әлеуметтік немесе тұлға сипатындағы тұрғыдан алғанда адам орасан зор даму жолынан өтті. Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады.
Тұлға нақты қоғамдың-экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Азамат ұғымы адамның кез келген мемлекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтың байланыста екендігін аңғартады. Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп береді. [1, 139 б]
Адам құқықтарының жалпыға бірдей
декларациясы - адамның негізгі құқықтары
мен бостандықтарын жария еткен
бірден-бір халықаралық-
Ал Конституцияда «азамат» термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Себебі басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары мен бостандықтары сол мемлекет азаматтарына қарағанда шектеулі болады, мысалы, кейбір саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтарының, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы.
Адамның өмір сүру құқығын іс жүзінде асырған кезде оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қасиеттеріне ие болуы міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзіне асырған кезде адамның тұлға, азамат болуы шарт.
Гуманизм - демократиялың құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық. Ол құқықтың іргелі қағидаты ғана емес, сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары болып табылады. Мұндай бағыт Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында бекітілген: «Адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы». Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» атты II бөлімінде толық реттелген, ал 12-бапта былай делінген: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі». Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының жүмысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге, нақты іске асыруға және тиісінше қорғауға айрықша мән береді.
Жаңа уақыт адамның қүқығы мен бостандығы дүниеге өзімен бірге келетінін негіздейтін табиғи құқық идеяларының пайда болуымен сипатталады. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған. «Қымбат қазына» ұғымы конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзінде адамгершілік категория бола отырып, құқықтық категорияға да айналды және қоғам мүшелерінің баршасы үшін мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оның құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі алғышарттар туындауы қажет. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты - оның құқықтың қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ азаматтыққа қатыстылығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заңына сәйкес, азаматтық дегеніміз - адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Бір жағынан, азаматқа белгілі бір құқықтар берілген, мемлекет осы құқықтардың нақтылы қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде де қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөнінде белгілі бір міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға құқылығы анықталған.
Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтың ғана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшін азаматтық жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы — азаматтық жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабының 2-тармағында «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды» делінген. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болсада, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез келген адам Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және өзгерте алады.
Қазақстанда және өзге де шетелдерде азаматтықты алудың екі негізгі тәсілдерін айтуға болады. Соның ішінде ең оңай жолы - азаматтықты тууына байланысты алуы. Азаматтыңты алу не оны беру тек жеке адамның, не тиісті мемлекеттік органның еркі емес, ол адамның табиғи құқығы болып табылады. Сондықтан мемлекет нәресте дүниеге келгенде ғана азаматтықты беруге міндетті. Ол үшін баланың әкесі мен шешесінің екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет. Егер баланың тууына дейін ата-анасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрып жатқан болса, онда баланың азаматтығы олардың жазбаша өзара келісімі бойынша анықталады. Ал егер де баланың тууына дейін ата-ананың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады, егер ол туса: 1) Қазақстан аумағында; 2) Қазақстан аумағынан тыс жерде туылғанмен ата-анасының екеуі, не олардың біреуінің Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жері болса. Туған жеріне қарамастан, ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып, екіншісінің азаматтығы жоқ болса да бала Қазақстан Республикасының азаматы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабы 1-тармағына сәйкес тұратын жері ретінде азаматтың тұрақты немесе басым тұратын елді мекені саналады. Қазақстан Республикасы Неке және отбасы Кодексінің 18-бабы бойынша азаматтың тұратын жерін анықтауда, оның зайыбының тұратын жерін анықтауда оның зайыбының тұратын жерінің маңызы жоқ.
Қазақстан Республикасында қос азаматтық ешкімге берілмейді. Бірақ, басқа шет мемлекеттерінде қос азаматтық беріледі.
Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмысты істер жүргізу, азаматтың істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т.б. кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет.
Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау - Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінеді.
«Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады», - деп Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Бұл - Республиканың Конституциясының және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттардың нормаларымен белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді деген сөз.
Адамның бұл аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану - олар Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адамға оның Республика азаматтығында болу-болмауына қарамастан қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардан конституцияда және соған сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтындығын танытады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрылысын қорғау, қоғамдың тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелу мүмкіндігі атап көрсетілген.