Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 10:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.
КІРІСПЕ 3
1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ 7
1.1 Өзіндік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ 13
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс
жасауға үйрету жолдары 13
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтететін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеу материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы- олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъектісі ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың бірі- оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.
Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.
Өзіндік жұмыс – оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік жұмыстың әртүрлі жіктеулерін келтіруге болады:
1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін, тексеретін, алынған білімді баянды ететін және т.б.
2.Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; мазмұны әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалатын.
3.Білім материалдары бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабараториялық және графикалық жұмыстар.
4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.
Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады. Олар мыналар:
1) үлгі бойынша орындалатын;
2) реконструктивті- вариативтік;
3) жаңалық ашатын;
4) шығармашылық.
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды. Реконструктивті- вариативтік өздік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді. Мысалы: «1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?», «Әтеш бір аяқпен тұрса 2.5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?»
Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқушыға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдер мынандай шарттарды қолдануы жөн:
1. өзіндік жұмысы барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы түсінуі керек.
2. оның орындалуы жайлы оқушыларға нұсқау беру керек.
3. жұмыстың орындалуын қадағалау керек
4. өзіне - өзі талдау жасау, байқау
5. оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.
Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекеттің нәтижесі – олардың білімді өзбетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ІС- ӘРЕКЕТІ
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары.
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Өздік жұмыстар ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет:
1.Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3.Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4.Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5.Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен топпен жұмыс барлық оқушымен болады.
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмысы, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.
Мен өз баяндамамда өздік жұмыстар өткізу үшін жасалатын әртүрлі карточкалармен тапсырмалар туралы сөз етпекпін.
Орташа оқитын оқушылар үшін үлгі-карточкалар жасаймын.
1. Мысалы: 4-сыныпта «Тез есептеп үйрен»
(490/7*5+10)/9*3 (70*8+70)/9*3/7 280/7*4/2*3/6
Осындай үлгі карточканы әр тақырып бойынша жасауға болады.
2. Карточканың 2-ші түрі "шығаруды аяқта" деп жеке параққа есептің басын шығару, қалғанын оқушы аяқтайды.
Мысалы: 6ц 20кг + 3ц 80кг = ...ц 100кг
2м 4дм 3см + 3м 5дм 6см = ...м 9дм 9см
1000 – 380 = ...20
3.Теңдеуді шешкенде, мысалды шығарып, жауабын жазып, тек теңдіктің екі жағын теңестіруді өздік жұмыс ретінде беруге болады.
Мысалы: х : 9 = 187 х = 9 * 187
х = 1683 1683 : 9 = 187 187 = 187
4.Тест жұмысын жүргізгенде, мен перфокартаны пайдаланам, оның өлшемдері 20*13 N- тапсырмалар саны; a, b, c, d- жауаптар. Берілген нұсқаны тақтаға немесе плакатқа жазамыз. Көбінесе, бір нұсқада орындаған қолайлы. Перфокартаның сыртын целофанға жазады, тапсырма орындалып болғаннан кейін, өшіріп тастаймыз. Сонда перфокарта келесі өздік жұмысқа дайын болады. Жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін мұғалімде жауабы жазылған 1 перфркарта болады. Немесе барлық тапсырманың жауаптары бір бағанда болса, мұғалімге тексеру жеңіл болады.
N | a | b | c | d |
1 |
| + |
|
|
2 |
| + |
|
|
3 |
| + |
|
|
B жауаптар дұрыс
5.Сәйкестік тест жүргізгенде, әр оқушыға жеке карточка жасап таратылады. Немесе, жалпы сыныпқа арналған, тақтаға ілу үшін, бір үлкен плакат жасалады. Онда оқушыларға жалпы тапсырма беріледі, ауызша мысалдар шығарылады.
6.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз. Қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беріледі, оқушы өз қатесін тауып алады. Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.
7. Бұл жеке, топтық және түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі. Топтық болғанда 4 оқушы бір топ, немесе 3 қатар болса, 3 топ деп алып, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады – үлгерімі жақсы оқушы. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектесіп отырады. 2 топ бойынша өздік жұмыс істегенде, әр топ келесі топқа өз сұрақтарын кезекпен қояды. Мұнда оқушылар үйде өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер, сөзжұмбақтар дайындап әкеледі. Сұрақтың жауабын өздері біліп, дәптерге не бір параққа жазып қояды.
8.Оқушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар, жасауды тапсыруға болады. "Қызықты есептер", "Логикалық есептер" деген реферат жасату т.с.с. өздік жұмыс жүргізуге болады.
9.Тақтада мынадай өздік жұмыс өткізуге болады. Екі оқушыны тақтаға шығарып, бір тапсырма беру, кім дұрыс әрі тез шығарады.
Мысалы: Сан қатарларын әрі қарай жалғастыр –
1) 1, 3, 7, 13, 21, 31, ... 2) 3, 4, 7, 12, 19,28, ...
10.Өздік жұмыс жасауға үйрету жолдарының бірі - әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай білуі. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жасау әр оқушымен жеке жұмыс істеуге көмектеседі.
М.М Жанпейісованың технологиясы бойынша әр түрлі деңгейдегі карточкалар дайындап, өз сабақтарымда қолдандым, "Δ" –белгісі бар карточка "3" деген баға, "□" – белгісі "4", "O" – белгісі "5" деген бағаны көрсетеді, егер оқушы осы тапсырманы орындаса, сәйкес бағасын алады. Немесе "сары" - "3", "жасыл" – "4", "көк" – "5" деген карточкалар жасалады.
1 – деңгей сұрақтары едәуір күрделі шығармашылық сипатта болады.
2 – деңгей сұрақтары ақпаратты талдай білуді талап етеді.
3 – деңгей сұрақтары тақырып бойынша негізгі ұғымдарды біліп, жеткізе алу.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалдарды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер т.б. оқу құралдары жинастырылуы керек. Дегенмен, оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше.
Барлық ғылыми- техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Басқа пәндер сияқты, математика оқулығы теориялық және практикалық материалдарды қамтиды және оқушылардың жалпы жас ерекшеліктерін ескергенімен, олардың жеке бастарындағы, жалпы дайындық деңгейлеріндегі алшақтықтарды ескермейді. Оқулықтың, басқа қосымша оқу құралдарының ерекшелігі – жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіндегі қабылданған математикалық білімнің деңгейін, көлемін және құрылымын анықтайды. Дәлірек айтқанда, оқулық – оқыту ісінде бас тартуға болмайтын мемлекеттік документ.
Сондықтан мұғалім математика оқулығының, басқа оқу құралдарымен салыстырғандағы жетістіктері мен кемшіліктерін, методикалық құралдарда ұсынылатын кейбір қағидаларды қолдану ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Сонымен бірге ғылымның дамуын көрсету үшін, оқушыларға жеке ықпал жасауы үшін оқу материалын ғылыми – методикалық және ғылыми - бұқаралық әдебиеттердегі материалдармен ұдайы сабақтастыра оқытып отырса нұр үстіне нұр. Әр сынып оқулықтары қажетіне қарай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен, графиктермен қамтамасыз етілген. Методикалық тұрғыда бұлар өзін - өзі ақтаған материалдар, сондықтан оларды оқу процесінде тиімді пайдалану керек.
Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге үйрету үстінде математикалық тексті талдау, ең маңыздысын бөліп көрсету, оларға сұрақ қоя білу, сұраққа жауап бере білу, жауаптардың жоспарын жасау, таблицалар мен суреттердегі қажетті мәліметтерді іздей білу, сызбаларды оқи білу сияқты маңызды мәселелердің назардан тыс қалмауы керек. Тексте баяндалған мағлұматтарға зейін қоя білу, параграфтың соңында берілген немесе мұғалім қойған сұрақтарға текстен жауап іздеу, графиктер мен таблицалардан мәліметтер ала білу, алфавиттік көрсеткіштерді пайдалану сияқты оқулықпен жұмыс істеудің алғашқы машықтары 4-5 сыныптарда қаланады. Айтып беруге тиісті материалдың жоспарын құруды үйрету ісін алдымен мұғалімнің басшылығымен және көмегімен сабақ үстінде бастаған жөн. Бұл оқушылардың математикалық тексті зейін қоя оқу, оқығандарын ой елегінен өткізіп, талқылау және ой түю машықтарын шыңдауға көмектеседі. Ал оқу материалының жоспарын құру оқушылардың аналитикалық – синтетикалық қызметін дамытып, текстегі ұғымдардың арасында байланыстар орнатуға машықтандырады. Осыған орай, оқулықтағы теориялық материалмен жұмыс барысында мынадай тапсырмаларды орындатады:
1)анықтамамен жұмыс істеу: анықтаманы оқу;
2)жоспар бойынша оқығандарды айтып беру;