Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Нұсқау : Бұл  сұрақтарда сіз жан-жарыңызды қалай  түсінесіз, сол бойынша  «ия», «жоқ», «білмеймін» жауаптарының бірін таңдап сұрақтың қасына   сәйкес « белгі » қойыңыз. 

Сұрақнама мәтіні :

1.Мен  оның  ойын тез оқимын.

2.Мен оның  көңіл –күйін әрең табамын.

3.Мен оны айтқызбай  түсінемін.

4. Оның жағдайға байланысты  өзін қалай ұстайтыны туралы мен кейде  айта алмай қысыламын.

5.Мен оның әдеті   мен талғамын жақсы білемін.

6. Оның қандай да   сұрақ жайлы көз-қарасын  айту  қиын.

7. Мен оның қажетін  және неге талпынысы  бар  екенін білемін.

8.Мен оны жақсы  түсінбейтін  сияқтымын.

9. Ол кейде  күтпеген  жағдайларды жасап мені таңқалдырады.

10.Мен оның кемшіліктері  мен жетістіктерін жақсы білемін.

11.Оның ішкі уайымы  мен үшін жұмбақ болып қалмақ.

12.Мен оның икемді  және  икемсіз жақтарын жақсы білемін.

13. Мен оның өміріне не маңызды екенін білемін.

14. Көп байқағаным мен  оны түсінбейді екенмін.

15. Мен оны не қуантады, не қайғыртады білмейді екенмін  .

16. Маған оның үйде болғаны  жақсы ұнайды.

17. Маған оны тыңдау  және бетіне қарап отыру ұнайды.

18. Маған оның  өзін  ұстауы  ұнамайды.

19. Оның бет келбеті  жағымсыз.

20. Мен оның қалай жұмыс  істейтінін ,жүрісін бақылағанды   ұнатамын.

21. Маған оны сүюі ,құшақтауы  , еркелетуі ұнамайды.

22. Маған оның  жымиюы ,күлкісі  ұнайды.

23.  Оның қасымда болмайтыны мені қатты қынжылтады.

24. Оның бет  келбетінен әйтеуір  маған  бір нәрсе ұнамайды.

25. Мен оның  қимылы мен әңгімесін жиі сынға  аламын.

26. Ол жиі  қажетті және пайдалы нәрселер  айтады.

27. Оның көп  нәрседе көз-қарасы менің пікіріммен  сәйкес келмейді.

28. Оның мен  туралы пікірін құрметтеймін.

29. Ол менің  досым екені қуантады.

30. Мен оның пікірі мен баға беруіне  сирек қосыламын.

31. Оның қасында  мен өзімді жеңіл және ашық  ұстаймын.

32. Менің көңіл-күйім  ол қасымда болса көтеріледі.

33.Оның қасында  мен жиі шаршап,өзімді бақылай  алмай қаламын.

34. Мен тек  соның қасында болу үшін, маңызды жұмысымды қалдыруға бармын.

35. Мені одан  алысырақ жерде демалу жиі  ойландырады.

36.  Мен ол  жоқ кезде, өзімді жақсы сезінемін. 

37. Мен оның  бойынан  көп жақсы қасиеттер  табамын , сондықтан оны адам  ретінде силаймын.

38. Менің таныс  ,туыстарымның арасында нағыз беделді адам, тек сол.

39. Мен кейбір  нәрселерді шеше алмасам  ,жиі  жан-жарымнан көмек сұраймын.

40. Ол мені  жылдам өзгерте алады.

41. Менің пікірімше  оның басы қатты жұмыс істейді.

42.Жан -жарыма  әсер еткен кино мен кітаптар  мені қызықтырады.

43. Оның қасында отыру мені жалықтырмайды, ол тамаша адам.

44. Кейде оның  алыс адам емес екені, мені  ойландырады.

45.  Онда бар  қасиеттерді мен өзімнен көргім  келеді.

Иә

Білмей

мін

жоқ

Иә

Білмей

Мін

жоқ

Иә

Білмей

мін

жоқ

1

     

16

     

31

     

2

     

17

     

32

     

3

     

18

     

33

     

4

     

19

     

34

     

5

     

20

     

35

     

6

     

21

     

36

     

7

     

22

     

37

     

8

     

23

     

38

     

9

     

24

     

39

     

10

     

25

     

40

     

11

     

26

     

41

     

12

     

27

     

42

     

13

     

28

     

43

     

14

     

29

     

44

     

15

     

30

     

45

     

 

 Нәтижені өңдеу көрсеткіштері

Әр шкала   кілтке байланысты сәйкес  келсе  2 ұпай беріледі :

« иә» жауабы бойынша («+») сұрақтар;1,3,5,7,10,12,13,16,17,20,22, 23,25,26,28,31,33,34,35,36,37,39,41,42,45;

 « жоқ»  жауабы бойынша («-») сұрақтары  :2,4,6,8,9,11,14,15,18,19,21,24,27,29,30,38,40,43,44;

1- ұпай « білмеймін»  жауабына беріледі;

ал 0- ұпай кілтпен  сәйкес келмегенде қойылады. Бұл әдістемеде жоғары    30  ұпайды көрсетеді.

1.Түсіну (1-15 бекітуде)  субьекті бейнесінде серіктесінің  жеке ерекшеліктері туралы сезіну бар . Қарым –қатынас кезінде ойды , мінез-құлықты сезім мен көз-қарасты түсінуге болады.  Осы шкала бойынша төмен ұпай жинаса онда түсінбеушілікті білдіртеді.

2. Эмоционалды  (16-30) тартымды  ,қарым-қатынасқа түсуге  қызығатын ,субьектімен байланысқа  терапевтік   деңгейде        әсер ете алады. Ұпайдың  төмендігі қарым-қатынас арасында күрделі сипат пен бір-бірінен шаршағандық байқалады.

3. Беделі ( құрметтеуі ) (31-45)  Субьектіні эталон ретінде  құрметтейді,Оның көз-қарасы, қызығушылығы  мен пікірін бөліседі.

 Ал ұпайы  төмен болса сыйламайды ,жеке  тұлға ретінде қабылдамайды.

 

 

 

 

                          

              Отбасы татулығын сақтау  әдістері

7.1. Отбасылық  психотерапия

Отбасылық психотерапия –тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған  және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның  ерекше  түрі болып табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне «ауру белгісін көтерушіге», отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, терапевтік өзгеріске жетуге деген  отбасы мүшелерінің мотивациясына  да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен  екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады[14]:

1) Отбасылық   анықтау (диагноз), диагностикалық  кезеңі;

2) Отбасылық  қақтығысты жою кезеңі;

3) қайта құру  кезеңі;

4) қолдау көрсету  кезеңі;

Диагностикалық  кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік –тұлғалық  қасиетін есепке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы  қатынасын диагностикалау процесіне психотерапевте  қосыла отырып,  диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде  жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады.  Екінші жағынан ерешелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың  келесі мүшесімен  сәйкестігі, психотерапевтің қатысушылар мінез-құлқы  туралы  бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері ( «отбасы бала көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «шын мәнінде біз қандаймыз») де алынады.

Отбасы  қақтығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде  отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік  байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың  эмоционалды деңгейін төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға бәріне бірдей түсінікті  тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті  алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербалды (Бейвербальді қатынас өрісіне ым –ишара, мимика және адамның басқа да қимыл әрекеттері, даусы және  дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі жатады) құрамда алынған ақпаратты  психотерапевт отбасылық терапияда «робот-манипулятор» тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты  саналы меңгермеген  тұстары вербалды түрге мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.

Қайта құру кезеңі.  Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол  отбасы мәселелерін немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы  ұқсас мәселемен оның туыстарымен  алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг  өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.

Қолдау  көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту  болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.

Отбасы психотерапиясында  жиі қолданылатын тәсілдер:

1)Үнсіздікті  мәнді пайдалану;

2) Тыңдай білу  қабілеті;

3) Сұрақтар көмегімен  меңгерту;

4) Қайталау;

5) жинақтау және  түйіндеу;

6) Аффект бейнесін  нақтылау (ашып түсіндіру);

7) Конфрантация-ерлі-зайыптыларда  саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу  мен саналы меңгеруге мақсатталған.

8) Ролдерде ойнау.

9) «Жанды скульптура»  жасау.

10) Видеотүсіруді  талдау.

 

7.2. Отбасылық  психотерапия мектептері және  бағыттары.

7.2.1. Пало Алто мектебі

Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды.  Хейли айтуынша отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер (тарсырма) қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде  айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт кездесу кезінде және үйге де тапсырма беріп отырады. Тапсырма мақсаты:

-отбасы мүшелерінің  мінез-құлқын өзгерту;

-психотерапевт  отбасы мүшелерімен қатынас құруда  қосымша ынталандыратын  тәсілдер  табу;

-тапсырманы  орындау барысында отбасы мүшелерінің  әрекетін зерттеп білу;

-отбасы мүшелеріне  қолдау көрсетіп отыру, себебі тапсырманы орындау барысында психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып отырады.Хейли сондай-ақ метафралық және парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын еді. Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі болып келді, екіншіде нұсқау бойынша әрект етуде қарсыласу байқалады, бірақ  әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгереді. Пало Алто мектебінде   кесек дене бітімді Мюррей Боуэн отбасы терапиясы бойынша  АҚШ-та  негізін салушылардың бірі. ХХғасырдың  60 жылдарының ортасында отбасы психотерапиясының әдісін, оның  төрт ұстанымын құрасытырды:

1. Қатынасты  анықтау және түсіндіру:

2.«Үшбұрышқа  қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы бойынша  психотерапевт қақтығысқа эмоционалды  қатыспау,  назарын тек қатынас процесіне аудару;

3. Ерлі-зайыптылардың   мәнді эмоциоаналды  қарым-қатынасты  меңгеруі;

4. «Мен-көз-қарасы»  сабағы.

 

7.2.2. Психоаналитикалық отбасы терапия.

Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты - қатысушылардың өткен қатынастағы саналы  түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы,  жеке басының  өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевтер  басқалаларға қарағанда олар да директивке жақын. Осы терапевтік бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей:клнфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация»  техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез  тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы