Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Сайып келгенде, конференция Қазақстанның бұған дейін адам құқы саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылғанын құптай отырып, Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілердің негізгі құжаттарына: Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық Пактіге, Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық Пактіге, оның Қосымша Хаттамасына, сонымен бірге Халықаралық еңбек ұйымының негізгі құжаттарына қосылу қажеттілігін жеделдетуге шақырды. Өз кезегінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы негізінде жазылған Қазақстан Республикасының Конституциясындағы адам құқықтары мен еркіндіктсрін қорғаудың құқықтық-қорғау негізін жетілдіре түсуге ұсыныс жасады. Осы салада "адам құқықтарының бұзылуын тиімді және жедел қарау үшін омбудемен институтын құру өте маңызды, сонымен бірге қоғамды адам құқықтарының бұзылуына байланысты қолданған шаралар туралы тоқсан сайын немесе есеп беру арқылы мерзімді түрде құлақтандарып отыру қажет"- деп көрсетті /58/.

3.2. Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметі

Бүгінгі күн Қазақстан үшін өте күрделі де маңызды. Өйтксні Қазақстан жаңа нарықтық қатынастарға көшумен қатар демократиялық құқықтық мемлекет орнатуда өзіндік дара жолын салып келеді. Осы ретте тиімді экономика мен Қазақстанның егемендігін нығайтуда мемлекеттік қайта құрулар мен мемлекеттік жүйені жетілдіруге бағыттау мақсатындағы қоғамдағы өзгерістер әрқилы бейүкіметтік ұйымдарды дамытусыз мүмкін емес. Шын мәнінде бейүкіметтік ұйымдар мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды жүйелеп, қоғамдык қатынастың өзіндік әлеуметтік реттеушісі іспеттес. Мұндай бейүкіметтік ұйымдар жалпы қоғам үшін аса маңызды кызмет атқара отырып, мемлекет жағынан да қолдауды қажет етеді.

Бейүкіметтік ұйымдар Қазакстанда еркін өркениетті қоғамды біріге құруда және оның дамып, жетіле түсуіне мүдделі болғандықтан, мемлекеттің шынайы серіктесі болып табылады. Соңғы жылдары мемелекеттік құрылымдар мен еліміздегі бейүкіметтік құқыққорғау ұйымдарымен ("Жан" мүгедек балалы жанұяларға көмек беру қоғамы, "Жаңғыру" қазақ ұлттық өркендеу орталығы, Адам құқықтары мен зандылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро, Адам құқықтары жөніндегі демократиялық комитет, Жауынгерлер аналарының комитеті, Қамауға алынған, қамаудан азат етілген тұлғаларды қорғау қоғамы, "Тесен" қазақстандық аймақтық әлеуметтік-құқык қорғау комитеті) өзара біріге жұмыс жасау алға басып келеді. Бұл өз кезегінде адам құқыктары мен еркіндіктері саласында елімізде және шет елде қоғамдық пікірлерді тиімді түрде қалыптастырып, үкіметтік саясатқа барынша әсерін тигізуде.

Қазақстанда қандай адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар іс-әрекет жасайтындығына және оның адам құқықтарын қорғаудағы роліне тоқталатын болсақ, жоғарыда атап өткендей, республикада көптеген астам адам құқықтарын қорғау ұйымдары құрылған. Олардың қатарына жоғарыда жан-жақты тоқталып өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқықтыры жөніндегі Комиссия, сонымен қатар Адам құқықтары мен заңдылықтарын сақтау туралы халықаралық Бюросы, Алматылық, Хельсинкілік топ және тағы басқалар. Халықаралық құқық қорғау орталығына келетін болсақ, ол Қазақстандағы бірқатар ұлттық мәдени орталықтары мен Саяси қуғын-сүргін құрбандары Ассоциациясының ұсыныстарына бейімделіп ұйымдастырылған. Бұл орталық тоталитарлық жүйе кезінде, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған аз ұлтты халықтарға қатысты тарихи әділеттілік орнату ісімен айналысады, сонымен бірге дәулетсіз азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді.

Бүгінгі күні адам құқықтары мен еркіндіктсрін қорғау саласында елеулі қызмет жасап жатқан бейүкіметтік ұйымдардың бірі - Адам құқықтары мен зандылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық Бюросы. Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық Бюросы, 1993 жылдың тамыз айында құрылған болатын. 1995 жылдың ақпан айында халықаралық бейресми қоғамдық бірлестік негізінде тіркелген Адам құқықтары және зандылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан-Америка Бюросының ізбасары ретінде 1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қайтадан тіркеледі. Бұл бейүкіметтік ұйымның құрылтайшысы ретінде тоғыз Қазақстан азаматы және бір АҚШ азаматы болды.

Негізгі мақсаты мен міндеті ретінде Бюро төмендегідей қаулы қабылдаған болатын:

-   қазақстан Республикасында және осыған талпынған басұа да елдерде демократиялық құқықтық мемлекет құруға қолғабыс жасау;

-   Ажырамас адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау және жүзеге асыру саласындағы қайта құру жөнінде акпаратты жан-жақты зерттеу;

-   Бейүкіметтік ұйымдардың ақпаратты құқыққорғау жүйесін құру, халықаралық хабардар болуды жақсартуға арналған аймақтарда тілшілік және мониторингілік пункттерді құру, жергілікті және шетелдік бейүкіметтік ұйымдарды, сонымен бірге елдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық және ұлтаралық жағдайда мемлекеттік қызметкерлерді білу, сайып келгенде Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін қаншалықты орындауда екендігін зерттеп білу;

-   Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформаларға кең көлемде халықаралық қолдау көрсетуге жағдай құруға қолғабыс беру;

-   адам құқықтарына қатысты заң жобаларын дайындауға көмек көрсету; соттық реформаға қолдау жасау және әрекеттегі зандарды сараптау;

-   Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрақтылық жағдайға және демократиялық күштердің сабақтастық болуына жәрдемдесу;

-   Атқару үкімет мекемелерімен өзара әрекеттесу және олардың шешімдері азаматтардың ажырамас құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға және  жүзеге  асуына  мүмкіндік туғызған  жағдайда қоғамдық қолдау көрсету;

-   адам құқықтарын қолдау және насихаттау мақсатында ақпараттарды, оның ішінде шетелдік ақпараттарды дайындау және кең таралуын қамтамасыз ету;

-   адам құқықтарымен бірге мониторингілік жағдай және оны толық көлемде қорғауға қолғабыс жасау;

-              жеке азаматтар мен топтардың құқықтарын қорғауға көмектесу; адам құқықтары  саласындағы бағдарламаларды дайындау, зерделеу /59/.

Бюроның 1993 жылдың шілдесінен басталған қызметінде Қазақстандағы және басқа да Орта Азиялық республикалардағы адам құқықтарының мониторингілік жағдайымен айналысты, бұрынғы кеңестік кеңістігіндегі мемлекеттердің қоғамдық өміріндегі демократияландыру процесіне белсене қатысып, азаматтардың ажырамас құқықтары мен еркіндіктерін қорғау жолын пайдаланатын дамыған мемлекеттердің тәжірибесінің түрлері мен тәсілдері жөнінде Қазақстанда ақпарат таратты.

Бюро қоғамдық ұйымдардың құқықтық қорғау қызметін нығайту мақсатында елеулі халықаралық құқықтыққорғау конференциясын өткізді. 1994 жылғы мамырда өткен халықаралық конференцияға Батыс және Шығыс Еуропадан, АҚШ, Ресей, орталық Азия және ТМД-ның басқа да елдерінен барлығы 200-дей адам қатысты. Бірінші конференция бойынша Бюро "Общественные организации и власти: взаимодействие в демократическом обществе" атты жинақты қазақ, орыс, ағылшын тілінде шығарды. "Адамның негізгі құқықтары және оны бейүкіметтік ұйымдардың қорғауы атты екінші конференция 1994 жылдың қарашасында өтті. 150 өкіл қатысқан, 1995 жылдың қарашасында өткен

Үшінші конференцияның қорытындысы бойынша Бюро: "Концепция прав человека при реформе судебной и пенитенциарной систем" атты жинақты 800 дана көлемінде шығарды. 1996 жылдың ақпан айының аяғында Бюро Ашық қоғам институтымен (АҚШ) қосыла отырып, "Орталық Азияда адам құқықтары мен миграцияны реттеу" атты семинарын өткізді. 1996 жылдың маусым айында Бюро "тұтқындар, қамаудағылар құқықтарын сақтау және жалпы пенитенциарлық жүйесі мәселелсрі бойынша бірлесіп талқылау отырысын ұйымдастырды. 1996 жылдың 10-желтоқсанында Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілдігімен Бюро біріге отырып, Адам құқықтары күніне арналған "Дөңгелек үстел" отырысын өткізді. Ал 1997 жылдың қаңтарында Бюро Қазақстандан және басқа да ТМД елдеріндегі өлім жазасын қолдану мәселесіне байланысты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

1997 жылдың тамызында "Каунтерпарт Концсорциум" атты коммерциялық емес ұйымның қолдауымен Бюро республиканың бірқатар аймақтарында "Халықаралық құжаттарда, Қазақстан Республикасының зандарында және тәжірибеде адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау" тақырыбында бес машықтандыру семинарын өткізді. Қазақстандағы және Орта Азиядағы басқа да республикалардағы адам құқықтарының жағдайлары туралы өзінің құжаттарын Бюро жергілікті және шетелдік баспасөз бетінде белсенді түрде жариялап, жұртшылықты хабардар етіп отырды.

1995-1996 жылдары Бюро Қазақстанда өлім жазасын қолдануға қарсы бағытталған бірқатар шаралармен әрекет жасап, Қазақстан үкіметінің 1995 жылы теледидар арқылы өлім жазасын көрсетуін үзілді-кесілді айыптады. Осы уақыт аралығында Бюро пенитенциарлық мекемелердегі қиын-қыстау күйлері жөнінде; баспасөз еркіндігі туралы; тұтқындарға, қамаудағыларға, айыпталушыларға, күдік туғызғандарға қолданылатын қинап-азаптауға ("заңсыз іс жүргізу түрі" деп аталады) қарсы; азаматтардың сайлау құқықтарының сақталмауына қатысты, сонымен бірге азаматтардың бірлестіктері бірігуге және бейбіт жиналыстар, шерулер, митингілер өткізу еркіндіктерінің сақталмауына, елдегі азаматтық және саяси адам құқықтарының сақталмау мәселесінің тезарада шешілу қажеттігіне жұртшылықтың пікірін аудару үшін бірнеше рет мәлімдемелер жасады.

1995 жылы Демократияны қолдау Ұлттық Қорының (АҚШ) колдауымен Бюро "Сіз құқыққа иесіз" атты теледидарлық бағдарлама құрды. 1996 жылдың қараша айында "Қазақстан-Сорос1' Қорының қолдауы барысында Бюро "Әлемдегі және Қазақстандағы адам құқықтары" атты айлық ақпаратты бюллетенін шығаруды бастады. 1997 жылдың қарашасында Бюро Джон және Кэтрин Макартуров жеке қорының және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Басқармасының аймақтык өкілдігінің қолдауымен, құрамында БҰҰ қабылдаған адам құқықтары саласындағы негізгі құжаттар мен халықаралық келісімшарттар, білім, ғылым және мәдениет саласындағы БҰҰ, ХЕҮ(МОТ) қабылдаған құжаттар мен келісімшарттары, адам құқықтары мен адам өлшемдеріне байланысты өткен халықаралық конференциялардың, ЕҚЫҰ-ның құжаттары, халықаралық келісімшарттар мен құжаттардан іріктеп алынған үзінділері, ТМД көлемінде қабылданған келісімдер мен келісімшарттары, адам құқықтары саласындағы Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдары бар төрт томдық бірегей жинақ шығарды. Бюро қызметшілері ағартушылық мақсатта студенттер, азаматтар топтарының алдында адам құқықтары жөнінде дәрістер береді. Бюро қабырғасында қоғамдық тегін заң кеңесін беру жұмыс істейді (аптасына екі рет). 1996 жылдың қарашасында Бюро алғаш рет өзінің Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайларына байланысты, оның ішінде елдегі негізгі адам құқықтары мен еркіндіктерінің сақталмауы көрсетілген баяндамасын басып шығарды.

1998 жылдың желтоқсанында Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясының 50 жылдығына арнап, Бюро Қазақстандағы БҰҰ өкілдігімен бірлесе отырып, "Дөңгелек үстелін" өткізді. 1999 жылдың қаңтарында қылмыскерлердің, қылмыс жасағанына күдікті және қылмысы үшін жауапқа тартылғандардың құқықтары сақтау мен жаңа Қазақстандық қылмыстық заңдары мәселесін талқылау мақсатында Бюро Қазақстан Президенті қасындағы Адам құқықтары жөніндегі Республикалық комиссияның, Бас Прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, құқыққорғау ұйымдары және Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен біріге отырып "Дөңгелек үстел" өткізді. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның адамды азаптап-зорлауға қарсы халықаралық конвециясына қосылуына байланысты осы мәселені талқылау мақсатьнда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен 1999 жылдың мамырында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізуді ұйымдастырды. Орталық Азия елдерінде қылмыскерлсрді жазалаудың альтернативті шараларын қолдануды талқылау мақсатында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық Бюросы 1999 жылдың қазан айында халықаралық конференцияны "Сорос- Қазақстан" қорының қаржылай қолдауымен өткізді.

1998 жылдың желтоқсанында Қазақстан үкіметі мен ЕҚЫҰ Өзара түсінісу Меморандумына қол қояды. Бұл құжат "Қазақстанда омбудеман институтын құру үшін техникалық көмек" жобасын қамтиды. Осы жолдағы келесі нәтиже- бұл Қазақстанда омбудеман институтының жобасын дайындауға арнап 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысшы тобын құруы. Осы мәселені талқылауға арналып, Халықаралық ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ мен ЕҚЫҰ-нын өкілдері, бейүкіметтік ұйымдар өкілдері және Қазақстанның билік етуші мекемелерінің өкілдері қатысқан конференция 1999 жылдың 2-4-қыркүйегінде Астана қаласында өтті.

Омбудемен (сөзбе-сөз аударғанда- мүдде өкілі) - азаматтардың құқықтарының бұзылуына байланысты шағым-арыздарының мүддесін қорғауға қатысты заң жүзінде арнайы тағайындалған дербес, тәуелсіз лауазымды тұлға. Ол адам құқықтары мен еркіндіктсрі саласында әрекеттегі заңды тиімді түрде қамтамасыз етуді бақылау үшін кең өкілеттілікке ие. Омбудемен институты – елдегі құқық қорғау құралдарына қосымша түрде әрекет жасайтын жаңа құқық-қорғау институты.

Халықаралық заңгерлер ассоциациясының тұжырымдауынша: "омбудемен - заң шығаратын үкіметтің немесе конституция негізінде ескерілген, тек заң алдында ғана жауапты, тәуелсіз жалпы жоғарғы деңгейдегі лауазымды тұлға" /60/.

Омбудемен институты-әдеттен тыс мекеме. Біржағынан, ол билікке ие болса, екінші жағынан, оның билігі жоқтай. Омбудсмен адам құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылуына қатысты өз бетімен тергеуге, тексеруге, жауап алу өкілеттігіне кең колемде құқылы, бірақ осы мәселеде билік мекемелерінен түсініктеме, дәлелдемелер алғаннан басқа, оларды осы мәселеде шешім қабылдауына міндеттеуге өкілеттігі жоқ. Омбудсмен - құқыққорғау жүйелерін сотты, прокуратураны алмастырмайды, тек оларды және басқада мемлекеттік әкімшілік жүйелерін қосымша толықтырушы.

Омбудемен институты өте икемді. Олар істі тергеуде хат алмасу, телефон байланыстарын да дәлел ретінде пайдалана алады. Тек қорытынды сатысында олар құқыққорғау мекемелерін міндеттемей, оларға тексерілген іс жөнінде ұсыныс қана жасай алады.

Бүгінгі күні омбудсмен институты бүкіләлемдегі жүзге жуық елдерде жұмыс жасайды. Әр елде адам құқын қорғау жөніндегі өкіл әр түрлі аталады: Ұлыбританияда - парламенттік комиссар, Испания мен Грузияда - халық, қорғаушысы, Румынияда – халық адвокаты, Молдовада - парламент адвокат. Ал атқаратын қызметтері бірдей - әрбір жеке азаматтардың құқықтары жөніндегі шағым-арыздарымен жұмыс жасайды. Басты мақсаттары - адам құқықтарын қамтамасыз етудегі халықтың қалауын білдіру.

1998 жылдардан бері Қазақстанда адам құқықтарын қорғау және кеңейту саласында берік алға жылжу орын алды. Соңғы халықаралык семинар осы бағытты мызғымастай бекіткен болды. Қазақстан адам құқықтарын қорғауда осы бағыттан таймаса, халықаралык. қоғамдастық та мүмкіндігіншс жан-жақты көмектесуге, оның ішінде материалды-техникалық көмек көрсетуге даяр екендігін білдірді. Сол реттте халықаралық қоғамдастыққа келесі техникалық көмек көрсету ұсынылды:

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері