Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)
xt-align:justify">в) нәсілдікке, жынысқа, тіл мен дінге қатысты жікшілдікті жоюға;

г) тармақта қамтылмаған адам құқықтарына байланысты басқада мәселелерге сәйкес Кеңеске баяндама, ұсыныс беруге құқылы мандатқа ие болды.

Сонымен бірге Кеңес комиссияға арнайы салада бейүкіметтік сарапшылардың жұмысшы тобымен немесе жеке сарапшылармен байланыс жасауға құқық береді. Бұрын 18 мүшеден тұрған Комиссияның қатарында бүгінгі күні Кеңестің бөлуімен жағрафиялық бөлініске сәйкес 53 мүше бар. Комиссия жылына бір рет шақырылып, алты апта көлемінде жұмыс жасайды /14/. Кейінгі уақытта "Комиссия заңды түрде міндетті болатын жағдайды камтитын, ұзаққа арналған халықаралық келісімдерді дайындау мен бірге ұсыныс жасау ықыласында өз қолына алады. Ол 1947 жылғы келісім жобасымен жұмыс жасайды. Келісімдерді дайындау шешімі, кейіннен екі жеке келісімге бөлініп, Кеңес және Бас Ассамблеядан қолдау табады. Бұл келісімдер келесі бөлімдерде жан-жақты талқыланатын болады.

Сондай-ақ Комиссия: жікшілдік, әйелдср жағдайы, аз ұлттарды қорғау, адам құқыктарының бұзылуы жөніндегі жеке арыздар мәселесімен айналысады. БҰҰ шектеулі ғана көлемде қабылдаған, жеке тұлғалардың шағым-арыздарына қатысты комиссия әрекеті арқылы факторлармен шектеліп, xaлықapaлық зандардың ережелеріне сенімсіздік білдіре келіп, "қырғи-қабақ" соғыс кезіндегі саяси езгіден қауіптенеді. Осыған байланысты 1947 жылы Комиссия бірауыздан арыздарға қатысты ешқандай іс-әрекет жасай алмайтындығын мәлімдеді. Комиссия ұсынған ережесі бойынша және 1947 жылы Кеңестің бекітуінс байланысты Комиссия мүшелері арасында құпия тізімге бөлумен ауыстырылды.

ЭКОСОС 1946 ж. ақпан айында Әйелдер жөніндегі комиссияны, өз қалауларымен әрекет жасайтын сарапшылардан тұратын, адам құқықтары жөніндегі комиссияның бөлімшесі ретінде құруды ұйғарды. 1946 ж. шілде айындағы Кеңестің 2-ші сессиясында оған мемлекет аралық Комиссия дәрежесін беріп, тек Кеңес алдында ғана есеп беруді жүктеді. Бейүкіметтік ұйымдардың мүдделі ұсыныстары Комиссия жағдайын көтеруде маңызды рөл атқарды, тек көпшілігі Комиссия негізінсн бейүкіметтік болуға тиіс деді.

ЭКОСОС қаулы-қарары комиссияға әйелдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және білім беру саласындағы құқықтары мен жедел мәселедегі ойлары жөніндегі ұсыныстары мен баяндамаларын дайындауды берді. Бірінші сессиясындағы берілген ұсынысына сәйкес ЭКОСОС әйелдердің азаматтық құқықтарын қосу арқылы Комиссия құқын кеңейтті.

Әйелдер құқықтарына байланысты жедел мәселелердің бірі - ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті сақтауға жету, сол ретте Комиссия осыны іске асыру жолын көрсетуге тиіс екендігін Кеңес ашық мәлімдейді.

Комиссия мүшелерін, үкіметтік сарапшыларын, Кеңес сайлайды. Басында 15 адамдық мүшелік қазір 45 мүшеге жетті; мүшелер Кеңес пен адам құқықтары жөніндегі Комиссияны басқаруды сайлағандай, жағрафиялық белгіге қарай сайланады. Комиссия жылына бір рет сессия шақырады деп шешілген. 1974-1989 жыл аралығында бұл сессиялар екі жылда бір рет өткізілсе, 1989 жылдан Комиссия қайтадан жыл сайын сессия өткізетін болған.

Басынан бастап бейүкіметтік ұйымдарда болған бақылаушылар Адам құқықтары жөніндегі Комиссияда да белсенді рөл атқарды.

1947-1948 жылғы бірінші жиналыста, Комиссия жұмыс бағдарламасын құрастырып, басты көңілді тұрмыстағы әйелдер жағдайына, саяси құқықтар мен неке құру келісіміне аударды. Әйелдер құқықтары жөніндеті комиссия ұсынған бұл келісімді 5 тамызда 1947 жылы ЭКОСОС құптаған болатын.

Жеке қарым-қатынастар, құпия әрекеттер адам құқықтары жөніндегі комиссияға өте ұқсас еді. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның шешімінен айырмашылығы әйелдер құқықтары жоніндсгі комиссия бұл жөнінде "билік жоқ" екендігін жоққа шығарды.

1946 жылы Кеңес Адам құқықтары жөніндегі Комиссияға жеке түрде аз ұлттарды қорғау және жікшіліктің алдын алу жөніндегі бөлімшелер құруға рұқсат еткенімен, жан-жақты талқылаулардан кейін бұл екі қызмет өте бір-біріне жақын деп шешті. Осыған байланысты, 1947 жылы қаңтар-ақпан айларындағы 1-ші сессияда, Комиссия осы екі қызметті бірден атқаратын ұйым құруға дауыс береді. Ол кейін Кеңес жағынан бекітіледі.

1949 жылы 5-сессияда қабылданған Комиссия тұжырымы бойынша, Комиссияның қызметі төмендегідей болып шешіледі:

а)              Адам  құқықтарының жалпыға  бірдей  декларациясының
негізіндс жан-жақты қарастыруға әрекет жасау, Адам құқығы жайлы
Комиссияға негізгі еркіндігі адам құқықтарының ұлттық, діни және
тілге   қатысты  азшылыққа  байланысты  жікшілдіктің  алдын   алу
жөнінде ұсыныс жасау.

б)              ЭКОСОС немесе Адам құқықтары жөніндегі  Комиссия
тапсырған қандайда болмасын қызмстті атқару.

Комиссия мен Кеңес ие болған шексіз көлемдегі өкілдік, суб комиссиялардың жікшілдікке жәнс аз ұлттарға қатысты өкілеттілігін кеңейгті. Соңғы он жылда, субкомиссия жылына 1 рет жиналып, Комиссияға баяндама береді. Субкомиссияның мүшелері (басында 12, сосын 16) жеке мемлекет өкілдері ретінде емес, жеке қабілеттеріне байланысты сайланады. Соған қарамастан, мемлекеттер өз өкілдерін ұсынады, оларды тандап алу ерекше ережелерге сүйеніледі (жағрафиялық өкілеттілік).

Баспасөз және ақпарат еркіндігі жөніндегі субкомиссия 1947 жылы құрылып, қатарында 12 мүшесі болды. Баспасөз және ақпарат саласында этика кодексі құрылғаннан соң, ол 1952 жылы таратылды.

Ал геноцид мәселесіне келетін болсақ, геноцид алғашында жеке адамдар тобын ұлтына, тегіне, нәсіліне, дініне және т.б. ерекшеліктеріне қарай қасақана жоюды білдіргенімен, бұл құбылыс адамзат баласымен бірге біте қайнасып келгенімен, атауга жаңа мән берілді. Көптеген ғасырлар бойы бұл құбылыс адамдардың ар-ұятымен айыпталса, кейін заң жүзінде айыпталынатын болды.

XVIII ғ. аяғында құлдыққа қарсы күрес осы жолдағы қадам ретінде қаралды. Екінші дүниежүзлік соғыс барысындағы нацистердің жүйелі түрде адамзатқа қарсы жасалған зұлымдығы, геноцидті заң тұрғысынан халықаралық деңгейдс айыптауға негіз болды. 1945 жылдың 10-қазанында Нюрнберг трибуналындағы негізгі нацистік қылмыскерге бағытталған айыптаушы акт Халықаралық деңгейдегі "геноцид" деген атауды бірінші ресми қолданған құжат. Бас ассамблеяның 1948 жылы 9-желтоқсандағы 26 (АҚШ) шешімімен геноцидтің алдын алу және жазалау келісімінің мәтіні бірауыздан қолдау тапты. Конвенция 1951 жылдың 12 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдан бастап, Комиссия тарихында    қажстті болған жағдайда арнайы сессиялар да шақырылуы мүмкіндігі пайда болды.

Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау мен сақтауда әр мемлекеттің саяси жүйесі орасан зор рөл атқаратыны белгілі.

Тоталитаризм жеке билік пен жаңа тәртіп шеңберіне "бір ғана ақиқат" вдсологияны күштеп үндестіруге ұмтылса, демократия жан-жақтылық пен бірлестік іздейді. Ол ақыл-ойдың, экономикалық іс-әрекет түрін және рухани қазынаны жеке тандау еркіндігінс ие бола отырып, жалпы құндылықтар мен өркениетті өмір сүру ережелерінің жолын ұстанушылықты түсіндіреді. Жеке немесе ұлттық ұмтылыстар арасындағы айырмашылықты жоққа шығармай, басқалардың құқықтарын кемсіту және күш қолдану арқылы емес, қайта ол баршадан оны құқықтық реттеу мен ымыраға келу арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен біргс жеке ерекшелікті жалпы демократиялықпен бірлестіру - адам құқықтарын жүзеге асыру арқылы ғана іске асады. Яғни, өз сенімінің еркіндігіне ие болу, оны жеке немесе басқалармен бірлесе отырып тарату және қорғай алу, үкімет орындарының мерзімді сайлауына қатысу және т.б.

Осындай тәжірибені БҰҰ ескере отырып, алғаш құрылғаннан бастап-ақ барлық елдер және халықтар үшін адамдардың наным-сенімінс, нәсіліне, тегіне, жынысына, түр-түсіне және ұлтына қарамай-ақ негізгі азаматтық құқықтар мен еркіндіктерін сақтауды қамтамасыз ету қажет деп мойындады. БҰҰ-на.мүше болғысы келген мемлекеттер ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқысын құрметтеуге, шыдамдылық көрсету және бір-бірімен сыйлы көршідей тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуге міндеттеме алғаны белгілі. Осы мақсатта бір-бірінің ісіне қол сұқпай және күш көрсетпеу жөніндегі парықтардың, халықаралық құқық ережелерінің қасиеттігіне ант етті.

БҰҰ-ның қызметіндс Шығыс пен Батыс арасындағы шиеленістік жағдай көп ретте тек қана өзінің теріс әсерімен белгілі. "Қырғи-қабақ соғысы" дәуірінде екі қарама-қайшы жүйедегі мемлекеттер бір қолымсн  БҰҰ-ның Жарғысына қол  қойса,  екінші жағынан  өз халықтарының адам құқықтары саласында ұлы құрбандықпен қол жеткізген нәтижесіне озбырлық жасады.

Мұндай жағдайдың әсіресе Шығыс Еуропа елдерінде болуы өте өкінішті-ақ, өйткені өзінің даму сатысында бұл мемлекеттер соңғы қатарға жатпайтындығы баршамызға аян. Соның өзінде жаңа даму кезеңінде Шығыс Еуропа халықтары "фашистік озбырлықтан құтылғанымен, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін оларға жаңа даму тәртібін танып бақты. Ұлттар бірігудің орнына, қарама-қарсы топтарға ыдырады, осының нәтижесіндс БҰҰ талас-тартыстың үгіт-насихат аренасына айналудан басқа лажы қалмады. Шығыс пен Батыс арасындағы идеологялық тартысқа БҰҰ-на мүше дамушы мемлекеттер де қалай тартылғандарын байқамай да қалды. Олар амалсыздан ірі қарама-қайшылықтың ол жақ бұл жағын тандауға мәжбүр болды. Тіпті олардың қарама-қарсы тұрған топтардың ешқайсысына қосылмау түріндегі бағыттары да көп жағдайда қиыншылықпен өтті. Қосылмау қозғалысының ұстаған саяси бағыттары, жалпы халықаралық аренадағы, оның ішінде БҰҰ-дағы саяси халықаралық жағдайды қалыптастыруда қосқан үлесі зор.

Адам құқықтары жөнінде жалпы айтқанда келесі жәйтті атап өту қажст: баршасы мойындағандай, мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты саясатына, халықаралық қоғамдастық жағынан қам жеуі зандылық болуы мүмкін. Бұл халықаралық қатынастағы ілгері жасалынған ірі қадам болып табылады. Бұл халықаралық жүйедегі кең колемдегі демократия жолындағы қадам.

Қазір біз жаңа дәуірге аттағанда басты мақсат осы тарихи оқиғалардың үйлесімді дамуына жету керектігі белгілі. Ескі халықаралық жүйе келмеске кетті, бірақ бүкіәлемдік даму үшін алда әлі жаңа негізді құру қажеттігі тұр.

Ал мақсаттар сол баяғы күйінде қала бермек: бейбітшілік, демократия және даму. Тек әp жағдайда осы мақсаттарды шешудің мүмкіндік әдісі ойланып-толғануды қажет етері баршамызға айдан анық.

Қандайда шиеленісті шектеуде немесе реттеу үшін мемлекеттердің бірігіп күш салмайынша, ортақ мақсатқа жету өте қиынға соғатындығын тарихтың өзі-ақ дәлелдеп келеді.

БҰҰ-ның қызмет жасаған уақытында осы ұйым көлемінде адам құқықтары саласында бірқатар конвенциялар қабылданғандығы айқын. Яғни, бұл құжаттарды қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шеңберінде сонымен бірге арнайы шақырылған Бас Ассамблея немесе Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің мәжілісінде қабылданған болатын. Бұл құжаттарды қабылдауға БҰҰ-на мүше мемлекеттермен бірге оған мүше емес мемлекеттер де қатысты. Әртүрлі көзқарастардың, сонымен бірге әртүрлі пікірлердің салдарынан болатын қашылықтар нәтижесінде конвснцияларды дайындауға ұзақ уақыт қажет болды, бірнеше кезендерден тұрды. Адам құқықтарын жан-жақты ету жолында, халықаралық құқықтың үстем болуына, адамның адамгершілік қасиетін қорғауға арналған халықаралық конвенцияларды талқылап іске асыруда БҰҰ-ның үлесі өте зор. Әлемдегі елдерде білім беру және мәдениет, денсаулық пен экология, балалар мен аналарды қорғауда, кейбір әлеуметтік топтар мен босқъндарды қорғауға қажетті әртүрлі көмектер мен ықпал көрсетуде БҰҰ-ның 17 арнайы мекемесінің еңбегі өз алдына.

БҰҰ - әлемдегі бейбітшілік үшін, әлемнің дамуы жөніндегі жауапкершілік жүктелген бірден-бір халықаралық ұйым. 90-жылдарда БҰҰ ұйымдастырған ең жоғарғы деңгейдегі бүкіләлемдік мәжілістер БҰҰ - жүйесінің терең деңгейде жан-жақты даму мәселесіне мүдделі екендігіне дәлел. Венада адам құқықтары жөнінде /1993 ж./, Каирде халық саны және даму /1994 ж./, Копенгагенде әлеуметтік мәселе жөнінде /1995 ж./, Пекинде әйелдер жағдайы жөнінде /1995 ж./ және Стамбулда мекен жайлар мен дамуы /1996 ж./ БҰҰ қазіргі кезеңдегі ең маңызды мәселелер туралы қарап және шешім қабылдау мақсатында әлемдік жетекшілер кездесуін қамтамасыз етті. Осы мәжілістердің нәтижелерін тұтастай алғанда әлемдегі экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа берік концептуалды негізін құруы, осы шешімдерді іске асырудағы БҰҰ-ның рөлін нығайта түседі. Осы тұрғыда Қазақстанда бүкіләлемдік форумда өз үлестсрін қосып, қабылданған шешімдерді ұлттық денгейде іске асыруға тырысуда.

БҰҰ-ның қатысуымен соңғы 50-жылда 300-ден астам аса маңызды көпжақты келісім шарттар қабылданды. Яғни әртүрлі салада, оның ішінде адам құқықтары мәселесінде халықаралық ережелер мен үлгілер қалыптастыруда БҰҰ-ның арнайы мекемелері зор үлес қосуда.

БҰҰ-ның жарты ғасырдан астам уақыт ішіндегі қызметінде, отаршылдық пен апартеидтік жүйенің жойылуына сіңірген еңбегі арқасында, қатары өсіп, алғашқы құрылған жылдары 51 мемлекетті біріктірес, енді 185 мемлекетке дейін жетті.

1992              жылдын маусымындағы жоғарғы деңгейдегі кездесуде   Рио-
де-Жанейрода   бүкіл   әлемнің   басшылары   тыңғылықты   дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған теңдесі жоқ міндеттеме қабылдады.

1993              жылғы   маусым   айында   Венада   адам   құқықтарына
байланысты   Бүкіләлемдік   конференция   өткізіліп,   конференция
барлық халықтарға тән адам құқықтарын жан-жақты құрметтеуте
шақырды. Конференция даму құқықтары адам құқықтарының бір
саласы екендігін дәлелдеді.

Ерекшс атап өтетін жәйт, бұл БҰҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы қатынастың өте тығыз дамуы болып табылады. ЕҚЫҰ мекемесі БҰҰ-мен ресми институционалды байланыста. Екі ұйым да 1993 жылы келісілген ынтымақтастық шеңберін негізге алған болатын. Сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ЕҚЫҰ-на бақылаушы статусын ұсынды.

1997 жылдың қаңтарында Ұлттар Сарайында БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің ең жоғарғы деңгейдегі үш жақты бейресми кеңесуінің жетінші сатысы өтгі. 1997 жылдың шілдесіндс БЖКБ (УВКБ), ЕҚЬІҰ және ХМҰ(МОМ) күшімен ұйымдастырылған босқындар, ауғандар және репатрианттар мәселесі, басқа да тұрғындардың амалсыз өз жерлерінен кетушілер мәселесін қарау үшін Аймақтық конференция топ басшыларының мәжілісі өтті. Ал қараша айында Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның шақыруымен "кавказдық аймаққа" қатысты БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның және Еуропа Кеңесінің қатысуымен "мақсатты" кездесуі жұмыс жасады.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері