Ойлау туралы курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 22:46, реферат

Описание работы

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

Психология ғылымына кіріспе
Психологияның ғылым шығу тарихы
Психология ғылымының салаалры

Работа содержит 1 файл

Психология.docx

— 29.25 Кб (Скачать)

Семинар тақырыбы: Психология ғылымына кіріспе

Семинар сұрақтары:

  1. Психология ғылымына кіріспе
  2. Психологияның ғылым шығу тарихы
  3. Психология ғылымының салаалры

 
          Психология - психикалық құбылыстардың (жан  қуаттарының») пайда болу, даму және  қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін  ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен  кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда  тәуслсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы   себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттәры» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дуыиеде табнғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, еоның бір көрінісі, уйқы кезінде ол денеден уа-кытша ріығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып ке-леді, егер келмей калса, адам өледі деп түжырымдадьі Жан туралы осындай акимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара-сында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипиин) тұрғындары тағалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді депді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің үғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Либипон тайпасының индеецтері «доакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,  үғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінік дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Психология жануар мен  адам жанының пайда боуы, даму және қалыптасу заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жан құбылстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен нәрселерінің мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қазақша рефераттар қабілет, қызығу, мінез т. б . - осындай бейнелер түрінде көзімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі қолданнатын сөздер. Бұлардың мән - мағынасы мен заңдылқтарын жантану дейтін ғылым арқылы танып - біліп, ұғынуға болады. Жантану(психология) термині гректің екі сөзінен тұрады. Оның біріншісі, "псюхе" қазақша ( жан) , екіншісі, "логос" (қазақшасы - сөз, ілім - білім) сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім" дейтін түсінікті білдіреді. Бірақ психологияны қысқа түрде " жан туралы ілім" деп айта салмай, өз алдында крделі заңдылқтары бар, дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет. 

Адамның жан дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен қазақша рефераттар оларды белгілі жүйаеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен айтқанда, оның психикасы бір - бірімен тығыз байлансты үш отпқа бөлінеді. Олардың бірі - психикалық процестер, екінші бір тобы - психикалық кейіп немесе қалып, ал үшіншілері - кісінің жеке - дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп аталады. 
Психиканы материялистік және идеалистік тұрғыдан түсіну.

Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.

Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда  болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа  бағынбайтын, одан оқшау тұратын  ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды.

Психология ғылымының  тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

Психология ғылымының  салалары мен тармақтары 
Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.

Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық)  псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады. 
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тэрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.

II. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

III. Арнаулы психология. Бұл  адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады. 
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” — зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

IV. Еңбек психологиясы  — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. 
Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия — бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” — жұмыс және “номос” — заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теорйя-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам — машина — орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды. 
Авиацшлық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді. 
Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді. 
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.) қатысты больш келеді.

Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс