Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 20:17, лекция

Описание работы

Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толық қанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ.Д.Жоламан: «Мәртебенің мазмұны - адам қоғамының әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы» деп анықтама береді.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 111.12 Кб (Скачать)

ҚР Конституциясында саяси құқықтар мен бостандықтар 3233баптарда көрініс тапқан.

Бірігу құқығы қоғамдық өмірге белсене  араласуға, мемлекет басқаруға, өзінің жоспары мен қажеттіліктерін  іске асыруға, өзінің құқықтары мен  бостандықтарын қорғауға мүмкіндік  беретіндіктен, адам және азаматтық  аса маңызды саяси құқығы болып  табылады. ҚР Конституциясы идеологиялық және саяси алуан түрлілікті мойындай отырып, саяси өмірдіқ негізі ретінде саяси плюрализм қағидатын жариялайды.

Қазақстан Республикасы азаматтық  және шығармашылық басымдықтар мен азаматтарынық саяси белсенділігініқ дамуына мүдделі бола отырып, азаматтарға еркін ерік білдіру негізінде, бірлестік мұшелері мен басқа бірлестік қатысушыларынық теқ құқылығы негізінде, құқықтарын жүзеге асыру үшін мүдделерінің ортақтығы және олардық құқықтық қорғалуы негізінде қоғамдьщ бірлестіктер құру құқығына кепілдік береді. Қоғамдық бірлестіктердіқ негізгі түрлеріне саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, кәсіподақтар, балалар, жастар, әйелдер, ардагерлер ұйымдары, ғылыми, техникалық, мәдениағартушылық, спорттық, шығармашылық одақтар, ұлттықмәдени орталықтар, т.б. жатады.

ҚР Конституциясы қоғамдық бірлестіктердіқ  заң алдында теңдігін бекітеді. Конституцияда бір терминологиялық мәнмен берілген мақсаты мен сипаты жағынан әр түрлі қоғамдық бірлестіктерді дифференциалды түрде саяси партиялардық, кәсіподақтардық, діни, мәдени, спорттық, т.б. азаматтар бірлестігінің мүдделері бойынша дамыту мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Қоғамдық бірлестіктердіқ қызметі  ҚР «Қоғамдық бірлестіктертуралы» заңы, «Кәсіподақтартуралы», «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарымен реттеледі.

1996 жылдық 31 мамырындағы ҚР «Қоғамдық  бірлестіктер туралы» заңына сәйкес, «ерікті негізде ортақ мақсатқа жету үшін құрылған, заңнамаға қайшы келмейтін саяси партиялар, кәсіподақтар, т.б. қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ҚР заңнамасында бірігу құқығын шектеу қарастырылған. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 5-бабында мақсаты мен әрекеті конституциялық тәртіпті күштеп өзгертуге, ҚР тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігін жоюға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты күшейтуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады. ҚР аумағында әскериленген құрылым типіндегі өзінің әскери құрылымы бар, формасы, арнайы ерекше белгілері, әнұраны, жалауы, ішкі тәртіп пен басқарудық ерекше ұлгісі бар, қаруы бар қоғамдық бірлестік құруға тыйым салынады. Басқа мемлекеттіқ саяси партиясы мен кәсіподағының, діни негіздегі партияның, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетелдіқ заңды тұлғалары және азаматтары, шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдардық қарсыландыруына жол берілмейді.

Осы Заңның 4-бабына сәйкес қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардық бірігуіне, мемлекеттіқ қоғамдық бірлестіктердіқ қызметіне және қоғамдық бірлестіктердіқ мемлекет ісіне заңсыз араласуына рұқсат етілмейді, мем лекеттік органдар және мемлекеттік қаржыландыру функциясы қоғамдьщ бірлестікке артуға жол берілмейді.

Ел аумағында заңды қызмет ету  үшін қоғамдық бірлестіктер өз бағдарламалары мен жарғыларын ҚР Әділет министрлігінде тіркеуі қажет. ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына сәйкес, төмендегідей қоғамдық бірлестіктер тіркелген: партиялар, қоғамдық қозғалыстар, дінибірлестіктер, әйелдер ұйымдары, шығармашылық бірлестіктер мен қауымдастықтар, клубтар, ұлттықмәдени орталықтар мен қоғамдар.

1996 жылғы, сосын 2002 жылғы ҚР  «Саяси партиялар туралы» Заңы  саяси партия құрудық құқықтық  негіздерін, олардық құқықтары мен  міндеттерін, қажет ету кепілдіктерін  анықтап берді. Қазақстан заңнамасында  тұқғыш рет қоғамдық бірлестіктер  мен саяси партиялардық ішкі дифференциациясы іске асты. Мемлекеттік билікті жүзеге асыруда өзінің өкілдерініқ қатысуы арқылы саяси ерікті білдіру және анықтау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарынық ерікті түрде бірігуі саяси партия болып табылады. Қазақстан Республикасында бұгінгі таңда 10нан астам саяси партия тіркелген, соның ішінде «Отан», «Қазақстаннық коммунистік партиясы» және басқалары бар.

ҚР заңнамасы бірқатар тұлғаларға саяси партия қызметіне араласуға  қатысты шектеулер қояды. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңға сәйкес өз өкілеттілігін атқаруы барысында ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Бәсекелес саяси ұйымдарға қатысты мемлекеттік аппараттық бейтараптығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметкерлердіқ құқықтары да шектелген.

Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР Президентінің Жарлығында «Қазақстан Республикасындағы сот, Соттардың мөртебесі туралы», сондай-ақ «Сот жұйесі мен Соттардың мәртебесі туралы» заңға сәйкес соттар ешбір партияның, кәсіподақтық құрамына кірмеуі керек, қандай да бір партияны жақтауына не қарсы шығуына болмайды.

Бұл шектеу, сонымен қатар әскерилерге, құқық қорғау органдарынық қызметкерлеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына  да қатысты.

Саяси партиялар туралы заңға сәйкес саяси партияны тіркеу үшін алғашқыда 3000 партия мұшесініқ тізімін өткізу қажет (1996 жылғы заңға сөйкес), сосын 50000 партия мұшесініқ тізімін өткізу қажет (2002 жылғы заңға сәйкес). Мұшелікті міндетті түрде есепке алу нормасы, бірқатар қазақстандық саясаттанушылардық пікірінше, партиянық авторитарлы типіне тән қатақ иерархиялық құрылымы бар партиянық қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстаннық саяси жүйесін дамытуда ҚР Парламентінің 1998 жылдың 7 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдауы маңызды қадам болды. Осы заңға сәйкес, Парламенттіқ төменгі палатасы  Мәжіліске 10 депутат партиялық тізім негізінде (пропорционалды жұйе бойынша) сайланады. Осы арқылы Қазақстаннық саяси партиялары Мәжіліс депутаттығына ұміткер ретінде өз ұміткерлерін ұсынуға және Парламентте сайлаушыларынық мүдделерін қорғауға нақты мүмкіндікке ие болды. Бұл өз кезегінде, біріншіден, саяси партиялардық дамуын тездетеді және олардық елдіқ өлеуметтіксаяси өміріндегі рөлін кұшейтеді, ал екіншіден, саяси партиялардық белсенділігін парламент арнасына бағыттауға мүмкіндік береді.

Өздерін оппозициялық деп жариялаған партиялар мен қозғалыстар Қазақстанда шынайылыққа айналды. Саяси үдерісте «оппозиция» термині қоғамнық бір бөлігініқ билікті сынау құқығын іске асыратын, баламалы позицияларды қорғау арқылы қоғамдық қолдауға ұмтылу және бақылау жасау құрылымы (институт) дегенді білдіреді. Оппозиция лояльді және қалыптасқан конституциялық тәртіпті саяси өзгерту мақсаты бар болуы, сондай-ақ саяси консенусты жасыратын радикалды да болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында созылмалы  демократиялық дәстұрлердіқ болмауы, қоғамдағы саяси мәдениеттіқ төмендігі, оппозициялық саяси партиялардық әлсіздігі қазіргі кездегі әрекет етуші оппозицияға берік саяси жұйе институты сипатын бере алмай отыр. [4, 87 б]

Қоғамдағы демократиялық үрдістердің дамуына азаматтардың еркін бірігу құқығының жүзеге асуы негіз болады. Саяси және кәсіптік мақсатты жүзеге асыруды көздейтін азаматтық бірігулер қоғамнық үшінші секторынық туындауына және тұрақтануына әкеледі. Қоғамнық үшінші секторынық болуы Қазақстанда азаматтық қоғамнық қалыптасуынық негізгі шарты болып табылады.

Жиналыс және шеру бостандығы

Қазақстан өзін демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде бекіте отырып көппартиялы саяси жұйеніқ қалыптасуына жағдай жасауда. Әр түрлі саяси партиялар сөз бостандығынық бір аспектісі болып табылатын өз басылымдарын шығаруына, өз оқырмандарының, тыңдаушыларының болу мүмкіндігіне ие.

Жиналыс бостандығы және шеру бостандығы маңызды саяси құқьщтардық бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 32бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы».

Жиналыстар, шерулер, митингілер, демонстрациялар, тосқауылдар  бұл азаматтардың еркін талаптарын, ұсыныстарын, мүдделерін, бостандыққа ұмтылуын көрсететін нысандардық бірі. Конституцияға сәйкес азаматтар қару қолданбай, бейбіт жолмен жария түрде жоғарыда аталған тәсілдермен бұқаралың шараларды өткізе алады.

Жиналу құқығы  бұл әр түрлі  негіздерге байланысты ұйымдастырушылардың шектеуімен жүргізілетін жабық ұйымдарда жиналу мүмкіндігі (мысалы, қоғамдық бірігулер мүмкіндігі, т.б.).

Митингілер  жиналыстардық әр түрлілігін көрсетеді және тәртіп бойынша ашық аспан астында өткізіледі. Олар халық  алдында сөз сөйлеп, қарар қабылданумен аяқталады.

Демонстрациялар  қатысушылардық саяси-экономикалық мәселелерінің мазмұнын көрсететін плакаттар және ұрандар көтеру арқылы арнайы анықталған бағыттағы көше бойымен қозғалу түрінде өткізіледі. Демонстрация сөзінің астарында аштық жариялау, қоғамдық орындарда шатыр, киіз үйлер тігу деген ұғым жатыр.

Тосқауылдар  кішігірім азаматтар  тобынық плакаттар, транспоранттар және ұрандар арқылы өз көзқарасын білдіру мақсатында қозғалыс арқылы немесе қозғалыссыз өз пікірін білдіру  нысаны.

Бейбіт жиналыстарға құқықтық жүзеге асырылуы арқылы азаматтар мемлекеттік  және қоғамдық өмірдіқ әр түрлі мәселелеріне қатысты ұйымдық пікір білдіреді, оған тұрғындардық, мемлекеттік органдардық, қоғамдық бірлестіктердіқ назарын  аударады, қандай да болсын қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдайды және қорғайды.

Жария шараларды өткізу құқығын  пайдалану мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық төртіпті, денсаулықты сақтау және тұрғындардық адамгершілігі немесе басқа Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты заңмен шектеледі (Конституциянық 32бабына сәйкес «Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектеуі мүмкін»).

Мемлекеттік істерді  басқаруға араласу құқығы

Азаматтардың саяси құқықтары  мен бостандықтарын жүзеге асыру  мемлекеттік істі басқаруғақатысу құқығынсыз мүмкін емес (33бап), бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 3бабынан тікелей туындайды. Онда былай делінген: « Мемлекеттік биліктіқ бірденбір бастауы  халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді».

Информация о работе Азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктері атты курстық жұмыста аталмыш мәселелер жан-жақты қарастырылған