Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция
Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.
Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ресеймен «ҚР азаматтарының Ресей Федерациясын азаматтарының Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатында келуі барысында азаматтықты қабылдаудың тиімді тәртібітуралы» және «Ресей Федерациясы аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтың мәртебелері туралы» келісімдерге отырды. Бұл құжат-тардың әлемдік тәжірибеде ңос азаматтық институты-нан басқа азаматтың туралы мәселелерді шешуде, Ресей және Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан екі мемлекет азаматтарының нақты анықталған құқықтың мәртебелерін айқындауда, келісімнің екі тарабының азаматтықты қабылдаудың (ықшамдалған) тәртібін тіркеуде маңызы зор. Бірақ бұл тәртіптерді іске асыруда белгілі бір талаптарды орындау қажет:
а) егер
өтініш беруші тұлға өз аумағында тұрақты
тұрып жатса немесе сол аумақта дүниеге
келсе;
б) өтініш беруші тұлғаның екі мемлекеттік азаматтырын қабылдаған немесе осы аумақтарда тұрақты тұрып жатқан жақын туыстарының біреуінің болуы, яғни зайыбы (ері), ата-аналарының (асырап алушыларының) біреуі, баласының (асырап алынған) болуы, әпкесі, ағасы, апасы және атасы.
«Ресей Федерациясы аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебелері туралы» келісімге сәйкес осы санаттағы азаматтарға сол мемлекеттердің азаматтарына берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға, міндеттерді орындауға құқық берілген.
Сонымен бірге келісім бойынша екінші тараптық аумағында тұрып жатқан бірінші тарап азаматтары кейбір құқықтарды пайдалана алады. Атап айтқанда, олардың:
Бір тараптық азаматтарына тұрып жатқан тараптық заңнамасына сәйкес меншікті иелену, пайдалану және билік ету кепілдіктерініқ берілуі келісімніқ басты қағидаларынық бірі болып табылады. Қазақстаннық ТМД мемлекеттерімен осындай сипаттағы келісімдерге отыруының әлеуметтік саяси маңызы зор. Олар ТМД республикаларындағы әлеуметтік қысымдылықты төмендетеді, орыс тіліндегі халықтардың Ресейге және жақын шетелдердегі басқа да елдерге жаппай қоныс аударуын тоқтатады. Тек қана 90жылдардық екінші жартысында Ресейге 1,5 млн. астам адам қоныс аударуға ниет білдірген. Осындай жағдайда мемлекет адамдардық жаппай легін тоқтату үшін еркін жүріп тұру, өз қалауынша тұратын мекенжайды таңдаудағы конституциялық құқықтарды сақтай отыра өз алдына міндеттерді қояды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында қос азаматтылық идеясы орын алса, 1995 жылғы ҚР Конституциясында ол алынып тасталды. Қазақстан Республикасының Конституциясының (1995 ж.) 10бабының 3 тармақшасында: «Республика азаматтары басқа мемлекеттердің азаматыболып танылмайды» делінген, сонымен қатар қосазаматтылықтық да танылмайтыны айтылған. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтыққа қабылдаудан бас тарту негіздерін де қарастырған. Азаматтықтан бас тартудық негіздері болып табылады:
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға Ішкі және Сыртқы істер министрліктері органдары арқылы ҚР Президентінің атына жазылған өтініш негізінде рұқсат етіледі. Заңдылық ҚР азаматтығынан шығуға қарсы жағдайларды да ескерген. Азаматтықтар шығуға қарсылық білдіру негіздері болып табылады:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен азаматтықты жоғалту жағдайлары да анықталған. Олар:
«ҚР мемлекетаралық келісім шарттарында көрсетілген жағдайлар бойынша;
• тұлға 5 жыл көлемінде себепсіз жағдайлармен консульдік тіркеуге отырмаған, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрып жатса.
Қазақстан басқа елдердіқ аумағында тұрақты тұрып жатқан өз азаматтарынық құқықтарын қорғау және құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда ықпал ету мақсатында шетелдердегі қазақстандықтар туралы ақпараттарды алып тұруға тиісті.
Қорыта айтсақ, азаматтықты мемлекет емес, тұлға өзі жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты тоқтатады немесе жоғалтады.
Елімізде Қазақстан
Мемлекеттік органдар ҚР азаматын шет мемлекеттердің талабы бойынша беруге құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекеттерге тек екі жағдайда ғана берілуі мүмкін: 1) егер халықаралық құқықтық актілер бойынша Қазақстан Республикасымен танылған беру негізі тағайындалса; 2) егер беру негізі Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келісімшарттарымен тағайындалса.
Қазақстан Республикасы азаматтарын өз аумағынан тыс жағдайда қорғауға және қамқорлығына алуға кепілдік береді. ҚР азаматтық туралы заңының 7бабына сәйкес ҚР азаматынық Қазақстан аумағынан тыс тұруы, сонымен бірге оның республика азаматтығын алмаған тұлғамен некеде тұруы және некеніқ тоқтатылуы қазақстандық азаматтылықтық өзгеруіне әсерін тигізбейді. [1, 150 б]