Өздик жумыс курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ 7
1.1 Өзіндік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ 13
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс
жасауға үйрету жолдары 13
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Работа содержит 1 файл

өздик жумыс курстық жұмыс.doc

— 130.00 Кб (Скачать)

3)сұрақтарға жауап беру;

4)тексті оқу, ондағы ең маңызды мәселені бөліп көрсету;

5) тексті оқу және жоспар құру;

6) оқулықта берілген материал негізінде таблицаларды, схемаларды, графиктерді құру.  Әсіресе, текстің жоспарын құруға оқушының өзін үйрету керек. Мысалы, 4 сыныпта «Бұрыш, тең бұрыштар» тақырыбына құрылған жоспардың бірін келтірейік.

Бұрыш – геометриялық фигура; бұрыштың белгіленуі, беттестіру арқылы бұрыштарды салыстыру, бұрыштардың теңдігі, бұрыштың төбесінен жүргізілген сәуле, бұрышты қақ бөлетін сәуле, бұрыштың биссектрисасы.   Оқулықта келтірілген материалдарды немесе тарихи мағлұматтарды пайдаланып, математикалық шығарма немесе мазмұндама жаздырудың орны ерекше. Мәселен, 4 сыныпта,»Жай сандар», «Табиғаттағы симметриялар» тақырыптары бойынша шығарма жаздыруға әбден болады.

Оқулықпен жұмыс істеген кезде олардың оқушыларды кітаптың мазмұны және атау көрсеткішімен таныстырудың зор мәні бар. Бұл үшін алдымен оқулықтағы қажетті материалды көрсетуді оқушылардан талап ететіндей жағдайды әдейі туғызады.   Мәселен, «Теңдеулер мен теңсіздіктер» тақырыбын өткеннен соң оқушыларға «теңдеу дегеніміз не?» деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап бере алмағандарға оқулықтың мазмұнын «Теңдеу» тақырыбын тауып, теңдеу деп қандай өрнекті айтатынын оқып шығуды ұсынады. Кітап оқығанда суреттермен, таблицалармен немесе графиктермен жұмыс істеудің рөлі ерекше. Олар көп ретте есептің шешуін оқушылардың өздігінен табуына және теориялық есептерден қолданымды есептерге көшуге көмектеседі. Ұғымдарды дұрыс меңгеріп, түсіну үшін оқушылар әрдайым сөздіктерден, анықтамалардан қажетті терминдердің мән-мағынасын өздігінен іздеп табуға машықтануы керек.

Оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйрету ісі тек ұдайы жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана өз жемісін береді. Оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі математика курсын игеру процесінің маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру үшін оқулықтың тиісті параграфын оқытумен, есебін шығарумен шектелмей, керісінше, оны түрлендіріп отыру қажет. Үй тапсырмаларының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйге берілетін есептерге ұқсас есептерді сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша математикалық диктант, конспекті жаздыру және т.б жолдармен анықтайды.

Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық, әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды меңгеруді жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта өткен материалды оқулықпен немесе ондағы қосымша мағлұматтармен байланыстырмаса, сыныпта шығарған есептерге ұқсас есептер бермесе оқушылар сөзсіз қиындыққа ұшырайды.

Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ерекше икемі бар оқушыларға әр түрлі тақырыпқа творчестволық тапсырмалар беріп, зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда, баяндама немесе рефераттар жазғанда ерекшк қамқорлық көрсетудің орны бөлек. Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберу немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – творчестволық жұмыс.

Математикадан өздігінен творчестволық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелеп, математикалық ой өрісін дамытады. Творчестволық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәләметтер бойынша байсалды қорытынды жасауға үйренеді. Мұның өзі оқу процесінде оқушылардың творчестволық қызметінде ерекше мән беру қажеттігінкөрсетеді. Әдетте, оқушылардың творчестволық жұмысына мынадай жұмыстар жатады: 1) үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе теоремены дәлелдеу; 2) бір есепті бірнеше тәсілмен шығару; 3) есепті не мысалды оқушылардың өздеріне құрғызу; 4) математикалық шығармалар жаздыру; 5) оқушыларға баяндама және реферат даярлату және т.б.

Оқушылардың творчестволық қызметінің дамуына мәліметтері құбылмалы тапсырмалардың атқаратың ролі зор. Себебі, мәліметтері құбылмалы тапсырмалар дербестікті, ізденуді талап ететін творчестволық танымдық қызметінің элементтерінің қамтиды. Мәселен, 4 сыныптың оқушылыранан  творчестволық қызметті талап ететін мына есепті қарастырайық.

Есеп. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра  алынды. Сұрақ қойып, есепті шығарыңдар.

Бұл есепке оқушылар екі сұрақ қоюы мүмкін: 1)Мектеп оркестрі үшін қанша домбыра алынды? 2)Оркестрге барлығы қанша аспап алынды?

Егер есепке 2-сұрақ қойылса, ол екі тәсілмен шешіледі.

Тәжірибиенің көрсетуінше, мұндай есептерді шығарту олардың мәліметтерінің арасында байланыстар орнатуға, талқылауға, ойлауға, қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады. Мұның өзі творчестволық қызметке тән сипат.

Орындалу уақыты жағынан творчестволық  тапсырмалар әр түрлі болады. Осындай тапсырмалардың бірі математикалық шығармалар жаздыру.

Егер оқушы математикалық шығарма жазғанда ізденгіштік танытса, қайсібір фигураның қасиеттерін анықтаса, математикалық сөйлемдерді өздігінен дәлелдесе, онда ол жұмыс соғұрлым құнды әрі қызықты болмақ. Бұл бағытта салу есептерінің, әріп коэффициентті теңдеулер жүйесін шешіп, зерттеудің берері мол.

Сонымен бірге, ғылымда бұрынан белгілі, бірақ программада жоқ сөйлемдерді оқушы өздігінен дәлелдесе, оны қуаттап отырған мақұл.

Математикалық шығарма жазу оқушылардан: 1)қосымша әдебиеттер оқуды; 2) оқыған материалдарды қорытуды; 3) жазба тілдің қалыптасуын; 4) жазғандарын көркемдеуді талап етеді.

Сондықтан мұғалім қажетті әдебиеттердің тізімін оқушыларға берумен бірге, оларды зейін қоя оқуға, оқыған материалдарын өз сөздерімен конспектілеуге, түсінді мәселелерін бөліп алуға, оларды рет-ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн.

 

2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

Өндіріс процестерінің дамуы, өндірістің жеке сұраныстарға қарай бағытталуы түптеп келгенде еңбек мазмұны мен қызметкерлер біліктілігіне деген талапты да күшейте түспек. Жаңа жағдайдағы жұмыс тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі-бұл оқушылардың дербестігі дер едік. Бұған мектепте ерекше мән берілуі тиіс.

Бұл проблема әрқашан да мектеп назарынан тыс қалып көрген емес. Аталмыш жұмыстар барлық пәндер бойынша жүргізіледі, дербестік аспектілер, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеулерде кеңінен қарастырылған. Әйтсе де, процесі мен технология барысында дербестікті қалай, қай кезде пайдалану қажет-бұл мәселе әлі толық шешімін таппаған. Мысалы, Қазақстан Республикасында бұл оқу пәні енгізілгеннен бері оқушылардың технологияны үйрену барысындағы дербес жұмыстарының өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. В.А.Перов, В.Ф.Клим, И.Н.Яровой, Н.Т.Малюта, В.И.Рыбенцев еңбектерін талдау да осы пікірімізді айғақтап түспек.

Осы проблеманы зерттеу үстінде біз екі бірдей мәселеге кезігіп отырмыз:

1)    оқушылардың дербес жұмысының мән-мағынасы;

2) дербес жұмысты ұйымдастыру қандай болмақ және оны басқару жайы.

Аталмыш мәселелердің теориялық жағынан негіздеп алмай алда тұрған проблеманы ойдағыдай шешу де мүмкін емес. Сондықтан, зерттеуіміздің алғашқы қадамы ретінде "дербес жұмыс" деген ұғымды анықтап алдық. Осы мақсатпен психологиялық-педагогиалық зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жүргізіледі. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, әлгі ұғымды анықтау үстінде авторлар оның мынадай белгілерін айқындайды:

1) іс-әрекет түрі;

2) оқу процесінің түрі;

3)оқу әдісі;

4) оқу жұйесінің тармақтары;

5) шеберлік жиынтығы т.б.

Жоғарыдағы жайлар бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бір-бірін толықтырып отырады. Оқушылардың дербес жұмысы - өзінің функциасы, міндеті және құрылымы жағынан алғанда өте күрделі құбылыс.

Егер оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыру жағынан алып қарар болсақ, ғылыми еңбектерде оның 3 түрлі тәсілі баяндалады: 1)оқушы жұмысты мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше атқаруы тиіс; 2)оқу материалын шәкірт өздігінше ой елегінен өткізіп, ұғына білуі шарт; 3)жұмысты орындау барысында оқушыға дербестік беріледі (тапсырманың қандай мазмұнын таңдайды, жұмысты қалай атқарады - өз еркінде болады). Жоғарыда баяндалған жайларды талдай келе, мынадай тұжырым жасауға болады. Технологияны үйретуге арналған дербес  жұмыстар оқушыларды қажетті білім, шеберлік және дағдылармен қаруландырып, оларды белгілі бір мамандыққа қарай бейімдеуі тиіс.

Өзіміз жүргізген бақылаулар мен зерттеулерге қарағанда, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырудың екінші бағытында мұғалімдір мынадай міндеттері орындайды: оқушыларға нақты тапсырмалар береді; жеке немесе оқушылар тобының іс-әрекетіне бақылау жасайды; сыныптағы жұмыс ырғағын қамтамасыз етеді, оқушылар еңбегін бағалайды т.т.

Оқушылардың дербес жұмысын ұымдастырудың бірінші бағыты бойынша мұғалім функциясы да кеңейе түспек. Бұл орайда оның өз шәкірттеріне деген көмегі, қолдауы, демеу қосымша функциялар болып саналады. Осылайша "мұғалім-оқушы" атты біртұтас жүйе қалыптасады. Оқу, жұмыс барысында ұстаз өз шәкірттерінің қателіктерін түзеп, кездескен қиындықтарын жоюға, ортақ мақсат жолына оның барлық қажыр-қайратын жұмылдыруға көмектеседі. Осылайша оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру оны басқарумен ұштасып жатады. Олай дейтініміз оқытушы өз шәкіртінің оқуы мен іс-әрекетін жоспарлап, үйлестіріп, реттеп, есепке алып, бақылап, нәтижесін талдап, саралап отырады.

Біздің пікірімізше Л.С.Выготскийдің ілімі осы процестің методологиялық негізі болып қалмақ. Өйткені, оқушының дербес өмірінде ұстаздың жетекшілік те, бағыттаушылық ролі де айқын көрінеді. Өйткені, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, кемелденуі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Дербес жұмыс істеу мынадай жайлармен айқындалады;

1) оқушылардың оқу, еңбек үстіндегі дербестігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажеттілігінен;

2)оқу тапсырмаларын дифференциялауға болмайтындығынан;

3) дербес жұмыс істеуге шеберлік пен дағдының қалыптасып үлгірмеуінен;

4) оқу процесін реттеу, үйлестіру қажеттілігінен,

Технология жөніндегі оқу бағдарламасы бойынша барлық оқушылар оқу материалдарын толық игеруі тиіс. Ал, мұның ойдағыдай орындалуы мұғалімнің әрбір шәкіртке көрсетер көмегімен өлшенеді. Осыдан барып «Педагогикаға негізделген көмек» деген ұғым туындайды.

Педагогикаға негізделген көмек деп мұғалімнің өз шәкіртіне берген тапсырмасының ойдағыдай орындалуына жасаған қамқорлығын айтамыз. Бұл үшін мұғалім өз шәкіртінің психологиялық ерекшеліктерін, бейімділіктерін және мүмкіндіктерін жетік білуі тиіс. Педагогикаға негізделген көмек әдетте түсіндіру, ұғындыру, еске салу, сұрақтар қою сияқты түрлерді қамтиды. Айталық, мұғалім әртүрлі металды қандай кескішпен кесу керек екенің түсіндірді делік. Егер шойын болса кескіштің 70°, болат болса- 60°, мыс болса-40°, қалайы болса- 30° болуы шарт. Шәкірт кескішті дұрыс таңдай алмаған жағдайда ұстазы оны тура жолға салып, қателігін мойындауы ғана емес, сондай-ақ одан дұрыс қорытынды шығара білуінің өзі өте маңызды. Осылайша оқушы шеберлігі де ширап, шындала түспек. Мұндай жағдайда шәкіртке тікелей көмек көрсетіле бермейді. Мұғалім шәкірттің ойлау жүйесін дұрыс жолға бағыттап, әрі қарай жалғастырып әкетуіне даңғыл жол ашты.

Жоғарыда баяндалған жайларды қорыта келе деобес жұмыстың мынадай негізгі белгілерін жүйелеуге болады:

1. Мұғалімнің тапсырма беруі, оны оқушылардың ұғынуы, зерделуі;

2. Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт;

3. Ой және дене еңбегінің тапсырманы орындауға жұмылдыруы;

4. Педагогикаға негізделген көмекке сүйене отырып, істің нәтижелі болуына орай жасалған қолайлы жағдай;

5. Терең білім жолындағы оқушы ізденістері;

6. Оқушылардың өз білімін дағдысы және шеберліктерін практика жүзінде қолдана білуі.

Жалпы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі, оның қабілетінің, іскерлігінің артуы сөз жоқ оны ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлінің жоғары екендігінің дәлелі.

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Қорыта келгенде, әр оқушының психологиялық жас ерекшеліктеріне, тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор. Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында оқушының психологиялық жағынан көңіл-күйі де өзгеріп отырады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары көбіне сұрақ- жауап әдісімен орындалатын жұмыстарға бейім, ал жоғарғы сыныптарда оқушылар қызықты оқиғаларды, тарихи оқиғаларды, әлеуметтік жағдайларды спорт пен ғылымдағы жаналықтарды көбірек білуді қалайда. Сондықтанда психологиялық жас ерекшеліктерін, сыныпқа  бейімделуін есепке алу өздігінен жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс түрлерін таңдаудың, белгілеудің басты талаптарының бірі болып қала береді. Мұны әрбір ұстаздың есте ұстағаны абзал.

Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде әр бір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімдік деңгейін көтеру болып табылады. Математика ғылым мен техниканың тілі болып табылады,  сондықтан оны оқып білу адамның ақыл - ойының  дамуына үлкен әсер етеді. Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі оқушының білім алуына үлкен әсерін жан-жақты тигізеді. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қараған дұрыс. Өйткені ол психологиялық жағдай туғызумен қатар, білімді саналы меңгеруге ықпал етеді. Оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы тек икемділік дағдылары арқылы ғана орындалады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтар дәлелдеп көрсеткен болатын.

Информация о работе Өздик жумыс курстық жұмыс