Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

-тұтас педагогикалык  процестің оқу жұмысында қолданылуы:

-таным іс-әрекетінің  сыныпта және сыныптан тыс  уақыттағы байланысы (сабақ, семинар,  факультатив, экскурсия т.б.):

-оқушылардың  сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі  өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада  т.б.).

Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалык  процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден. олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір  айырмашылық болмайды.

 

18.2. Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Оқушылардың оқу қызметі  олардың мұғаліммен үйлесімді іс-әрекеттерінің  сипатынан көрініс алады. Оның фронтальды, яғни мұғалімнің оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, өзіндік  жұмыстары сияқты бағытта ұйымдастырылады. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың  арасынан ең тиімді ой-пікірді таба отырып, оқу ситуациясын туындатуы, қойылған міндеттерге жауап іздеуі, оқушыларды толық тыңдауы, түзетулер  енгізуі маңызға ие болады.

Жеке жұмысты ұйымдастыру  барысында оқушылардың өзіндік  іс-әрекеттері есепке алынады. Жеке жұмыстарға өзіндік тұрғыдан әдебиеттермен, тұжырымдармен  жұмыс жасауы,  шығарма, эссе, реферат  жазуы жатады. Яғни, жеке жұмысты  ұйымдастыру барысында жеке және жекелендіру сияқты екі тапсырма орындалады.

Топтық жұмыста:

  • сыныптың топқа бөлінуі;
  • әр топтың берілген тапсырманы орындауы;
  • топтың жаңалығына сай тапсырмалардың іріктелуі;
  • сабақ мазмұнына сай топ құрамының өзгеруі;
  • топ құрамының деңгейлеріне сай құрамның сұрыпталуы сынды іс-әрекеттер жасалады.

Оқушылардың оқу қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мұғалімнің сабаққа  дайындығына тікелей байланысты. Оның сабаққа дайындығы сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және құрылған жоспарды әр сабаққа сәйкестендіру  болып бір-бірімен байланысты екі  кезеңнен тұрады. Оқытушы өткізілетін  сабағы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырады. Сабақты жоспарлауда  және оны өткізу технологияларын  дайындауда: сабақ мақсатын, жүргізу  жолдарын және сабақ жоспарының арнайы жазылуы қадағалануы тиіс.

Жалпы алғанда мұғалімнің сабаққа дайындығы – оның оқу  материалын тиянақты талдауы, оқу кезеңдерінің сәйкес құрастырылуымен қатар, оқушылардың  материалмен жұмыс жасау кезіндегі  туындағы сұрақтары, жауаптары, тұжырымдары  сондай-ақ меңгеру және  қабылдау процесі. Сабақ беру барысында, оның қысқаша конспектісі де даярлануы  тиіс. Сабақ нәтижесі, тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана байланысты емес, сондай-ақ оқушылардың да психологиялық  даярлығына да байланысты. Оқушылардың  даярлығы сабақ соңында  мұғалімнің келесі сабақ жоспарымен таныстырып, бағыт беруінде болып табылады.

Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра  алуына, оларды қызықтыра білуіне  және алынатын нәтижені болжай білуіне  тікелей байланысты.

 




Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері