Гылым философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:31, реферат

Описание работы

Бір жағынан, ғылымның дамуымен өркениетті процестің позитивті перспективаларын іске асыру байланысады. Екінші жағынан, ғылым дамуының қалыптасқан нысандары барлық үлкен шамада ғылыми жаңалықтар ашудың нәтижелері мен перспективаларын іске асыру туралы қоғамдық пікірдің алаңдаушылығын тудырады.
Ғылым өткен ғасырларда игілік ретінде басымырақ қарастырылды, бірақ XX ғасырда ғылымның дамуын абсолюттік бағдарлау күдік тудыра бастады. Сірә, қазіргі білім жүйесінде болып жатқан принципті өзгерістер дамуындағы ғылым және әлеуметтік мәдени жағдайлармен өзара байланысы өзгереді.

Работа содержит 1 файл

Гылым философиясы.doc

— 621.00 Кб (Скачать)

Демек, инженерлік қызмет техникалық идеяны іске асырумен байланысты. Соңғы кезеңдегі аяқтаушы нысаны жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік объектінің немесе процестің тиімді жасауын ұсынады, қызмет етудің талдауы инженерлік ойға әсерін тигізеді, сондай-ақ техникалық білімнің және тұтас алғанда ғылымның дамуына әсерін тигізеді.

Социумның алдында туындаған техника-технологиялық проблемаларды барабар шешу техникалық, жаратылыстану және әлеуметтік мәдени ғылымдар-дың элементтерін техникалық білімнің кейбір бірыңғай жүйесіне шоғырлан-дыру проблемасын жандандырады. Оны әр түрлі атайды: техникалық жүйелердің жалпы теориясы, техникатану, техникалық шығармашылықтың жалпы теориясы және т.б. Бұл теориялардың мәні біреу – шоғырландыру үрдістері негізінде оның шеңберінде техника-технологиялық жүйелерді тиімді жобалау және конструкциялау алғышарттары жасалатындай, техникалық білімнің теориялық негіздерін тұжырымдауға болады. 

2.7 Техникалық  прогресс динамикасы және бағдарлары. ҒТР мәні және оның негізгі бағыттары 

Техникалық  прогресс - социумның техника-технологиялық даму нысандары мен кезеңдері. Техникалық прогрестің әр түрлі критерийлері тарихи жағынан атап көрсетіледі: атап айтқанда, ғылымның дамуы, техниканың өсуі, технологияны жетілдіру және т.б., олардың негізінде қазіргі замандағы өркениеттің техникалық даму динамикасында төрт анықтайтын кезең (революция)  анықталды.

Бірінші техникалық революция алғашқы қару-жарақтар өнертабысымен байланысады.

Атап айтқанда осының нәтижесінде "алғашқы адам" қоршаған табии әлемнен ерекшеленді, өзінің сәйкестігін айқындады және қорғап қалды. Неолитикалық (бірінші техникалық) революция алғашқы қауымдық социум-ның қажеттіліктерінің өсуі мен тұтыну шаруашылығының шектеулі мүмкін-діктері арасындағы нақты дауды жеңудің алғышарттарын құрды. "Алғашқы адам" қоршаған табиғи әлемде өзінің мәртебесін еңбек қарулары – шаруашы-лық қызметтің тиімділігін арттыратын, өзіндік "жасанды органдар" есебінен  нығайтты.

Екінші  техникалық революция (XVIII ғ. өнеркәсіптік революция) басымы-рақ қару-жарақ қызметінен салыстырмалы түрде ірі машина өндірісіне өтумен байланысады.

Машина өндірісіне негізделген өндірістік-шаруашылық қызмет адамды ескішілдік функциясынан босата отырып және еңбек өнімділігін маңызды арттыру үшін алғышарттар жасады және қазіргі замандағы өркениеттің соңғы әлеуметтік мәдени динамизмін қамтамасыз етті. Өркениетті дамудың осы кезеңімен қатар адам, техника және биосфера арасындағы өзара қатынастарда қазіргі замандағы өзекті қарама-қайшылықтар негізі қаланды.

Үшінші  техникалық революция  XX ғ. ортасында ғылыми-техникалық  революция түрінде "ғылым – техника - социум" жүйесіндегі, яғни оның бағыныңқы жүйелерін құрайтын өзара байланыспен байланысқан радикалды өзгерістер жиынтығы ретінде іске асты.

Алғашқыда ҒТР-мен өркениетті дамудың басым көпшілігінде позитивті-экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтік перспективалары байланысты болды. Кейінірек ҒТР-мен байланысты процестердің екі жақтылығы пайда болды. Бір жағынан, ҒТР жағдайында өндірістік-шаруашылық қызметтің тиім-ділігі маңызды артады. Мысалы, ХХ ғ. 60-70 жылдарында дамушы елдерде "жасыл революцияға",  аграрлық секторда қазіргі замандағы технологияны – дақылдардың жоғары өнімді сұрыптарын, батыс техникасы және т.с.с. пайда-лануға маңызды мән берілді. Мұның барлығы да шынында дамушы елдерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде радикалды ілгерілеушілікке әкелді. Басқа жағынан, алайда "жасыл революция" дамушы (оңтүстік) елдер үшін бейімдел-меген қазіргі замандағы техника және технология ерекшеліктеріне сүйенген ұлттық және аймақтық экожүйелер үшін маңызды келеңсіз зардаптарға әкелді.

ҒТР әлемдік  әлеуметтік-экологиялық қарама-қайшылықты шиеленістірді, экологиялық дағдарыста қазіргі замандағы техногенді өркениетті "жорғалап келу" шындығын байланыстырды. Дағдарыс биосфера және ғылыми-техника-лық қазіргі замандағы өркениеттің өндірістік-шаруашылық дамуының – ғылымды экологияландыру, тұйық технология, биотехнология және т.б. сияқты қалыптасқан нысандары мен әдістері арасындағы антогонистік экологиялық сәйкессіздікті түзетуге шақырған, ҒТР бағыныңқы жүйелер ретінде экологиялық революция процесінде жұмсарту сәтті болды.

Төртінші  технологиялық революция – ХХ ғ. екінші жартысында өркениеттің маңызды және анықтаушы ресурсында материя және энергиямен қатар ақпаратқа айналумен байланысты "ақпараттық революция".

"Ақпараттық  революция" негізінде "ақпараттық  қоғамның" қалыптасуы экономикалық  өсімнің басым идеяларына ғана  емес, бірақ әлемдік әлеуметтік табиғаттық жүйелер мен олардың элементтерінің сапалы даму динамикасымен байланысты жаңа типтегі техникалық прогресс деңгейіне шығу жорамалданады. Жаңа типтегі техникалық прогрестің басқа ерекшелігі оны құраушылардың әлеуметтік мәдени типі болып табылады, соның шеңберінде техникалық бағдарлар және әлеуметтің стереотиптері маңызды шамада оның қажеттіліктерімен және мақсатты нұсқамалармен байланысады.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) – ерекше тарихи феномен немесе өзіне ғылым және техникада да, технологияда да болған радикалды өзгерістерді қосады. ҒТР ғылыми және техникалық революцияны кіріктіру процесі ретінде қарастырады, "ғылым-техника-өндірістің" бірыңғай жүйесін қалыптастыру туралы сөз болуда және соның шеңберінде оның барлық элементтерін қозғай-тын және адам (әлеуметтік мәдени) факторында  радикалды өзгерістер болады.

ҒТР маңызына деген  әр түрлі көзқарастар тарихи жағынан  қалыптасты; ал бір зерттеушілер оның мәнін ғылымды "тікелей өндіруші күшке" айналдыру туралы тезисті  іске асырумен байланыстырса; басқалары – машиналы фабрикалықтан кешенді-автоматтандырылған өндіріске өтумен; үшіншілері – басқару жүйесінде радикалды өзгерістермен, төртіншілері – техника мен биосфера және т.б. өзара қатынастарының сипатымен байланыстырды.

ҒТР - интегралдық-кешенді феномен немесе басқаша айтқанда, соның шеңберінде "адам – техника – табиғат - әлеумет" ішкі қатынастары өзгерістері-нің жиынтығы ретінде көрінеді.

Алайда анықтаушы  факторлардың бұл өзгерістері іс-әрекеттің  алдында болып өткен нысандарымен салыстырғанда, тікелей басқару функциялары өндірістік-шаруашылық қызмет жүйесінде адамнан салыстырмалы түрде автоматтандырылған техника-технологиялық құрылғыларға өтеді. Адам қызметтің жаңа құрылымына өндіруші емес, ал бақылаушы, реттеуші және басқарушы функцияларды таратушы ретінде "кірістіріледі", технологиялық өркениеттің маңызды ұмтылысы үшін алғышарттар жасалады. 

ҒТР жағдайында процесс белсенділенеді, бір жағынан, техника мен технологияны "ғылымдандыру", яғни техника-технологиялық процестер мен объектілердегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қарқынды пайдалану, ал екінші жағынан, жаратылыстануды "технологияландыру" процесі, яғни техника-технологиялық проблематиканың ғылыми жаратылыс-танумен неғұрлым белсенді байланысуы жүреді. Тиісті өзгерістер адам туралы ғылым жүйесінде жүреді, жаратылыстану-техникалық білімнің "ізгіліктендіру" және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндерді "ғылымдандыру" және   «технологияландыру» үрдісінде іске асады.  

ҒТР "ғылым-техника" жүйесі элементтерінің тарихи өзара  байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызады. Бір жағынан, қазіргі заманға деген қажеттілік-тер тиісті ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне назар аударуды талап етеді. Ал екінші жағынан, іргелі ғылыми зерттеулер тәжірибелі конструкциялық және техникалық үлгілерде эксперимент түрінде негіздеу мен іске асыруды талап етеді.

ҒТР жағдайында жаратылыстану динамизмі техникалық прогрестің қарқыны мен бағыттарын анықтайды, атап айтқанда, атомдық физикадағы зерттеулер атом энергетикасының және биологияда - биотехнология, информа-тикада - техникалық кибернетиканы, химияда – технологияның қазіргі заман-дағы нысандарын құруға мүмкіндік туғызды. Физика, химия, биология және басқа пәндер тоғысында ғылым жетістіктерін іске асыру принципті түрде жаңа өндірістер – жартылай өткізігіштер, монокристалдар және қабыршақтар  және т.б. сияқты жасауға сүйенді.

Тарихи жағынан  ҒТР-дың бірнеше бағыттары атап көрсетіледі. Олардың кейбіреулерін атап өтейік:

- энергетикалық  бағыт, қосымша энергияның негізгі  перспективалы қайнар көзі ретінде  қарастырылған атом энергетикасының дамуымен байланысты; 

- ғарыштық бағыт,  ғарышты игеру саласында, ғарыш  кеңістігіне адам және аппараттың  ұшу кезіндегі зерттеулердің  прогресін тудырады;

- химиялық бағыт,  полимерлердің берілген қасиеттерімен  белсенді әзірлеу-ге, тепе-тең табиғат қосылыстарына (капрон, нейлон және т.б.)  негізделген.

- технологиялық  бағыт, неғұрлым жетілдірілген  технологиялық жүйелердің пайдаланылуымен байланысты (автоматтандырылған жүйелер, салыстыр-малы тұйық технология және т.б.).

ҒТР кешенді  техникалық ғылымдар - космонавтика, кибернетика, инфор-матика және көптеген т.б қалыптасуын ынталандырды. Бұл типтегі ғылымдар тек жаратылыстану және техникалық ғылымдар тоғысында қалыптаспайды, бірақ өзінің жүйесіне әлеуметтік-гуманитарлық білімнің түсініктерін енгізеді. 

ҒТР жағдайында технологияның дәстүрлі типтері  арасындағы шекара жойылып кетеді, мысалы, дамыған биотехнология механикалық, химиялық және  биологиялық процестер тоғысында негізделеді.

Алайда ҒТР  техникалық прогрестің алдындағы кезеңдерінен айырмашы-лығы мынада, атап айтқанда, оның шеңберінде өндірістік процестерді ұйымдастыру ЭЕМ артығырақ қолданумен жүзеге асырылады. Технологиялық процестерді басқару автоматтандырылады, ал адам факторымен басымдық көрсетілетін программалар және бақылайтын функциялар байланысты болады. Күрделі объектілерді басқару жүйесі көп деңгейлі болып қалыптасады.

Дәстүрлі түсініктерге сәйкес технологияда өндірістік-шаруашылық қызметтің заттық және энергетикалық элементтеріне маңызды мән берілді. ҒТР жағдайларында ақпарат автоматтандырудың негізгі элементі ретінде технологиялық прогрестің маңызды бөлігі болады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін ендіру технологиялық процестерді басқаруды жобалау-конструкторлық қызметпен жақындастырады. Инженерлік жобалау тікелей технологиялық процесті басқарудың оңтайлы технологиясын таңдау үшін ғылыми жаратылыстану және технологиялық білімді пайдаланады, ал әлеуметтік-гуманитарлық сипатты білім  автоматтандыруға "адамзат өлшемін"  беруге мүмкіндік береді. 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Адам философиясы

 

 

 3.1 Адам таным  объектісі ретінде. Адамды зерделеу деңгейлері 

Адам  философиясы - генезис және адам дамуының динамикасы (антропо-генез) және отбасынан адамзатқа дейінгі әр түрлі деңгейдегі адам қоғамдас-тығы (социогенез) туралы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесі. Басқаша айтқанда, бұл – адам және қоғам феноменін зерттейтін әр түрлі ғылымдар тоғысында қалыптасқан және белсенді дамыған теория-практикалық білімнің жиынтығы.  

Адам туралы ғылымдар, бір жағынан, адамның мәнін  анықтауға, "адам-табиғат", "адам - қоғам", "адам - техника" жүйесіндегі  оның көп түрлі байланыстары мен қатынастарын анықтауға және зерттеуге ұмтылады. Ал басқа жағынан, адамды аралық феномен ретінде қарастыратын кезде оның тұтастығын негіздеуге мақсатты нұсқама  іске асырылады.

Осыған ұқсас  тарихи түсінік ғылымда антропологиялық принцип негізінде қалыптасты, оның мәні мынада, адамның өзімен пәндік-танымдық қызмет байланысады. Адам объективті шындықты танудың негізгі және анықтаушы феномені ретінде баяндалады.

Антропологиялық принцип генезисі антик дәуірімен  байланысады. "Адам барлық заттардың өлшемі: нақты заттар үшін – олардың шынайылығы;  нақты емес заттар үшін – олардың шынайы еместігінің өлшемі", - деген Протагор.

Кейінірек адамды "философияның жалғыз, бірегей және жоғары құралы" (Л. Фейербах) ретінде қарастырды деген маңызды көзқарас қалыптасқан болатын. Бұл идея адам туралы философиялық проблематика тоғысатын ғылымдар ретінде  "философиялық антропология" (М. Шеллер) шеңберіндегі дамуда ие болды.

Н.Г. Чернышевский "Философиядағы антропологиялық  принцип" (1860) атты жұмысында атап айтқанда, адамның табиғи болмысының өзі  нақты  ғылыми зерттеудің негізі болуы тиіс. Әрине, оның  "антропологиялық материализм" анық көрінген тарихи-әлеуметтік сипатта болды. 

XX ғасырда антропологиялық тәсіл ғылыми танымның принципі ретінде белсендірек тарала бастады. П. Тейяр де Шарденнің пікірі бойынша  "ақиқатты ғылым", мысалы, "ақиқатты физика", дүние туралы тұтас түсініктерді қалыптастыру үшін "адамзат өлшемін" енгізуі тиіс. Қазіргі замандағы ғылымда осы текті идея  "антропологиялық принцип" деген атауға ие болды.

Антропологиялық принцип объективті шындық шеңберінде анықталған заңдылықтардан шығады, адамды таным қызметінің субъектісі және объектісі  ретінде тіршілік етуімен байланыстырады. Әлемде болып жатқан процестердің бұл мағынасында адамның пайда болуы, тіршілік етуі дәне дамуы контексінде баяндалады. Басқаша айтқанда, антропологиялық принцип субъект және объектінің, адам және биосфераның, адамзат және Әлемнің бірлігін білдіреді.

Информация о работе Гылым философиясы