Өздик жумыс курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ 7
1.1 Өзіндік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ 13
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс
жасауға үйрету жолдары 13
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Работа содержит 1 файл

өздик жумыс курстық жұмыс.doc

— 130.00 Кб (Скачать)


 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ              3                                                                                                                                 

1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ              7                                                                         

1.1 Өзіндік жұмыстың анықтамасы               7                                                                        

1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар              8                                                  

1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары              10                                                                           

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК

ІС-ӘРЕКЕТІ              13                                                                                            

2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс

жасауға үйрету жолдары              13                                                                  

2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы

мұғалімнің рөлі              21                                                                                                        

ҚОРЫТЫНДЫ              25                                                                                                        

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ              26                                                             

 


КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.

Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны таным процесіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер - ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі мен мәні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды, оған өзі риза болады. Сондықтанда оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей байланысты.

Педагогикада өздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу.

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздеттіру кезделген.

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары берген жауапты толықтыру; математикалық конференцяларда жасаған баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту; жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау; рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемелер, альбомдар) жасау; экскурсия кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар: 1) білім алу және оны одан әрі тереңдету, 2) іскерлік пен машықтарды қолдануға бағытталған.

Зерттеу мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарын үйретуде жүргізілетін өздік жұмыстар және онымен жүргізілетін жұмыс кезеңдері.

Зерттеу әдістері: Бастауыш сыныптарда зерттеу әдістерін таңдап алу көптеген факторлармен анықталады. Қазіргі жағдайда мектеп алдына қойылатын оқытудың жалпы міндеттерімен, оқып үйренген математиканың мазмұнымен балалардың тиісті материалды игеруге дайындық деңгейлерімен анықталады.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың математика пәнінің ерекшеліктеріне және математика пәнінің бастауыш сыныпқа өздік жұмыс түрлеріне  негізделген әрекеттерінің жүйесі.

Зерттеу болжамы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту арқылы мұғалім оқушыларға өздік жұмыстарының түрлерін беру. Оқушылардың математикадан өздік жұмыстарды меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістерімен құралдарын тағайындайды.

Зерттеу көздері: Тақырып бойынша әдістемелік ғылыми еңбектер, мектепке арналған оқулықтар, оқу бағдарламалары, математиканы оқыту әдістемесі пәндерін оқыту тәжірибесі.

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың ауызша және жазба, кластағы немесе үйдегі, жалпы кластық, топтық, жаппай және жеке түрлері пайдалынылады.

Оқу материалының мазмұнына, оның оқулықта баяндалу ерекшеліктеріне, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа факторларға сәйкес дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстардың әр түрін немесе олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлауы тиіс. Оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және олардың ынтасын арттыруы шарт. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың тың материалдан тұруы, практикалық қолданыстары анық, зерттеу сипатында болғаны орынды.

    Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды бірте-бірте күрделендіру, олардың творчестволық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мідениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.

Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы-сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысында қамтиды. Аз зерттелген және оқушының өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы және де өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологилық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.

Өздік жұмыс, бұрынан белгілі болғандай, мектепте оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы  және сыныптан тыс немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша, даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлерін түсінеді.

Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық анықтамасы, ол бойынша, бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері (мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты мектепте факультативті курстарды ұйымдастырудың жалпы контексін дамытуда өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана "оқудан тыс" деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы. Оған қойылатын талаптар сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды.  

 

 

 

 

1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС-ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ

1.1 ӨзІНдік жұмыстың анықтамасы

 

  Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтарын жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.

Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.

Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс-үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тепсырмаларын орындауы. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.

Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысы мен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психалогиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.

 

1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.

 

Өзіндік жұмыстың өзгешелігін (бұл сөздің нақты, іс-әрекеттік мағынасында) сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптармен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кенейтіп және жетілдіру тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады.Тағыда оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды болып табылады.

Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып, оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өзбетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілік пайда болуына алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі «жастар» ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді пайдалана алады).

Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан ажырататын ерекшелігі: оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі, сондай-ақ өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында, дамыта оқытудың көрінісі блоып табылады.

Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету, пән аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынумен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі  бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс- оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.

 

 

1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыс түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.

 

Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кесте1).

Информация о работе Өздик жумыс курстық жұмыс