Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Бейүкіметтік ұйымдардың рөлінің қаншалықты тендесі жоқ және оң екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейрода, 1993 жылы Венада, 1994 жылы Каирде, 1995 жылдары Копенгаген мен Пекинде танылды.

БҰҰ - өзінің бағдарламалары мен қорлары арқасында мұқтаж көрушілерге көмегін көрсетеді. Сонымен бірге техникалық көмек беріп, ұлттық мүмкіншілігінің нығаюын сүйемелдейді, аймақтық бастамаларға қолдау көрестеді.

Осы себептерге байланысты БҰҰ-ң мүмкіндігінше тиімді жасауға баршамыз ұмтылуымыз керек. БҰҰ бүгінгі күні адамзаттың тендесі жоқ игілігі болып табылады. Ол - халықаралық ынтымақтастықтың құралы.

БҰҰ құрылғаннан бастап өзінің қызметінде белгілеген мақсаттары адам құқықтарын қорғау саласындағы ең маңыздылардың бірі болып табылады. Ал бейүкіметтік ұйымдарға келетін болсақ, бұл жүйеде олар өз орындарын өздері айқындады. Сөйтіп, адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясының хаттамасында былай деп көрсетілген: "БҰҰ-ның Жарғысының ережесі, нақты оның 68-бабы (бапқа сәйкес ЭКОСОС адам құқықтарын қорғауға байланысты қажетті мекемелер құруға өкілетті-бейүкіметтік ұйымдар мен жеке тұлғалардың Сан- Францискіде қол жеткізген жетістігі" /15/.

30-дан астам бейүкіметтік ұйымдар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының мәтінін жазуға қатысты. Олар Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен ынтымақтаса отырып, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының тапсыруымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні және Экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактіні дайындаута көмектесті.

Бүгінгі күні ешкім де бейүкіметтік ұйымдардың халықаралық қатынаста адам құқы мәселелеріне қатысуын жоққа шығармайды. Бұл жөнінде 1993 жылы Венадағы адам құқықтары жөніндегі Бүкіләлемдік конференцияда қабылданған декларацияда былай деп айтылған: "Адам құқықтары саласындағы өлшемді орнатудағы мемлекеттердің жауапкершілігін мойындай отырып, конференция осы саладағы бейүкіметтік ұйымдардың үлесін жоғары бағалайды" /16/.

Бейүкіметтік ұйымдарға арналған БҰҰ-ның 47 -ші конфсрснциясында БҰҰ-ның Бас Хатшысы өз сөзінде бейүкіметтік ұйымдардың халықаралық статусының өсіп отырғанын атап өтті.

1994 жылғы 20-22 қыркүйсктс БҰҰ-ның штаб пәтерінде өтксн конференцияда БҰҰ-ның Бас Хатшысы бейүкіметтік ұйымдардың 1400-ден астам өкілдеріне арнап сөйлеген сөзінде: "Осы ғимаратты сіздер де өз үйлеріңіздей көрулерінізді сұраймын"-деді. Бұған дейін мұндай сөз айтылған жағдайда, көпшіліктің түсінбеушілігін туғызатын  еді,  өйтксні  БҰҰ тек қана егеменді  мемлекеттердің форумы ретіндс қабылданылып   келді. Ал енді қазір бейүкіметтік ұйымдар халықаралық өмірдің толыққанды қатысушылары болып есептеледі.

Іс жүзінде бүгінгі қабылданған адам құқықтары жөніндегі барлық конвенциялар бейүкіметтік ұйымдардың белсенді қатысуымен дайындалып, қабылданған болатын. Солардың ішінде 1959 жылы қабылданған Балалар құқықтары Декларациясын, 1989 жылы қабылданған "Балалар құқықтары Конвенциясын" дайындауға ынталандырушы болған да бейүкіметтік ұйымдар еді. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық үлгінің негізгі бес парқын қарауға сонау Ұлттар Лигасының балалар бейүкіметтік ұйымы - Балаларды қорғау қорының халықаралық одағы ұсынған болатын.

Бірнеше бейүкіметтік ұйымдардың, нақтылы айтқанда, Нобель сыйлығының жүлдегері, атақты құқық қорғау ұйымы - Халықаралық амниетияның тұтқын-қамаудағыларды қинап-азаптауға қарсы науқаны осы салада "Кинап-азаптауға және басқада аяусыз, адамкөргісіз немесе ар-намысын қорлап жазалауға қарсы Конвенциясын" қабылдаумен аяқталды.

135 бейүкіметтік ұйымдар тұрғылықты халықтардың құқықтарын қорғаута байланысты халықаралық құжаттарды дайындауда қандайда бір мөлшерде оң ықпал жасайды.

 

 

 

 

1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы

Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың зандарында, кейбір ұйымдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алғаш рет бұл салада қабылданған басты құжат "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы"/1948 ж./ болды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының бірінші тармағында: адам баласының құндылығы: "бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады"-деп көрсетілген /17/.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - адам баласы үйелменінің барлық мүшелерінің құқықтары тартып алынбайтындығын, мызғымастығын жария ететін көрнекті құжат болып табылады. Декларацияның мақсаты - осында реттелген құқықтар мен бостандықтардың жалпыға бірдей тиімді түрде мойындалуы мен сақталуын, бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы қамтамасыз ету. Әр-қилы қиянаттарға қарсы және адамның ар-намысы үшін үздіксіз күрес ғасырлар бойы келісім шарттарда, жарғыларда, үндеулерде, мәлімдемелерде орын табуы-ішкі дүниенің үстем болып, адам санасына, заңға және қоғамдық салтқа енуінің өзіндік жеңісінің белгісі. 1946 жылдың маусым айынан 1948 жылдың желтоқсан айына шейін жаңа ғана құрылған БҰҰ-ның қамқорлығымен бірқатар белгілі қоғам қайраткерлерінің үздіксіз еңбек етуінің нәтижесінде адам құқын қорғайтын ең маңызды құжат жарыққа шықты. Нью-Йорктегі, Женевадағы тіпті Париждегі кездесулер нәтижесінде осы қайраткерлер, құқықтык, мәдени және саяси стратегиялар мәселесін талқылады. Тіл және әдіс мәселелерін шеше отырып, олар өздерінің алдында тұрған аса мәнді де, маңызды мақсаттарға жетуді жүзеге асыра алды. Олардың күш салуының нәтижесінде 1948 жылы 10-желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады.

1941 жылдан бастап адам құқықтары жөніндегі көптеген мәселелер бейүкіметтік ұйымдар, оқу орындары, кейбір мемлекеттер жағынан көтеріліп жатты.

1944 жылы 10-мамырда бірауыздан Халықаралық жұмысшы ұйымы жікшілдікке бөлмей, еркіндік пен адамгершілік жағдайында баршаға бірдей әлеуметтік әділеттшікті жариялайтын Филаделъция декларациясын қабылдайды.

Сан-Францискідегі конференция талас туғызбау ниетінде адам құқықтарына анықтама беруге ұсыныс жасамайды. Конференция төрағасы, мұндай   декларацияның жобасын бүкіләлемдік жаңа ұйымның ұсынуы ұйым үшін өте зор бедел екендігін атап өтеді.

Бүкіләлемдік адам құқықтары туралы декларацияны дайындау жұмысы халықаралық деңгейдегі тиімді ережелердің айқын мысалы.

Декларация мәтіні 2,5 жылдай уақытта дайындалды. 1946 жылы ақпандағы адам құқығы жөніндегі Комиссияның алғашқы мандатынан, 1949 жылы 10 желтоқсанда Бас Ассамблеяның қабылдағанына дейін, осы Декларацияны қабылдау барысындағы қоғам қайраткерлерінің істеген жұмыстары, олардың қандай қиыншылықтарға тап болғанын, қандай таластар, қысымдарға кездсекенін, айналып келгенде мемлекеттердің адам құқықтары мен еркіндіктеріне деген көзқарастарын көрестіп, мемлекеттер арасындағы қатынастармен қатар жүретін қайшылықтарды да байқатады.

Бірінші тармақта атап өткендей, 1946 жылдың ақпан айында ЭКОСОС БҰҰ Адам құқықтары жөнінде Комиссия құрған болатын. Ең алғашқы күннен бастап бұл Комиссияға болашақтағы жасалынатын "адам құқы жөніндегі халықаралық декларациясына" пікірлер мен нұсқаулар дайындау міндеті тұрды. Осы мақсатта 1946 жылдың ақпан айында ЭКОСОС (БҰҰ) өзінің 1-ші мәжілісіне жиналғаны белгілі. Ол өзінің адам құқықтары саласындағы мандатын іске асыруды, тек Адам құқықтары жөніндегі Негізгі Комиссия құру арқылы шешпекші болды. Бұл Комиссияға арнайы жүктелген міндет, халықаралық құқық декларациясына байланысты пікірлер сонымен қатар зерттеулер, талқылаулар жүргізумен айналысуы тиіс. Ал басты мақсат - адамзат тарихында тендесі жоқ тапсырманы орындау: яғни, біздің жер шарының әр сәбиі үшін, әр әйел мен еркек заты үшін Бүкіләлемдік адам құқықтарының декларациясының жобасын дайындау. Бұл міндетті орындау 1947 жылдың қаңтарынан 1948 жылдың шілдесіне дейін созылған еді. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясы 1947 жылдың қаңтарындағы Нью-Йорк қаласында өзінің бірінші отырысын өткізгенімен, ешқайсысы оның жұмысы нәтижелі болады дегенге кепілдік бере алмаған болатын. Комиссияның ең алғашқы Төрайымы Элсонора Рузвельт ханым (1945 жылы қайтыс болған АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельттің жұбайы), БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссияда АҚШ мемлекетінің өкілі, орынбасары Рене Кассэн мырза (Франция), баяндамашы К.Неоги мырза (Үндістап) болып сайланады. Декларация мәтіні Париж қаласында дайындалды. Декларация мәтінін жазатын өкілдер бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі мемлекеттер өкілі, яғни Ливаннан, Чилиден, Франциядан, Қытайдан, АҚШ-тан, Украинадан және т.б. болды.

Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясын жарыққа шығаруда игілікті әсер еткен жағдай, оны дайындауда көрнекті жеке тұлғалардың да ат салысуы. Олардың ішінде басты роль атқарған Комиссияның көрнекті мүшелері Элсонора Рузвельт (АҚШ), П.Ч.Чан (Қытай), Чарльз Малик (Ливан), Рене Кассэн (Франция), және де Комиссияның жұмысына елеулі көмек берген Джон Хамфри (Канада заң қызметкері, БҰҰ хатшылығының жаңадан құрылған адам құқықтары бөлімінің директоры) болды.

Ал Комиссияда негізгі баяндамашы рөлін атқарған Чарльз Малик құжаттың қорытынды жобасын тиянақтағанымен ерекшеленеді. Қызметтестер ішінде оның да беделі өте жоғары болып, құжатка терең мән беруде басты қозғаушы күш ретінде болғандай. Жалпыға бірдей декларацияның мәтінін дайындауда ол бейүкіметтік ұйымдардың кең көлемде қатысуына қолдау көрсетіп, "тың ойлар мең ұсыныстар беру мақсатында, оларды бейресми кеңесшілер" ретінде болуы мүмкін деп ұсынған болатын /18/. Адам құқықтарына қатысты декларация тым аймақтық мәндегі көзқарасты құрамау үшін, азиялық елдердің ой-пікірін жеткізуші екі орынбасардың бірі қытайлық П.Ч.Чан болды. Оның айтуынша "декларацияда Фома Аквинскийдің идеяларымсн қатар Конфуций идеялары да көрініс табуы тиіс"/19/. Сонымен қатар оның сұхбат-талас барысында көптеген тұйыққа тірелген жағдайдың шешімін табудағы еңбегін мойындау керек.

Жобаны құрастыруда Комиссия мен комитеттерге БҰҰ-нын Хатшылығы Джон Хамфри арқылы қолдау көрсеткен. Ол бұл процесске әржақты үлес қосты, нақтылы айтатын болсақ, Хамфри 408 беттік Декларация жобасы-нобайының авторы. Бұл құжат Декларация жобасын  құрастыру сатысында баға жетпес көмек жасағаны белгілі.

Ал Комиссия төрағасыныц екінші орынбасары Рене Кассэн декларацияның алғашқы толық жобасын құрастырған болатын. Кейін ол қорытынды құжатта елеулі бөлімді құрады. Бейүкіметтік ұйымдардың Декларацияны дайындауға қатысуын бағалай келіп, ол "бейүкімсттік ұйымдар Декларация парықтарын өздерінің баспа құралдарында, мақалаларында, көптеген мәжілістердегі сөздерінде алғашқы болып кең көлемде талқылағандар болды"- дейді /20/.

Жоғарыда атап өткен осы аса ірі тұлғалар тобы көптеген бейүкіметтік ұйымдардың өкілдерімен өте тығыз ынтымақтастықта, байланыста болды. Адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттер осындай ынтымақтастықтың өте дәйекті көрінісінің бірі болғаны оның нәтижесінің құндылығынан көрінді. Осы процеске қатысты болған елуден астам үкіметтің өкілдері, әсіресе жобаның қорытынды құжатына өз үлестерін қосты. Жалпыға бірдей декларацияны зерттеген сарапшылардыц ойынша, БҰҰ-ның қызметкерлері Элеонора Рузвельттіц басшылығымен сонау 1947-1948 жылдардағы қажыған күндер мен айларда Адам құқықтарына қатысты бүкіләлемдік декларация жөніндегі арманды жүзеге асырудағы негізгі жауапкершілікті өз мойындарына артты. Олардың тырысуының, қайшы жақтың көзқарастарын түйістіре білуінің осы жұмыстың табысты болуындағы маңызы зор. Тапсырманы орындау оңай іс еместігі қатысушы-мүшелерінің барлығына түсінікті еді.

Халықаралық қатынаста жалпы адам құқы туралы мәселерінде бейүкіметтік ұйымдардың үлесі зор болды. Соның бірі ретінде Америка құқық институтын атап өтугс болады. Бұл ұйымға тапсырылған мәселе Панама өкіметінің белсенді қолдауымен және басшылығымен деқларацияның маңызды жобасын дайындау болды. Сайып келгенде осы елдің сыртқы істер министрі Альфредо Альдаро - осы жобаның авторларының бірі. Басқа да маңызды жобалар ұсынғандардың ішінде Американдык еңбек федерация комиссиясы, бейбітшілікті орнату мәселесін зерттейтін БҰҰ-ның көмекшісі ретіндегі Америка қауымдастығы, американдық еврей комитеті, әйелдер кәсіподақ лигасы, американдық адвокаттар қауымдастығы және т.б. бейүкіметтік ұйымдар болды. Адам құқықтары жөніндегі Декларацияны дайындау XX ғасырдағы адамзат үшін өте маңызды тарихи қадам еді. Осыған орай еңбектері нәтижелі, жемісті болуы үшін, Негізгі Комиссия, тіпті Толық құрам Комиссиясы да ең алдымен өзінің алдында тұрған міндеттерін анықтауы тиіс болды. Бұл мәселе негізінде ЭКОСОС-тың сессиясында қаралған болатын. Яғни, бұл сессияның талқылауында ең алдымен "халықаралық құқық декларациясы" нені айқындап көрсететінін анықтау туралы мәселе сөз болды. Ұлттық құжаттарды, атап айтқанда, "Адам құқықтары мен азаматтық жөніндегі Француз декларациясы", "АҚШ-тың құқық декларациясы", басқа ресми және бейүкіметтік ұйымдардың ұсынған барлық жобаларын талқылау барысында, адам құқықтары жөніндегі Комиссия мүшелері жеке түрде үш түрлі тәсілді немесе бірлесксн тәсілді пайдалануға болатындығы туралы пікірге келді.

Бірінші тәсілдің мәні ешқандай нақтылы емес, сапалық маңыздылығы төмен құқық баптары арқылы тек бүкіл ұлттар ынтымақтастығының бағытын, адамгершілік мағынада ғана ұстаған мақсат пен өлшемнің қарапайым декларациясын құрастыру болып табылады.

Екінші тәсіл ұйғарымы бойынша, келісім шарт деңгейінде (бір немесе бірнеше конвенциялар негізінде) халықаралық құқыктарға негізделген және қатысқан мемлекеттерге міндеттемелер жүктейтін бір немесе бірнеше конвенциялар жасауға болады.

Үшінші тәсіл адам құқықтарын қорғауда халықаралық жүйе құру арқылы іске асыру шараларына көңіл аударуды ұсынады.

Сайып келгенде 1400 рет дауысқа түскен Декларация жобасы, іс жүзінде жобаның әр сөзін талқылағанмен тең болды. 1948 жылдың маусым айында адам құқы жөніндегі Комисия бекіткен Декларация жобасы 1948 жылы қазанда Париж қаласында жиналған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына ұсынылады. Адам құқы мәселесімен айналысқан дүние жүзілік ассосациялардың тілектері мен ескертулері Бас Ассамблеяның тиісті комитетте-ріне жіберіледі. Тиянақты талқылаулардан кейін тек бір ғана түзету енгізген БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10-желтоқсанда адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын Париждегі Пале де Шайода қабылдайды. БҰҰ-ның 58 мүшесінен отырысқа қатысқандардың дауыс беру барысында Декларацияны 48 мемлекет қолдады, 8 мемлекет қалыс қалып, ешқандай мемлекет қарсы болған жоқ. Тек екеуі отырысқа қатысқан жоқ болатын.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері