Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Сабақта жаттығу  тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.

 

ІІ.11. Бала денесі суретін бірлесіп салу

Мақсаты: ата-ана  мен бала арасындағы демократиялық  қарым-қатынасты нығайту, баланың  өзін-өзі қабылдауын және жағымды  эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.

Жаттығу бала-ата-ана  жұптарында жүргізіледі. Еденге 1,5 метр көлеміндегі обой қағазы төселеді. Бұл қағазға бала жатады, ала ата-ана  оның денесінің сыртынан жүргізіп сызбасын жасайды. Осыдан кейін бала орнынан  тұрады және ата-анасымен бірлесе отырып бейнеленген сызбаны ішінен бояйды, бірақ түстерді таңдауда бала жетекшілік етеді.  Жұмыстың соңында жалпы шеңберде талдау жүргізіледі.

 

ІІ.12. «Көліктер»

Мақсаты: ата-ана  мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.

Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

 

ІІ. 13. «Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Ата-аналар мен  балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді  түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады.

Жаттығудан  кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайыссын айту қиын?

 

ІІ.14. Бірлесіп сурет салу

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргзуге болмайды.

Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.

 

 

 

 

 

Қосымша ІІІ.

«Бала тұлғасын дамыту мектебінің» сабақтар кестесі

5- сабақ. Тақырыбы: «Мен және мені қоршағандар»

Мақсаты: Рефлексия  процесін белсендету. Өзін-өзі ашу, өзі-өзі тану, Мен-концепциясын анықтау.

Міндеттері: 1) Айналасындағы адамдармен қатынас жасауда өзіндік стратегияларды сезіну;

2) Эмоционалды  күйді диагнстикалық және психологиялық  тұрғыда түзеу.

3) Коммуникативті  қабілеттерді дамыту.

Мазмұны

Уақыт, мин

Құрал-жабдықтар

1

Сәлемдесу.

«Жаңа тәсіл»

Балалар жарты  шеңбер құрайды.

- Қазір әр  қайыссымыз ортаға шығып, топқа  қарап, бір-бірлерімізді қайталамай, кез-келген тәсілмен топпен сәлемдесеміз. Біз әр сәлемдесуді қайталаймыз. 

10

 

2

«Құқықтар тізімдері»

Психолог барлық «құқықтар» тізімдерінен өтініштерін  айту және өтінішті орындаудан бас тартудың қандай үлкен орын алатынына көңіл бөлуі керек. Содан кейін ол балаларға тізімнен келісім шарттарын қарауды ұсынады және оны не үшін құқыққа енгізгенін немесе енгізбегенін түсіндірулерін сұрайды. 

10

 

3

«Тәтті тоқаш»

Психолог қандай да бір өтініштің тәтті тоқаш екенін ескертеді: формасы бір, ал мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: тоқаш тәтті және ашты болуы мүмкін т.с.с. Балаларға түрлі тоқаштардың суретін салып олардың түстерін, дәмдерін сипаттау ұсынылады.  Қысқаша талдау жүргізіледі. 4

 

А-4 пішіндегі  парақтар, қалам

4

«Чемпионат»

Балалар жұптарға бөлінеді. Бір жұп тапсырма орындап  жатқанда қалғандары оларды бағалап  отырады:

А) тапсырман  нақты орындауы

Б) құралдарды пайдалануы

Жүргізуші басты  бағалаушы рөлінде болып, ұпайларды  санайды.

Қатысушыларға нұсқау:

-Қазір сендер  жұптарға бөлінесіңдер. Әр жұп  қуыршақтармен қойылым қоюды  қажет ететін тапсырмаларды жәшіктер  алады. Дайындалуға бір минут  уақыт, орындауға үш минут уақыт  беріледі. Қалғандары оларды бағалайды.

Психолог балаларға өтініштерді дұрыс айту, одан бас тарту іскерліктерін сезінулері үшін бағалау критериилерін айтады.

Әр қойылымнан кейін психолог бағалаушылардаң  қойған бағаларын негіздеулерін  сұрайды және қатысушылардан өздерін  қалай бағалайтындарынсұрайды: өздеріне сенімді болды ма?

   

5

«Сезімдерді түстер арқылы анықтау»

Балаларға үйшікті 8 түрлі түспен бояп, содан кейін  бағдарлар жүргізіп және сезмдерді  орналастыру ұсынылады.

