Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Сонымен бірге азаматтарды ұлттық-этникалық және діни шығу тегіне қарамастан қысымшылдыққа түсірмейтіндігіне апаратын мұндай қадамның іске асатындығына, біз сенеміз. Бізге, қоғамға ешқандай ауыртпалық жолмен міндеттемей, осындай елдердің өз мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін сақтауға мүмкіндік беретін міндеттемелер қажет"- деп өз көзқарастарын көрсетті /39/. Бұған Кеңес Одағының өкілдері елде ұлтаралық қатынасқа өте зор көңіл қойылатындығын, бұл мәселе - кеңестер елінде ең басты мәселе екендігіне тоқтала кетті. Кеңестер Одағының Жоғарғы Кеңесінін әр қабылдаған заңы ұлтаралық қатынас саласын айқын да, толық қамтитындығына көңіл бөлді. Сөз ретінде олар: "Біздің ойымызша бұл тұрғыдан қарау ұлттық дамуды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етіп, халықтардың, ұлттық азшылықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын занды қорғауға кепілдік беретін деңгейгс жеткізеді. Мәселен, Кеңестер Одағының, одақтас және автономды республикалардың Экономикалык, қатынастар негізі жөніндегі заңы, сонымен бірге Жергілікті шаруашылықтар мен жергілікті өзін-өзі басқарулардың жалпы бастамасы жөніндегі заңы және Литва, Латвия және Эстонияның экономикалық тәуелсіздігі жөніндегі зандары дәлел.

Сондай-ақ, халыққа қарсы ұсталған қатыгез шараларды, оларды күштеп жер аудару актілерін заңсыз деп тапқан шешімдер мен қырым татарлары мен кеңестік немістер мәселесінде олардың құқықтарын қамтамасыз ететін заңдар қабылданған. Мұның өзі халықаралық қатынастағы жаңа саяси кезеңнің басталғанының кепілі іспеттес еді. Әрине кеңестер жағынан адам өлшемдеріне байланысты ЕҚЫК-нің барлық ережелерін тиянақты орындалған деп айтуға болмайды. Көп мәселслерде нақтылы шешім қабылдауда әкімшілдік-әміршілдік жүйе өз кезегінде кейін тартумен болғаны белгілі. Бұл әсіресе жарияланған құқықтар мен еркіндіктсрді бекітетін жаңа саяси мәдениетпен қоғамды қамтамасыз етуде айқын байқалды.

Осыған орай бұл даму барысы жеңіл де жылдам болуы мүмкін емес еді. Вена келісіміндегі шешімдер Париж кеңесінен кейін республикалар көлемінде, жергілікті әкімшіліктер шеңберінде еркін сайлаулардың өтуі мен елде әр түрлі көзқарастағы саяси құрылымдардың құрыла бастауы басты дәлел бола алады.

Тұтастай алғанда Копенгаген кеңесі жалпы Еуропалық шара болды. Сондықтанда оның қорытынды құжаты үлкен мәнге ие болып, оны "Еуропа конституциясы" деп те атайды. Копенгаген келісімі Еуропадағы тұрақтылықты, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі әсер ете отырып, гуманитарлық құқықтық мәселе шеңберінен шығып та кетеді.

Копенгаген кеңесінің тағы бір ерекше сипаты онымен қатар жүргізілген шараларға құқық қорғау ұйымдары мен жеке адамдардың қатысуы болды. Қызу пікір таластары, ынталы әңгімелер барысында мәселелердің кең ауқымы: экологияның жалпы  мәселелері, адам құқықтарын бұзудың жекеленген жағдайлары, азшылық ұлттардың құқықтары сөз болды.

2.2. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі мемлекеттер арасындағы қатынастың манызды бөлігі

БҰҰ құрылғаннан кейін мүше мемлекеттер арасында адам құқықтарының саяси және азаматтық құқықтары мен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары саласында қызу талқылаулар басталған еді. 1948 жылғы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияның қабылдануы, беделді халықаралық ұйым көлемінде осы мәселенің төңірегіндегі мемлекеттсрдің өз көзқарастарын білдіруге қолайлы жағдай туғызды. Соған орай Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Адам құқықтары жөніндегі Комиссияға негізгі құқықтар мен еркіндіктерді қамтитын, бірыңғай адам құқықтары туралы пактіні дайындауды тапсырады. Ұзақ талқылаулар мен кеңестерден кейін екі Пакті дайындау шешіледі, соның бірі - Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт. Осы сәтті күткен мемлекеттер, бұл бағытта өз ұсыныстарын жасай бастады. Сондайлардың ішіндегі Поляк үкіметінің ұсынысына тоқталатын болсак, мұндағы көтерілген басты мәселе басқа мемлекеттерге ауған жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Бұл мәселені қарау БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 4-ші сессиясында қаралуы бекітіледі.

Сол кезде, 1949 жылдың маусымында жиналған Халықаралық жұмысшы конференциясы миграция және жұмыссыздық жөніндегі конвенцияның қайта қаралуын қолдады. Құжаттың басты мәні миграцияға түскен жұмысшылардың баспана мәселесін, денсаулық сақтау мәселесін, еңбек ақысы мен әлеуметтік қауіпсіздігін және әлеуметтік негізде қысьшшылықтан қорғалуына арналған. Польшаның ұсынысы Бас Ассамблеяның 4-сессиясындағы 1949 жылғы 14-17-қазандағы 249- 251-ші кездесулері кезінде қаралды. Осы мәселе жөнінде Ұлыбритания өкілдері Поляк ұсынысына орай, "Жұмысшы миграциясы жөніндегі келісім атты қарар жобасы" атты өз ұсыныстарын жасады /40/. Тек бұл ағылшындық ұсынысқа Мексикалық өкілдер өз өзгертулерін берді. Яғни, ол Ұлыбритандық қарардың мәтінінің соңғы жағына түзету енгізілгенде мынандай түрге ие болған еді: "Адам құқықтары декларациясы жұмысшылар мен олардың жанұяларының жергілікті аймақтың тұрғындары арасындағы әлеуметтік қатынасын сақтау мақсатында, білім алу жүйесі, тамақтану, демалу және дәрігерлік көмек алу жүйесінде осының барлығын бақылайтын комитеттер болу керек"/41/. Мексикалық өкілдердің түзетулері қолдау тауып, ұлыбританиялық ұсыныс біршама өңделіп қалған соң, 4 дауыс қалыс қалып, 37 дауыспсн қабылданады. Ал 1951 жылғы БҰҰ-ның комиссиясы сессиясында әр елдердің өкілдерінің атынан Адам құқықтары жөніндегі пактінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласына бірқатар баптар кіргізу жөнінде ұсыныстар түскен болатын.

Кеңестер Одағы өкілдерінің ұсынысы бойынша, БҰҰ-на мүше мемлекеттер халықтар мен ұлттардың өзін-өзі билеу құқықтары, азаматтардың еңбекке, демалуға және білімгс деген құқықтарымен, әйелдердің еркектермен қатар бірдей еңбегі үшін еңбек ақысының тең болу құқықтарын, кәсіподақтарға бірігу құқықтарымен қамтамасыз етуі тиіс. Тек осы ұсыныстар, бұрынғы Кеңестер одағында еш бұлтарықсыз орындалды деп айту қиын. Өйтксні сол кездегі коммунист идиологиядағы елдердің сөздері мен істері арасындағы алшақтық көп жағдайда білініп жататын. Әрине мұндай жағдай капиталист жүйедегі мемлекеттерге жат деп айтуға болмайды. Сол себепті де осындай екі жүйенің өкілдері бас қосатын БҰҰ-ның ғимаратында әлеуметтік-экономикалық, азаматтық және саяси құқықтар мәселесі қашанда дау-дамай туғызып жатты. Әрине әр жақ өз ұсыныстарын қабылдатуды көздеді. Өркениетті дамута ұмтылған мемлекеттер ең соңында қандайда бір қолайлы шешімге келіп жатулары табиғи зандылық еді. Әлбетте, бұл мәселеде қандай жүйе болмасын, үкімет жағынан ең алдымен өз азаматтарының хал-ахуалдарын, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ұмтылуы, басқа мемлекеттің құрылымына ешқандай нұқсан кслтірмсйтіндігі белгілі, тек өкіметтік билік жағынан қауіптенетін жайт, ол азаматтардың талабы барған сайын күшейе түсетіндігінде. Өз кезегінде бұл үкімст басындагылардың тыныштығын бұзары сөзсіз. Тек заманның дамуына сай, мүше мемлекеттердің өкілдері де БҰҰ аумағында өз елінің алға басқандығын көрсетуге тырысатыны айқын. Тек осы адам құқықтары мен негізгі еркіндіктеріне байланысты маңызды құжаттарды талқылау кей-кезде көптеген жылдарға созылып жатты. Осындай мәні өте зор құжаттардың бірі Адам құқықтары жөніндегі Комиссияда дайындалған

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактісі 1954 жылы тағы бір рет толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, талқыланды. 1963 жылдың аяғында Ассамблеяның Үшінші комитеті (әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени) осы пактінің кіріспесі мен негізгі барлық бөлімдерін қабылдайды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1964 жылғы 19-сессиясында кейбір себептерге байланысты күн тәртібінен алынып тасталады. Ал 1965 жылғы 20 сессияда Үшінші комитет күн тәртібінің тығыздығынан Пакт жобасын талқылауды келесі 1966 жылғы 21-сессияда қарауға қалдырған болатын. Сөйтіп, 1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблея өзінің 21 сессиясында Экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактісін Бас Ассамблеяда құпия дауыс беруімен бірауыздан қабылдайды /42/.

Әрине бұл пактінің де бірінші бабы барлық азаматтар жеке бостандығына құқылы екендігі айқындалады. Осы бап шын мәнінде әр халық өз табиғи байлықтары мен қорларды еркін пайдалануына құқылы дегенді де білдіреді. Жалпы айтқанда Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактісі негізінен азаматтардың еңбек етуге құқын (6-бап), қалыпты еңбек жағдайына құқылы екендігін (7-бап), кәсіподақтар құрып, оған мүше болу құқын (8-бап), әлеуметтік қамтамасыз етілуіне және әлеуметтік қамсыздандыру құқына (9-бап), жанұя, әйелдер, балалар мен жасөспірімдер құқын (ІО-бап), қалыпты өмір сүру құқына (11- бап), әр адамның білім алу құқықтарын (13-14-баптар), қоғамның мәдени өміріне қатыса алу құқын (15-бап) қамтиды. Ал осы пактіде айтылған құқықтардың орындалу шаралары да айтыла кеткен. Яғни, басты шара-бұл жүйелі түрде есеп беріліп отырылуы. Сол ретте Пактіге қатысушылар осы құқықтардың орындалуын қамтамасыз етіп, шараларға бағынуға міндетті болып табылады. Осы құқықтардың орындалуына байланысты жүйелі түрде берілген есептср Әлеумсттік-экономикалық  кеңестің талқылауына өткізіледі. Кеңес қажет деп тапса, өз кезегінде Адам құқықтары жөніндегі комиссияға оқып білуге және ұсыныс жасауы үшін өткізуі мүмкін. Мүше мемлекет өзінің есептсрі бойынша соңынан ескертулер мен ұсыныстар алуы мүмкін. 28, 29 және 40-баптарға сөйкес мүше мемлекет ескертулер мен жіберілген қателіктерді түзетуге міндетті /43/. Бұл құжат қабылданғаннан кейін бірнеше жылдар көлемінде қатысушы және қосылушы мемлекеттер жағынан бекітіліп, күшіне тек 1976 жылы кірді.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактідегі Комиссияның шығарған имплементациялық шаралары Халықаралық пактідегі азаматтьгқ және саяси құқықтарға байланысты имплементациялық шараларға қарағанда аз өзгерістерге түскен. Негізінен өзгерістер редакциялық жағын қамтыған. Бірақта құрылған жүйені экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Комитет құру арқылы өзгертуге талпыныс жасауды АҚШ пен Италия ұсынды /44/. Жаңа Комитетті жақтаушылар ЭКОСОС мүшелері Пактіге қатысушы болмай-ақ Комитет жұмысына ықпал ету мүмкіндігі ақталмайды деп есептеді. Сонымен бірге ЭКОСОС-тың жұмысының көптігіне де сілтеме айтылды. Алайда көптеген мемлекеттердің өкілдері АҚШ пен Италия ұсыныстарының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қарауда ЭКОСОС міндетін негізсіз шектейтіндігіне байланысты жаңа Комитетке қарсы болды. БҰҰ на қарағанда тіжірибесі әлде қайда аз, бірақ қоғамның даму сатысы жоғарылаған кезде құрылған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің шеңберінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар өз даму заңдылығына тап болды.

Өз кезегінде, осыған байланысты олар әр адамның еңбек етуге құқылы екендігін, әйел затының тең де тиімді түрде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси өмірге қатысуына құқылы екендіктерін еске салып өткендіктері аян. Яғни осы кездесу барысындағы қатысушы мемлекеттсрдің нақтылы ұсыныстарына тоқталатын болсақ, Венгер өкілдерінің ұсынғаны Белград кездесуінің қорытынды құжатына келесі мәтінді қосу қажет деп табады: "Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері саласында қатысушы-мемлекеттер әр адамның еңбек етуге құқылығын қолдайды. Олар өздерінің жеке тұлғалардың еркін де толық дамуына елеулі үлес қосатын осы құқықты құрметтеудің жолын ұстайтындықтарын және оның толық та, тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететіндіктерін білдіреді. Сондай-ақ, олар осы құқықтарды қорғау мақсатында қажетті қадам жасауға талпынады.

Қорытынды Актінің экономикалық және аралас салада көп жақты күш салуды қажет ететін кейбір ережелерін жүзеге асырудағы маңызды рөлді ЕҚЫК-нің Қорытынды Актісі БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясына артады. Қорытынды Актінің осыған қатысты ережесін іске асырудағы Комиссияның қызмсті жөнінде, Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы Белград ксздесуінің 1977 жылғы 10-қазанындағы толық отырысындағы өз мәлімдемесінде хабардар етті.

Қорытынды Актіні жүзеге асырудағы Еуропалық экономикалық комиссияның зор үлесін осы кездесуде көптеген өкілдер өте жоғары бағалай келіп, әлі де күшейте түсу қажеттігін айтты. Сол кездегі Югославия мемлекетінің өкілдері осыған байланысты өз көзқарастарын сақтай отырып, осы құжатта қатысушы-мемлекеттср басқалармен қатар келесі мәселенің де айтылуын ұсынды:

- Қорытынды Актінің тиісті ережелерін іскс асырудағы ЕЭК-тің жағымды роліне баға беруді;

-         Қорытынды Актіде белгіленген саладағы саясат пен бағдарламаны қарастыруда және жүзеге асыруда ЕЭК өзіне әлдеқайда белсенді рөлін алатынына үміт артатынын, әсіресе:

-         үкіметтер мен ұжымдардарға тәжірибелік мүдделікті білдіретін экономикалық  және  коммерциялық ақпаратпен алмасуды жеңілдету;

-         келісімдерді дайындауға және қол қоюға мүдделі тараптарға мүмкіндіктер мен көмек беру жөнінде қол астыда бар ақпараттарды кең түрде тарату арқылы өнеркәсіптік ынтымақтастыққа ықпал ету;

-         курстар, семинарлар және симпозиумдар арқылы кең түрде ғылыми және техникалық ақпараттармен алмасуға қолдап дем беру;

-         ЕЭК одан әрі де БҰҰ арқылы нақтылы мәнді жобаларды іске асыруда күш салатындықтарына, және де ЕЭК БҰҰ үшін аса зор  маңызы  бар экономикалық мәселелерді іске  асыруда белсенді рол атқаратынына, сонымен бірге әлемнің басқа да аймақтарымен ынтымақтастықты нығайтуына шарт жасайтындықтарына үміт артатындықтарын білдірді /45/.

Бұрынғы КСРО-ның Конституциясында азаматтар өмірінің басты жақтарына қатысты әлеуметтік-экономикалык және мәдени құқықтары көрсетілген. Сондай-ақ, бұрынғы кеңес азаматы жұмыссыздық мәселесін білген жоқ. Кездесу барысында кеңестік өкілдер айтқандай, КСРО азаматтарына тегін дәрігерлік көмек көрсетілгені баршамызға аян.

Сонымен бірге тегін негізде білім алу да қаншама қарапайым азаматтарды ғылыми-техникалық табыстардың шоқтығына шығарғаны анық. Бірақта сол кездегі Кеңестер одағындағы саяси жүйе азаматтардың басқа да негізгі құқықтары мен еркіндіктерін, яғни сөз бостандығын, ой-пікір еркіндіктерін қысып келгенін білеміз. Көп жағдайда Конституция негізінде әдемі берілген бостандықтар шын мәнінде өз жолын таба алмай жатты. 1с пен құжат арасындағы елеулі алшақтықтар бітініп қалатын.

БҰҰ мен ЕҚЫК-нің мінбесінен сөз сөйлеген кеңестік өкілдер әрқашанда Кеңестер одағында Адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі мәселенің шешілгендігін сол кезде жиі-жиі қайталап жатты. Ал оның шын мәнінде олай емес екендігін ашып айпақшы болған азаматтар саяси сатқындар болып есептелгендігін білеміз. Яғни, бұл адамдар құқықтары мәселесін шешуде саяси жүйс басты рөл атқарғанын дәлелдейді.

Адам баласының құқықтары экономикалык, және әлеуметтік жақтары мен қатар саяси және азаматтық жақтарды да қамтиды. Бір құндылық басқа құндылық есебінсн айқындалуы мүмкін емес. Атап айтқанда, барлық осы адам құқықтары жөніндегі құндылықтардың бірдей үйлесуі және олардың үкімет жағынан құрметке бөленуі арқасында қана бізде олардың іске асатындығына үміт пайда болатыны анық.

Осы кездесуде адам құқықтары мен еркіндіктсрін талқылау барысында АҚШ мемлекетінің өкілдері де өз көзқарастарын ортаға салады: "Қорытынды Актінің жүзеге асуын жақсартуды қарастыра отырып, мүмкіндігінше қолдау көрсетеміз. Біздің оймызша мынандай салаларды жетілдіру қажет:

-                     ғылыми, экономикалық және коммерциялық ақпараттармен алмасуды сапалы түрде ұлғайту;

-         жеке кәсіпкерлер мен тілшілердің қатынасуын жеңілдету;

-         басқа елдерден ақпарат алуға мүмкіндігінше бостандық беру;

-         ғалымдар алмасуына мүмкіндігінше еркіндік жасау.

-                     теледидар бағдарламасы мен мәдениет шеңберінде, әдебиет
саласында алмасу мүмкіндігін ұлғайта түсу" /46/.

Әлбетте, адам құқықтары мен еркіндіктсрі VII парыкқа сай осы Еропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастык жөніндегі кеңесіне қатысушы-мемлекеттердің барлығының тікелей міндеті болып табылатындығы белгілі. БҰҰ Жарғысына, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына және халықаралық пактілерге сәйкес, сондай-ақ Қорытынды Актіге сай, олар халықаралык іс-қимылдың пәні болып табылатындығы сөзсіз. Сол себепті, ешқандай күмәнсіз олар БҰҰ мен ЕҚЫК көлеміндегі дипломатиялық сараптар мен сұхбаттардың заңды мәселелері болып табылады. Белград кездесуінің түп-тамыры да осында. Яғни, оларға белградтық талқылаулардан кейінде басты назар аударылып, іске асуына елеулі күш-жігер жұмсалатыны аян.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері