Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Біздің соңғы Конституциямыздың 1-бабында мемлекеттің аса қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілген. Сайып келгенде, 1995 жылғы Конституциясында Қазакстан демократиялық, құқықтық мемлекет деп жарияпанғанына сай, ендігі жерде Қазақстан өзінің қосылған халықаралық адам құқықтары мен ережелерінен тыс басқа да адам құқықтарына қатысты халықаралық келісімдерді қабылдауы қажст. Адам құқықтары - бұл жүйелі түрде әрбір майда-шүйдесіне дейін қорғауды қажет ететін бағасы жоқ құндылық. Бұл мәселе өзінің өзектілігін сонау ежелгі кезеңнен бері әлі жоғалтқан жоқ. 1696 жылдың өзінде-ақ ағылшын саяси фолсофсіві Джон Локк: "Адам құқы біткен тұста, зорлық-зомбылык басталады"- дегі айтқан еді /52/. Сол мақсатта өркениетті елдер қатарына ұмтылу барысында, Қазақстан Республикасы өзінің Негізгі заңында адам құқықтары саласындағы мәселеге жан-жақты көңіл бөлген.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының үшінші бабында "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық - делінсе, оныншы бабында "республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығын, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге қууға болмайды",- деп атап көрсетілген /53/. Қазақстан өзінің жаңа даму сатысында халықаралық қатынастардағы демократиялы мемлекеттер парықтарына сай болу ниетінде Конституцияның 12-бабын Халықаралық адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады"- деп жазылған /54/. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктердің шығуын, ешқандай себепке қарамай, одан ажыратуға болмайтындығын мемлекет мойындай отырып, өзінің барлық қолындағы құралдарымен осы құқықтарды қорғайтындығына кепілдік береді. Заң алдында барлық адам тең, сондықтанда олар өзінің шыққан тегінс, әлеуметтік жағдайына, қызметі мен мүліктік иелігіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, мекен жайына немесе басқа да себептерге байланысты ешқандай жікшілдікке тартылмауға тиіс.

Өмір сүру құқы - бұл табиғи, ажыратылмайтын әр адамның жеке құқы, бұл адамның ең басты құқы, мұны әлемнің барлық елдеріне таяуы өз конституцияларында бекіткен. Өмір сүру құқы - сонау Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияда жарияланған, кейін Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі пактіде де жарияланғаны белгілі. Осыған орай, Конституция бойынша ешкімде адам өмірін еріксіз қиюға құқы жоқ. Өлім жазасы заң негізінде қылмыскерге өте ауыр қылмысы үшін белгіленеді. Қылмыскерге кешірім өтіну құқы да беріледі. Біздің елде, Республика Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы нөмірі 2975-ші "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасау тәртібін іске асыру жөніндегі ережелерді бекіту" Жарғысы бойынша өлім жазасына кесілген қылмыскерлер Республика Президенті атына кешірім жасау жөнінде өтініш білдіре алады.

Өмір сүру құқығы - бұл ең алдымен жеке тұлғаның құндылығын, қамтамасыз етілген өмірін қорғау. Үкімет әр адамның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге, яғни ұлтаралық шиеленістерде, азаматтық соғыстарда, қылмыскерлер жағынан қаза болуға, сондай-ақ өнеркәсіп пен табиғи апаттарда жарақаттануды болдырмауға барлық шараларды қабылдауға міндетті. Өмір сүру құқы Конституциями қана қорғалып қоймай, арнайы заң актілерімен де қорғалады. Мысал ретінде 1994 жылдың 8 шілдесінде қабылданған: "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы" жөніндегі заңы, азаматтардың қалыпты тұтыну ортасына, денсаулық сақтау құқына иелігін белгілейді.

Тек, тәуелсіз еліміздің Конституциясындағы қазақстандықтардың құқықтары мен еркіндіктеріне арналған баптар, бұрынғы кеңестік үкіметтің конституциялық баптарының күйін кешпеуі үшін, осы халықаралық құқықтар мен еркіндіктергс адамзат баласы қалай қол жеткізіп, жүзеге асыруға талпынып жатқанын мүмкіндігімізшес сараптай біліп, іске асырсақ, сонда ғана біздің Конституциямыз адам құқықтары мен еркіндіктерін шынайы түрде қорғайды деп айтуға болады.

Еліміздің Конституциясында баянды етілгсн саяси құқықтар мен бостандыктарға тоқталатын болсақ, ең алдымен айтарымыз, мұндай құқықтар мен бостандықтар тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана берілген. Азаматтардың бірлесу еркі бар.

Азаматтардың ажыратылмайтын құқықтарының бірі - сөз еркіндігі. Конституцияда сөз еркіндігіне кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынған. Әрбір жеке тұлға еркін түрде заңмен тиым салынбаған ақпарат алуға оны таратуға құқылы. Бұл мәселеге біздің елде де өте ерекше көңіл бөлінеді. Бұған дәлел ретінде, 1991 жылғы 28 маусымда қабылданған "Баспасөз және бұқаралык ақпарат құралдары" заңы осы мәселеде құқықтық реттеу құралы болып табылады. Саяси құқықтардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының бейбіт жиналу, жиналыстар, шерулер өткізу, тосқауылдарға тұру құқығын айтпай кетуге болмайды.

Адам құқықтары жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік конфсренцияның және халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша соңғы жылдары Қазақстанда адам құқықтары саласында мониторингті жүзеге асыру жұмыстары жандана түсті. Халықаралық тәжірибені ескере отырып және қазақстанның азаматтық қоғам орнатуға бағытталған ұмтылысын айқындай түсу мақсатында 1997 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан  Президенті Жарғысымен   Адам құқықтары жөніндегі Комиссия құрылып, олар осы жарғыға сәйкес кең түрдегі өкілеттілікке ие болды. Бұл Комиссияның негізгі қызметі, Конституцияға сай Президентке адам құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік болу рөлін іске асыруда демеуші болып, адам құқықтарын қорғау жүйесін іске асыруға қолдау көрсету.

Сонымен бірге, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның басты міндеті - Қазақстандағы адам құқықтарына байланысты жағдайды шынайы түрде қамтып көрсету, құқықтар бұзылған жағдайда оларды шеттету әдістері мен тәсілдерін дайындау, халық пен үкімет арасындағы байланысты жүйелі түрде қамтамасыз ету. Комиссия төрағасы Президентке ұсыныстар мен қорытынды беруге мүмкіндігі бар. Негізінде бұл комиссияның құрылғандағы басты міндеті де Президентке елдегі адам құқықтарына байланысты ақыл-кеңес беру. Сонымен бірге Парламентке және үкімет органдарына адам құқықтары мен еркіндіктеріне байланысты мәселелерде ұсыныстар жасау екендігі баршамызға аян.

Комиссия мүшелері тоқсан сайын бір рет отырыс өткізеді және оларды мемлекеттік хатшының ұсынысымен Президент тағайындайды. Бүкіл негізгі жұмысты хатшылық атқарады. Қазіргі уақытта комиссия хатшылығы үш адамнан тұрады: хатшы, оның орынбасары және заңгер. Комиссия мүшелері алдымен өздерінің мекемелеріндегі негізгі жұмыстарын атқарып, комиссия жұмысын қоғамдық бастама ретінде өтеуде.

Комиссияның маңызды мақсаттары мен міндеттері арасында "адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметін зандық жағынан қамтамасыз ету, адам құқықтары саласында білім беру мен ағарту саясатының басымдылығы, құқық қорғау жөніндегі мемлекеттік органдармен және бейүкіметтік ұйымдармен әріптестік, адам құқықтары саласындағы халықаралық актілердің Қазақстанда заңдық тұрғыдан бекітілуін тездетутс көмектесу, тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды қарауды жақсарту" мәселелеріне көңіл бөлінді

Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері үкімет тарапынан адам құқықтарына байланысты көптеген ізгі істерді атқарды. Мысалға, БҰҰ, ЮНЕСКО, Хельсински комитеті және басқа да халықаралық форумдардың ұсыныстарын насихаттауда 1997 жылы Алматыда өткізілген адам құқықтары жөніндегі семинар айтарлықтай рол атқарды. Семинарда сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы елеулі кемшіліктердің реті ашылып, оны жақсарта түсу шаралары да белгіленді. Жоғарыда сөз болған семинардағы қаралған мәселелер, БҰҰ-ның XX ғасырдағы негізгі құқық қорғау құжаты - Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясының елу жылдық бүкіләлемдік мерейтойын атап өту мақсатында 1998 жылы 18-19 маусымда Қазақстанның астанасы - Астанада өткен адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық конференциясында одан әрі талқыланды. Конференция жұмысына 124 адам қатысып, екі күн көлемінде 16 баяндама тындалынды /55/. Бұл конференция Қазақстан қоғамын түбірімен реформалау жағдайында, адам құқықтарын қорғау ерекшеліктерін анықтауға арналған еді. Онда Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудың тиімді ұлттық, жүйесін қалыптастырудағы халықаралық қауымдастықтың әсіресе БҰҰ-ның онды рөлі: Қазақстан Рсепубликасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның бейүкіметтік құқық қорғау ұйымдарымен өзара сындарлы қимыл бірлігінің ұнамды фактілері; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласында, әсіресе оларды әділ сот жүйесінде қамтамасыз етуде елеулі мәселелердің барлығы; Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға тезірек қосылудың қажеттілігі атап өтілді, Астанада өткен конференцияда үкіметтік органдар және бейүкіметтік ұйымдар тарапынан адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарды түсіндіретін ағарту жұмыстарын халық ортасында кеңінен насихаттау, ұлттық зандар мен тәжірибелерді адам құқықтары саласындағы халықаралык, өлшемдер мен үлгілерге сәйкес келтіру жайларына да баса көңіл бөлінді. Конференция жұмысының қорытындысы ретінде: "Қазақстандағы адам құқықтары мен еркіндіктері: тәжірибе, мәселелер және оны жақсартудағы ұсыныстар"  атты  меморандум қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздікке қолы жеткеннен бері бірқатар халықаралық келісімшарттарға қол қойды, соның ішінде бүгінгі күні адам құқықтары саласында төмендегі халықаралық келісімдерге де қосылды: 1949 жылғы Женева конвенциясы - ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы

31.03.1993 ж. 1949 жылғы Женева конвенциясына Қосымша хаттама - ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы 31.03.1993 ж.1984 жылғы Балалар құқықтары жөніндегі конвенция - ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы 08.06.1994 ж. 1998 жылы маусым айында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 50 жылдығына орай, "Қазақстандағы Адам құқықтары мен еркіндіктері атты тақырыпта өткен халықаралық конференцияға сәйкес 1998 жылдың 11-маусымында Парламент адам құқықтары жөніндегі біршама халықаралық - құқықтық құжаттар тобын бекітті. Сол құжаттар бойынша:

1965 жылдың 21 -желтоқсанында БҰҰ Жарғысы негізінде қабылданған нәсілдік жіктеудің барлық түрлерін жою жөніндегі халықаралық конвенцияға Қазақетан Республикасының қосылды; БҰҰ Бас Ассамблеясында 1979 жылдың 18-желтоқсанында әйелдерге байланысты жіктеудің барлық түрлерін жою жөніндегі конвенцияға ҚР қосылды;

БҰҰ Жарғысында жарияланған парықтар негізінде 1984 жылы 10-желтоқсанда қабылданған Азаптауға, қадір-қасиетті қорлайтын адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолымен жәбірлеуге қарсы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасы да қосылды. Халықаралық-құқықтық қатынаста толық құқылы және егеменді субъект ретінде,  Қазақстан  Республикасы адам құқықтары  мен еркіндіктері жөніндегі көптеген өпжақты, екі жақты мемлекетаралық және мекемеаралық келісімдерге қол қойып, бекітті: -Азаматтык, жанұялық және қылмыстық істер жөнінде кейбір ТМД елдерімен /1993 ж./ және басқа да мемлекеттер Қытай Халық Республикасы, Монғолиямен құқықтық қатынастар және  көмек туралы конвенция жасалынды /56/.

Жоғарыда атап өткендей, Қазақстанның "Азаптауға, қадір-қасиетті қорлайтын адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолымен жәбірлеуге қарсы халықаралық конвенцияға" қосылуы өз ретінде Қазақстан үшін аса міндетті жүк болып табылады. Бұл дегеніміз ендігі жерде Қазақстан үкіметі өз аумағында қылмыс жасап ұсталғандарға қарсы ешқандай азаптау, жәбірлеу әдіс-тәсілдерін пайдалануға тиіс емес, ондай тәсілді ұстаудың өзі қылмыстық әрекет деп есептелінеді.

Жоғарыда Қазақстан Республикасының әйелдерге байланысты жіктеудің барлық түрлерін жою жөніндегі конвенцияға және Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға қосылғандығы жөнінде жоғарыда қарастырған болатынбыз. Бүгінғі күні республика көлемінде әйелдер саны 8,5 млн. астам десек, бұл барлық қазақстандық тұрғындардың 51,3 пайызын құрайды деген сөз. Олардың экономика саласында 2 млн. әйел заты еңбек етсе, дәстүрлі түрде әйел-мамандардың көпшілігі оқу-ағарту, денсаулық сақтау және зан салаларында. Олар дәрігерлердің 80 пайызын құраса, кіші медицина қызметкерлерінің 90 пайызын, мұғалімдердің 75 пайызын құрап, мемлекеттік қамсыздандыру мен несие саласында 75 пайызы, мәдениет саласында 66 пайызы қызмет жасайды. Қазақстандағы орта және жоғарғы білімді азаматтардың 62 пайызы әйел затының үлесінде. Ғылым докторларының ішінде 16 пайызы әйелдер болса, олар ғылым кандидаттары дәрежесінің 35 пайызын құрайды. Қазақстандағы барлық жұмыс жасайтын әйелдер саны 3 млн. десек, бұл экономикадағы барлық қызмет жасайтындардың 48 пайызын құрайды /57/.

БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан үкіметі тарапынан бірқатар шаралар іске асырылды. Яғни бұл Қазақстан Республикасының шығарған бірнеше зандары: "Панасыз жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау жөніндегі жедел шаралар" жөніндегі үкімст қаулылары, "Қазақстан Республикасының тұрғындарының денсаулығын сақтау жөніндегі заңы"(1997 ж.), "Еңбекті қорғау жөніндегі заңы" (1993 ж.), "Мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау" (1991 ж) жөніндегі заңдары.

Елімізде мүмкіндіктері шектелген және мүгедек балаларды тәрбиелеуге, оқытуға көңіл бөлінген. Арнайы оқу-ағарту жүйесі арнайы мазмұнды, әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру тәртібін қамтамасыз ететін 8 негізгі кемшіліктерді түзету мекемелерінде 15 арнайы білім беру түрін қамтиды. Сондай-ақ балаларға диагностикалық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында, кемшіліктермен айналысатын кызметтсрді ұйымдастыру үшін Республикалық әлеуметтік бейімделу мен еңбек арқылы ақталу орталғын құрып, Алматыда және 9 облыста псико-медициналық ақыл-кеңес беру мекемелері қызмет жасайды. "Халықтың денсаулығын сақтау" жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Қазақстанда БҰҰ-ның Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықты орнықтыру қоры көлемінде, Алматы және Алматы облысында Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымы көлемінде жасалынған жобаларды жүзеге асыру жалғастырылуда.

1998 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының қасындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен ПРООН арасында келісімге қол қойылған. Бұл келісімге сәйкес комиссияны нығайту жөніндегі жоба дайындалған. Осы уақыттан бастап комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, ПРООН өте тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Өкінішке орай қызмет саласының шектелуіне байланысты комиссия адам құқықтары жөніндегі мәселелерде өзінің мандатын тиімді пайдалануға шамасы жетпеді.

Елдегі адам құқықтары мен еркіндіктеріне оң ықпал етуге арналған ПРООН жобасы көлемінде, адам құқықтарының ұлттық институты, яғни омбудеман институтын құруға дайындық басталғаны мәлім. Мұндай институт құру мәселесі елде өткізілген семинарлар мен конференциялар барысында талқыланған болатын. Яғни, Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі ұлттық институт құру туралы ең алғашқы ресми кеңес 1997 жылдың 17-19-желтоқсанында Алматы қаласында өткен "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілеттігін жүзеге асыру" атты семинарда қаралған болатын.

Семинардың қорытынды қаулы-қарарында Париж парықтарына сай болатындай Комиссияның құрылымы мен мандатын жақсартуға және заң жүзінде бекітуге ұсыныс жасалынады. Бұл ұсыныс мақұлданып, 1998 жылдың 18-19-маусымында Астана қаласында өткен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конференция жұмысының негізін құрады. "Қазақстан қоғамын қайта құру сатысындағы адам құқықтары мен еркіндіктсрі" ұранымен өткен халықаралық конференция Меморандум қабылдаумен өз жұмысын аяқтады. Өкінішке орай, бұл конференция семинардағы ұсыныстардың орындалмағанын атап өтіп, Париж парықтары негізінде адам құқықтарын қорғаудағы өкілеттігі кеңейтілген жаңа институттар құруды ұсынады. Бұл бағыттағы жұмыс өзінің Жарғысын 1998 жылы 9-желтоқсанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 50 жылдық мерейтойына арналған "Дөңгелек үстел" басындағы қабылданған.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері