Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Бірнеше алғашқы сессиялар  үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән [16]. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.

Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі  топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.

1. Жеке мәселелер: отбасының  ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы  мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін  емес өзін сезінуі.

2. Ата-ана мен баланың  өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер:  ата-ананың баласымен (немесе  бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына  көңілі толмайды.

3. Тікелей баламен  байланысты мәселелер: оның құрбылырымен  қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.

4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер:  сиблингтер әрқашанда қақтығысады, және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.

5. Кеңейген отбасы  мүшелерінің өзара қарым-қатынас  мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.  

6. Ерлі-зайыптылардың  өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер. 

Мәселелер сипаты кімді  бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс барысында отбасы  мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.

Мәселе отбасы мүшесінің  біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде  оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі  мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның  қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.  

Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік  процеске балаларының қатысуы қажет  болмайды. Олардың мақсатқа жетуі  отбасының басқа да мүшелерінен  көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевттің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).

Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар  жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа  құрамда жұмыс жүргізу мәнді  болса да,  көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады.  Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады.  Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.

Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша  психологиялық процесске отбасының  қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға  мүмкіндік беретін, ешқандай да бір  қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың  есептеулерінше, бүкіл отбасы мен  жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.

  

7.6.2. Алғашқы  сұхбатты жүргізу

  Көп жағдайда алғашқы  кездесу психологиялық жұмыстың  әрі қарайғы жүрісін анықтайды.  Бірінші сұхбаттасуда отбасы  мүшелері психологиялық жұмысты  жалғастыратыны туралы шешім  қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай,  психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші сессия қатысушылары құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау өте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің көпшілігі, әрқайыссы белгілеген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.

Отбасының бірлескен  жұмысты жалғастыруға дайындығы  кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы  және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетуімен анықталады. 

Бірінші сессия төрт негізгі  кезеңдерден тұрады:

  1. «қыздыру» және психологиялық жағымды ахуал тудыру;
  2. отбасының жетекші мәселесін анықтау;
  3. отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге көзқарастарын өзгерту;
  4. бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру.

Кейде бұл кезеңдер бір-бірлерін қабаттасады; сонымен қатар отбасының  әрбір мүшелері түрлі жылдамдықта  өтуі мүмкін. Мысалы, кейде отбасының  бір мүшесі жетекші мәселені анықтау  кезеңінде болса, басқалары осы мәселелерді бағалауда өз көзқарастарын өзгертіп қойған.

«қыздыру» кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт  ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін  анықтайды. Осы жерде отбасылық  келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және көп сөйлемеулері, немесе шектен тыс көп сөйлеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсізді және психотерапевтке деген сенімділік мәселелері өте маңызды болып табылады. [16]

Сессияның алғашқы 5-10 минут  уақыт аралығында маманның негізгі  міндеті-, оның бөлмесі- психологиялық  қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің көздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қауіптенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасы ның барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп өтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар өздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелерінің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психотерапевт бірден бірнеше мақсатты көздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайыссын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын көрсетеді.  Мұндай сұрақтар белгілі бір түрде сұхбаттасудың алғашқы бөлімін құруға және отбасы мүшелерінің психологиялық жайлылық сезімдерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сессияға өздеріне ыңғайлы формада қатысу мүмкіндіктерін түйсінеді. Отбасы мүшелеріне бірінші кездесудегі мақсаттары туралы қойылған сұрақ , психологқа жанама түрде отбасы мүшелерінің коммуникациялық ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психолог әрі қарай тікелей сұрақтар қойып, анықтауға ұмтылатын болса, онда тек үрейдің күшеюін тудырады. Отбасы мүшелері түсініспеушілік білдіріп, бір-бірлерін қорғауға ұмтылады.  «Қыздыру» әрі қарайға кез-келен сессияның маңызды кезеңі болып табылады. 

Бірінші сессия қатысушыларға  қандай да бір тақырыпты бірлесіп талдау мүмкіндігін ұсынады. Егер де отбасы мүшелері бұған дағдыланбаған  болса, психолог конструктивті түрде  олардың өзара әрекеттестігіне  көмек көрсетуі тиіс. Алғашқы 5-10 минут  уақытта маманның өзін-өзі ұстауы, үлкен мәнге ие. Психолог өзінің барлық сұрақтарын оған телефон соққан және өзін сол жағдайдың иесі ретінде сезініп отырған отбасы мүшесіне қояды ма, немесе сұхбатты отбасы мүшелері негізгі мәселе сонымен байланысты деп көрсеткен отбасы мүшесінен бастайда ма? Яғни, психотерапевттің сессияның осы бөлімін құрастыруы, отбасының келесі кезеңге өтуге дайындығын анықтайды.

Екінші кезеңге өтуде  маманның жағдайды бақылауға алғаны дұрыс. Оған келесі түрде қол жеткізуге  болады, отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне сын айтуларын, айыптауларын болдырмау, болған жағдайда тоқтату, тікелей қарым-қатынасты шектеу, сонымен қатар маман әр қатысушы тек өз атынан сөйлеп, өз көзқарасынан бүгін не үшін қатысып отырғанын түсіндіруін қадағалау. Егер психолог мұның барлығын табысты орындаса, отбасы мүшелері әрі қарайғы жұмыстар міндеттерін жаңаша түсіне бастайды. 

Осыдан кейін негізгі  мәселеге қатысты отбасы көзқарасын өзгертуге бағытталған сесияның үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде  қатысушылар жаңаша ойлай және жүйелей бастайды. Осы жерде маман келесі сәттерге ерекше көңіл бөлуі қажет:

  • алғашында негізгі мәселелерді отбасының қай мүшесі құрастырды;
  • отбасы мүшелері бір-бірлерімен өзара қалай әрекеттеседі және олар маманға қалай әсерленеді;
  • отбасы мәселесін шешу үшін қайсысы көбірек күш салады;
  • олардың қайыссы психологқа отбасы ерекшеліктерін нақтырақ сипаттап беруге қабілетті.   

Сессияның алғашқы минуттарынан бастап маман отбасы туралы жаңалықтар біле береді. Сұхбаттасудың дәл алғашқы  үш кезеңі отбасының жұмысты жалғастыруға дайындығын анықтайды. Бұл төртінші кезеңге өту барысында байқалады.

Отбасы мүшелеріне бірінші  сессияға қатысу тәжірибесі оң нәтиже беретін болса, отбасы кейінгі кездесулерге келісім береді. Егер осылай болатын  болса, онда психолог бірінші кездесудегі негізі міндетті шеше алды деп есептеуге болады. Психолог өзара айыптау тәуекелдігі  нольге тең, психологиялық жайлы және қауіпсіз хал-ахуалдың жасалуына жауапты. Отбасы мүшелерінің негізгі мәселесін анықтауға кірісе отырып, психотерапевт бір мезгілде олардың көзқарастарын өзгертуге ұмтылады және жанұялық мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезіндіруге көмектеседі.

Жұмыстың алғашқы сәттерінен психолог, барлық мәселе бойынша отбасы ның қандай да бір мүшесін айыптау  тіпті өнімсіз екендігін ерекшелеп отырады. Ол отбасы мүшелерінің тығыз әрекеттесулерінің маңыздылығын көрсете отырып, оларға қазіргі жағдайдың өткен жағдайлармен байланыстылығын сезіндіре отырып, мәселенің олармен байланысты екендігін  түсіндіреді. Мысалы, ата-аналардың өзінің балалық  кезеңдегі тәжірибесі көп жағдайда қалыптасқан жағдайларды қабылдау ерекшеліктерін анықтайды.

 

7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта  кезеңдік жұмыстар

Отбасы  психотерапияның  ортаңғы кезеңі, отбасы мүшелерінің  бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезінулерімен сипатталады. Бұл жеке және топтық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің бір-бірлерін айыптау екпіні, сонымен қатар әсіршіл мінез-құлық жойыла бастайды. Олар өз мінез-құлқына жауапкершілікті, сонымен қатар отбасы олар үшін маңызды ресурс екендігін сезіне бастайды. Урей және психологиялық араласуға қарсы қарым-қатынас төмендей бастайды, ал психолог олардың көз алдарындағы шартсыз бедел тұғырын жоғалта бастайды.

Бұл кезеңде отбасы мүшелері жағдайды жақсы түсіне бастайды. Психологқа келуге түрткі болған себептер, біртін келе өз мәнділіктерін жоғалтады. Бұл кезеңде кейбір отбасылар өз жұмыстарын аяқтайды, бұл асығыстық болып табылады, өйткені ішкі отбасылық өзара қарым-қатынастар жеткіліксіз деңгейде тұрақталған. Бұл кезеңде маманның мақсаты- отбасына әрі қарайғы міндеттерді анықтауға көмектесу.

Бұл кезеңде психолог, отбасы мүшелеріне өзара және әлеуметтік қоршағандарымен  түрлі байланыстырды  анықтауға көмектесетін сұрақтарды белсенді түрде қолдануы қажет. Жақындарымен және алыс туыстарымен өзара қарым-қатынастарын талдау отбасы татулығын  сақтау бойынша міндеттерді анықтауға негіз болады. Мысалы, егер балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастары реттелсе, ата-аналармен сол әулеттің үлкендерімен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлу қажет. Психологтың отбасы мүшелерін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәліметтер жүйесі қажеттілігін ерекшелейді. Отбасы дисфункционалды болған сайын, сол ғұрлым оған мәліметтер аз түседі. Белгілі болғандай, ішкі қақтығыс күйіндегі отбасының ішкі ресурстары шектеулі.  

Олардың мүшелері негізгі  күштерін басқаларды өз қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санасуға жұмсайды, нәтижесінда қақтығыс түсіністікке әкеліп соғады. Егер де отбасы мүшелері қоршаған әлеммен белсенді түрде қатынас орната бастаса, олар жаңа ресурстарға тап болулары мүмкін. Осыған орай, олардың өзара талаптары әлсірей бастайды. Сыртқы әлеммен түрлі байланыстар орнату отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінің басты міндеті болып табылады.

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы