Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:51, курсовая работа
Курстық жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарының сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдық бала тәрбиелеудің орны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы балалардың өзіндік орнын баса көрсетуде
І. Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсіздігі.................................5-7
2.2 Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы....8-11
2.3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру.......................12-13
2.4 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.................................................................................................................14-23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................................24-26
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет.............................................................................27-28
М А З М
Ұ Н Ы
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш мектеп
оқушыларының даму теңсіздігі....................
2.2 Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы....8-11
2.3. Оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін ескеру.......................
2.4 Оқу-тәрбие
үдерісінде оқушылардың жас және дара
ерекшеліктерін ескеру........................
ІІІ. Қорытынды.....................
ІҮ. Пайдаланылған
әдебиет.......................
К
І Р І С П
Е
Курстық жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарының сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдық бала тәрбиелеудің орны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы балалардың өзіндік орнын баса көрсетуде.
Оқушылардың өзінше бейнелі әңгіме (ойыншықтар, заттар туралы) немесе сюжетті картиналар сериясы бойынша әңгімелер құрастыруға үйретумен байланысты арнайы жүргізілетін жұмыстарды өткізу кезінде бала тілі қалыптасып, ой-санасы өрістей түсуге мүмкіндіктер туатыны анық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Эксперименттік- тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс-шараларында қолдануға болады. Жүргізілген зерттеудің қорытындылары ата-аналар мен ұстаздарға, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы тәрбиелеудің қазірден бастап маңызы зор екендігі байқалады.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат.
Курстық
жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден,
екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
2.1 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру
Бала дамуында жалпы және ерекше құбылыстар ажыралады. Жалпы құбылыс белгілі жастағы барша балаларға тән, ал ерекшесі жеке балада көлінеді. Ерекше қасиет-сапалар даралықты танытады. Даралық бір нақты баланы басқа балалардан ажырататын интеллектуалды, ерік, моральдық, әлеуметтік және басқа да бітістердің бірлігімен сипатталады. Табиғат адам тегіне үлкен жомарттық көрсеткен: жер бетінде екі бірдей адам ұқсас болмаған және болуы да мүмкін емес. Әрбір бала өз дарындылығында жалғыз да қайталанбас.
Даралық нақты ерекшеліктерде (өзгешеліктерде) көрінеді. Олардың шығу негізі – әр баланың өз даму жолының болуынан, жоғары жүйке іс-әрекетінің типологиялық бірегейлігігінен. Осылардың салдарынан баланың сапа-қасиеттерінде өзіндік белгілер таңба басады. Даралық түйсікте, қабылдауда, ойлауда, есте, қиялда, қызығуларда, бейімділікте, қабілеттерде, темпераментте, мінезде, яғни адамның барша психикалық болмысында байқалады. Даралық ерекшеліктері тұлғаның дамуына ықпал жасайды, барлық сапалардың белгілі күйге келуі, негізінен, осы психикалық ерекшеліктерден.
Оқу мен тәрбиеде балалардың ерекшеліктерін ескеру қажет пе? Әлбетте, «иә» деп жауап бересіз. Бірақ, бұлай болмайды. Мамандар арасындағы бұл тақырыпта көп пікір таласы өрбіген. Бір көзқарастар – жалпы мектеп даралықты ескере алмайды, тіпті ескеудің қажеті де жоқ, әр балаға өз алдында мектептің икемдесуі мүмкін емес. Барша балаға мұғалім бірдей қатынас жасаса, жетіп жатыр. Ұқыпты мен еріншек, дарынды мен қабілетсіз, әуесқой мен ештеңемен қызықпайтын балалардың оқуы мен тәрбиесінде қандай да айырмашылықтың қажеті жоқ. Бастауыш мектепті бітірген адам жалпы, баршаға бірдей білімділік пен тәрбиелілік стандартымен сипатталады.
Бұл
тұрғыдан Гегельдің мына пікірі өте
дәлелді: «Адамдардың өзіндік
Жаңаланған педагогика бұл мәселе бойынша басқаша бағыттан ой сараптайды: тәрбие балалардың даралық ерекшелігін ескеруі және оларды пайдалануы қажет. Педагогиканың маңызды принциптерінің бірі ретінде даралықты тану – бала тұлғасын және оның өмір жағдайларын тереңдей біліп, мұны оқушы дамуын басқаруда орынды қолдана білу әр мұғалімнің мінднті. Даралық бағыттағы педагогика – оқу мен тәрбиенің мақсаттары және негізгі мазмұнының жеке оқушыға иемделуін көзге ұстамай, педагогикалық ықпал формалары мен әдістері мүмкіндігінше жоғары тұлғалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін даралық ерекшеліктерге сәйкестендірілуі қажет. Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерін, белсенділігін, бейімділігін және дарынын дамытуға аса қолайлы мүмкіндіктер түзуге жәрдем береді. Мұндай тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті кем оқушылар, сонымен бірге, дамуы ауытқылуы және кешеуілді балаларға мүлде қажет. Жоғары деңгейде дамыған балалар, вундеркиндтер де осы бағытта тәрбиеленгені жөн.
Қандай да салада аса дарындылық көрсете алған балаларға вундеркинд (немісше «вундер» - ғажайып, «кинд» - бала) атауы берілген. Мұндай аса дарын иелері – жас балалар жөнінде қазіргі заман ғылымы не дейді? Олардың белгілі саладағы қабілеттерінің ерте оянғаны болмаса, басқа балалардан аса айырмашылығы жоқ. Дарынды балалар өзінің алдына қойған мәселелерін аз уақыт ішінде күш жұмсап шешуге бейім. Бұдан олар шаршамайды, жеткен табысымен қанаттана түседі. Арнайы сынақтарда дарынды балалар нақты әрі тар салада ғана жоғары қабілет көрсетуге бейім. Бірақ, вундеркинті қалыпты өлшемдермен бағалауға болмайды.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, досжарандармен сөйлессек те - осының бәрі - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе-бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдapмен тікелей байланысып жатады.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мұның бірі - нақты (реалды) топтар. Бұл - ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама
тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп
емес, бір-бірімен тікелей қарым-
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне карай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ - бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу - осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекеше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі - ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бірбірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу - ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды.
Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір рөль атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың дейік, біраз уақытан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы ұжымның қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның ішінен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. Мұның себебіне келсек: біріншіден, олардың топ мүшелерімен қатынас жасай білу қасиетінің жоғарылығында, яғни басқаның «жүрегіне жол таба» біліп, қашанда көпшілікке жақын, белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Сөйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір түрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторын да ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жұдырық жұмсай білетін құрбыларын құрметтейді.