15

Қағаз, түрлі-түсті  қағаздар, 8 түсті қалам, арнайы бланкілер

6

«Жануарды бейнеле» ойыны

Бұл жаттығу фанттан басталады: қатысушы оған аталған жануарды бейнелеуі қажет: қораз, мысық. Кейінгі жеткіншектерді қандай да бір жануарды дербес түрде көрсету ұсынылады.

   

7

Серіктіру жаттығуы

   

8

«Жағымды әңгіме»

Айналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерілік- жеңіл түрде қатынасқа ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде қоштасуыңыз қажет.

Топ балалары әткешнектер  принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне  қарап ек шеңбер құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы (қозғалатын)

Жүргізуші белгісі бойынша сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп отырасыз.

Кездесу жағдайларының  мысалы:

А) «Сіздің бұл қалаға бірінші рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр, бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адаммен міндетті сұрауыңыз қажет ».

Бүкіл әңгімеге, яғни қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут  уақыт беріледі. Содан кейін белгі  бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап, жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да қатысты.

Б) «Сіздің алдыңызда  сізге өте ұнайтын адам тұр. Сіз  онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп  жүр»

В) Сіздің алдыңызда  бір нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келеалмай жатқан адам тұр. Оған жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені бастаңыз.

Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз. Артыңыздан біреу  айхайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай дейсіз....»

 

   

9

«Ассоциация»

Тренингке қатысушылардың біреуі есіктің сыртына шығады. Қалғандары топтан, ассоциация бойынша анықталатын  адамды таңдайды. Жүргізуші кіріп, сұрақтар қоя отырып, кімді жасырғанын табуға ұмтылады: Түсі қандай? Қандай дәмге  ұқсайды? Қандай әнге ұқсайды? Қандай кітапқа ұқсайды? т.с.с. Бірақ жүргізуші дәл кімнің жауап бертінін көрсетеді. Ол бес сұрақ қояды, содан кейін жасырылған адамның атын атайды. Егер тапса, орнына отырады, таппаса қайтадан сыртқа шығады. Екі мәрте шеше алмаса, ойыннан шығады.

Талдау:

  • қай кезде шешу жеңіл болды: жасырылған адам жауап бергенде немесе басқа біреу жауап бергенде?
  • Ол немен байланысты?

 

   

10

«Әрекетті жібер» ойыны

Топ шеңбер құрайды. Ұлмен қыздар аралас тұрғандары дұрыс. Психолог барлығының көздерін жұмуларын және солға бұрылуларын сұрайды. Жұмулы көздерімен алдында тұрған адамның оң иығын тауып оң алақанын қояды.

Содан кейін  келесі нұсқау беріледі:

  • Қазір мен басыңнан сипалап, иықтарыңнан ұрамын, арқаларыңа «х» белгісін саламын. Менің алдымда тұрға адам менің әрекеттерімді жылдам түрде алдындағы адамға жасауы қажет. Осылайша шеңбер бойымен жалғаса береді. Бұл әрекеттер жылдам түрде өзіме қайта оралуы қажет. Олар келгенше мен тағы бірнеше жаңа әрекеттер жіберіп үлгеремін.

Түсінікті ме? Бастадық!

Бір-бір жарым минуттан кейін жаттығуды тоқтатып, көздерін ашып бір-бірлеріне бетпе-бет қарау ұсынылады. Психолог бірқатар сұрақтар қояды:

Кім шынай жұмыс  жасады, кім көздерін ашып қарады?

Барлық әрекеттер  берілді ме?

Кімге ауыр, жағымсыз болды?

Осылайша жаттығуды 5 рет қайталауға болады. Әр реттен кейін талдау жүргізіледі.

   

11

«Адамның төрт түпкі қажеттіліктері» әдісі

Мақсаты: түпкі  қажеттіліктер диагнстикасы

Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне- өсімдік, екіншісіне- қару, үшіншісіне- зергер бұйым, төртіншісіне- ыдыстар суреті салынады.

10

А-4 пішіндегі  парақ, түрлі түсті қалам

12

«Автобус» ойыны

Толы автобус  пассажирі ретінде қатысушылар  қысылып, үйіріледі.

Ойыншының мақсаты- осы адамдар ішінен шығу, алдауға  болмайды, физикалық күш пайдалану қажет.

   

  

Қажеттілік  базасын анықтау әдістемесі.

Әдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа  дейінгі толық дамуда қажеттіліктің  қалай қанағаттанғанын анықтауға  мүмкіндік береді. 

Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар,   ыдыс аяқ .

Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс;  ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде  жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.

Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.

  Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.  

 Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын  түрлерін  салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.

Автобус ойыны 

Жүргізілуі: Балалар автобуста тұрғандай бір-біріне тығыз орналасады.

Ойнаушылар  міндеті- осы қалың топты жарып  өту.Өту жолы  өтірік айту немесе айлакерлік көрсету емес, шынымен  дене күшін сала отырып ойнау. «Халық автобуста» қолымен ұстауға немесе жабысуға болмайды, тығыз халықты  итере-қыса отырып өту. Автобус жүргізушісі оны «ал, кеттік», «алға», «тағы да» деген сөздері  пайдалана, ойынды қыздырып отырады.

Жаттығу соғында  топ қатысушылары не көрді, қалай  қабылдаулары болды , сол әсерлерімен  бөліседі. Қоштасып.Сабақты аяқтайды.

 

10.Қолданылған  әдебиеттер:

 

1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. –   Шымкент, 2007. – 184.

2.  М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005

3. Н.И Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.

Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360.

4.  А.А Осипова. справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.

5. В.Г Ромек., В.А Конторович., Е.И Крукович. Психологическая помощь в кризисных ситуациях. – СПб.: Речь, 2005. – 256.

6. Hill R. Family development in the generations. Cambridg, MA: Schenkman. 1970.

7. А.Фрейд Норма и патология детского развития. М., 1990.

8. Л.С Выготский. «Психология развития ребенка» Москва Эксмо. 2006 г.

9. Э. Эриксон., 2000,  238

10. Э.Г Эйдемиллер., И.В Добряков., И.М. Никольская Семейный диагноз и семейная психотерапия: Учебное пособие для врачей и психологов.СПб., 2003.

11. А.В .Черников. Системная семейная терапия: Интегративная модель диагностики. М., 2001.

12. Г.С Никифоров., М.А Дмитриева., В.М Снетков. Практикум по психологии профессиональной деятельности и менеджмента. – СПб.: Издательство С.-Петербургского университета, 2001. – 240.

13. А.Н Волкова. Социально-психологические факторы супружеской эффективности. Автореферат диссертации кандидата психологических наук. Л., 1979.

14. Э.Г Эйдемиллер., В.В. Юстицкис Психология и психотерапия семьи. СПб., 2000.

15. М Николс., Р Шварц.  Семейная терапия. Концепции и методы. М., 2004.

16. Д Фримен. Техники семейной психотерапии – СПб.: Питер, 2001. – 384 .: (Серия «Практикум по психотерапии»).

17. Р Шерман., Н Фредман.Структурированные техники семейной и супружеской терапии: руководство. М., 1997.

18. С.М. Жақыпов. Ф.Бизакова. Білім беру мекемелерінде қолданылатын  психодиагностикалық тесттер Тараз,2006-448.

19.С.М. Жақыпов. Ф.Бизақова . Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. Тараз,2007-256.

 20.Ю.Е Алешина. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. – М.: Независимая фирма «Класс», 2000.

21. Джойс Лишман. Общение в социальной работе.

22. Дж Браун., Д. Кристенсен Теория и практика семейной психотерапии. – СПб: Питер, 2001.

23. А.Я.  Варга Системная семейная психотерапия. Краткий лекционный курс. СПб: Речь, 2001.

24. Р Нельсон-Джоунс. Теория и практика консультирования. Глава 1.– СПб:»Питер», 2000.

25. Р .Саймон. Один к одному: Беседы с создателями семейной терапии. - М.: Независимая фирма «Класс», 1996.

26. А.В Черников. Семейная психотерапия: информация для пользователя//Журнал практического психолога, №1-2, 2001.

27. А. Черников Семейная системная терапия: интегративная модель диагностики. – М.: Независимая фирма «Класс», 2001.

28. Л.Б Шнейдер. Психология семейных отношений: Курс лекций. – М.: Апрель, ЭКСМО-Персс, 2000.

29. Эволюция психотерапии. Том 1. «Семейный портрет в интерьере»: Семейная терапия. - М.: Независимая фирма «Класс», 1998.

30. М.Николс, Р Шварц. Концепции и методы/Пер.с англ. О.очкур, А.Шишко. – М.: Изд-во Эксмо, 2004.

31. Т Ахола., Б. Фурман Краткосрочная позитивная психотерапия (Терапия, фокусированная на решении). – СПб: Речь, 2000.

32. Р Бендлер., Д Гриндер. В., Сатир Семейная терапия и НЛП. – М.: Институт Общегуманитарных Исследований, 2001.

33. Д.В. Винникот Разговор с родителями. – М.: Независимая фирма «Класс», 1994.

34. К Витакер . Полночные размышления семейного психотерапевта. М.: Независимая фирма «Класс», 1998.

35. К Витакер ., В Бамберри . Танцы с семьей. Семейная терапия: символический подход, основанный на личностном опыте. - М.: Независимая фирма «Класс», 1997.

36. С Минухин., Ч. Фишман. Техники семейной терапии. – М.: Независимая фирма «Класс», 1998.

37. П.Пэпп Семейная терапия и ее парадоксы. - М.: Независимая фирма «Класс», 1998.

38. Популярная психология для родителей / Под ред. А.С.Спиваковской – Спб, СОЮЗ, 1997.

39. Р.Скиннер, Д Клииз. Семья и как в ней уцелеть. – М.: Класс, 1995.

40. И.Ю. Хамитова Теория семейных систем Мюррея Боуэна //Журнал практической психологии и психоанализа, №3, 2001.

41. Дж.Хейли, М Эриксон. Стратегии семейной терапии. – М.: Институт Общегуманитарных Исследований, 2001.

42. Б. Хеллингер Порядки любви: Разрешение семейно-системных конфликтов и противоречий. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2001.

43. Руководство по предупреждению насилия над детьми. – М.: Издательский центр ВЛАДОС, 1997.

44. В.Сатир Психотерапия семьи. – СПб: «Речь», 2001.

45. Ч Шефер., Л.Кери  Игровая семейная психотерапия. – СПб: Питер, 2000.

46. Э.Г. Эйдемиллер Об этапах и механизмах патологизирующего семейного наследования  // Психологическая газета №10 (36)1998.

47. А.Я Варга. Семейные мифы в практике системной семейной психотерапии// Журнал практического психолога, №1-2, 2001.

48. Родители и дети. Хрестоматия. – Самара: Издательский дом БАХРАХ-М, 2003.

49. Семейная психотерапия. Хрестоматия. Сост. Эйдемиллер Э.Г. – СПб: Питера, 2000.

50. А.Я. Варга Психолог в обществе и профессиональное сообщество//Журнал практичсекого психолога. № 9, 1999.

51.  Э.Г. Эйдемиллер., А.З Шапиро. Психология и психотерапия семьи в России: проблемы и перспективы//Журнал практического психолога. № 3-4, 2000.

 

 

 

Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институты

( ЕИТПП)

 - Қазақстан Республикасында тәжірибелік психология және психотерапиядан білім беруді арнайы бағдарламалармен  қамтамасыз ететін танымал мекеме. Институттың негізгі міндеттері болып: мамандар даярлау, психологиялық кеңес беру, психокоррекция, психотерапия, ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институтының директоры  –Коляева Марина Владимирқызы.

ЕИТПП қызметкерлері.- психология, медицина, педагогика ғылымдарының кандидаттары, куәлік құжаттары гештальт-терапевтер, арт-терапевтер, психодраматистер, психоаналитиктер және т.б қызмет етеді. Барлық қызметкерлер ( оқытушылар, психологтар, психотерапевтер, дәрігерлер және супервизорлар (бақылаушы) Қазақ психологтары қауымдастығының және  кәсіби психотерапевтік    бірлестіктің мүшелері.  Өз  саласы бойынша арнайы мамандыққа әлемдік қалыптық деңгейге сәйкестендіре білімдерін жетілдірген. Барлығы кеңес беру және психотерапевтік қызмет көрсетуін жекелік деңгейде және өндіріс мекемелерінде көрсетуде

 

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы