Курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым жалпы ақшаның даму тарихы мен ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Мен тақырыбыма сәйкес, курстық жұмысымды бірнеше тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке қарастырдым:
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Ақшаның формалары мен түрлері
Ақшаның қызметі
Ақша теориялары және олардың дамуы
Ақша айналымының құрылымы және ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Ақша айналысының ақша заңы, ақша массасы және жылдамдығы

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ….………………….5
АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ...………………………...…...7
II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1. АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ........…………………………………………...…….14
2.2. АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ…....……..…………21
III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
3.1. АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН
БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ..………..………………………………...…26
3.2. АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ
ЖЫЛДАМДЫҒЫ..............................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........………………………………….…...32

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 66.52 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Экономика факультеті

Экономика және басқару кафедрасы    

Курстық жұмыс 

Пәні:  Экономикалық теория

Тақырыбы:  Ақшаның  пайда болуы, мәні және қызметі 
 
 

                                                                               Орындаған:  ЕжА-101 тобының

                                                                       студенті  А.Б. Каламгазина

                                                                       Тексерген:    Аға оқытушы 

                                                 А.М. Сахиев  
 
 
 
 

Ақтөбе-2010

      ЖОСПАР

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

    1. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ….………………….5
    2. АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ...………………………...…...7

II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ 

2.1.   АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ........…………………………………………...…….14

2.2.   АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ…....……..…………21

III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ 

3.1.  АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН    

         БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ..………..………………………………...…26

3.2.  АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ 

        ЖЫЛДАМДЫҒЫ..............................................................................................27 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........………………………………….…...32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

    Тақырыптың  өзектілігі: Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны-белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны-мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

    Ақшанаң пайда болуын түсіндіру үшін «тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».

    Ақша  өндіріс элементін дамытудың  теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және Қазақстан Республикасында  қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелерін анық, ашып көрсету.

    Курстық жұмыстың барысында, ақшаның пайда  болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, түрлерін, заңдылықтарын, жүйесін жалпы айтқанда ақшаның шығу тегімен айналымының  эволюциясын қарастырдым.

    Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым жалпы ақшаның даму тарихы мен ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Мен тақырыбыма сәйкес, курстық жұмысымды бірнеше тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке қарастырдым:

    • Ақшаның пайда болуы және оның мәні
    • Ақшаның формалары мен түрлері
    • Ақшаның қызметі
    • Ақша теориялары және олардың дамуы
    • Ақша айналымының құрылымы және ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
    • Ақша айналысының ақша заңы, ақша массасы және жылдамдығы

    Ақша  – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі мақсаты, ақшаға өткен, бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірі мен экономикада алатын рөліне тоқталу. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және  ол  байлық пен құнның бірігуі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

    1. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
 

Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі  мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

    Ақшаның пайда болуы,жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде  екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

    Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

    Біздің  пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алуышылық құны.

    Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады.Ал бұл ақшаның туындауы үшін обьективті алғышарттарды  қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және  құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады.Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

    Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

    Құнның  ақшалай формасы ары қарайғы  айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда  алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті, жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1унция – 1фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан  алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен  анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

    Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

    Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен  өрнектеледі:

  • Ақшаның жалпы тікелей  айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде  әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
  • Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда  салыстырады;
  • Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары  арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
 
    1. АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ  МЕН ТҮРЛЕРІ
 

Ақша  айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни  ақша біртекті масса болып  табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге  айналым шарттары бойынша  алуан  түрлі болып келеді. Іс жүзінде  ақшаның формасы  дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

      Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрге бөлуге болады.

    Толыққұнды  ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

      Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

    Ақша  өзінің даму эволюциясында мынадай  сатылардан өтті.

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондық ақша.

    Металл  ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, алтын, күміс) әр түрлі флормада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монете түрінде шығарылды.

    Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

    Мемлекет  монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

    Металл  ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс, монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

    Алғашқы монеталар  біздің дәуірімізге дейінгі  VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279 жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

    Өз  бейінін монетада кескіндеген тұлға  А. Македонский болды.

    Ақшаның  рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын  өрнектеу қасиеті табиғи қасиет болып  саналмайды.        К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды  деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға  қоғам тарапынан берілді. Алтын  жалпы балама  рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін  тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады.

    Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

    Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен  салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек  уақыт шығыны кетеді.

    Алтынды өндіру – өте қиын әрі капитал сыйымды жүмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

    Алтынның  негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

    Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен  алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

    Тауарлық  өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының  өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар  шектеулі саны және жоғары шығындарына  байланысты шаруашылықтың өскелең  сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін  қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты  қамтамасызете алмады, сонымен бірге  жоғары құндылығы бар алтын ақшалар  құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болды.

Информация о работе Курстық жұмыс