Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.
КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................
Жоғарыда айтып өткен VII парық негізінсн азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтармен қатар басқа да құқықтар жөнінде. Бейбіт және қауіп-қатерсіз өмір сүру құқы -адамның ең қарапайым құқы болып есептелінеді. Мұны іске асыру ең жоғарғы мәнге ие, себебі ол тек осы құқықты қана пайдаланута мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар азаматтық және саяси құқықтармен бірге әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарға ие болуға мүмкіндік туғызады. Міне, сондықтанда кімде-кім шын мәнінде адам құқықтарын қолдайтын болса, онда олар ең алдымен бейбітшілік және қауіпсіздік саясатын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қолдауы қажет.
Экономика, ғылыми-техникалық және табиғи орта саласында, Белград кеңесіне қатысушы-мемлекеттер өкілдерінің мойындағанындай, олардың өзара сауда және өнеркәсіптік ынтымақтастығы соңғы жылдары қаншама өскенімен, әліде мүмкіншілік шегіне жете қоймаған. Әрине, осы саладағы жетістіктерде аталып өтіп жатты, бірақ сонда да Қорытынды Актінің экономика және сауда ақпараттары саласындағы, іскерлік қатынастар мен мүмкіндіктер жөніндегі ережелерін толық қамтамасыз ету үшін әліде зор күш жұмсау қажеттігін ортаға салды.
Белград ксздесуіндегі қаралған басты мәселелердің бірі болып табылатын, экономикалық, әлеуметтік және мәдени адам құқықтары 1979 жылдың 13-ақпанынан 26-наурызға дейін Валетта қаласында өткен ЕҚЫК-сіне қатысушы-мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Қатысушы-мемлекеттер төмендегідей ұсыныстар жасады:
- Халықаралық ұйымдар шеңберінс сәйкес, саяхат саласында
ресурстарды тиімді пайдалану үшін және мүдделі елдер
арасындағы кәсіптік дайындау, тәжірибе алудың ең қолайлы
жақтарын айқындау мақсатында техникалық деңгейде мәжілістер
өткізуді қарастыру.
- Энергетика саласындағы сақтау мен тиімді пайдалану жөніндегі ұлттық зерттеулер нәтижелерімен алмасуды кеңейте түсіп, энергия аласында беделді алықаралық ұйымдармен ынтымақтасуды дамыту.
- Радио және теледидар арқылы ғылыми және мәдени білім тарату саласындагы ынтымақтастықты кеңейту; ғылыми және мәдени тұрғыдағы радио және теледидар бағдарламаларымен алмасуды кеңейте түсу; беделді халықаралық ұйымдармен бірігс отырып, кәсіптік дайындауда радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігін ерттеу; қатысушы-мемлекеттердің кинофильм жүйелері арасында кинофильмдермен алмасуды кеңейтіп, "кино апталықтарын" өткізу"/47/.
Қатысушы-мемлекеттер өз жұмыстары барысында ЕЭК-ның құнды еңбектерін атап өтіп, Қорытынды Актінің ережелерін көпжақтылық деңгсйінде жүзеге асырудағы басты құрал ретінде болғандығын, және олардың пікіріншс басталған істі аяғына дейін жеткізу өте маңызды деп білді. Осы бағытта әр мемлекет ЕЭК шеңберінде өздерінс қажетті деген салада ынтымақтастықты әрі қарай нығайта түсуге сенімді екендіктерін мәлімдейді.
Қорытынды Актіке қол қойылғаннан бері ЕҚЫК зерттеу, мамандар дайындау және ақпаратпен алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге өте зор қолғабыс етті. Әрине барлық салада ынтымақтастық бірдей болды деп айту қиын, өйткені бір салада қатысушы-мемлекеттер бар көңілімен ынталы болса, кейбір саладағы ынтымақтастыққа сол мемлекеттің саяси құрылымы мен жүйесі, немесс экономикалық деңгейі кері әсерін тигізіп отырды. Сол себепті де халықаралық ғылыми ынтымақтастық жағдайы әлі де әртүрлі қатынаста жақсаруын кажет етеді. Яғни мұндай жақсару екіжақты немесе көпжақты негізде үкіметтік немесе бейүкіметтік деңгейде мемлекетаралык және басқада келісімдер, халықаралық бағдарламалар, жобалар арқылы жетуді қажет етеді. Сонымен бірге, кәсіптік мақсаттағы ғылыми зерттеулер мен кең көлемдегі қатынастар мен байланыстар үшін мүмкіндік жасау. Әрине, бұл мақсаттарға, тек қана Қорытынды Актідегі ережелер мен парықтарды қерметтеп, жүзеге асыру жолы арқылы жетуге болатыны белгілі. Соған орай барлық қатысушы-мемлекеттер Қорытынды Актінің рухы мен жазылуын сақтауға табандылықпен шақырады.
Осы мақсатга, ЕҚЫК көлеміндегі 1985 жылғы Оттавадағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес сарапшылары қатысушы мемлекеттер ішіндегі Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қосылмаған елдерді тезарада осы құжаттарды бекітуге шақырған болатын. Әлбетте, егер бұл құжаттарға барлық мемлекеттер қосылған жағдайда, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау саласындағы ынтымақтаетык. нығая түсіп, оның маңыздылығы арта түсетіндігі сөзсіз.
Адам баласының жеке дамуында еңбек ету құқы адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің, сондай-ақ жалпы халықтар дамуының негізгі де шешуші сәті. Бұған тек әлеуметтік әділдік және толықтай жұмыс бастылық жағдайында ғана жетуге болады. Ал нақтылы өмірде орасан мол адамдар, әсіресе жастар жағы жұмыссыздықтың құрбаны болуы, олардың өмірі мен адамгершілік қасиетіне ауыр зардабын тигізіп, сол ретте олардың жалпы құқықтары мен негізгі еркіндіктерінс тікелей қауіп туғызып отырғандығы баршамызға аян.
Сондықтанда осы кеңеске қатысушы мемлекеттердің ішінен бұрынғы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакия мемлекеті төмендегідей ұсыныстар жасаған болатын:
а/ "әр адам өмір сүру мақсатында еңбек ееу мүмкіндігіне құқылы;
ә/ өзінс ұнаған, талабына, кәсіптік дайындығына, білімінә сай жұмысқа түсуге, мамандық тандауға құқылы;
б/ әрбір жеке тұлға әділ де, жанға жай еңбек жағдайына, оның ішінде әділ еңбек ақыға және тең құндылық көлемінде нәсіліне, жынысына қарамай бірдей сыйлық-ақы алуға құқылы;
в/ әр адам және оның жанұясы қанағатты өмір сүруге құқылы" /48/.
Мәжіліс барысында олар сонымен қатар азаматтарды толық жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, олардың жалпы құқықтары мен еркіндіктерінің іске асуына кедергісін тигізетін, оларды әлеуметтік, материалды және рухани қайыршылыққа жетелейтін жұмыссыздык, мәселесін түп-тамырымен жою қажеттілігіне шақырған болатын. Қатысушы өкілдер мүше-мемлекеттердің үкіметтеріне еңбекшілердің өз ұжымдарында тікелей немесе еркін сайланған өкілдер арқылы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу және басқару құқықтарын дамытуды, оны кең көлемде жүргізуді ұсынады.
Сонымен қатар жағдайды түзету үшін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне қатысушы-мемлекеттер үкіметтері заңды және экономикалық шаралар негізінде барлық адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатында тегін де, сапала дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз еткен сәтте, адам құқықтарын құрметтеу мәселесінде бір қадам болсын алға жылжығандык, болар еді.
Осы Оттава кездесуінде әp адамның білім алуға тең құқылы екендігін қатысушы өкілдер мақұлдай отырып, осы мәселеде мынандай ұсыныс жасаған еді: "қандайда деңгейдегі білім алу барлық адам құқықтары мен оның негізгі еркіндіктерін тиімді түрде жүзеге асыруға өте маңызы бар іс, осы құқықтар мен еркіндіктсрді белсенді түрде іскс асыру мүмкіндігі білім алу дәрежесінің өсуімен тең болғандықтан, қатысушы-мемлекеттер үкіметтері әр адамға тегін де тең мөлшерде жалпы білім беру мүмкіндігін арттырып, қажет деген жағдайда мүмкіншілігінен төмендерге көмек беруге дейін бару қажет/49/.
ЕҚЫҰ Қорытынды актісінің он жылдық мерей тойының қарсаңында өткен Хельсинки кеңесінде де жоғарыдағы қөзғалған мәселелердің жалғасын тапты. Қорытынды Актінің экономикалык астарын қарастыра отырып, 1975 жылы осы Актіге қол қою барысында сол кездегі Еуропалық қауымдастықтың кеңес төрағасы қызметін атқарған, итальяндық үкіметтің басшысы, мемлекеттік қызметкер Альдо Моро мырза өз мәлімдемесінде былай деген еді:"Басқа қатысушы-мемлекеттер, Қорытынды Актінің барлық салалардағы ережелері мен тәртіптері, Қоғамдастық жағынан мүше-мемлекеттердің бірлескен шешімі барысында қажет деп тапқан уөкілдігі негізінде орындалатынына сенімді болуға тиіс" /50/.
Шынында да, ЕҚЫК-нің бас кезінен бастап-ақ экономикалық саласында қолғабыс көрсеткен Қоғамдастық, басқа да саладағы ынтымақтастықтарға зор көңіл бөлуде. Халықаралық экономикалық қатынастар қатысушы-мемлекеттер үшін бірінші орындағы маңызға ие болуда. Әлемдегі ең беделді сауда бірлестіктсрдің бірі болып табылатын Қоғамдастық өз шеңберінде ғана қалып отырған жоқ. Барлық әлем мүшелерімен тығыз байланысын өрлете отырып, экономикалык даму мен өрлеудің қайнар көзі әлемдік еркін сауда құқын қорғау екендігін бір сәт естен шығармайды. Яғни, бұл да сонау екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары пайда болған БҰҰ шеңберінде экономикалық құқықтарды уағыздау нәтижесінің жемісі екендігін көруге болады.
Бұған кейіннен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің парықтары өз үлесін қосқаны анық. Сондықтанда, осы парықтар қашанда ЕҚЫК шеңберінде өтеттін кездесулерде өз қолдауын тауып жатты. Қорытынды Акті ережелерінде сауда мен өнеркәсіптік саладағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға арналған мақсаттар мен міндеттерді мадридтік Қорытынды құжатта да қатысушы-мемлекеттер қолдағаны белгілі. Осы бекітілгсн құжаттар Қоғамдастык. жағынан да қолдау табуы, ғылыми-техникалық саланың сапалы түрде дамуы үшін мүмкіндігінше әлі де ынтымақтастықты кең арнада жүргізу қажет екендігін дәлелдей түскендей.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарға Қазақстан тарапынан қолдау көрсетіліп, осы құжаттарға қосылуы, әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдар - Біріккен ұлттар ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен өзара тығыз қарым-қатынасын нығайта түсері сөзсіз. Оның дәлелі ретінде Қазақстан республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінзор мақтанышпен айта аламыз.
3.1. Адам кұқы жөніндегі халықаралық-құқықтық негізге Қазақстан Республикасынын қосылуы
XX ғасырдың 90 жылдарының басында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты, Қазақстан өзінің егемендігін жариялай отырып, тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Тәуелсіз Қазақстан бүкіл әлсм алдында адам, оның ажырамас құқықтары мен еркіндіктері негізгі құндылық болып табылатын демократиялық қоғамның дамуына аяқ басқанын мәлімдеді. Тәуелсіз елдің дербестік нышандарының бірі өзіндік құқықтық жүйесінің болуы десек, соның ішінде Конституцияның алатын орны ерекше. Конституция құзырымен мемлекеттің аса маңызды құрылым жүйесі, жер, тіл мәртебесі, басқару тәсілі, Президент, Парламент, Үкімет мәртебесі, азаматтық құқық мәселелері қамтылады.
Қазақстан, өзінің тәуелсіздігі мен толықтай мемлекеттік егемендігіне қол жеткізе отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет орнатуға арналған бағытты жариялады.
Құқықтық мемлекет - бұл билік бөлісу парықтары мен заң үстемдігін қадағалайтын халықаралық үлгілерге сай өмір сүретін мемлекет. Сондай-ақ, қоғамдық қатынаста жеке тұлғалар мен басқада субьектілердің лауазымын жетілдіріп, ереже түрінде бекітуіне қамқорлық білдіретін мемлекет. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты - жеке тұлғаның барлық еркіндігін қамтамасыз етіп, оның заң жүзінде бекітілген еркіндік кеңістігіне ешқандай кесел келтірмеу және оларға қатысты заңсыз шараларды қолдануға жол бермеу.
Адам құқықтарын қорғау - құқықтық мемлекеттің қызметіндегі басты бағыт болып табылады. Құқықтық мемлекетте билік пен саясат тек қана құқыққа бағынуға тиіс. Қандай саяси күштердің билік басында болуына қарамастан, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінс тек Конституция және заң ережелері қана кепілдік бола алады. Елдер Конституциясы кез келген демократиялық қоғамның негізі болып табылады, сол себепті де оны көп ретте Негізгі Заң деп те атайды. Өркениетті қоғамда барлығы Конституция талаптарына бағынуға тиіс.
Конституция әp кезде де елдің нақтылы кезеңінс сай келіп, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктеріне, қоғамныц саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Осындай өркениетті қоғам, ғасырлар бойы қазақ халқының арманы, ұлт мүддесі болған тәуелсіздік идеясымен бірге, XX ғасырдың аяғында жүзеге асып, егемен ел болып, конституциялық даму сатысына шықты. 1993 жылғы Конституция мемлекеттің алғашқы құрылым жүйесін, басқару мәселесін, азаматтық құқықтардың құндылығын паш етіп, халқымыздың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда, ұлттық рухты дамытуға өз үлесін қосқаны белгілі. Бірақ та ескіден қалған қалдықтардан құтылып, жаңаны меңгеру нәтижесінде пайда болған өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мемлекетке өз уақытында осы міндеттемелерді толық орындауға толықтай мүмкіндік бермеді.
Әлбетте, қандай қиыншылықтар болмасын, өзіне демократиялы бағытта дамуға міндеттеме алған Қазақстан адамзат дамуындағы халықаралық өлшемге сай болуға тырысуы қажет. Осы жолда Қазақстан үкіметі жағынан адам құқықтарына байланысты Негізгі заңға елеулі өзгерістер кіргізіле бастады.
Осы орайда жаңа даму сатысында адам құқықтарын қорғауға қатысты, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституциясының 2-ші бабы ерекше маңызды сияқты, өйткені бұл бапта: "Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарында құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруды шектеугс басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конституциялык құрылысты қорғау мақсатында ғана жол беріледі"- деп көрсетілген /51/.
1993 жылы баспасөз бетінде Қазақстанның демократия бағытында жасалған алғашқы қадамдарына былай сипаттама береді: "Қазақстан Конституциясы мәтінінің үштен бірі, яғни 131 баптыц 44-бабы адам құқықтарына және осы құқықтардың кепілдігіне арналған сонымен бірге құрылысы тұрғысынан бұл бөлім: "Азамат, оның құқығы, бостандығы және міндеттері" деп аталып, бірінші орында тұр". Мұның өзінен-ақ адам құқықтарының маңыздылығын айқын көруге болады.
Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауға қандай құқықтық негіз қаланған десек, бұл мәселеде Қазақстан Рсспубликасының тәуелсіздік алғаннан бергі, 1995 жылғы 30-тамызда өткізілгсн Республикалық референдумда қабылданған Конституциясына көз жіберсек, ол құжатта азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктерін халықаралық үлгі деңгейінде бекіткен. Кейінгі екі Конституцияның ортақ ұқсастығы - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті, Қазақстан халқының өз еліне толық билігін бекітіп, орнықтырды. Қазақстан демократиялық, құқықтык, және зайырлы қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет ретінде жарияланды.
Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері