Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

Жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде  халық педагогикасы факультатив  ретiнде оқытылса, ал арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында  этнопедагогика, этнопсихология пәндерi өтiлетiн болды. 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ халық педагогикасының  бiрiншi, екiншi дәуiрi және оған  тән тәрбиелiк ерекшелiктер.

2.Қазақ халық педагогикасы дамуының  үшiншi, төртiншi дәуiрлерi және оларға  тән ерекшелiктер.

Қазақ халық педагогикасы дамуының бесiншi, алтыншы дiуiрлерi және оларға тән тәрбиелiк ерекшелiктер.

4.Қазақ халық педагогикасы дамуының  жетiншi, сегiзiншi дәуiрлерi және оларға  тән ерекшелiктер. 

Бұл аталғандар ұлттық тәлiм-тәрбие iсi мен ғылыми зерттеу жұмыстарының алғаш бастамасы ғана. Алайда арнаулы  орта және жоғарғы оқу орындарына арналған ұлттық тәлiм-тәрбие оқулықтары мен ұлттық педагогика және психология тарихын бүгiнгi күн талабы тұрғысынан қарастырып жазылған ғылыми-зерттеулер еңбектерi қажет-ақ. Оларды жазу үшiн ең алдымен ұлттық педагогика мен психология ғылымдарының ғылыми зерттеу әдiснамасы керек. Осыған орай, алғашқы бастама ретiнде, қазақ этнопедагогикасының өзiндiк ұлттық ерекшелiктерiн және оның ғылыми педагогикалық принциптiк сабақтастығын ғылыми-әдiстемелiк тұрғыда арнайы сөз етудi мақсат еттiк.  

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм”. 2004 ж.

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ  тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат”  1995 ж.

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова  М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж. 

 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Бизақов С. Түбi бiр түркiлер.  Қазақ энциклопедиясы.

2. Эстетическая мысль. М; “Республика” 1992 ж.

3.Дастандар көп томдық. “Жазушы” 1989 ж.

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI. 

 

3.1. Этнопедагогикалық түсiнiктерге ғылыми анықтамалар 

 

Жоспар: 

 

1. Этнопедагогиканың зерттеу объектісі.

2. «Халық педагогикасы» ұғымын  зерттеушілер.

3. «Этнопедагогика» ұғымын зерттеушілер.  

 

 

 

Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бiр ме? Болмаса олардың өзiндiк ерекшелiктерi, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу объектiсi не? Ендi осы мөселелерге арнайы тоқталайық.

Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта “Халық педагогикасы” деген ұғымды зерттеушiлер бiр-бiрiне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр (65,). Олардың бiрiншiлерi: халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса, екiншiлерi: әр халықтың педагогикалық тәжiрибесi, ал үшiншiлерi: халықтық педагогикалық ойлары мен iс-әрекетiнiң бiрлiгi, төртiншiлерi: халық тәрбиесi туралы ғылым деп қарайды.

Халық педагогикасының  теориялық негiздерiн зерттеушi ғалым  Е.Л.Христова халық педагогикасын  — “халықтың таптық педагогикалық  санасы” деп, ал “дәстүрлi педагогиканы — белгiлi ұлттық педагогиканың санасы” (85, 14) ретiнде қарастырады.

Зерттеушi педагог Г.С.Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық  мәдениетiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде  қарастырып, оны “жүйе” дегеннен гөрi, “бiлiм мен дағдылар жиынтығы” (18, 21) деген пiкiрдi құптап келдi. Виноградовтың пiкiрi бойынша, халық педагогикасын халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесi ретiнде қарастыру қажет.

Халық педагогикасымен  ұзақ жылдар бойы айналысып, келелi үлес қосқан көрнектi ғалым Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет “этнопедагогика” деген ұғымды енгiздi. “Этнопедагогика — халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы — халықтық ауыз әдебиетiнде, салт-дәстүрлерiнде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетiн педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжiрибесiнiң жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi ерекшелiктердi зерттейдi. Онда — халыққа қажеттi қасиеттердi қалыптастыру үшiн пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, мiндеттердiң, әдiс-құралдардың, тәсiлдердiң жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады” дей келе, оның зерттеу тақырыбы — тәрбие, ал тәрбие объектiсi — адам, тұлға”,— дейдi Г.Н.Волков (16, 16).

Ал педагог және философ  ғалым Г.Н.Филоновтың анықтамасы бойынша: “Халық педагогикасы — жергiлiктi халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдiс-тәсiлдерi. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмiр барысында  бiлiм мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжiрибенiң, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыс ережелерiнiң, қоғамдық дәстүрлердiң, белгiлi идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрiнiс табады” (36, 16) дейдi.

Педагогикалык энциклопедиялық  сөздiкте: “Халық педагогикасы дегенiмiз — ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесiндегi ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерiнiң, мәдени ойлау процесiнiң эмпирикалық негiздегi озық үлгiлерiнiң жиынтығы. Халық педагогикасының негiзгi түйiнi — еңбек тәрбиесi және өндiрiстiк бiлiм, дағды, шеберлiктердi жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершiлiк, имандылық рухында тәрбие беру” (65, 291),— деген анықтама берiлген. Бiз осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санаймыз.

Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 ж. “Педагогика” баспасынан шыққан этикалық сөздiкте “әдет-ғұрып дегенiмiз белгiлi бiр қоғамда немесе коллективте белгiлi бiр тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан коғамдық тәртiптiң түрi. Ол әлеуметтiк өмiрдiң әр түрлiлiгiне және күрделiлiгiне қарамастан, белгiлi ұқсастық жағдайда адамдардың бiркелкi әрекет етуiн қалайды. Яғни бiр қоғам iшiндегi адамдардың еңбек ету тәсiлдерi мен әдiстерiнiң жалпыға ортақ болуын, отардың саяси-қоғамдық iс-әрекетiнiң және күнделiктi тұрмыстағы қарым-катынасында немесе көзқарасында бiрыңғайлылық әрекеттiң болуын талап етедi. Осының бәрi әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрiнiсi болып табылады,”— деп тұжырымдаса, ал “дәстүр дегенiмiз – әдет-ғұрыптың өмiрдегi өсiп жетiлген әр түрлi формасы. Ол адамдардың белгiлi бiр бағыттағы тұрақты iс-әрекетi мен мiнез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгiлi формада ауысып берiлетiн түрi” (47, 425),— деген анықтама бередi. 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Халық пед.ауыз әд. көрiнiсi.

2.Ұлттық салт-дәстүрлердiң  озығы мен тозығы

3.Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ тәрбиесiнiң пәрмендi құралы. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев  С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. –  Алматы: “Санат” 1995 ж.

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова  М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

6.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 том. – Алматы. 1998-2005 ж.

7.Ғаббасов  С. Халық педагогикасының негiздерi - Алматы; 1995 ж.

8.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж. 

 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Адамбаев Б. Шешендiк өнер. - Алматы; 1967 ж. Халық даналығы. А; 1976 ж.

2.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. - Москва-Воронеж. 2002 ж. 

 

 

 3.3. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгiлерi  

 

Жоспар: 

 

1. Ұлттық психикалық құрылым  мен ұлт мәдениетi арасында байланыс.

2. Ұлттық психикалық құрылым  - мәдени ерекшелiктiң шартты белгісі.

3. Салт-дәстүр сабақтастығы. 

 

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшiн қажеттi факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмiрiнiң, тiлi мен мәдениетiнiң, әлеуметтiк психологиядағы сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады.

Ұлттық психикалық құрылым мен  ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт  мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс  бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк  әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз.

Ұлттық психологиялық құрылым  ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен  немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ  күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады.

Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер  және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк  ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады.

Ұлттық сезiм дегенiмiз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тiлiне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйiспеншiлiктi бiлдiруi. Ұлттық сезiм адамды қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкiлiне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезiм басқа сезiмдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезiмiнiң сыртқа шыққан көрiнiсi. Мысалы, “Елiм-ай” әнiн ести отырып, елiнiң басына түскен ауыртпалық, шапқыншылық әрекетке езiлiп мұңаюы немесе “Саржайлау”, “Сарыарқа” күйлерiн ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйiспеншiлiк, шаттық сезiмiнiң оянуы табиғи заңды құбылыс. Адамның ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгi де ұлттық сезiмiнiң ерекше түрi. Мысалы, ұзақ уақыт елден жырақ жат жұртта жүрiп, көпшiлiк iшiнен өз ұлт өкiлiнiң ана тiлiнде тiл қатуына елең етпейтiн, iш тартпайтын адам болмайды. Өйткенi, ана тiлi адамның iшкi сезiмiн басқаға жеткiзуде ой-қиялға етене жақын, жүрегiне жылы күштi құралы. Айталық, сұлу қызды аспандағы айға, күлiмдеген күнге, судағы құндызға теңеу. (“Ай десе аузы, күн десе көзi бар” деу) немесе “Ай мен күндей, әмбеге бiрдей бiр сұлу қыз болыпты” деп басталатын ертек қазақ ұғымына, ұлттық сезiмiне жақын теңеулер. Қазақ әдебиетiнде сұлу қызды “Ботакөз” деуi, туған баласын әке-шешесiнiң “ботам”, “құлыным”, “қозым” деуi ұлттық ұғымға, ұлттық сезiмге жақын көркем сөз айшықтары.

Ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы  қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық сезiмдi, ұлттық мақтанышты көрсетедi. Және ол әр ұлттың өзiне тән тағам даярлау ерекшелiгiнiң куәсi болып табылады. Мысалы, өзбек қонағын палаумен сыйласа, қазақ “бес бармағымен”, ұйғыр мәнтi, лағманымен, татарлар пәрәмiшiмен сыйлайды. Қазақ шәйiн қаймақ қатқан сүтпен баптап берсе, қалмақ, ұйғырлар май, тұз, ұн салып бередi. Орыс халқы кофе қайнатады, соның бәрi тағам берудегi ұлттық ерекшелiк дәстүрлер.

Ұлттық салт-дәстүрлерге ана  тiлiне деген сүйiспеншiлiктi, ұлттық өнер түрлерiн: ән-күй, зергерлiк қол  өнерi, бейнелеу-сурет өнерi, ұлттық ойын мен спорттың түрлерiн, ұлттық тағамды, киiмдi, мерекелердi, тарихи ескерткiштердi т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жоралар, көзқарас түсiнiктер жатады.

Ұлттық салт-дәстүрлердiң ерекшелiктерiн  патриархалдық, рулық салт дәстүрлерiмен шатастыруға болмайды. Мысалы, қазақтардың қызды қалың малға сатуы немесе барымтасы мен өзбек әйелдерiнiң пәрәнжi жамылуын бүкiл қазақ, өзбек халықтарының ұлттық салт-дәстүрi деп қарамауымыз керек. Ол феодалдық, рушылдық қарым-қатынастан қалған ескi дәстүрлер.

Салт-дәстүрлер  халықтардың тiршiлiк кәсiбiне, наным-сенiмiне, өмiрге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгерiп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетiндерi жойылып, өмiрге қажеттiлерi дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершiлiк заманда ақ қой сойып, қанына найзасын малып, бiр-бiрiмен төс түйiстiрiп, анттасып дос болатын болған. “Достықты бұзғанды ант атсын” — деп серттескен. Феодалдық қырғын соғыс кезiнде ол батырларды бiрлiкке тәрбиеледi. Ал бертiн капиталистiк қоғамның дамуымен байланысты, анттасу салты қажет болмай, мүлде жойылды.

Немесе бүгiнгi күндерде ерлi-зайыпты  қариялардың алтын, күмiс тойларын өткiзу де салт- дәстүрлердiң өзгерген түрi. Оның ұрпақ тәрбиесi үшiн үлкен прогрессивтiк, тәрбиелiк мәнi зор.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы карым-қатынаспен тығыз байланысты. Бiр ұлтта бар салт- дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын түрлерi екiншi бiр ұлтта да белгiлi ұқсастықпен және өзiндiк ерекшелiгiмен көрiнiс бередi. Мысалы, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбiр өзгешiлiгiмен көршi өзбек, түрiкмен, қырғыз, моңғол, ауған елдерiнен де кездеседi. Киiз үй тiгу көшпелi халықтардың бәрiне ортақ. Алайда, оның құрылысында, ою-өрнек әшекейiнде әр ұлтқа тән ерекшелiк белгiлер байқалады. Палау, мәнтi, борщ, шашлық, пельмен көпшiлiк ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлттың өзiндiк дайындау технологиясымен ерекшеленедi.

Ұлттық мiнез адамның iс-әрекетiнен  көрiнетiн тұрақты құбылыс. Ұлттық мiнез осы ұлтқа тән темпераменттiк, психикалық рухани сапасымен ерекшеленiп, көзге түседi. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердiң сыпайы мiнездiлiгi, дiншiлдiгi, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейiлдiлiк, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немiстердiң ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшелiктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейдi деген ұғым тумайды. Ол қасиеттер әр халықта әр түрлi қырынан көрiнiс табады. Әр ұлттың өзiне ғана тән этностық таза мiнез-құлықтың болуы мүмкiн емес. Мысалы, орыстарға тән дейтiн төзiмдiлiк қытайларға да тән қасиет болып келедi. Немесе грузиндердi қызба қанды халық деймiз. Ал ол мiнез испандықтарға да ортақ. Академик С.Кон өзiнiң ”Ұлттық мiнез-құлық ерекшелiктерiнiң проблемасы” атты еңбегiнде ”Ұлттық мiнез-құлықты анықтауда әр ұлтқа тән этностық мiнез-құлықты шартты түрде алып қарау керек”, — деуi орынды. Дегенмен, бiр халықта ерекше басымырақ болып көрiнетiн мiнез-құлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелiгi болып саналады.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері