Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.
КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................
Кеңес өкілінің мәлімдеуінше, Декларацияда экономикалық құқықтарға нұқсан келтіре отырып, "18 ғасыр құқықтарына" тым көп көңіл белінген. Кеңестер өкілдері бұған дейін де өз келіспеушіліктерін білдіріп келген болатын.
Үшінші комитеттің 1948 жылғы 7-желтоқсандағы 179-шы жиналысында олардың өкілдері дауыс беруден қалыс қалған болатын, өйткені, алдын-ала дайындалған Декларацияға Кеңестер Одағы жағынан жасалынған көптеген түзетулер қабылданбады да, 178-ші жиылыста қабылданған Декларация мәтіні іс жүзіндс алғашқы жобадан айырмашылығы жоқ еді. Соған орай Кеңестер Одағы алдын-ала дайындалған қаулы-қарарды ұсынды, мұнда Үшінші Комитеттің қараған Декларация мәтінінің барлық баптары "әлі де маңызды түзетулерді қажет етеді", сондықтан Ассамблеядан Декларацияны түпкілікті қабылдауын келесі сессияға қалдыруды талап ету бекітілгсн /17/. Кеңестер Одағынъщ дайындаған қаулы-қарары Беларусь КСР мен Украина КСР өкілдері жағынан қолдау табады.
Кеңестер Одағының бұл қаулы-қарарына Америка Құрама Штаттарының, Филиппин, Франция және Эквадор өкілдері қарсы болған. Олардың ұйғарымы бойынша, Кеңестердің ұсынған қаулы-қарары Комитет қабылдап қойған шамаланған Декларация тұрғысынан қарағанда заңсыз болып келеді. Ал Кеңестср Одағының алдын-ала дайындаған қаулы-қарарын дауысқа қойған сәтте де, қабылданбады, нақтьпы дауыс былай бөлінді: 6 дауыс құптады, 26 дауыс қарсы, 1 дауыс қалыс қалған. Декларацияның аса маңыздылығын көптеген мемлекеттердің өкілдері атап өтті. Ливан мемлекетінің өкілі "Декларация - адамзат тарихының маңызды сатысы- екендігін пайымдаса, АҚШ өкілі: "Декларация - Жер шарындағы бүкіл әлемнің шынайы көңілімен дайындалып, адамдардың еркін болуына, өз жеке тұлғасын дамытуға және олардың жеке адамгершілігін құрметтеуге негізделгендігін" білдірді. Чили мемлекетінің өкілі, қабылданған Декларацияда жарияланған адам құқықтары мен еркіндіктері Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ешқайсысы жағынан бұзылмау қажеттігіне баса көңіл аударды. Франция өкілі болса, адамдардың езушілікке қарсы күресінде Декларация өте тез арада қажет және ол өте күшті болуға тиіс деп тұжырымдады. Филиппин мемлекетінің өкілі Үшінші Комитеттің жұмысы барысында БҰҰ өмір сүру құқы үшін күрескендігін және мұны аландаған бүкіл әлем алдында Декларация құрумен дәлелдегендігіне көңіл аударды. Куба өкілі Декларацияда жиырмасыншы ғасырдың адамының нағыз адамгершілікті ұмтылысын нақтылы да, өте дәл ұқыпты берген деп мәлімдейді. Исландиялық өкіл Декларацияны келешектегі әлем конституциясының кіріспесі ретінде қабылдайды. Мексика өкілінің айтуы бойынша, Декларацияны қабылдау – БҰҰ жұмысындағы өте маңызды қадамдарының бірі. Канадалық, өкіл Декларацияның ең жоғарғы ұғымдар мен аса игілікті және ынта негізінде құрылғандығын мәлімдесе, Парагвай өкілі кейбір кемістіктерге қарамастан, Декларация бүгінгі күнгі ең үйлесімді, жан-жақты және оның парықтары келешекке меңзеген құжат деп айтты.
Декларациядағы нәсіліне, ұлтына немесе дініне қарамай некелесу еркіндігі жөніндегі бабына қатысты, Египет өкілі бұл баптың мұсылман елдерінің салт-дәстүріне қайшы келстіндігін, яғни мұсылман әйелдерінің басқа діндегі азаматпен тұрмыс құруына шектеуліктер мен тыйым салынғандығын ескертіп өтеді. Бұл шектеуліктердің діни мәнде болғандығынан, оны елемеуге болмайтын еді. Сондай-ақ Декларацияда берілген дін таңдау еркіндігі, Шығыс елдерде кейбір секталардың өз қатарына барлық азаматтарды тартуына жол ашқандай деп көрсетеді. Декларацияның алғашқы мәтіні Африка Мемлекеттерінің Одақтастығы, Кеңестср Одағы, Украина, Беларусь, Чехословакия, Польша және Югославия мемлекеттерінің өкілдері жағынан сынға алынған болатын. Яғни, Африка Мемлекеттерінің Одақтастығы өкілдерінің пікірі бойынша, Жарғыда берілген адам құқықтары мен еркіндіктерінен Декларация тым алға кеткен. Кеңестер өкілдері Декларацияның маңызды кемшіліктер мен елеулі қателікке душар екендігін білдіреді /21/.
1968 жылы 22 сәуір мен 13 мамыр аралығында Тегеранда өткен адам құқы жөніндегі Халықаралық конференцияда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мәлімдемесінде 43-мемлекет (Алжир, Камерун, Гвинея, Дагомен, Заир, Үндістан,т.б.) өздерінің конституцияларында Декларацияның түпнұсқасын бүтіндей немесе жарым-жартылай енгізгендігі туралы атап өтті. Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларация занды түрде міндеттілік мәнге ие болмағанымен, басты қасиеті ол ең алғашқы болып адамзат тарихында адам құқықтары мен еркіндіктеріне тікелей қатысты ережелер мен аса маңызды құндылықтарын жүйелей алды. Декларация сол сияқты, мемлекеттердің конституцияларына, ұлттық зандарына және кейбір жағдайларда сот шешімдеріне едәуір ықпал көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, бірқатар көп жақты келісім-шарттар жасауға, сондай-ақ, БҰҰ-ның шеңберінде немесе оның арнайы ұйымдарындағы (ЮНЕСКО, ХЕҮ), аймақтык немесе екі жақты халықаралық келісімдерге де әсер етті. Декларацияда көзделген мақсаттар өздерінің кейінгі қонымды және заңды дамуын төмендегі конвенцияларда жетілдіре түсті: Босқындар туралы конвенция (195І), Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (1952), Азаматтығы жоқтардың статусы туралы (1954), Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа үйлесімді дәстүрлер мен институттарды жою туралы қосымша конвснция (1956), Тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвснция (1957), Жалдау және еңбек саласындағы алалау туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының конвснциясы (1958), ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы алалауды болдырмау туралы конвснциясы(1960), Нәсілдік алалаудың барлық түрлерін жою туралы конвенция(1965), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт(1966), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт(1966), Қылмысқа жол бермеу және қылмысты жазалау туралы Халықаралық конвенция(1973), Еуропалық қауіпсіздік және ынтьмақтастық Кеңесінің қорытынды актісі(1975), Адам құқы және ұлттар құқысының Африкандық хартиясы(1981), т.б. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісін, Азаматтык, және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісін қамтитын Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің бірінші тарауы ретінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы енгізілді.
Декларация 30 баптан құралып, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қамтиды. Жалпыға бірдей декларацияны негізгі құрастырушылардың бірі Франция өкілі Рене Кассэн оны: "БҰҰ Жарғысының беделді түсініктемесі",-деп атады. Ал I960 жылдары БҰҰ-ның Бас Хатшысы қызметін атқарған, Бирма өкілі У.Тан пікірі бойынша, Декларация - "Бүкіл адамзаттың ұлы еркіндік Жарғысы" /22/. Декларацияның алғашқы үш бабында барлық адамдар өздерінің құндылығы және құқы бойынша дүниеге еркін және тең болып келетіндігі жарияланған. Олар бір-бірімен бауырластық рухта қарым-қатынас жасаулары үшін ақыл-парасат пен ар-ожданға ие. Әрбір азамат нәсіліне, тегіне, тіліне, дініне, саяси сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына қарамастан Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланулары тиіс. 4-бапта құлдыққа тыйым салады. Декларацияны қабылдағанға дейін бірде-бір халықаралық құжаттарда құлдыққа байланысты мүлде айтылмағандығын атап өтуге болады. Шындығында, 1926 жылы 25-қыркүйекте құлдыққа қарсы күрес жөнінде халықаралық конвенция қабылданған болатын, алайда конвенция құлдықтың өзіне тыйым салған жоқ. Сондықтан да, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 4-бабының маңыздылығы өте ерекше, онда: "Ешкімнің құлдықта немесе тәуелді жағдайда болуы тиіс емес, құлдық және құлдық саудаға тыйым салынады"-деп жарияланған. Кейінірек осы баптың негізінде БҰҰ-ның шақыруымен 1956 жылы тамыз-қыркүйек айларында құлдыққа қарсы күрес жөнінде өткен Женева конференциясы 1956 жылы 7-қыркүйекте құлдықты, құлдық сауданы, құлдыққа үйлесімді институттар мен салт-дәстүрлерді жою туралы қосымша конвенция қабылдады.
5-бап бойынша адамның ар-намысын қорлауға, азаптауға, тәуелді етуге, жазалауға тиым салынады.
6-бап әp адамның мемлекет жағынан анықталған белгілі бір тәртіп бойынша өзіндік құқыққа ие екендігін айтады (мысалы сайлауға қатысу құқығы).
12-бап әр адамның жеке басы мен жан-ұясына заңсыз араласуына, жеке тұрғын үйіне, хабар-ошар қағаздарына, ар-намысы мен беделіне заңсыз озбырлық жасаушылыққа қарсы бағытталған.
Әртүрлі адам құқықтары мен бостандықтары, оның ішіндс әр адамның ойлауы, ар-намыс пен діни еркіндігі, әр мемлекет ішінде еркін қозғалу, саяси негіздегі айыпталуына байланысты шет мемлекеттерден баспана сұрау құқы, бұған саяси емес қылмыс жасағандар, БҰҰ-ның мақсаттарына қарама-қайшы жасалынған іс-әрекеттер жатпайды.
Ал 19,20,21-ші баптар өте ерекше орын алады. Бұл баптар әр адамның еркін наным-сенімін, оны еркін білдіру, бейбіт жиналыстарға және бірлестік құру еріктілігі, мемлекет басқаруға құқылығы, тең еркін құпия дауыс беру сайлауына қатысу құқын мәлімдейді.
Азаматтық және саяси құқықтармен қатар Декларацияның 22-27 баптарында бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық құқыктар: енбек ету құқы, еңбегіне сәйкес тең ақы төлеу, ерікті түрде жұмыс таңдау құқы, кәсіподақ ұйымдарын құру құқы, ана мен баланы қорғау құқы жарияланған. Сонымен бірге, Декларацияда білім алу құқына да елеулі көңіл бөлген. Адам өзін қоршаған дүниені түсінуі үшін, басқа адамдармен қатынас жасауы үшін, бір-бірімсн білім, тәжірибе, пікір алысу үшін ең алдымен білімді болуы қажст. Сондықтан да, білім алу - адам құқықтарының бірі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында ең кем дегенде бастауыш және жалпы білім беру тегін болуы тиіс, ал техникалық және кәсіби білім беру кеепшілік үшін қолайлы болуы тиіс, жоғарғы білім әркімнің қабілетіне қарай, барлық адамдар үшін бірдей қол жетерліктей болуы тиіс деп жарияланған. Сондай-ақ адам баласы қартайғанда, ауырған және жұмыс істеу қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге құқылы.
Қорытынды 28-30 баптарында әр адамның әлеуметтік және халықаралық тәртіпке құқығы танылып, қоғам алдындағы міндеттері айтыла келіп, Декларацияның қандай да бір мемлекетке, жеке тұлғаға немесе топқа осы Декларациядағы баяндалған құқықтар мен бостандықтарды жоюға бағытталған іс-әрекет жасауына жеңілдік береді деп түсінуге болмайды делінген.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - бұл техникалық келісімдерден әлде-қайда жоғары тұрған халықаралық құжат.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы – нақтылы қамтылған аса зор құндылықтардың айнасы іспеттес. Бұл құндылықтардың ақиқаттығына толық иланғандықтан біз оны қорғаймыз, бұл құндылықтар табиғатымызбен бірге жаралған, бұл құндылықтарға қандай да бір мағынада кепілдік береміз.
1.3. Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ кортынды Актісі -1975 ж).
Ұзак, уақыт бойы жеке адамдар мен мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы саласында түбірлі саяси-философиялық мәселеге жататын адам құқы мәселесі Батыс пен Шығыс арасындағы келіссөздерде тиым салынған тақырып болып келді. Батыс елдері әр адам өзінің туу фактісіне орай мемлекет қатаң сақтауға тиіс (заңмсн айқын анықталған айрықша маңызды, бірақ уақытша жағдайларды қоспағанда) негізгі құқықтарға ие деген көзқарасты ұстанды. Бұл міндетті түсіну Еуропадағы шексіз өміршілік тәртіптерге қарсы ұзақ күрес барысында, біртіндеп қалыптасты. Идея жеке адамдарды мемлекет тарапынан болуы мүмкін билікті асыра пайдалануын қорғау қамқорлығынан туған еді.
80-жылдардың ортасында қайта құру басталғанға дейінгі кезеңдс Кеңес Одағының өкілдері адам құқы түсінігінің нақтылығын мойындамай, адам құқы адамның табиғатына тән емес, ол белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан туындайды деп дәлелдеуге тырысты. Олар таптық қарама-қайшылық жойылған мемлекетте социалистік құқық саласында асыра сілтеу болуы мүмкін емес: мұндай мемлекет буржуазиялық қоғамға қарағанда өзінің табиғаты жағынан адам құқының қорғаушысы деп дәлелдеді. Онда ынтымақтастық идеяларына негізделген қоғамда өмір сүретін жеке адамның дамуына барлық жағдайлар жасалған және оған сырттан еш қауіптенудің қажеті жоқ дегенді айтты.
ЕҚЫҰ арқасында адам құқы туралы мәселе Шығыс-Батыс қатынастары аясына алдымен диалог негізінде, кейіннен ынтымақтастық саласы ретінде енгізілді. Шығыс-Батыс қатынастары жүйесінде адам құқы тақырыбы жалпы түрде емес, нақты формада пайда болды: әңгіме адамдардың еркін жүріп-тұруы, ақпараттар мен идеяларды тарату туралы болды.
Алғаш рет бұл әуелі Женевада АҚШ, Ұлыбритания, КСРО, Францияның үкімет басшылары /18-23 шілде 1955 ж./, одан кейін сыртқы істер министрлері дәрежесінде /27 қазан-16 қараша 1955ж./ өткен төрт жақты кеңестерде қозғалды. Осы кездесулер барысында батыс елдері үш топ ұсыныс енгізді:
Біріншісі ақпараттар мен идеялар алмасуда цензураны жою туралы ұсыныс болды.
Екіншісі кәсіптік, мәдени және ғылыми-техникалық т.б. салаларда адамдар алмасуды ұсынды.
Ұсыныстардың үшінші тобында келісіп отырған төрт елде ақпарат орталықтарын ашу, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердік жарияланымдарымен алмасуды кеңейту, халықаралық көрмелер ұйымдастыру және халықаралық тақырыптар бойынша радио бағдарламалармен алмасу қарастырылды.
Он бес жылдық үзілістен кейін негізгі еркіндіктер мәселесі алда тұрған ЕҚЫК/ЕҚЫҰ күн тәртібін әзірлеуге байланысты Шығыс пен Батыс арасындағы /1965-1973жж./ болған ұзақ кеңееулер барысында қайтадан көтерілді. Осы кеңесті шакыруға үлкен мән беріп, оған қол жеткізугс тырысқан КСРО бірқатар шегіністер жасауға, атап айтқанда адам құқы жөнінде Батыс елдерімен мәмілеге келуге мәжбүр болды.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің ең қиын да, жауапты кезеңі 1972-1973 жылдардағы дайындық жұмыстары болды. Осы кезең - ЕҚЫК тарихындағы алғашқы жан-жақты сынақтан өткен уақыт. Ал қиын кезеңдерінің бірі бұл екі жылға созылған женевалық дәуір деп айтуға болады. Женевалық (форум көп жақты дипломатияның бірден-бір мектебі болды десек артық айтқандық емес. Өйткені дамыған елдердің бейбіт ынтымақтастык пен бейбіт қатар өмір сүрудің жаңа ережелерін ойластырған, бұған дейін тәжірибеде болмаған әрекеті еді. Хельсинкі Қорытынды Актісін дайындау барысында 35 мүше-мемлекеттерден 375 өкіл қатысып, 4700 құжаттар, жобалар мен ұсыныстар беріліп, мындаған бейресми отырыстарды айтпағанда, конференцияның әр түрлі органдарымен 2500 ресми отырыстар өткізілген болатын /23/.
1973 жылы 3 шілдеде Хельсинкіде басталып, 1973 жылдың 18 қыркүйегінде Женевада жалғасын тауып, 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкіде аяқталған Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Кеңесіне Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Герман Демократиялык, Республикасы, Герман Федератинті Рсспубликасы, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Ватикан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның корольдігі, Америка Құрама Штаты, Советтік Социалистік Республикалар Одағы, Түркия, Финляндия, Франция, Чехословакия, Швейцария, Швеция, Исландия және Югославия мемлекеттері қатысқан болатын.
Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері