Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

ХҮІІІ ғасыр  аяғы ХІХ ғасырдың басында білім беру мазмұнының ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта, дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңерегінде Я.А.Коменский  өз еңбектерінде, дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XІX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруда материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде  оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Яғни, бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қортынды жасай аламыз. Екінші теория, білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұстанушыларға: Героклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Героклиттің тұжырымы бойынша: “Адамды оның көп білімі, ақылды етпейді”- деген. Мұны, Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидаларын - И.Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А.Дистервег өзінің  “Неміс оқытушыларына басшылық” –атты еңбегінде өзіндік көзқарасын білдірген. Ол, білім беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу,ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттігіне мән беру керек деген. Формальды оқытуды  жақтаушылар да, алғашқылар сияқты оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К.Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып, екі теорияны да сынға алды. Ол, “Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді”- дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған  білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К.Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында  материалдық және формальдық  әдістерді  бірлікте қарастыру идеясын ұсынған.

Педагогикада білім беру мазмұны -  жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тәрбиемен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да, алдымен білім беру мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмаса керек.

Сонымен, білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным  арқылы көзқарасын қалыптастастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Яғни, білімді адам дегеніміз ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.

 Білім  мазмұны оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі. Ал, оның мәні әрбір ғылыми пәндерден ғылыми  білімді игеру,  тәжірибеде қолдана білу.

Педагогика ғылымының мазмұны, оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі.  Білім берудің мазмұны мен оның мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он – он бес жыл шамасында, күн тәртібінің алдыңғы қатарына ендірілді.  Аталған мәселе, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М. Бим-Бада, және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, талданған.

 И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп түсіндірген, сонымен қатар шығармашылық іс-әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады. Бірқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық өмірдегі шынайы құбылыстарды  түсіндіруде оқу пәндерін  өзара кіріктіруді  негізге алуды ұсынған.

Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім  беруде, ал оның ғылым мен  техника және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында  оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда.

Білім беру мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени тұрғыдан мазмұнын дамыту  мақсатында : ғылым туралы толық мәлімет беру ( білім мамұнының негізгі теориялары, заңдары, ұғымдары,т.б.); білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнін ашу; білім алушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру; әртүрлі пәндерді оқытуда берілген мерзіміне, көлеміне қарай беру;  білім беру мазмұнын әлемдік тәжірибмен ұштастыру; оқу орнының оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай құру қажет.

Білім беру мазмұнының мақсаты қашанда қоғамның қажеттілігін, жеке тұлғаның сұрансы мен қызығушылығын қанағаттандырып отыруы тиіс.

Білім беру мазмұнының сипатын, жеке тұлға бойында саналы өзгеріс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз, субъектінің санасы мен қасиетіндегі елулі өзгерістер.

Бұл мәселе тұрғысында В.С. Леднев , білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бнйынша негізінен нақты оқу процесін игерумен байланысты. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын құрастырғанда, оның     ұстанымдары мен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде  қалыптастыру барысында  теориялық мазмұнының негізі болып табылатын пән, оқу материалдары, педагогикалық іс-әрекет, білім алушының тұлға ретіндегі бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының гуманитарландыру ұстанымы ең алдымен білім алушыларға жалпы адамзаттық мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тікелей байланысты. Білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның гумандық мәдениетінің негізгі компоненті: өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті; экономикалық және еңбек мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты.

 Жалпы білім беру мазмұны оның негізгі компонентеріне байланысты , яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі.

Сонымен білім мазмұны ол білім  алушылардың оқылатын пәндер бойынша  меңгерген білім, білік, дағдылары.

16.2 Білім мазмүнының негізгі  компоненттері

Қазіргі өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық- танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай  білім беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлі тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негізінде педагогикалық бейімделу мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететін өндірістік фактор  ретінде сипатталады.

И.Ф.Харламов білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретін білім, дағды, іскерліктері тұтастықта қарастырылады.

Оқыту, үйрету  барысында білім алушылар міндетті түрде білім мазмұнының құрамы ретінде  дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет, деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттің барлық құрамы талданбаған, сондықтан да  білім,білік, даңдының негізі сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері, жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Білім беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат- гумандық тұрғыдан ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сай келеді. Білім мен тәжірибені іске асыру барысында аталмыш тұжырымдама шығармашылық-танымдық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі ретінде есептеледі. Яғни:

  • табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып білім алушы дүниенің шынайы бейнесін  қалыптастыру, танымдық  іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді;
  • белгілі іс-әрекет тәсілдерінің арасында тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі, тәжірибені кеңейте түседі;
  • шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа  проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін- іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Әрбір адамның қалыптасуының  көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкене кезінен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу керек.  Яғни, қоршаған ортаға, алған біліміне байланысты әрбір адамның құндылық дүниесі қалыптасады.

Адамдардың  қоршаған дүниеге қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Білім беру мазмұнының компоненттері білім, іскерлік (білік), дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады. Шығармашылық іс-әрекет те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас  білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігімен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білім жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жадайының, екінші жағынан  іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі  мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып саналады.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысында танымдық, коммунитивтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады

Әрбір халықтың білім алуға құштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, саралап оқыту т.б. арқылы іске асырылады. Біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа,бағдарламаға сай іске асырылады және ол мемлекеттің құзырына кіреді. Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түрене (мектепке дейінгі,орта мектеп, арнайы, жоо т.б.) байланысты құрастырылады. ЖОО стандарты белгілі бір мамандық бойынша қойылатын талаптар, оқытылатын пәндер және олардың мазмұмыны, оқу жоспарын құрайды.

Ал оның нормативтік құжаттарының негізін: оқу жоспары, яғни оқу пәндері  мен ретін, мерзімін, бақылау түрін  белгілейтін құжат;оқу бағдараламалары-білім  берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат; оқулықтар құрайды.

  Білім беру мекемелерінің  білім беру мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының пәндік мазмұнын береді. Білім беру мазмұны жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға көмектесуге бағытталады. Мұнда оның негізгі компоненттері, атап айтқанда білім, білік, дағдысы қалыптастырылады.

 

 

 

17 дәріс.Қазіргі кездегі оқыту құралдары мен әдістері

Мақсаты: Қазіргі кездегі оқыту  құралдары және әдістер, әдістемелер жиынтығымен таныстыру.

Жоспары:

1. Қазіргі кездегі оқыту  әдістері.

2. Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі.

 

Негізгі ұғымдар: оқыту құралдары, әдістері, шәкірт ұстаз ынтымақтастығы, әдістер жүйесі және т.б.

 

17.1. Қазіргі кездегі оқыту  әдістері

1960-1970 жылдар  аралығында оқытудың түсіндірмелі  – иллюстративті түрі практикада  кең орын алып келгені бәрімізге  белгілі. 1960 жылдың аяғында оқушылардың  танымдық қабілетін дамыту тұрғысында  дидактика ілімінде жаңа бағыттар  пайда болды. Оқытудың бұл түрі  зертеушілердің пайымдауынша, оқытудың  озық әдіс-тәсілдерін қолдану  білім сапасының деңгейін көтеруге  ықпал етеді. Оқыту әдіс тәсілдері  дегеніміз – белгіленген оқу  мақсатына жету үшін мұғалім  мен оқушы  іс-әрекетінің үйлесу  тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды  білім және білікпен қаруландыратын  құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдістерінің құрылымы өте  күрделі. Оның мазмұндық құрылымын  анықтағанда, ғалымдар ең алдымен  атқаратын қызметін естен шығармау  керектігін ескертеді.  Оқыту  әдістері, оларды дұрыс  оқу  мақсаттарына орай, бір-бірімен тығыз  бірлікте, атқаратын қызметіне қарай  қолданғанда ғана тиімділігі  артады. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, мотивациялық  қызмет атқарады, сондықтан әдістерді  сабақтың дидактикалық мақсаттарына  сәйкес қолдана білудің маңызы  зор. Мұны жүзеге асыратын тікелей  субъект оқытушы екендігі, ең  алдымен оның теориялық білімінің  тереңдігі мен әдістемелік-кәсіби  шеберлігіне байланысты.

Әдіс –«методң гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолың немесе «зерттеуң деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.

Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін  әр түрлі  топтаудың жүйесі қалыптасқан.Дидактика  ілімінің көрнекті өкілдері И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқыту әдістерінің  сипатына қарай 5 түрін ұсынады.

  1. түсіндірмелі-көрнекілік әдісі: білімді «даярң күйінде алу, яғни студенттер репродуктивті ойлау деңгейінде қалады.;
  2. репродуктивті: үлгі, ереже негізінде оқу
  3. проблемалық хабарлау, оқу материалын бере отырып, проблема қою, оқу іс-әрекетінің нәтижесін дәлелдей отырып,мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Бұл қазір кең қолданылып жүрген әдіс;
  4. ішін ара -іздену немесе эвристикалық әдіс. Ойлау процесіөнімділік сипат алады. Үйренуші өз бетімен жұмыс жасайды және олар үнемі бақылауда болады;
  5. зерттеушілік әдіс (оқушының өз бетінше шығармашылық-іздену әрекеті);  

Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері