Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.
КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................
1. Омбудсмен институтын құру жөніндегі заң дайындау үшін занды сараптама жасау, Басты назар Париж парықтарына сай, адам құқығы жөніндегі үлттық мексмс құруда ұлттық заң халықаралық үлгімен сәйкес болуына кепілдікті қамтамасыз етуге аударылуы тиіс.
2. Омбудсмен институтын құру жөніндегі заңды дамыту барысында кеңес беруде, техникалық көмек көрсету, сонымен бірге адам құқын қорғау жөніндегі бейүкіметтік ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етуге кепілдік беру.
3. Қазақстан қол койған немесе бекіткен халықаралык құжаттар жөнінде Президент жанындағы Адам құқығы туралы комиссия баяндама жасауы үшін техникалык көмек көрсету.
4. Президент жанындағы Адам құқығы туралы комиссияға құқық қорғау жөніндегі бейүкіметтік ұйымдарға көмек көрсетіп және кеңес беруіне, құруға талпынған адам құқы жөніндегі ұлттық мекеменің мәні мен мақсатын үкіметтік шенеуніктерге түсіндіруге көмек көрсету /61/.
Әрине, адам құқы жөніндегі омбудеман институтын құру сатысын тым жеделдетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені алдымен осыған сай ұсыныс негізінде көрсетілген ескерулерді шешетін жүйені қалыптастыру басты мақсат болуы керек. Мұның өзі институт негізін калағанмен тең деп айтуға болады. Үш жылдан ксйін Парламент омбудсмен жөнінде арнайы заң қабылдайды. Тағы екі жыл омбудсмен институтында жұмыс жасауға жарамды қызметкерлер жинауға қажет болған. Жақсы заң негізінде омбудсмен институтын құрғанмен, оның қызметшілерін тандауда сәтсіздік болса, ондай институттың да қызметі тиімді болмайды. Бүгінгі Венгрияда омбудеман институтында 120 адам қызмет істеуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда омбудсмен институтын құру үшін: "Қазақстан Республикасының омбудсмен институты туралы заң шығару, заң жобасын дайындауда Президент жанындағы Адам құқы туралы комиссияның жұмысшы тобымен бірге осы саладағы мамандардың кең тобын құру. Олар:
мүдделі ұйымдар мен қоғамнык көзқарасын заң жобасында ескеруі үшін кең түрде талқылауы,
халықаралық сарапшылар тобымен кеңесу; омбудеман институтына байланысты Конституцияға өзгеріс кіргізу;
Қазақстан қоғамына омбудсмен институты жөнінде кең түрде таныстырып, талқылау.
Осы адам құқы жөніндегі ұлттық мекемені құру жұмысы, өз кезегінде басты мақсат омбудеман институтын құрумен қатар, осы уақыт шеңберінде азаматтардың адам құқы жөніндегі көзқарастарын да кеңейте түсіп, адам құқы туралы ағартушылық, ақпарттық та қызмет атқаратыны қазақстандықтар үшін өте маңызды.
Париж парықтарына сай құрылатын бұл институт Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауды дамыту және көтермелеу жолында, Қазақстанды халықаралық қатынастағы адам құқығы саласы шеңберіне жақындата түседі. Демократиялық жаңғыру жолындағы табысты ілгерілеу, адам құқығын қорғау мақсатында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен ЕҚЫҰ-ның парықтары мен өлшемдерін сақтауда нақтылы бағдарламамен қамтамасыз етіп, елде өлім жазасын жою жолында сот жүйесінде қайта құруларды талап етеді. Бұл келешек дамудың стратегиясы болуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат пайда болғаннан бастап-ақ адам құқықтары өмір сүрді. Билік пайда болғаннан, қайда болмасын, адам құқықтары сақталмай, бұзылды. Адам құқықтарын бұзу пайда болғаннан бастап-ақ адам құқықтарын қорғайтындар пайда болды. Сол себепті де, бұл зерттеу жұмысында автор мүмкіндігінше, XX ғасырдағы ең беделді екі халықаралық ұйымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының адам құқықтары мәселесін қорғаута байланысты маңызды халықаралық құжаттар қабылдау барысындағы қызметтері мен осы ұйымдарға мүше-мемлекеттердің осы мәселеде ұстаған көзқарастарын ашып көрсетуге, олардың адам құқықтары мәселесіндегі өзаралық қатынасы мен бейүкіметтік ұйымдармен ынтымақтастығын ашуға тырысады.
Зерттеу жұмысымда жан-жақты қаралған "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы" - шын мәнінде барлық халықтардың арманын алғаш рет біріктіре алған, XX ғасырда ғана емес бүкіл адамзат тарихындағы қабылданған ең аса маңызды құжаттардың бірі екені анық.
Женевада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин БҰҰ-ның көпжақты дипломатияның негізгі әлемдік орталықтарының бірі саналатын Еуропа бөлімшесінде баяндама жасаған болатын. Женева көптеген халықаралық ықпалды ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан, сондай-ақ саяси және интеллектуалды топ басым шоғырланған қала екені белгілі. Биылғы жылы Адам құқықтарын қорғау Кеңесінің сессиясы әлемдік өркениет тарихындағы бет бұрыстардың бірі саналған Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 60 жыл толуына орай жиналды.
М.Тәжин Қазақстанда адам құқына қатысты халықаралық стандарттармен жұмыс істейтін өркениетті қоғам құруға бағытталған саяси жаңғыруларды жалғастыра беретінін атап көрсетті. Солай бола тұрса да, Қазақстан «адам құқықтарына қатысты халықаралық құжатты ратификациялаудың маңызын ерекше түсінсе де, оның ережелерін бұлжытпай орындауға келгенде қиындықтарға кездесе береді». Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қатысты министр біздің еліміз ұйым қызметінде ұлтаралық, діни конфессияаралық түсіністікке байланысты өз тәжірибесін кеңінен пайдалана отырып, мәселенің гуманитарлық жағына ерекше назар аударатынын атап көрсетті. Бұл тұрғыда Қазақстан түсіністік пен төзімділік және басқа да қажетті институттарды пайдаланудағы өзіндік тәжірибесін ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық саладағы шараларын жетілдіре түсуге пайдаланады.
Мұндай ұстанымдарды жүзеге асыру Қазақстан тәжірибесінде қолдан келетін іс екені дәлелденді», – деді М.Тәжин. Осыған орай, республика «өркениет Альянсы» достары тобының мүшесі екенін және әлемдік дәстүрлі діндер құрылтайын екі рет өткізіп, онда әлемдік негізгі конфессиялардың жетекшілері бас қосқан, сондай-ақ төзімділікке қатысты ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі Кеңесін өткізгенін айтып өткен /62/. «Үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақстанда мұсылман және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің форумын өткізіп, «Ортақ әлем: әркелкілік жағдайындағы даму» тақырыбын талқылайтынын СІМ айтып өтті. Оның пікірінше, «өркениеттер мен діндераралық диалог мемлекеттер мен халықтардың алшақтауына емес, бірігуіне жол ашады». Қарусыздануға байланысты көпжақты келесі бір форумда сөз алған М.Тәжин ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім шеңберінен шығып кеткен мұндай қарулары бар елдерге ықпал ететіндей тетік қарастыру қажеттігі жайлы мәлімдеді.
М.Тәжин БҰҰ-ның 62-сессиясында Қазақстан Президенті ядролық державаларды ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің тиімділігін арттыруға ядролық қаруды таратпау тетіктерін нығайтуға шақырғанын атап көрсетті. Біздің еліміз үшін бұл қарапайым мәселе емес, әлемдегі ядролық қарудың төрттен бірінің иесі бола отырып, біз дүниежүзілік қауымдастыққа одан бас тартуға болатынын іс жүзінде дәлелдеп және осынымызбен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылысымызды көрсетіп, сабақ берген болатынбыз. Осыларды тілге тиек еткен министр шабуылдаушы стратегиялық қаруларды да шектеуге қатысты келісімге келу келіссөздерін белсендірек жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
Астана «қарусыздану статусы және ядролық қаруды қысқартуды жеделдету жөніндегі конференция шеңберінде ашық әңгіме өткізуге ынталы». Солай бола тұрса да, Тәжиннің пікірінше, осының бәрі жағдайдың қайтып оралмасқа кетуіне кепілдік бола алмайды. Сондай-ақ ядролық қарусыздану, ғарышта жанталаса қаруландыруды болдырмау, қауіпсіздікке кепілдік беру секілді үш негізгі мәселені ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды. «Біз Ресей мен Қытайдың ғарышта жанталаса қаруландыруды болдырмауға қатысты келісімдерін жоғары бағалаймыз», – деген республика Сыртқы істер миниетрлігінің басшысы Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттердің ядролық қарусыз мемлекеттерге қарсы қарудың бұл түрін қолданбау жөніндегі халықаралық міндеттеме қабылдайтын құжаттың өмірге келуі жөнінде бірнеше рет ұсыныс жасағанын еске салды. М.Тәжин бәріміздің ортақ мүддемізге қарай «дұрыс бағыттағы кішкене қадамдардың өзі үлкен жетістіктерге жеткізетінін» еске салып, бірігіп алға басайық дегенді айтты.
1997 жылдың 1-желтоқсанында қызметін бастаған, БҰҰ-ның жетінші Бас хатшысы Кофи Аннан, өзінің 1998 жылы 24-ақпанындағы БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі баспасөз сұхбатында: "Біз Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жолын қуушы екенімізді тағы да құптай отырып, қоғам және әр жеке тұлға бұл солардың құқықтары екендігін түсінуін қамтамаеыз етуге тиіспіз. Бұл кейін қайта алып қоятын, үкімет жағынан берілетін несие емес. Мұның ажыратылмайтындығын, мұның болшектенбейтіндігін, біз 50 жылдықты атай отырып, бұл ойды әркімге жеткіземіз ғой деп сенемін",-деген болатын /63/.
Ал осы жылдың 12-қыркүйегінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары ретінде тағайындалған екінші адам - Мэри Робинсон өз сөзінде " Өткен тарихтан сабақ алу уақыты жетті. Сол сабақтардың бірі- шын мәніндегі адам құқықтарының бізге қаншалықты күш-жігер беріп, біздің мүмкіндігімізді ұлғайтатындығын түсіну",-деп көрсетті /64/. Міне, осы жарты ғасырлық уақытта көптеген адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар, оның ішінде Адам құқықтыры жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясы, адам құқықтары саласындағы көптеген жеке күрескерлер, өз жандарын құрбан етіп, бүкіл әлемдегі қаналушы халықтың құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғауда орасан зор күш салуда.
Адамзат үшін жалғасын тауып жатқан осындай құрбандықтар мен күш-жігерлер күннен-күнге азап шегуші халықтың құқықтары мен негізгі еркіндіктерін кеңейте түсетіндігіне көзіміз әбден жетуде.
Яғни, адам құқықтары үшін күрес - бұл адамзат құндылығы үшін, адамзат қауіпсіздігі үшін, адамзаттың мәні үшін күрес.
Осы күрес жолында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше-мемлекеттердің кездесуіндегі Веналык қорытынды құжаттың кол жеткізген табысы, Веналық мәжілістен кейінгі екі жыл ішінде 35 мемлекеттің шиеленісті жағдайдай үйлесімді әрекеттестікке жетуі, сенбестік ой туғызады. Ия, бұл жерде басты ролді Ұлы Ымыра атты келісім атқарды.
Ал, адамзат дамуының өткен бір сатысындағы осы аса маңызды Венадағы қол жеткізілген ымыраны жалпылама алсақ, ол мынандай:
Біріншіден, азаматтардың құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау мәселесі, адамдар қатынасының жеңілденуі тек Шығыстың немесе Батыстың ғана мәселесі болмай, жалпы барлық тараптар, өзіндік жетістіктерімен қатар кемшіліктеріне ие бола отырып, құқықтар мен негізгі еркіндіктерді қорғауды жан-жақты тырысуды қажет ететіндігі мойындалды.
Екіншіден, адамдардың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарының бірыңғай тұжырымы бекітеді. Алайда, әсіресе адамдар арасындағы қатынас саласындағы келісімдерді жүзеге асыруға зор еңбек сіңіру қажет болды. Бұл жердегі ең маңыздысы, барлық қатысушы-мемлекеттердің өз ұлттық заңдарын халықаралық міндеттемелерге сәйкестіріп, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі ЕҚЫҰ ережелерін келісімді түрде іске асыру.
Ең алғаш рет жеке тұрғыда немесе басқалармен біріге отырып адам құқықтары үшін күресте белсенді үлес қосуына, азаматтардың құқықтары Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесінің қабырғаларында келісілген құжаттарда қолдау табады. Сол ретте құқықтық қорғау ісі мадақталатындай.
БҰҰ мен ЕҚЫҰ көлемінде көптеген нақтылы мәселелер қаралып, оның ішінде қозғалыс еркіндіктеріне де көп көңіл бөлінген. Ал ЕҚЫҰ құжаттарында алғаш рет азаматтардың қандай да болмасын елден кетіп, оның ішінде өзінің отанында және кейбір халықаралық құжаттармен сәйкестендірілген ұлттық зандар шектеуліктерін ескере отырып, қайта оралуы жөніндегі адам құқықтарына байланысты халықаралық пакті ережелері бекітіліп, келтіріледі. Сонымен бірге, бір жыл көлемінде барлық елдер өз ішінде және шет елдерге шығу еркіндігіне қатысты зандар мен заң ережелерін жариялауы тиіс деп шешіледі.
Діни наным-сенім еркіндіктерін кеңейту, аз ұлттарға қолдау көрсету, қамауға алынғандарға адамгершілікпен қарау, адамдарға психикалық қиянат етуден қорғауды және т.б. мәселелер жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізілді.
Дипломдық жұмысты жұмысты жазу барысында халықаралық қатынастағы адам құқықтарын қорғауға байланысты күрес жолына мүмкіндігінше сараптама жасай келіп, бүгінгі таңда адам құқықтарын бұзылмауында ең жоқ дегенде мынандай шаралар орындалуы керек:
- адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарға кең көлемде
қосылу;
- халықаралық деңгейде танылған адам құқықтарын құрметтеуді
және қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық заң мен әкімшілдік
шаралар қабылдау;
- өз құқықтарына қысым жасалынған жағдайда қорғану
мақсатында азаматтардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі
көмекке жүгіну тәртіп-тәсілін ойластыру;
- адам құқықтарының жүзеге асуына кедергі жасайтын себептерді
жою.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанынан бері он жеті жыл ішінде жан-жақты жаңаруында, демократиялық құндылықтарды қоғамға ендіруде тек жақсының үлгісін алып өзіндік дара жолын салып келеді. Өтпелі кезеңді басынан оңтайлы өткізген Қазақстан қоғамындағы бүгінгі күндегі мәселелердің ең маңыздыларының бірі – ол қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекеттің шынайы тетігін қалыптастыру мәлеселері. Орта Азия мемлекеттері ішінен ең бірінші болып Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төраға етуі елімізде демократиялық құндылықтардың оңтайлы жүргізіліп, өзгеден көш ілгері тұрғанымызды көрсетеді. Мемлекетіміздің халықаралық қатынаста барлық мемлекеттермен, халықаралық, ішкі бейүкіметтік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық қатынаста бірлесе алға басып, гүлдену мен бейбітшіліктің ләззатына бөленері сөзсіз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев.Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. //Алматы:Өнер,1996.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. //Алматы:Дәуір,1992.
3. Назарбаев Н.Ә. Пять лет независимости. //Алматы Өнер, 1996.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық
бірлігінде. //Алматы:Қазақстан-ХХІ ғасыр,1993.
5. Кофи А.Аннан. Вопросы демократии //Электронные журналы ЮСИА.-Т.З.№.3.-1998.
Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері