Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Валидизация әдісінің барлық шәкілдерінің мәліметтері: г=0,56; ро=0,60: п=180; р=Ж=0,01: р<0.01.

 

Ескерту: +  тәрбиелеу  түрінің артықшылығын анықтайды; - кемшілігін анықтайды; ± тәрбиенің бүл түрінде  артықшылық та кемшілік те болуы мүмкін.

Тәрбиелеу түрінің бірнеше түрі тұрақты үйлесуде болса, бұл тәрбиелеудің мақсаттылық типін береді.

Отбасылық тәрбиелеу  бұзушылықты таптастыру келесі түрде  болады:

Потворсттік протекция (Г+, У+, Т-, 3-, С- шәкілдерінің үйлесуі). Жеткіншек  отбасы назарының ортасында, олар баланың барлық қажеттіліктерін жоғары деігейде қанағаттандыруға тырысады. Бұл тәрбиелеу түрі жеткіншекте гипертимдік және қыр көрсеткіш мінез-құлқының дамуына әкеліп соғады.

Басым гиперпротекция (Т+, У±, Т±, 3±, С±). Жеткіншек әлі де отбасы назарының ортасында, олар балаға барлық күш-жігерін жұмсайды, баланы тәуелсіздіктен айырады, көптеген тыйымдар мен шектер қояды.

Сезімдік терістеу. (Г±, У-, Т±, 3±, С±). Бұл «Золушка» типтес тәрбиелеу түрі.

Моральдік жауапкершіліктің артықшылығы (Г-, У-, Т+). Бұл тәрбиелеу түрі балаға қойылған талаптардың артықшылығы мен ата-ананың оған деген назарының кемшілігінің үйлесуімен сипатталады.

Гиперпротекция (гипоқолдау) (Г-, У-, Т-, 3-, С±).. Жеткіншек  өзіне өзі берілген, ата-анасы  баланы бақыламайды, бала оларды қызықтырмайды.

Дұрыс тәрбиелемеу  себептері алуан түрлі. Кейде  бұл отбасы өміріндегі теңбе-тең  тәрбиелеуді қалыптастыруға кедергі  жасайтын нақты бір жағдайлар  болып келеді. Жиірек ата-аналардың  педагогикалық мәдениетінің төмендігі. Екінші жағдайда ата-аналардың жеке ерекшеліктері тәрбиелеу процесінің бұзуына себепші болады. Көп жағдайларда ата-аналар бала есебінен өздерінің жеке мәселелрін шешкісі келеді. Бұл мынада айқындалады:

    • ата-ана сезім өрісінің үлкеюі (РРЧ шәкілі)
    • жеткіншекте жас бала қылықтарын қалау (ПДК шәкілі)
    • ата-ананың тәрбиелеу сеніміздігі (ВН шәкілі)
    • баланы жоғалту қорқынышы (ФУ шәкілі)
    • ата-аналық сезімінің дамымауы (НРЧ шәкілі)
    • бала жынысына қатысты ата-ананың құрылуының жылжуы (ПЖК шәкілі - әйелдік сапасын қалау, ПМК шәкілі – еркектік сапасын қалау)
    • өзінің қажетсіз сапаларын жеткіншекке проекциялау (ПНК шәкілі)
    • ерлі зайыптылар арасындағы жанжалды тәрбиелеу өрісіне шығару (ВК шәкілі)

Қандай бұзылыстар ата-аналардың осындай қарым қатынастарын шақырады? Артқан протекцияны немесе керісінше гипопротекцияны, сезімдік терістеу және қаталдық. Тәрбиелеу түрінің қарама-қайшылығы да болуы мүмкін.

Сауалнамамен  қолдану ережелері.

Ана немесе әке  сауалнаманы толтырмай тұрып, олармен  сенімді психологиялық қарым-қатынас  құруға талпыныңыз. Ата-аналар өзінің жауаптарында ашық болуы тиіс.

Әр сұранушы жауапты тіркеу бланкісін және сауалнама  текстін алады. Сауалнама басында  жазылған нұсқауды оқып, ата-аналардың  бәрін дұрыс түсінгеніне сенімді  болыңыз. Жауапты тіркеу бланкісін  толтыра бастаған кезде артық  ешқандай түсіндірулер немесе ұсыныстар беру қажет емес.

Нәтижелерді өндеу. Жауапты тіркеу бланкісінде бір  шәкілде тиесілі сандар, санауды  тездетету үшін бір қатарда орналасқан. Белгіленген сандарды санаңыз. Жауапты  тіркеу бланкісінде тік сызықтан кейін әр шәкілге диагностикалық мағынасы көрсетілген. Егер юелгіленген сандар саны диагностикалық мағынаға жетсе немесе асып кетсе, онда тексерілуші ата-ананың тәрбиелеуде ауытқу түрі анықталды деп есептеледі.

Сызықтан кейнгі әріптер – берілген әдістемелік  ұсыныстарда қолданылатын шәкілдердің қысқа аттары. Кейбір шәкілдер аттарының асты сызылған: бұл көлденең жолдағы нәтижеге қосымша шәкілдегі нәтижені қосу керек деген, қосымша шәкіл бланктің төменгі жағында көлденең сызықтың астында орналасқан және негізгі шәкіл әріптерімен белгіленген.

Бірнеше шәкілдерде ауытқу байқалса, «Отбасы тәрбиелеу  түрлерінің диагностикасын» қолданған  жөн. Бұл зерттелуші отбасының тәрбиелеуде  ауытқу түрін тура анықтауға көмек  береді.

6.3.2. Ата-аналарға арналған ЖТТ сауалнамасы

Жеткіншек нұсқасы

Қымбатты ата-ана! Сізге берілген сауалнамада бала тәрбиелеудегі бекітулер жазылған. Бекітулер нөмірленген. Сондай нөмірлер «Жауаптар бланкісінде» де бар.

Сауалнамадағы бекітулерді кезекпен оқыңыз. Егер сіз бекітумен келіссеңіз, «Жауаптар  бланкісіндегі» бекітудің нөмірін дөңгелетіп белгілеңіз. Егер таңдау қиынға соқса, нөмірдің үстіне сұрай белігісін қойыңыз. Сауалнамада «дұрыс» немесе «дұрыс емес» бекітулер жоқ. Өзіңіз қалай ойлайсыз, солай жауап беріңіз. Бөліп жазылған бекітулерге әкелер жауап бермесе де болады:

  1. Істегенімнің бәрін, балам үшін істеймін.
  2. Баламмен бір қызық нәрсемен айналысу үшін, бір жерге бірге бару үшін, қызық бір нәрсе туралы сөйлесу үшін менің уақытым жетпейді.
  3. Басқа ата-аналар рұқсат бермейтін нәрсеге мен балама рұқсат етемін.
  4. Балам маған сұрақтарымен келгенін ұнатпаймын. Өзі аңғарса жақсы.
  5. Біздің бала басқа балалардан қарағанда үйдегі міндеттері көп.
  6. Менің балама үйде тірлік істету өте қиын.
  7. Ата-анасының көзқарасының дұрыстығын баланың ойламағаны дұрыс.
  8. Балам үйге өзі қалаған уақытта келеді.
  9. Егер балаңның адам болып өскенін қаласаң, оның бірде бір жаман қылығын жазасыз қалдырмауың қажет.
  10. Мүмкіндігінше баламды жазаламауға тырысамын.
  11. Көңіл күйім көтеріңкі болған кезде баламның басқа уақытта жазаланатын қылығын кешіремін.
  12. Баламды жарымнан да жақсы көремін.
  13. Жас балаларды жеткіншектерден қатты жақсы көремін.
  14. Егер балам ұзақ уақыт қыңырланса немесе ашуланса, оған қарай жаман қылық жасау сезімі туады.
  15. Көп уақыт күткенімен, бізде бала болмады.
  16. Баламен қарым-қатынас - өте бір қиын нәрсе.
  17. Баламның кейбір қылықтары мен мінезі мені өзімнен шығарады.
  18. Егер маған жарым кедергі болмағанда, баламның тәрбиесі әлде қайда жақсы болар еді.
  19. Әйелге қарағанда еркектің көбісі жеңілтек болады.
  20. Еркектерге қарағанда әйелдің көбісі жеңілтек болады.
  21. Менің балам мен үшін - өмірімнің ең маңыздысы.
  22. Кейбір кездері баламның қайда жүргенін білмеймін.
  23. Балама қымбат болғанның өзінде де қалаған киімін алып беруге тырысамын.
  24. Балам түсінксіз. Оған бір рет түсіндіргеннен, өзің екі рет істегенің жақсы.
  25. Кейде балама өзінің кіші інісіне (сіңілісіне, қарындасына) қарап отыруға тура келеді.
  26. Балама бір нәрсені істеуі туралы қайта-қайта есіне түсіремін, ақырында барып өзім істеймін.
  27. Ата-аналар өзінің кемшіліктері мен әлсіздігін балаларына білдіртпеуі тиіс.
  28. Менің балам кіммен дос болуы туралы шешімді өзі қабылдайды.
  29. Балалар ата-анасын жақсы көріп қана қоймай, қорқуы тиіс.
  30. Мен баламды өте сирек ұрысамын.
  31. Біздің балаға деген қаталдығыңызда шамалы тербелістер болады. Кейде біз өте қаталмыз, ал кейде бәрін рұқсат етеміз.
  32. Балам мен күйеуімнен қарағанда, біз баламыз екеуміз бір бірімізді жақсы түсінеміз.
  33. Баламның ерте ертежетуі мені қатты ренжітеді.
  34. Егер бала ауырып тұрғанда қырсықса, оның айтқанын істеген дұрыс.
  35. Менің балам әлсіз және аурушаң болып өсті.
  36. Егер менің балаларым болмағанда, мен өмірде үлкен биіктіктерге жететін едім.
  37. Мен қаншалықты күрессем де, менің баламның жойылмайтын әлсідіктері бар.
  38. Мен баламды жазалаған кезімде, менің жарым мені кінәлап баламды жұбата бастайды.
  39. Әйелдерге қарағанда, еркектер жұбайылық опасыздыққа бейім.
  40. Еркектерге қарағанда, әйелдер жұбайылық опасыздыққа бейім.
  41. Баламды қамқорлау уақытымның көп бөлігін алады.
  42. Маған көп рет ата-аналар жиналысын өткізіп жіберуге тура келді.
  43. Балама қаншалықты қымбат болса да қалағанының бәрін алып беруге тырысамын.
  44. Баламның қасында көп уақыт болсаң, қатты шаршайсың.
  45. Мен балама көп рет маңызды және қиын жұмыстарды тапсырдым.
  46. Менің балама маңызды жұмыста сенуге болмайды.
  47. Маңыздысы – ата-ана баласын тыңдайға үйретуі қажет.
  48. Менің балам темекі шегу шекпеуін өзі шешеді.
  49. Ата-ана балаға қаншалықты қатал болса, соншалықты балаға жақсы.
  50. Мен жұмсақ адаммын.
  51. Егер менің балама менен бір нәрсе керек болса, ол менің көңіл күйімнің көтеріңкі болған кездерді таңдайды.
  52. Менің балам ержетіп мен оған керек емес болатынымды есіме түсірсем қатты күйзелемін.
  53. Бала есейген сайын, олармен жұмыс істеу қиын.
  54. Көп жағдайда бала неге қыңырланады, өйткені ата-аналар балаға дұрыс қатынас таба алмайды.
  55. Мен баламның денсаулығы туралы көп уайымдаймын.
  56. Егер менің балаларым болмағанда, менің денсаулығым жақсы болар еді.
  57. Мен қаншалықты шара қолдансам да, баламның өте маңызды кемшіліктері жойылмайды.
  58. Менің балам менің жарымды ұнатпайды.
  59. Әйелге қарағанда, еркектер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.
  60. Еркекке қарағанда, әйелдер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.
  61. Менің балам үшін менің өмірде көп нәрседен бас тартуыма тура келді.
  62. Күнделікті тексермегенімнен баламның ескерту немесе екілік алғанын байқаман күндерім болды.
  63. Балама өзіме қарағанда көп қаражат жұмсаймын.
  64. Балам менен бір нәрсе сұрағанын жақтырмаймын. Мен балама не керек екенін өзім білемін.
  65. Менің баламның балалық шағы басқа оның құрдастарына қарағанда қиын.
  66. Үйде балам керек нәрсені емес, өзінің қалағанын істейді.
  67. Балалар өзінің ата-анасын басқа адамдарға қарағанда қатты сыйлауы тиіс.
  68. Менің балам өзінің ақшасын неге жұмсайтынын өзі шешеді.
  69. Мен балама басқа ата-аналарға қарағанда қаталмын.
  70. Жазалаудың пайдасы жоқ.
  71. Отбасы мүшелері балаға деген қаталдығы әр түрлі. Біреулері еркелетеді, басқалары керісінше – қатты қатал.
  72. Менің балам менен басқа ешкімді жақсы көрмесе екен деймін.
  73. Мен баламды қазіргіге қарағанда, кішкентай кезінде қатты жақсы көретінмін.
  74. Кейбір кездері баламмен не істерімді білмеймін.
  75. Баламның денсаулығының нашарлығынан, оған көп нәрсеге рұқсат ететінмін.
  76. Бала тәрбиелеу – ауыр және рахымы жоқ жұмыс. Оларға бәрін бересің, ал орнына еш нәрсе ала алмайсың.
  77. Менің балама жақсы сөз жәрдем бермейді. Оған әсер ететін бір ғана нәрсе бар – үнемі қатал жазалау.
  78. Менің жарым баламды өзіме қарсы қойғысы келеді.
  79. Әйелдерге қарағанда, еркектер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.
  80. Еркектерге қарағанда, әйелдер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.
  81. Мен үнемі баламды ойлап жүремін, оның жұмысын, денсаулығын және т.б.
  82. Баламның күнделігіне бірнеше аптаға бірден қол қоюға тура келеді.
  83. Менің балам менен өзіне керектігін оңай алады.
  84. Мен тыныш және сабырлы балаларды ұнатамын.
  85. Менің балам маған көп жәрдем етеді (жұмыста немесе үйде).
  86. Менің баламның үйдегі міндеттері аз.
  87. Балалар ата-анасының айтқаны дұрыс емес екендігін білгеннің өзінде, олардың айтқанын істеуі тиіс.
  88. Менің балам үйден шығарда қайда кетіп бара жатқанын сирек айтады.
  89. Ең жақсы жаза – белдік болатындай жағдайлар болады.
  90. Баламның іс-әрекетіндегі кейбір жаман қылықтары өздігінен жасы келе жойылды.
  91. Баламыз бір нәрсені бүлдірсе, біз онымен айналысамыз, егер бәре жақсы тыныш болса, қайтадан өз еркіне жібереміз.
  92. Егер менің балам менің балам болмаса, ал мен жас болсам, мен баламды жақсы көріп қалар едім.
  93. Маған үлкен балаларға қарағанда кішкентай балалармен әңгімелескен ұнайды.
  94. Менің баламның кемшіліктеріне мен кінәлімін, өйткені дұрыс тәрбие бере алмадым.
  95. Тек біздің үлкен күшіміздің арқасында, баламыз аман қалды.
  96. Баласы жоқ отбасыларға жиі қызығамын.
  97. Егер менің балама еркіндік берсең, сол сәтте ол өзіне немесе айналасындағыларға кесірін тигізеді.
  98. Егер мен балама бәр нәрсе айтып тұрсам, жарым әдейілеп керісінше сөйлейді.
  99. Әйелдерге қарағанда, еркектер жиі өзін ғана ойлайды.
  100. Еркектерге қарағанда, әйелдер жиі өзін ғана ойлайды.
  101. Мен балама өзіме қарағанда көп уақыт пен күшімді жіберемін.
  102. Мен баламның тірлігі туралы өте аз білемін.
  103. Менің баламның қалауы мен үшін заң.
  104. Менің балам кішкентай кезінде менің қасымда ұйықтағанды жақсы көретін.
  105. Менің баламның асқазаны нашар.
  106. Балаға ата-ана ол өскенше ғана керек. Одан кейін ол ата-анасын өте сирек ойлайды.
  107. Балам үшін мен неге де болса дайынмын.
  108. Менің балама менің қолымнан келетіннен артық уақыт бөлінуі керек.
  109. Менің балам өте сүйкімді бола алады, сол кезде мен оған бәрін кешіре аламын.
  110. Мен балам кешірек үйленсе екен деймін, 30 жасынан кейін.
  111. Менің баламның қолдары мен аяқтары өте жиі мұздай болады.
  112. Балалардың көбісі – кішкентай өзімшілдер. Олар ата-анасының денсаулығы мен сезімдерін ойламайды.
  113. егер балама барлық уақыт пен күшімді бермесем, бұл жақсылыққа әкелмейді.
  114. Бәрі жақсы болған кездерде, мен баламның жұмыстарына көңіл аудармаймын.
  115. Мен балама «жоқ» деп айтуым өте қиын.
  116. Менің балама керектігімнің төмендеуі мені қатты күйзелтеді.
  117. Баламның денсаулығы басқа жеткіншектерге қарағанда нашарлау.
  118. Балалардың көбісі ата-анасына деген рахымы жоқ.
  119. Балам менің көмегімсіз еш нәрсе істей алмайды.
  120. Балам бос уақытының көбін далада өткізеді.
  121. Баламның көңіл көтеруіне уақыты өте көп.
  122. Маған менің баламнан басқа ешкімнің де керегі жоқ.
  123. Менің баламның ұйқысы үзілмелі және мазасыз.
  124. Өзімнің ерте үйленгенімді (тұрмысқа шыққанымды) жиі ойлаймын.
  125. Баламның осы уақытқа дейінгі жетістіктерге (сабақта, жұмыста немесе басқа) тек менің көмегімнің арқасында ғана.
  126. Баламның тірлігімен негізінде жарым айналысады.
  127. Сабағын оқып бітіргеннен (немесе жұмыстан келгеннен) кейін , менің балам өзіне ұнайтын жұмыспен айналысады.
  128. Баламды бір қыз балдамен елестетсем, менің көңіл күйім бұзылады.
  129. Менің балам өте жиі ауырады.
  130. Отбасы маған көмек бермейді, тек өмірімді қиындатады.

6.3.3.Ата-ананың  балаға деген қарым-қатынасының  тест-сауалнамасы

(А.Я.Варға,  В.В.Столин)

Ата-ананың қарым-қатынасының  тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық  құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

Ата-аналық қарым-қатынас  дегеніміз, балаға қатысты түрлі  сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.

Сауалнама құрылымы:

Сауалнама 5 шәкілден тұрады.

І. «Қабылдау  – қабылдамау». Шәкіл балаға интегралды сезімдік қарым-қатынасты білдіреді. Шәкілдің бір полюсінің мазмұны: бала ата-анаға қандай да болса ұнайды. Ата-ана баланың даралығын сыйлайды. Ата-ана баламен көп уақыт өткізуге тырысады, оның қызы,ушылықтары мен жоспарларын мұқулдайды. Шәкілдің екінші полюсында: ата-ана өзінің баласын жаман, табыссыз, бейімсіз деп қабылдайды. Бала өзінің қабілетінің төмендігінен, ақылының аздығынан, бейімділігінің жамандығынан өмірде табысқа жетпейді деген сенімде. Көп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.

ІІ. «Кооперация» - ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтік-қалаулы  бейнесі. Бұл шәкілдің мазмұндамасы мынада: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыөпен қарайды, оған барынша көмек көрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және творчестволық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, онымен бірдей болуға тырысады. Ата-ана баласына сенімді, талқылау сұрақтарында оның көзқарасымен көруге тырысады.

ІІІ. «Симбиоз» - шәкіл баламен қатынастың жеке аралық қашықтықты айқындайды. Бұл  шәкілде жоғары балдар жиналса, ата-ана  баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады.

Бұл тенденцияға  мынадай мазмұндама беріледі: ата-ана  өзін баламен бір бүтін деп  санайды, баланың барлық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтар мен реніштерден қорғауға  тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп көреді.

Бала өсе  келе жағдайларға байланысты тәуелсіздікке  үйрене бастаған кезде ата-ана үрейі  жоғарылай бастайды, өйткені ата-ана  балаға ешқашан өздігінен тәуелсіздік  берген емес.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация» - баланың іс-әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шәкілде жоғары бал жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Балаға өзінің еркін байлағысы келеді,  ал оның көзқарасын аңғармайды. Баланы өз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-өрісін, сезімдерін жақсы біледі.

V. «Кішкентай  жолы болғысыз адам» - ата-ананың  баласын қабылдау мен түсіну  ерекшеліктерін айқындайды. Бұл  шәкілдің жоғары белгілері ата-ананың  қарым-қатынасында баланы инфантилеуге  тырысу, өзін әлеуметті түрде  дәрменсіз деп есептеуге іс-әрекет жасайтыны байқалады. Ата-ана баласын өз жасынан кіші көреді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағай болып көрінеді. Ата-ана баласына сенбейді, оның табыссыздығына әшә ашиды. Осы үшін ата-ана баласын өмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.

 

АҚҚ сауалнама тексті

  1. Мен балама әрдайым жаным ашиды.
  2. Баламның не ойлайтынын білуім менің парызым.
  3. Мен баламды сыйлаймын.
  4. Маған менің баламның іс-әрекеттері мөлшерден тыс болып көрінеді.
  5. Баланы өмірлік қиындықтардан алысырақ ұстау қажет.
  6. Мен балама бейімділік сезімін сезінемін.
  7. Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.
  8. Менің балам көп уақытта маған ұнамайды.
  9. Мен балама көмек беруге тырысамын
  10. Қорлық қарым-қатынас балаға үлкен пайда әкелетін жағдайлар да болады.
  11. Мен балама өкініш сезімін сеземін.
  12. Менің балам өмірде еш нәрсеге қолы жетпейді.
  13. Балалар менің баламды мазақ ететін сияқты.
  14. Менің балам жеккөрініш сезімін тудыратын қылықтарды жиі жасайды.
  15. Өзінің жасына менің балам әлі жетілмеген.
  16. Менің балам әдейі жаман қылықтар жасайды, мені ренжіту үшін.
  17. Менің балам жаман нәрсенің бәрін өзіне тартып алады.
  18. Менің баламды қанша ынталансаң да жақсы үлгіге үйрете алмайсың.
  19. Баланы қатты ұстау қажет, сонда одан жақсы тәртіпті адам өседі.
  20. Баламның достары үйге келгенін ұнатамын.
  21. Баламның өсуінде мен қатысамын.
  22. Менің балама барлық жаман нәрсе «жабысады».
  23. Менің балам өмірде табысқа жетпейді.
  24. Таныстар жиылысында балалр жайында әңгіме қозғалғанда, мен кішкене ұяламын, менің баламның мен ойлағандай ақылды және қабілетті болмағанына.
  25. Мен өз баламды аяймын.
  26. Баламды оның құрдастарымен салыстарғанда, олар іс-әрекеттерімен де ой-өрісімен де менің баламнан үлкен болып көрінеді.
  27. Мен өз баламмен бос уақытымды қуана өткіземін.
  28. Мен баламның өсіп ержетіп келе жатқанына өкінемін, оның кішкентай кездерін нәзіктікпен еске аламын.
  29. Балама қастық қатынаста екенімді жиі сеземін.
  30. Менің балам өмірде мен жете алмаған жетістікрге жетсе екен деймін.
  31. Ата-ана баладан тек талап ете бермей, оған бейімделуі қажет.
  32. Баламның барлық өтініштерін орындауға тырысамын.
  33. Отбасылық шешімдер қабылдағанда баланың да пікірін ескеру қажет.
  34. Баламның өмірі мені өте қызықтырады.
  35. Баламмен жанжал болған кездерде, оның өзінше рас екенін жиі мойындаймын.
  36. Ата-анасының қателесетінін балалар ерте жастан біледі.
  37. Мен баламмен үнемі санасамын.
  38. Мен балама достық сезімін сеземін.
  39. Баламның қыңырлығының басты себебі - өзімшілдік, қырсықтық және жалқаулық.
  40. Демалыс күндеріңді баламен өткізсең жақсы дем ала алмайсың.
  41. Ең бастысы баланың тыныш және қамсыз балалық шағы болуы.
  42. Кейбір кездері баламның жақсы нәрсеге дағдысы жоқ деп есептеймін.
  43. Баламның әуестерін мақұлдаймын.
  44. Менің балам кімді болсада өзінен шығара алады.
  45. Баламның реніштерін түсінемін.
  46. Менің балам мені жиі ашуландырады.
  47. Баланы тәрбиелеу – жүйкені тоздырады.
  48. Балалық шақтағы қатал тәртіп балада күшті мінез-құлық дамытады.
  49. Мен балама сенбеймін.
  50. Қатал тәрбиелік үшін кейін бала рахметін айтады.
  51. Кейбір кездері баламды жек көретін сияқтымын.
  52. Баламда қадыр-қасиеттен кемшіліктер көп.
  53. Баламның қызығушылықтарын мақұлдаймын.
  54. Балам өздігінен еш нәрсе әстей алмайды, істегеннің өзінде дұрыс емес.
  55. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келеді.
  56. Менің балам қандай да болса өзіме ұнайды.
  57. Баламның денсаулығын қатта қадағалаймын.
  58. Баламды мақтан тұтамын.
  59. Бала ата-анасынан құпия сақтамауы тиіс.
  60. Баламның қабілетінен жоғары пікірде емеспін және оны баламнан жасырмаймын.
  61. Бала ата-анасына ұнаған балалармен достасып жүргені дұрыс.

 

Сауалнама кілті

І. «Қабылдау-қабылдамау»: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60

ІІ. Мінез-құлқының әлеуметтік қалауының бейнесі: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.

ІІІ. «Симбиоз»: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.

IV. «Авторитарлық  гиперсоциализация»: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.

V. «Кішкентай  жолы болғысыз адам»: 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.

Тесттік балдардың  саналу реті:

Тесттік балдарды барлық шәкілдерде «дұрыс» жауабы есептеледі.

Сейкес шәкілдердегі жоғарғы тесттік бал:

I – қабылдамау;

II – әлеуметтік  қалау;

III – симбиоз;

IV – гиперсоциализация;

V – инфантилизация (инвалидизация).

Тестік мөлшерлер  сәйкес шәкілдердің тесттік балдардың  пайыздық рангтары кесте түрінде  беріледі.

 

Сауалнама шәкілдерінің шикі балдары пайыздық рангтарға ауыстыру кестесі.

1 шәкіл  «қабылдау-қабылдамау»

 

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Пайыздық ранг

0

0

0

0

0

0

0,63

3,79

12,02

13,01

53,79

68,35

«Шикі бал»

12

13

14

15

16

17

18

19

       

Пайыздық ранг

77,21

84,17

88,60

90,50

92,40

93,67

94,30

95,50

       

«Шикі бал»

20

21

22

23

24

25

26

27

       

Пайыздық ранг

97,46

98,10

98,73

99,36

100

100

100

100

       

«Шикі бал»

28

29

30

31

32

             

Пайыздық ранг

100

100

100

100

100

             

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы