Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:31, реферат
Бір жағынан, ғылымның дамуымен өркениетті процестің позитивті перспективаларын іске асыру байланысады. Екінші жағынан, ғылым дамуының қалыптасқан нысандары барлық үлкен шамада ғылыми жаңалықтар ашудың нәтижелері мен перспективаларын іске асыру туралы қоғамдық пікірдің алаңдаушылығын тудырады.
Ғылым өткен ғасырларда игілік ретінде басымырақ қарастырылды, бірақ XX ғасырда ғылымның дамуын абсолюттік бағдарлау күдік тудыра бастады. Сірә, қазіргі білім жүйесінде болып жатқан принципті өзгерістер дамуындағы ғылым және әлеуметтік мәдени жағдайлармен өзара байланысы өзгереді.
- циклді және бейінді ғылыми пәндердің өзара әрекеті тиісті белгілі бір ғылымға мақсатты орындауды іске асыру үшін жүзеге асырылады, мысалы, кибернетика тек математика және биологияны ғана емес, алайда жүйе теориясын, басқару әдістемесін, әлеуметтану және т.б. да біріктіреді;
- ғылыми білімнің бағыттарының өзара байланысы нақты проблеманы шешу процесі жүреді, интеграция дәрежесі оның жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі деңгейінің функциясы болып табылады, мысалы, ғаламдық экологиялық проблеманы шешу жаратылыстану, техникалық білімдер және адам туралы ғылымдардың барлық салаларына өзара әрекетті талап етеді.
Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаж, И.Т. Фролов және басқа ғалымдардың ХХ ғасырдың аяғынан бастап қазіргі замандағы көзқарасы қалыптасты, ал оның ерекшелігі - ғылымның проблемалық шоғырлануы жақын арадағы перспективада неғұрлым адам феноменімен анық байланыстырады.
Олардың пікірінше адамды зерттеу жаратылыстану ғылымдарының - физика, химия, биология, техникалық білім - эргономика, техникалық кибернетика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесі - философия, психология, социология, мәдениеттану, саясаттану және т.б., сонымен қатар медицинаны қоса отырып, арнайы пәндер қатарының өзара байланысын және өзара әрекетін ұсынады.
Ғылымдағы бұл үрдістер оның функцияларымен байланысады, ғылымның мынадай бірнеше функциялары байқалады: зерттеу, оқыту, коммуникативтік, әлеуметтік мәдени және дүние танымды.
Зерттеу функциясы. Ғылым нақты шынайылықты зерттей отырып, оның жаңа жақтары мен сапасын ашады, танымның неғұрлым тиімді әдістерін және т.б. анықтайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты объективті шындық заңдылық-тарын талдау болып табылады.
Оқыту функциясы. Оның шеңберінде ғылыми білімді ұдайы өндіру, бір зерттеу жүйесінен басқасына ғылыми көріністерді беру жүзеге асады. Мұның барлығы өз кезегінде ғылым дамуының артықшылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жаңа ғылыми дәстүрлерді қалыптастыратын білім жүйесі, ғылыми мектептер арқылы ғылым кадрларын дайындау процесінде жүзеге асады.
Коммуникативтік функция. Ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасын-дағы ақпаратпен алмасу процесі өзіне, оған нәтижесінде ғылыми қоғамдас-тықтың өзара байланысы нығаятын және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыратын жарияланымдар, конференциялар мен пікірталастарды және т.б. өткізу кіреді.
Әлеуметтік мәдени функция. Ғылым - өркениет негізін құрайтын мәдениеттің базалық элементтерінің бірі болып табылады, ғылымды дамыту деңгейі және сипаты тарихи процесс динамикасында әлеумет мәртебесін көрсететін, маңызды фактор болып табылады. Ғылымды дамыту - өркениеттің позитивті динамизмінің критерийі.
Дүинетанымдық функция. Ғылымның жиынтықты дамуы объективті шындыққа мақсатқа сай келуін анықтайтын принциптер, сенімдер және түсініктер жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін қалыптастырады. Ғылыми көзқарас жалпыланған түр шегінде адамның (субъектінің) табиғатқа (объектіге) деген ұтымды қатынасымен байланыстырады.
Әлеумет дамуының кезеңдерінде ғылымның сол немесе өзге функциялары басымдылық береді. Акцент антикалық кезеңде оның дүниетаным функция-ларына – дүниетанымның стихиялық диалектикалық нысандарына; орта ғасыр кезеңде оқыту функцияларына жасалды, бұл кезеңде ғылым негізінен универси-теттерде шоғырланды; Жаңа уақыт жағдайында – ғылымның зерттеушілік функциясы дамыды, қазіргі замандағы ғылыми білімнің қалыптасуы жүрді.
Ғылымның дамуы XIX ғасырға дейін нақтылықтың әлеуметтік мәдени процестеріне елеулі әсер тигізетіндей негізінен тек имманентті сипатта болды деп айтуға болады. Тек XX ғасырдың ортасына қарай ғана ғылым функциялары танымдық процесінің динамизмін қамтамасыз ететін жүйелік тұтастықты құрастыра отырып, бірлікте болады. Соған қарамастан, XXI ғасырдың басына қарай ғылымның дүниетанымдық функциясы, оның тарихи қалыптасқан функционалдық ерекшеліктерімен біріге отырып, қазіргі замандағы өркениет-тің әлеуметтік мәдени процестерінде айқын басым орын алады.
1.2 Танымның
әмбебап принциптері және
Әмбебап принциптер – танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл мынадай принциптер:
Объективтілік принципі. Ішкі имманентті көріністерден шыға отырып, объектіні қарастыруға деген ұмтылыс (құбылыс, зат немесе процесс).
Сәйкес түрде объективтілік (объективті ақиқат) салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың өзара байланысы, танымдық процесс динамикасында объективтіні және субъективтіні толықтыру ретінде беріледі. Бұл танушы субъектіге сол немесе өзге шамада тәуелді болатын табиғи заттарды тануға, сол сияқты маңызды дәрежеде субъект әрекетінің нәтижесі болып табылатын, әлеуметтік процестерді тануға қатысты.
Объективтілік – қарама-қайшылықтар феномені, бір жағынан, ақиқат адам қызметінің нәтижесі ретінде алға шығады, яғни субъективті элементтен тұрады. Екінші жағынан, оның субъективті пайымдалуынан қарамастан ақиқат объекті-ге тән, сондықтан объективтік принципі - нақтылықты танудың субъективтілігі мен объективтілігінің арасындағы «Ариадна жібі».
Даму принципі. Оған сәйкес заттың, құбылыстың немесе процестің сандық та, сапалық та қатынаста өзгеруі олардың ішкі қасиеті болып табылатын түсінік.
Даму органикалық та, органикалық та емес объектілерге де, сондай-ақ әлеуметтік мәдени жүйелерге де тән болады. Дамудың әр түрлері, атап айтқан-да, жоғары өрлейтін және төмен түсетін, прогрессивті және регрессивті, жоғарыдан төменге, қарапайымнан күрделіге, қажеттіден кездейсоққа және т.б. атап көрсетіледі.
Дамудың жалпы теориясына диалектика кіреді, соның шеңберінде даму-дың ішкі механизмдері және қозғалатын күштері қарастырылады. Диалектика-ның баламасы табиғат маңызының өзгермейтіндігін абсолюттейтін метафизика. Ғылымның механистикалық кезеңіне сәйкес келетін метафизика, ғылыми динамика процесінде игерілді. Синергетикалық амал оны сызықтық емес, қайтымсыз және бифуркациялық процесс ретінде түсіндіре отырып, дамуды сызықтылық сатысынан шығарады.
Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен байланысады.
Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан, объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны (объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.
Айталық, антикалық кезеңде тұжырымдалған, атом туралы абстрактты түсінік тиімді өзгерістерге ұшырады. Болмыстың «бөлінбейтін» мәні тым дискретті болып шықты. Атомның қазіргі замандағы құрылымына электрондар, протондар, бөлшектер, физикалық өрістер және басқалар кіреді. Оның бөлін-беушілігі туралы түсініктерді игеру «атом» ұғымының теориялық байытылуына әкелді.
Тарихи және логикалық бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.
Объектіні объективті зерттеу объектіні динамикада қарастыруға мүмкіндік беретін, тарихи амалды болжайды. Алайда, объектінің тарихи динамизмін ескерсек, ғылыми талдауды объектінің немесе процестің тарихи «кедір-бұдырларын» қалай да «түзететін», логикалық амалдан бастау жиі тиімдірек болады.
Қазіргі замандағы теорияны қалыптастыру кезінде тек ғылыми білімді дамыту логикасы ғана емес, сонымен бірге тиісті тарихи контекст те ескеріледі. Жаңа теория тарихи қалыптасқан ғылыми түсініктерді жай ғана қабыл алмайды, ал оларды сол немесе өзге шамада өздерінің құрылымына енгізеді. Демек, дарвиндік және генетикалық түсініктер бір-бірін қабылдай алмай-ақ, тірі эволюцияны баяндай отырып, бір-бірін толықтырады.
Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының құрылымдық және функционалдық процестерін білдіреді. Логикалық бірлік сол процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған дамуын алған процестермен байланысқан. Егер жанды эволюциясын оның «шыңы» - адамның мысалында зерделесек, онда оның зерттеулері жанды объектілердің даму механизмдерінің ашылуына мүмкіндік туғызады, сол сияқты зерттеудің логикалық деңгейі оның өзімен бөлінбейтін өзара байла-ныста бола отырып, тарихи деңгейден озып кетуі мүмкін.
Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында талдау; жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.
Жүйелілік –
гносеологиялық идеал ретінде түсіндірілетін, танымдық процестің
барлығын қамтушылыққа ұмтылу. Жүйелілік
танымды шектейтін, «ақымақ шексіздікке»
айналмас үшін, жүйенің барлық бағыныңқы
Ғылыми танымның әмбебап принциптері (олардың кейбіреуі жоғарыда қарастырылған) жалпы ғылыми әдістер: индукция және дедукция, талдау жә-не синтез, аналогия және ұқсастық, абстракциялау және дәріптеушілік, мо-дельдеу және ой эксперименті, математикаландыру шеңберінде нақтыланады.
Индукция және дедукция. Индукция (латын тілінен inductio - бағыттау) – сана жеке білімнен жалпыға, заңдар танымына қозғалғанда, жекеден жалпыға өтетін ой қорытындыларына негізделген, таным әдісі. Ғылыми индукция белгілі топтың заттары мен құбылыстары бөліктерінің елеулі қасиеттерінің қайталануы мен өзара байланысына, ал олардан жалпыға ортақ себептік байланыстарды айқындауға негізделе отырып, себептік байланыстарды анықтайды. Индуктивті ой қорытындылары сенімді білім бермейді, тек осындай білімді анықтауға ой «келтіреді».
Дедукция (латын тілінен deductio - шығару) – жалпыдан жекеге ой қорытындыларына негізделген, индукцияға қарама-қарсы таным әдісі. Дедук-тивті ой қорытындылары сәйкес алғышарттарда осындай болған жағдайда, сенімді білім білдіреді. Нақты танымда дедукция және индукция өзара байланысты. Дедуктивті әдістің конструктивтілігі адамның заттық-практика-лық және әлеуметтік-мәдени қызметімен байланысты, басқаша айтқанда, оның тиімділігі сәйкес эмпирикалық материалды жинақтаумен және теориялық түсіндірумен себептелген.
Талдау және синтез. Кейіннен жоғалған тұтастықты қалпына келтіру арқылы тұтасты құрамды бөліктерге бөлшектеудің ойша және нақты процесі.
Талдау (грек тілінен analysis - ажырату) – затты, құбылысты немесе процесті тану мақсатында құраушы элементтерге ойша бөлшектеуден тұратын, таным әдісі. Аналитикалық әдіс бөлікті тұтастың элементі ретінде тануға мүмкіндік береді.
Синтез (грек тілінен synthesis - қосылу) – объектінің көрсетілген элементтерін қандай да бір тұтасқа біріктірумен байланысты, қарама-қарсы ойлау операциясы. Талдау және синтез өзара байланыста болады.
Мәні бойынша, синтез аналитикалық әдістің нәтижелерімен байытылған, танымдық процесті білдіреді. Танымның жалпы тәсілінен талдау және синтез нақты ғылымдарға – математикалық талдау, синтетикалық химия және т.б. сәйкес келетін, арнайы зерттеу әдістеріне айналады.
Жіктеу және қорытындылау. Ғылыми объектілер мен нақтылық процестерін логикалық реттеу.
Жіктеу (латын тілінен classis - разряд және facere - істеу) – зерттелетін заттар, құбылыстар немесе процестерді анықталған белгілеріне сәйкес жекелеген топтарға бөлу әдісі. Оның шеңберінде объектілердің елеулі ұқсастықтары мен айырмашылықтары, мысалы, биологияда және жасанды жіктеуде - кітапханалық алфавиттік каталог анықталатын, табиғи жіктеу атап көрсетіледі. Жіктеу елеулі белгілері бойынша типология ретінде сипатталады, кез келген жіктеу нақты объектілерді тану процесінде жетіліп, айтарлықтай шартты және салыстырмалы болып табылады. Жіктеу – қорытындылау түрі.
Қорытындылау – ойлау амалы, оның шеңберінде болмыстың заттары, құбылыстары және процестерінің жалпы қасиеттері, белгілері мен сапалары айқындалады. Алынған қорытындыланған білім нақтылықтың тереңдетілген көрінісін білдіреді және зерттелетін объектінің мәніне әрі қарай терең кіруді куәландырады. Егер жіктеу шеңберінде объектінің түрлік белгілері, мысалы, «қайың», «терек», «үйеңкі» және т.б. ұғымдар ерекшеленсе, онда қорытынды-лау тектік белгілер деңгейіне шығады, берілген жағдайда - өзгеше сипаттың белгілерін жоққа шығаратын, «ағаш» ұғымы.
Аналогия және ұқсастық. Әр текті объектілер мен жүйелердегі ұқсас элементтерді табу.
Аналогия (грек. analogia – сәйкестік) – тепе-тең объектілердің кейбір қатынастарында, тараптарында және сапасында ұқсастықтарды табуға негізделген әдіс және аналогия бойынша ой-тұжырымдардың логикалық әдісіне сүйенеді. Аналогия ғылым дамуының алғашқы кезеңдерінде сараптаманы және бақылауды айырбастады, антикалық дәуірде «ғылым алды» (натурфилософия) микрокосма (адам) және макрокосма (табиғат) тепе-теңдігінен шыққан. Кейінірек аналогия негізінде адам ағзасы және мемлекеттің ұқсастығы дәлелденді.
Жарық және дыбыс
қасиеттерінің аналогиясының
Ұқсастық – аналогия нұсқасы, алайда ол аналогты объектілерді, бірақ әр түрлі масштабта салыстыру үшін пайдаланылады, мысалы, «ұқсас-үшбұрыш-тарды», яғни біркелкі масштабталғандықпен сипатталатын, геометриялық фигураларды атап көрсетеді.