Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция

Описание работы

Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 111.12 Кб (Скачать)

 

    1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі

Әлемдегі әр түрлі елдер конституциялары  түрлі сипаттағы және мазмұндағы құқықтар мен бостандықтарды қабылдайды, аталған құқықтық мәселелер институтымен байланысты оқып үйрену мақсатында олардық жіктелуін қажет ететін конституциялық құқьщтар мен бостандықтардық кеқею ұдерісін қадағалап отырады.

Бұгінгі тақда құқықтар мен бостандықтардың біркелкі жіктелуі орын алмаған. Жіктелу негізі болып әр түрлі өлшемдер табылады, әрине кез келген Жіктелудің шартты түрде болатынын жоққа шығара алмаймыз. Бір құқықтық өзі бір мезгілде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Жалпы алғанда адам құқығы бөлінбейді және бірыңғай кешенді құрайды.

Жіктелудің бірнеше  тұрі кездеседі:

1. Бекіту тәсіліне қарай, яғни мемлекетшілік деректерді бекіту құқығы бөлінеді:

а) конституциялық заңнамада  бекітілгендер. Тұлғаның құқықтық мәртебесініқ негізгі тұғырын құрайтын неғұрлым басты (негізгі) құқықтар мен бостандықтар конституциялық бекітілуге жатады;

б) ағымдағы заңнамаларда бекітілгендер (мысалы, лауазымды тұлғаның құқықтары).

2. Азаматтыққа қатысты конституциялық құқықтар бөлінеді:

а) адам құқығы (өмір сүру құқығы және т.б.);

б) азаматтық құқықтары (сайлауға және сайлану 
құқығы және т.б.).

3. Субъектіге қатысты құқықтар мен бостандықтар бөлінеді:

а)  жеке;

б)  ұжымдық.

4. Адам құқығының маңыздылығына қатысты бөлінеді:

а)  негізгі;

б)  қосалқы және алғашқы;

5. Объектіге қатысты негізгі құқықтар мен бостандықтар бөлінеді:

а)  анықталған әлеуметтік игіліктерді пайдалануды қарастыратын құқықтар (әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, т.б.);

б) азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы (мысалы, өзінің арнамысы мен қадір қасиетін қорғау, өз құқықтары мен бостандықтарының соттық қорғалу құқығы, т.б.).

6. Өмір сүрудегі әрекет ету аясына қатысты құқықтар бөлінеді:

а) азаматтьщ (жеке);

б) саяси;

в) экономикалық;

г) әлеуметтік;

д) мәдени.

Жіктелудің басқа да типтері бар, бірақ неғұрлым кең таратылғаны  соңғы жіктелулер. Көптеген оқулықтарда әкономикалық және әлеуметтік құқықтар тобы жіктеледі, біз мәдени құқықтарды жеке бөліп жіктемейміз, себебі әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру мәдени құқықтарды қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.1   Азаматтың (жеке) құқықтары

 

Азаматтық (жеке) құқықтар мен бостандықтар адамға жеке тұлға ретінде оның сол елдіқ азаматы екендігіне қарамастан беріледі.

Азаматтық құқықтар мен бостандықтар қоғам өмірінің адамгершілік негізін білдіреді, адамның жеке өмірі кеңістігін, басқа қол сұғушылықтардан жекелеген бостандығын қорғайды. Мұндай құқықтар тобы әркімге тумысынан беріледі және ол тартып алуға жатпайды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында азаматтық құқықтар мен бостандықтарға 1523 баптар арналған.

Барлығының заң және сот алдындағы теңдігі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы барлығының заң  мен сот алдындағы теңдігі қағидатын белгілейді. «Барлығы» және «ешкім» сөздері аталған норманың әркімге оның «азаматтықты алу тәсілдеріне, шығу тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тектік топтық немесе басқа да жағдайларға» қарамастан қолданылатынын көрсетеді. Нәсіліне, ұлты мен тіліне қатысты шектеуліктерге тыйым салу көп ұлтты Қазақстан үшін аса маңызды.

Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қабылдаудық егер мемлекет теңдік және теққұқылыққа кепілдік берген жағдайда ғана мәні болады. Сондықтан әлемдегі елдер конституцияларын осындай норманық құқықтар мен бостандьщтары туралы бөлімімен бастайды.

Конституциянық 14-бабының 1-тармағы тең құқылықты Заңдылық тұрғыда, яғни барлығының заң алдындағы шартты теңдігі ретінде анықтайды. Негізінен заңда адам мен азаматтық конституциялық құқықтары мен бостандықтары нақтыланады. Сондықтан тұлғаның бостандығын анықтайтын барлығына бірдей жалпы норма ретінде заң алдындағы теңдіктіқ бекітілуі маңыздылыққа ие болады.

Сот алдындағы теңділіктіқ де өзіндік  маңызы бар, себебі сот даулы мәселе немесе бұзылу айғақтары орын алған жағдайда құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру және қорғаудық тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Өмір сүру және жеке басына қол  сұғылмау құқығы

 Өмір сүру құқығы осы саладағы  қалыптасатын басқа барлық құқықтар  мен бостандықтардың бастапқы  негізін қалайды. Ол әлемдік  өркениеттің ең жоғарғы құндылығы  болып табылады, өйткені адам  мерт болған жағдайда басқа  құқықтардың барлығының маңызы  жойылады. Бұл іргелі құқықты  жеке адамның мемлекет, оның өкілдері  немесе жеке адамдар тарапынан  болатын кез келген заңсыз  қол сұғудан азат болу құқығы  ретінде қарауға әбден болады.

Өмір сүру құқығының әлеуметтік шарттары бірқатар конституциялық қағидалармен қамтамасыз етіледі: қауіпсіздік пен  гигиена талаптарына сай келетін  еңбек шарты құқығымен (ҚР Конституциясының 24-бабының 2 тармағы); жасы бойынша және ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан  айырылған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылумен (28-бап); денсаулығын қорғау және мемлекеттік  және жеке денсаулық сақтау емдеу  мекемелерінде медициналық көмек  алу құқығымен (29-бап) және басқа  да кепілдіктермен.

Істің мәнісінде қалған құқықтардың  барлығы қалай болғанда да өмір сүру құқығының айналасына бірігеді. Мысалға, әлеуметтік қорғалу, қолайлы қоршаған орта, лайықты өмір сүру құқықтары  қарым-қатынас бен жазаның қатыгез  түрлерінен еркін болу құқығы сияқты оның тиімді іске асуын қамтамасыз ететін қосымша құрал болып табылады. Мемлекет бұл құқықтарды мойындауға және қолда бардың бәрін пайдаланып адам өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға  міндетті. Жеке адамның өмірі мен  денсаулығына қарсы жасалған қылмыстың  аса ауыр қылмыстық жазаланатын  әрекет санатын құрайтыны кездейсоқ  емес.

Бұл саладағы бөлек проблема - мемлекеттің  ерекше ауыр қылмыс жасаған адамдарға  ең ауыр жаза ретінде өлім жазасын  қолдану құқығы. Өмір сүру құқығы өлім жазасын шектеуші болып табылады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы  Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 15-бабында былай бекітілген:

  1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

 Ешкімнің өз бетінше адам  өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім  жазасы ерекше ауыр қылмыс  жасағаны үшін ең ауыр жаза  ретінде заңмен белгіленеді, ондай  жазаға кесілген адамның кешірім  жасау туралы өтініш ету хақы  бар. 

 «Ешкімнің өз бетінше адам  өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім  жазасы ерекше ауыр қылмыс  жасағаны үшін ең ауыр жаза  ретінде заңмен белгіленеді, ондай  жазаға кесілген адамның кешірім  жасау туралы өтініш ету хақы  бар» деген тұжырым Азаматтық  және саяси құқықтар туралы  халықаралық пактінің (бұдан әрі  - АСҚХП) 6-бабының 2 тармағына және  БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі  комитетінің жалпы реттегі №6  Ескертуінің 7 тармағында келтірілген  осы баптың түсініктемесіне сәйкес келеді.

Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚР Қылмыстық кодексі) 49-бабында  одан сайын нақтыланған, онда «өлім  жазасы - адамның өміріне қол сұғатын  ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке  және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы  қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар  жасағаны үшін ғана қолданылуы мүмкін»  деп бекітілген.

Бұл ретте аталған баптың 2 бөлігіне сәйкес «өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған  адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды», бұл АСҚХП 6-бабының 5 тармағына сәйкес келеді. [2, 114 б]

Информация о работе Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған