Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.
КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................
1) жеке тұлғалардың бейбіт жиналыстар мен бейбіт шерулерге құқылығы;
2) жеке тұлғалардың еркін бірлестіктер құруға құқылығы.
Қатысушы-мемлекеттер кеңес барысында осы жоғарыда келтірілген құқықтарды іскс асыруына кедергі болатын кейбір шектеуліктердің болуы бекітілген заң шеңберінде және халықаралық құқық пен олардың халықаралық міндеттемелермен үйлескен жағдайда ғана пайдалануын, тек бұл шектеуліктер қалай болса солай алға тартылмауын мойындаған еді. Мұндай ұсыныстар барлық қатысушы-мемлекеттер жағынан бірауыздан қолдау тапты десек, қателескеніміз.Құжаттардың барлық түрлерін, авторлық жеке құқтарына нұқсан келмеуін қадағалай отырып, көбейту әдіс-тәсілдеріне ешқандай шектеуліктердің қойылмауына, өз тарапынан Түркия мен Сан-Марино мемлекеттері қолдау көрсетті /35/.
Париж мәжілісі алдындағы уақытта бұрынғы Чехословакияда көптеген азаматтар үкіметті сынап, өз құқықтары мен еркіндіктерін талап еткендері үшін сотқа тартылып, жазаланған, бейбіт шерулер күшпен таратылып, оған қатыскан кейбір азаматтар да заңға тартылған болатын. Ал осы елдердегі сот жүргізу тәртібіне келетін болсақ, олардың халықаралық занды үлгіден алшақ жатқандығына көз жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтарынының сот алдында шын мәнінде қорғалатындығына күмән туғызады. Ал бұрынғы Кеңестер Одағында Вена құжатынан кейінгі жылдары адам құқықтары саласында алға жылжуы байқалды, осы орайда олар веналық құжаттың талаптары мен ережелеріне ұлттық заңды сәйкестендіруді алға қойғаны белгілі. Осы Париж кездесуінде қатысушы-мемлекеттер Румын үкіметіне адам құқықтарын қорғау саласында тығыз ынтымақтастыққа шакырып, Вена Қорытынды құжатындағы талаптарға мойын ұсынудың қажеттігін дәлелдеп бақты. Адам құқықтарын аяққа басуда Қытай үкіметі де көзге түсуде, әсіресе үкіметке қарсы 1989 жылғы саяси қарсылыққа қатысқан жас азаматтардың үшеуіне қарсы өлім жазасын қолдануы бүкіл әлемдегі адам құқықтарын қорғаушылардың жанын түршіктірді. Осы әрекеттердің біздің өркениетті кезеңге аяқ басқан заманымызда іске асуы шын мәнінде ақылға сыймайтын оқиғалар.
Сондықтан да Вена кеңесіне қатысушы мемлекеттр бұл мәселені назардан тыс қалдырмады. Италия, Норвегия, Бельгия, Дания, Испания, Исландия, Канада, Нидерланды, Португалия, Америка Құрама Штаттары және Франция мемлекеттері әркімнің еркін ой-пікірге, ар-ожданға, наным-сенімге құқылы екендігін білдірді. Яғни бұл құқықтар құрамында өз еркі бойынша әркімнің қандай дінді, сенімді таңдап аламын десе, жеке немесе басқалармен біріге отырып, ашық немесе жеке түрде өзінің қай дінге жататындығы, құдайға құлшылық ету барысында өз нанымын білдіругс, әдет-ғұрпын сақтауға, табынуға, оқып-үйрену және үйрету еркіндіктері қамтылған. Осы бағытта қандай да жікшілдік, құқық бұзушылық болған жағдайда, келешекте ондайға жол бермеу мақсатында жоғарыда аталып өткен мемлекеттер заң ережелерін қажетті тұста қайта қарау, тіпті тоқтатуға дейін күш салатындықтарын мәлімдеген болатын. Ал олардың ұсынысында: "Осы мақсатта біз ашы; немесе жеке түрде діни құлшылық етушілердің еркіндіктері үшін баршаға бірдей шыдамдылық және сыйластылық күйін құру мақсатында барлық жағдайды жасауға тырысамыз"- деп көрсетілген /36/.
Сол кезде бұрынғы Кеңестср Одағында Хельсинкілік Қорытынды актідегі парықтардың орындалуын қадағалайтын топ болып құрылған 41 мүшенің қатарындағы А.Марченко, А.Корягин сияқты кеңес азаматтары қамауға алынып, өздерінің саяси, азаматтық көзқарастары үшін қудаланды. Кептеген басқа да бұрынғы кеңестік азаматтар өздерінің негізгі еркіндіктері мен құқықтарын талап еткендері үшін тұтқында болып, зәбір шекті.
Ал тағы негізін қалаушы А.Ширанский 1977 жылы жалған айыппен қамауға алынып, жаман атымен белгілі Чистополь абақтысында жатты. Топ мүшесі И.Ковалеитың денсаулығы болса, еңбек лагеріне ауыстырылғаннан кейін тіпті төмендеп кеткен. 5 жылға қамалған оның жұбайы Т.Осипованың мерзімі еңбек лагеріне ауыстырылғаннан соң тағы екі жылға ұзартылған.
1984 жылы бұрынғы Чехославакияда "шіркеулер мен діни орталықтарды мемлекеттік жағынан басқаруға кедергі жасады" деген айыппен 7 шірксу қызметкері және бірнеше монахиналар қамауға алынғаны белгілі.
Ал бұрынғы кеңестік Орта Азиядағы Ташкенттік мұсылман Абуказар Рахимов 1982 жылы ислам діни-сенімі жөнінде насихат жүргізіп, құранның аудармасын таратқаны үшін 7 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға жабылған болатын /143/. Міне осындай үкімет жағынан жасалынып жатқан бассыздыққа шыдамай, өз үндерін білдіргсн білімді азаматтардың бірі Андрей Сахаров. ЕҚЫК-нің Қорытынды Актісінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктсрі жөніндегі ларықтарды бұрынғы Кеңестер Одағында толықтай жүзеге асыруға ат салысқаны үшін үкіметтік жазалау органдары Андрей Сахаровты әлемнен бөлектетіп, сол кездегі "жабық" Горький қаласында ұстады.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларацияеы мен Хельсинкі Қорытынды актісіне бұрынғы Кеңестер Одағы ерікті түрде қол қойғанымен, ондағы парықтардың жүзегс асуын ерікті түрде жүргізгісі келмегеніне, құқық қорғаушылардың қозғалысын үкімет жағынан қудалаудан-ақ көруге болады. Мұндай саясат адам құндылықтарын ғана өрескел ұүзып қоймай, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға да нұқсан келтіретіні белгілі. Сонымен бірге мұндай шаралар осындай шешім қабылдағандардың да, оған бас шұлғып келісксндердің де адамгершілік қасиеттеріне нұқсан келтірсрі сөзсіз еді. Адам құқықтарын, өз азаматтарыиың еркіндіктерін шектеу немесе оған қысым көрсету ешбір мемлекеттің түпкі мүддесі болып қызмст ете алмайды, олай болған жағдайда мемлексттің табиғи даму зандылығынан артта қалып, жемқорлық пен азуға әкелері сөзсіз.
Қатысушы-мемлекеттер барлық халықтардың құқықтарын толық еркіндік жағдайда қашан және қандай жағдайда өзінің ішкі және сыртқы саяси етатуеын өзінің саяси, экономикалык, олсуметтік және мәдени дамуын іске асыруға, сонымен бірге өз елін еркін сайланған өкілдер арқылы басқаруын құрметтеуте тиіс деген ұсыныс Америка Құрама Штаттары тарапынан шықты. Осы мақсатта халықтар еркі үкіметтік биліктің қызмет жасауына негізді тқменгі жолдар арқылы жағдай жасайды:
- мезгіл-мезгіл, еркін дауыс беруді қамтамасыз ететін әділ де ауқатты сайлау;
- азаматтарға еш кедергісіз өз партияларын немесе колсмінде өз жеке саяси бағдарламаларына ис болуға рұқсат беру;
- азаматтардың сайлауға және жеке түрде немесс саяси партиялардың, ұйымдардың атынан өкіл ретінде мемлекеттік қызметтерге саману құқыктарын құрметтеу, сонымен бірге бұқаралық баспасөзге тең жағдайда қол жеткізуін құрметтеу;
- мемлекеттерге, мекемелерге және ұйымдарға, шетелдік болсын,
ұлттық болсын сайлау барысын бақылауына рұқсат беру /37/.
Бұл ұсынысты сондай-ақ Ұлыбритания мемлекеті де толығымен осы кеңес жұмысы кезінде қолдады.
БҰҰ ұйымы шеңберінде қабылданған іске асу шараларын қарастырғанда да, адам құқықтары жөніндегі пактіні талқылаудағы тәжірибелерге сүйенді. Бұл Конвенцияның іске асыру шаралары да пактіні талқылағандағыдай әр түрлі көзқарастарға кездесті. Яғни, кейбір социалистік бағыттағы мемлекеттер Үшін комитетте арнайы мекемелер құруды және мемлекетаралық ақпараттарды қарау түрін жақтады. Олардың көзқарастарының өзгеруіне нәсілдік жікшілдік сияқты өте маңызды адам құқықтарының бұзылуы сияқты мәселенің болуы еді. Сол себепті де халықаралық мекемелср кең көлемдегі өкілеттілікке ие болуға тиіс.
Осы БҰҰ көлемінде қабылданған нәсілшілдік жікшілдікті жою мәселелері ЕҚЫҮ-на қатысушы-мемлекеттердің де назарынан тыс қалмады. Дәлірек тоқталатын болсақ, Париж кеңесі қызмстінде социалистік ел қатарында болған Болгария, сол кездегі социалистік мемлекеттердің басым көңіл аударған мәселесінің бірі нәсілдік жікшілдікке қарсы күресті үдете түсу жөнінде ұсыныстар жасайды.
Екінші жағынан осы адам құқықтары мәселесінде бұрынғы социалистік жүйедегі мемлекеттер өздерінің ішіндегі шегіне жеткен азаматтық және саяси құқықтардан халық ойын басқа жаққа аударуды басты мақсат етіп алғандай. Әрине нәсілдік жікшілдік бұл үлкен мәселе. Яғни осындай ұсыныс жасалынғаннан кейін басқа да қатысушы-мемлекеттер бұл мәселеге басты назар аударуға тиіс болды.
Сол орайда қатысушы-мемлекеттер Хельсинки Қорытынды актісінің 7-парқы мен веналық Қорытынды құжаттың нәссілдік, түр-түсі немесе этникалық тегіне қатысты жікшілдіккс болуге болмайтындығын және бұл адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін бұзу болып табылады деп тұжырымдаған "Еуропалық қәуіпсіздікке қатысты мәселелер" тарауының 13.2 және 13.7 тармағын ескере отырып, нәсілдік және нәсілдік жікшілдік бүгінгі тандағы адамзаттың өркениетті дамуымен сыйыспайды және толығымен мәңгілікке жойылуға тиіс, қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің ұлттық зандары бұған дейін қарастырмаған нәсілдік мәселесіне ендігі жерде нәсілдік тұжырымдар мен идеяларды насихаттауға рұқсат етпеуіне қанағаттанушылықты білдіре отырып, нәсілдік жікшілдікке қарсы күресетін және нәсілдік негізде барлық шиеленісушілікке қарсы жұмыс атқаратын ұйымдар мен қөзғалыстарды құруға көмектесуге және қолғабыс көрсетуге дайын екендігін жариялайды.
Кеңес барысында Кеңестер Одағы, Франция, сондай-ақ Герман Федеративті Республикасы мен Австрия мемлекеті өзінің жалпы тарихын еске ала отырып, салт-дәстүрлері мен құндылықтарындағы ортақ ұқсастықтары, олардың бұдан кейінгі де қарым-қатынастарының дамуына үлесін қоса түсетіндігін айтып өткен еді. Олар бір-бірінің саяси; әлеуметтік, экономикачық және мәдени жүйелерін еркін таңдап, өз заңдарын, әкімшілдік ережелерін, тәжірибелері мен саясатын еркін айқындап, дамытуын бекіте түсстіндігіне де тоқталып өтті.
Осы қарым-қатынас барысында бұл мемлекеттер: "қарым-қатынас пайдасына орай шиеленістер негізінде емес, қайта сұхбат арнасында, күш көрсету емес, заңды түрде ЕҚЫК-нің адам өлшемдерін тереңдете түсу ниетінде, өздерінің жалпы құқықтық мемлекеттер орнатуды ұзақ жылғы мақсаты ретінде қоятындығын;
- осы оймен ЕҚЫК көлемінде қатысушы-мемлекеттердің заңдар жинағын, әкімшілдік ережелерін және соттық тәжірибесін, сонымен бірге парламенттік, атқару және соттық институттарын сараптау негізінде оқып үйренуге, сол ретте келешекте мүмкіндігінше оларды жақындата түсетін салаларда нақтылы шаралар қабылдауға дайындығын білдіреді;
- қатысушы-мемлекеттер расындағы қарым-қатынастар саласының үйлесімді жағын тауып, өздерінің жалпы құқықтық ережелер дайындау мақсатын мәлімдейді" /38/.
Ең алғаш рет осы Париж кеңесінде Шығыс пен Батыс іс жүзінде біріге отырып ұсыныстар жасап, өздерін таныта білді. Бұл ретте бұрынғы Кеңестер Одағының, Францияның, Австрияның, Герман Федеративті Республикасының біріге жасаған тырысуы арқасында бірыңғай құқықтық кеңістік идеясы өз арнасына қойылған болатын. Әрине бұл ұзақ жылға арналған мақсат еді. Тек екі жүйедегі мемлекеттердің біріге отырып осындай мақсат қоюы, бұндай ұсынысты бір-екі жыл бұрын күн тәртібіне қою
мүмкін емес екендігі баршамызға аян. Шын мәнінде Париж
кездесуі уақыттың тезарада түбегейлі өзгерістерге түскендігінің
белгісі ғой.
Жұмыс кезінде бұрынғы Кеңестер Одағы қатысушы-мемлекеттерге ЕҚЫК шеңберінде консульдық мәселеде арнайы кеңес өткізуді ұсынған болатын
Жалпыға бірдей құқықтық кеңістікті қалыптастыру біздің ойымызша, түрлі халықаралық, аймақтық, ұттық деңгейлерде жүргізілуі керек. Оның өзі төмендегі жағдайларды қарастырады:
Біріншіден, Еуропалық мемлекеттердің барлығы бірдей адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық келісімдерге қатыспайтындықтан олардың осы құжатқа қосылуы оларда бекітілген принциптер, нормалар мен стандарттарға байланысты "келісім консенсусын" жасауға мүмкіндік берер еді; мұндай халықаралық құқықтарға алдымен адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму жөнінде ха-лықаралық пакт, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, оған Факультатииті хаттама, нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция және т.б. жатады.
Халықаралық стандарттар ұлттық, зандар ережелеріне қарағанда барынша прогрессивті және "идеалды" болғандықтан қатысушы елдердің оны сақтауы ортақ құқықтық кеңістікті қалыптастырудың негізгі жолдарының бірі болды.
Екіншіден, адам құқықтарына қатысты халықаралық құралдардың басым бөлігі xaлықapaлық жеке құқықтар саласына жатады да, жеке бас мәртебесі мәселесіне тікелей қатысты болады. Міне, сондықтанда Еуропа мемлекеттерінің осы саладағы жан-жақты келісімдерге қатысуы жеке бас мәртебесіне игі әсер етіп , оның қорғалуын нығайтар еді.
Үшіншіден, атап өтілген бағыттармен және халықаралық құжаттардан басқа Еуропадағы ортақ құқықтық кеңістікке қарай қозғалыста БҰҰ адам құқықтары жөніндегі декларацияеы мен консенсустық құжаттары бағыт берер еді.
Төртіншіден Еуропадаға жалпыға бірдей құқықтық кеңістікті қалыптастыруда ЕҚЫҰ процестері үлкен мәнге ие болады.
Әр кезеңде, әр қилы жағдайда біздің барлық халықтарымыз демократиялық дамуды бастан өткеруде. Әр жерде олар мәселесіз болған жоқ. Сондықтан да біз үшін - кейбір жеке мемлекеттердің сондай-ақ жаңа жалпыеуропалық құрылымның ішкі дамуының айқындаушысы ретінде ЕҚЫК көлемінде қол жеткізілген келісімдер сол жалпы бағдар мен сол өзгеріс желісі және адам өлшемдерінің барлық комплексіне қатысты.
Тәжірибе жүзінде, адамгершілік мәселелеріне қатыстыларды 1989 жылғы қаңтардағы Венада қол жеткізілген жалпыеуропалық келісімдерді маңызды нысана деп мойындаймыз. Оны орындаута дайын екендігін Кеңес Одағының билеушілері Веналық кездесуден кейінгі Қорытынды құжат қабылдай салысымен мәлімдеді.
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қамтамасыз етудегі Кеңес Одағының халықаралық міндеттемелерін біз айқын жауапкершілікпен мойындаймыз. Құқықтық қоғам құрудағы жеңіл емес жолға Кеңес Одағы да түсіп, 67 аса маңызды зандық актілер қабылдады, олардың көпшілігі адам құқықтарына тікелей қатысты.
Саяси салада біз бір партиялық жүйеден бас тартып, саяси әртүрлі көзқарастыққа бет бұрдық. Яғни мәселе біздің қоғамымыздың еркін демократиялық, дамуына маңызды кепілдік беруде.
Бірақ та, осы мәжіліске қатысушы Ұлыбритания мемлекетінің өкілдері Кеңестер Одағының атына мынандай наразылық айтты: "Біз Румыниядағы көп жағдайда шығынға ұшырап жатқан Венгер қоғамдастығының қойған мәселесіне беймазаланудамыз. Сондай-ақ бізді мазасыздандыратын келесі мәселе 12 қоғамдастықтың президенттігі шиеленісте ескерілгені. Олардың мүдделері кеңестік үкімет пен Балтық республикаларының билеушілері арасында көтсрілген. Біз тағы да Кеңестер Одағын шыдамдылық керсетіп, таму арада бейбіт сұхбат өткізуін көптен-көп өтінеміз.
Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері