Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
Мiне, осы тарихи процестерге негiздеп ежелгi қытай, моңғол жазбалары мен орыс, батыс ғалымдарының еңбектерiне сүйене отырып, “қазақтар – түрiк, моңғол, үндi-иран тектес, Қазақстан территориясында тiршiлiк еткен. “Еуразия даларының көшпелi үштiгiнен тараған сақ, ғұн, үйсiн тайпаларының қосындысынан құрылған ежелгi халық” (55, 4) деп қараймыз.
Кез келген халықтың пайда болуы және қалыптасу тарихы – өте ұзақ та күрделi процесс. Қазақ халқы негiзiнен, республиканың қазiргi жерiн мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құрылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуiрiне, андронов мәдениетi деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. ХVIII-VIII ғ.ғ.) саяды. Егер сол көне дәуiр ескерткiштерiне, айталық, қыш ыдыстардың ою-өрнегiне көз салып, қазақстанның қазiргi уақыттағы ою-өрнегiмен салыстырсақ, онда олардың көптеген ұқсастықтары мен ортақ үлгiлерiн табуға болады. Ертедегi темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII-IV ғ.ғ.) Қазақстан жерiн сақ тайпалары – массагеттер, аргинейлер, дайлар, исседондар т.б. мекендеген. Археолог – ғалым К.А. Акышев осы кезеңге жатқызатын Есiк обасынан табылған “хайуанаттық нақышта” шекiлген алтын әшекейлерi бар жауынгердiң киiмi ежелгi сақ шеберлерiнiң ғаламат өнерiн көз алдымызға әкеледi. Тап осындай ою-өрнек белгiлерi қазақтардың қазiргi қол өнерiнде де кеңiнен қолданылады. Мұның өзi бұл өнердiң ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, бiздiң дәуiрiмiзге жеткен дәстүр екенiн дәлелдейдi” – дейдi (55, 3). Ғалымдарымыздың көпшiлiгi қола және ертедегi темiр дәуiрлерiнiң жоғарыда аталған тұрғындарын (сақтарды, үйсiндердi, қаңлыларды) үндi-иран тайпаларына, Еуропа нәсiлiне жатқызады. Бiздiң заманымыздың I-мың жылдығының орта тұсында ғұндардың Солтүстiк Моңғолиядан Амударияның төменгi ағысына дейiнгi жерлердi басып кiруi этногенетикалық құбылыстардың жаңа кезеңi болып табылады. Осы уақыттан бастап түркiлер-сақтар, үйсiндер, қаңлылар, қыпшақтар ұрпақтарымен жедел араласа бастады, түркi тiлi басым тiлге айналды. Түркi қағандығы құрылып, Iле Батыс-Түркi қағандығының бөлiнiп шығуы (603 ж.), тайпалар мен тайпалық бiрлестiктердiң өзара сiңiсуiне жағдай туғызды. Батыс Түркi қағандығы Қаратаудың шығыс бөктерiнен Жоңғарияға дейiнгi ұлан-байтақ жерлердi алып жатты. Олардың негiзгi ұйтқысы “он тайпа”, “он оқ бұдуы” болды (55. 4). Орхон-Енисей бойынан табылған (51, 77) Бiлге хан мен Күлтегiнге арналған ескерткiштiң авторы Иолығтегiн шығысты мекендеген он түрiк тайпаларының (тоғыз, оғыз, отыз, татар, қырғыз, аз, шек, он, ұйғыр т.б.) атын атайды да, “олар өзiмiздiң түркiмiз, туысымыз едi, олар мекендеген Iле, Жетiсу бiздiң ата мекенiмiз едi. Сол мекенiмiз, жер суымыз иесiз қалмасын деп хан сайладық. Бұлар он оқ халық едi” дейдi (29, 32). Феодалдық құрылымдар онша берiк болмай Батыс Түркi қағандығы ыдырағаннан кейiн (702 ж.) бiрiнiң орнына бiрi: Түргеш қағандығы (VIII ғ.). Қарлықтар мемлекетi (IХ-ХI ғ.ғ.) және басқалар пайда болды. Ескерткiште Түргеш “бұлардың бес аймағы, он оқ халқының бiр бөлiгi едi” деген сөз кездеседi. Олар кейiн қазақ халқының құрамына енген арғын, керей, уақ, алшын, найман одағының жалпы аты болуы керек.
Қазақ этногенезiнде қимақтар мен қыпшақтар да үлкен қызмет атқарды. Ол Шығыс деректемелерiнде Дештi-қыпшақ (қыпшақтар даласы) деп аталады. ХI ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар оңтүстiк орыс даласына енiп қоныстанды.
Қазақтар этногенезiнде басқа тайпалар да, мысалға қазақ халқының қалыптасуында аса iрi бөлiк болып табылатын наймандар мен керейттер (керейлер) де үлкен орын алады. Түрiк тайпаларының халық болып бiрiгуiне моңғолдар шапқыншылығы кедергi жасады. Қазақстан жерлерi үш моңғол ұлысының құрамына: ең үлкен бөлiгi – Жошы ұлысының құрамына; Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетiсудың солтүстiк шығыс бөлiгi – Үгедей ұлысының құрамына ендi.
Бұл жерлерде түркi тайпалары өздерiнiң ежелгi мәдениетiн ғана емес, тiлiн де сақтап қала алды, қала бердi, шапқыншы моңғолдар түрiк ортасына сiңiсiп, олардың тiлiн және өздерi жаулап алған халықтардың материалдық-рухани мәдениетiнiң көптеген салаларын қабылдады. Алтайдан Дунайға дейiнгi ұлан-байтақ жерлердi иемдеген Алтын Орда деп аталатын Жошы ұлысының феодалдық мемлекетi ыдырап, ХIV ғасырда оның құрамынан Ақ Орда бөлiнiп шықты да, ол Қазақстанның Солтүстiк-Шығыстағы, Орталық және Оңтүстiктегi жерлерiн иемдендi. Оңтүстiк-Шығыс қазақстан жерiнде Моғолстан атты жергiлiктi этникалық негiзде пайда болған iрi мемлекет құрды. ХV ғасырдың басында Ақ Орданың орнына көшпелi феодалдық иелiктер – Ноғай ордасы және өзбек хандығы пайда болды. Оның бiрiншiсi Тобылдан Едiлге дейiнгi жердi алды. Ноғай ордасына маңғұт және алшын тайпалары қарады. Ал өзбек хандығы Солтүстiк Арал өңiрi мен Сырдария бассейнiнен бастап, Тобыл мен Ертiске дейiнгi жерлер кiрдi. Онда қыпшақтар, қоңыраттар, кеңгерестер, қаңлылар т.б. жергiлiктi тайпалар тұрды. Бұлардың бәрiнiң ол кездегi атауы өзбек болатын. Қазақстанның орталығы мен солтүстiк-шығысында орналасқан өзбек хандығы “қазақ хандығы” деп те аталды. Көбiнесе “өзбек-қазақтар” деп те атайтын. Тек ХV ғ. ортасында көшпелi өзбектердiң бiр бөлiгi Шайбани ханның бастауымен Орталық қазақстаннан Мауераннахрге кеттi де, “өзбек елi”, “өзбек даласы” атанды. Сөйтiп, бұл атау ХVI ғасырдың басында Орта Азияға ауысты да, тұтас өзбек халқын бiлдiретiн ат болды.
ХV ғасырдың 50-60 жылдарында көшпелi өзбектер мемлекетiнен Керей мен Жәнiбек бастаған тайпалар бөлiнiп шыққаннан кейiн, олар бiржолата қазақтар деп аталатын болды (59, 5). Сөйтiп, “қазақ” этнонимi оны құрған негiзгi халықтың қалыптасуынан көп кейiн барып шықты (ол жөнiнде кейiнiрек тоқталамыз).
Шу және Талас өзендерi алқаптарында қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының бас қосып, нығаюына және оларға туыстас тайпалардың қосылуына жол ашты. Қазақ хандығының құрылып, жеке мемлекет болуы ХVI - ХVII ғасырларды қамтиды. Ал жоңғарлардың (ойраттардың, қалмақтардың) қазақ даласына енуi XVII ғасырдың бас кезiнде-ақ басталды. 1621—1723 ж.ж. арасында қазақ пен жоңғарлар арасында әлденеше рет соғыс болып, бiрде қазақ, бiрде жоңғар-қалмақтары жеңiп, халық қатты күйзелiске ұшырады. 1723 жылы қалмақтар қазақтарды ойсырата жеңiп, атақты “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” қырғынына ұшыратты (46, 77). Қазақтар 1727 жылы Торғай даласының оңтүстiк-шығыс жағында алғаш жоңғарларға күйрете соққы бередi. Ұрыс болған жер “қалмақ қырған” атанады. 1730 жылы қазақ жасақтары жоңғарларды күйрете жеңiп, оларды қазақ жерiнен қуып шығады. 1730 жылы Тәуке ханның дүние салуына байланысты, билiк үшiн күрес басталып, қазақ феодалдары хандыққа таласа бастайды. XVII ғасырдың басында қазақ жерiн жоңғарлардың басып алу қаупi туған кезде, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы шарасыз қажеттiлiкке айналады. Осы жағдайда Кiшi жүз ханы Әбiлхайыр 1730 жылы орыс патшасы Анна Ивановнаға хат жолдап, “өзiне қарайтын Орта және Кiшi жүздiң барша қазақтары патша бодандығында болғысы келетiнiн” бiлдiредi. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Ивановна Әбiлхайыр мен барша қазақ атына жазылған грамотаға қол қояды (46, 76). Дегенмен, Орта жүз қазақтарының Ресейге бағынуы бiр ғасырға созылып, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында аяқталады. Ал Ұлы жүз қазақтарының Ресейге бағынуы 1818 ж. басталып, 1848 ж. аяқталады. Сонымен, қазақ халқы өз ұлтының еркiндiгi үшiн моңғол, жоңғарлармен 500 жыл соғысып бақса, ал орыс империясының тепкiсiнде 250—260 жыл болып келдi.
Ендi “қазақ” атауының төркiнi жайын сөз етсек, ол жөнiнде сан алуан пiкiрлер бар. Зерттеушiлердiң бұл жөнiндегi болжам-пiкiрлерiнiң бастыларын үш топқа бөлуге болады (56, 19). Қытай қоғамдық академиясының этнография институты құрастырған “қазақтың қысқаша тарихы туралы деректер жинағы” атты еңбекте: “қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан. Жәнiбек пен Керей бастаған көшпелi тайпалар XV ғасырдың 60-жылдарында Әбiлхайыр ханның үстемдiгiне қарсы шығып, Шығыс Дештi қыпшақтан Батыс Жетiсуға, Шу өзенi бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ” деп аталған. Мұның мағынасы: “өз ұлысынан бөлiнiп шыққан, қашақтар” деген сөз. Бүл сөз кейiн келе қазақтардың атына айналды”,— дейдi.
2. Ал қытай зерттеушiсi Жан Ши-Манның “Батыс өңiрi тарихындағы ұлттарды зерттеу” деген еңбегiнде ежелгi қытай жылнамаларындағы “үйсiн”, “ұсын”, яки “асу” деген ұлыс аттары “қазақ” атауларының дыбыстық баламасы дегендi айтады.
3. “Қазақ” атауы “Таң патшалығы
тарихында” (VII -VIII ғасырда) “қаса”,
“хаса” түрiнде жазылған. Бұл
атаулардың тарихи
982 жылы парсы тiлiнде жазылған
“Худуд әл-Ғалам” (“Әлем шекаралары”)
атты кiтапта Алан мемлекетi және
оның қалалары жайына тоқталып:
“Алан елiнде “қасақ” деген
Византияның императоры Константин Порфирордни (905-957 ж. ж.) өз жазбаларында Кубаньнан шығысқа қарай мекендеген елдi “қазақия” деп атаған. Ол кезде (Х ғасырда) Кубаньның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бiрi қыпшақ елiнiң тұрғаны тарихқа әйгiлi. Егер қыпшақтар өздерiн “қазақ” деп атамаған болса, Константин Порфирордни оны қалай ойлап тапсын. Ал ол кезде орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ едi (5, 29). Орыс шежiрешiсi Никонның мәлiмдемесiнде: Кавказға келiп, Оңтүстiк Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлерi бұдан бұрын да “қазақтарды” талаған деп жазады. Ал “Моңғолдардың құпия шежiресiнде” осы пiкiр қайталанып: “Солтүстiк жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, байжiгiттерге, орыстарға, мажарларға, асаларға, сасаларға, шеркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Едiл мен Жайық өзендерiнен өтiп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнiнде Сүбiтай батырға бұйрық берiлдi”,— делiнген. Орыс шежiрешiсi Никон “қазақтар” деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжiгiт, аса т. б. ұлыстарды айтып отыр (56, 21).
Әйгiлi тарихшы, этнограф, тiл ғалымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан “Түрiк халықтарының этнологиясы мен этногеографиясы” деген кiтабында көптеген жазба деректер келтiре отырып, қазақ деген аттың IX—X ғасырларда ел таныған, әлемге әйгiлi халықтың аты болғандығын айтады. Моңғол Халық Республикасы ғылым академиясының қызметкерi Iсләм Қабышұлы “хасаг” деген сөздiң моңғол әдебиетiнде X ғасырдан бастап белгiлi болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежiресiнде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздiң кездесiп отыратынын атап көрсетедi. Автордың айтуына қарағанда, ерте кезде моңғолдар көшiп жүргендердi “қасақтар” деп атаған (46).
Тiл ғалымы Т. Жанұзақов: “қазақ атауы Кавказдағы түркi тайпалары құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы есiм және этнотермин ретiнде кездескен... кейiннен оныншы, он төртiншi ғасырларда да осы қазақ сөзi түркi тайпалары арасында кеңiнен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың iшiнде де қазақтар болған”,— дейдi (28).
Ал қазақтың белгiлi қоғам қайраткерi М. Шоқай өзiнiң “Түркiстан” атты еңбегiнде қазақ тарихына шолу жасай келiп: “...Түркiстан – түркiлер елi деген сөз сонау VI ғасырдың өзiнде-ақ моңғол дәуiрiне дейiнгi көшпелiлер империясын, түркi жұрты қанатын жая қоныстанған кең-байтақ аймақты сасанид әулиетi кезiндегi (III—VII ғ. ғ.) ирандықтар осылай деп атаған екен. Бұл көшпелiлер империясының территориясы қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейiн созылған, – дейдi.
Бiз жоғарыдағы жазба деректер мен
дәлелдерден “қазақ” атауының IX—
X ғасырлардан бұрын-ақ
Демек “қазақ” атауы тек XV ғасырда ғана жарыққа шыққан дейтiн пiкiр дәлелсiз.
Ежелгi “усин”, “үйсiн” “үки”, “асо” деген ұлыс аттары “қазақ атауының баламасы” дейтiн пiкiр де орынсыз. Өйткенi, “үйсiн”, “қазақ” атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстiне, қазiргi қазақ арасында үйсiн ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсiн мен қазақ бiр сөз болса, ол сөз қазiр сақталмаған болар едi. “қазақ” — жалпы халық аты, “үйсiн” — қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты.
Қазақ атауы “Таң патшалығының тарихында” (7-8-ғасырда) “қаса”, “хаса” түрiнде жазылған деген пiкiр өте дәлелдi. “Иран патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша” атты кiтапта: “Түрiктер мейлiнше күшейген кезде... олардың батыс бөлiгiн қаса якихаса деген ұлыстар қоныстанады. Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс — қазақ деп аталған. Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы”,— дейдi. Ханзу (қытай) тiлiнiң дыбыстық жүйесiнiң дамуы мен өзгеруiне байланысты, ханзу иероглифтерi әр дәуiрде әр түрлi дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, қытай тарихшылары бiр ұлттың атын түрлi дәуiрде түрлiше әрiптермен таңбалаған, демек,VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тiлiнде тарихтардағы “қаса”, “хаса”, “аса”, “кiса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тiлiндегi дыбыстық баламасы екенi анық. Жоғарыда баяндалған Батыс пен Шығыс тарихшыларының деректемелерiнде, оныншы ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пiкiрдiң дұрыстығын дәлелдейдi (56, 23). Алайда “қазақ” атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол алғашқыда жеке ру-тайпаның аты ретiнде айтылған, содан соң тайпалар одағының бiрiккен ортақ атына айналған. Мысалы, кiшi жүз алшын ұлысының құрамындағы жетi ру (кердерi, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары “қарт қазақ” деп те аталып жұрген. “Казақ” атауы кейiн келе кеңейiп, халық - ұлт атына айналған.
Сөздiң шығу төркiнiн, мән-мағынасын зерттейтiн тiл ғылымының саласын этимология дейдi. Этнография ұлттар мен ұлыстардың шығу тегiн қарастырса, этимология жер-су, ел-жұрт, тайпалар атауларының шығу тегiн, мән-мағынасын зерттейдi (оны ғылым тiлiнде ономастика деп те атайды).
“Қазақ” деген терминнiң шығу тегiн, мән-мағынасын этимологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ... ол жөнiндегi бұрын-соңғы болжамдар мен тұжырымдарды мынадай үш салаға бөлуге болады:
1. Қазақ халқы арасына тараған
тарихи аңыздардың айтуынша “
2. “Қазақ” деген сөздiң көне түркi тiлiндегi мағынасы, яки қолданылу дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып, еркiн жүрушiлер”, “ер жүрек ерiктiлер”, “көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер” деген мағыналарды бiлдiредi. Демек, “қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер” дегеннен шыққан дейдi.
3. “Қазақ” атауының арғы тегi
ежелгi заманда қазақ даласын
мекендеп, қазақ кұрамына енген
Ендi осы жорамалдардың басты-
Ал фольклорист Әбубәкiр Диваев қазақ деген сөздi “қаз” және “ұзақ” деген екi құстың атынан бiрiгiп, қазақ болып қалыптасқан дейдi. Ол тағы бiр пайымдауында: “қазақ сөзiнiң әсiлi еркiн жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан аңғаруға болады” (24, 29),— дегендi айтады. Мұхамед Хайдар Дулати өзiнiң “Рашидтiң тарихы” атты еңбегiнде Әбiлқайыр ханға” қарсы шығып, Дештi-қыпшақ даласынан Батыс Жетiсуға қоныс аударған қазақ тайпалары жайында айта келiп: “Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн өзбек ұлысында ырың-жырың туып, даланы мекендеушiлер өзiнiң қауiпсiздiгi мен өз басының қамына бола, Керей хан мен Жәнiбек ханнан пана сұрайды. Сөйтiп, олар күшейiп алады. Алғашқыда әлгi қашқындар өз ұлысынан бөлiнiп кетiп, бiраз уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларды жұрт қазақтар (қашақтар) деп атап кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған осы ат бекiп қалды” (25, 46),—дейдi. Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: “қазақ деп бiр саяси мақсатты көздеп, көтерiлiс жасау нәтижесiнде салт яки үй iшiмен бiрге өз қауымынан бөлiнiп шығып, өкiмет билiгiн алуға талпыныс жасаған сұлтандарды айтқан. “Қазақ” сөзi алғашқыда сұлтандарға ғана тән болған, кейiн оларға қарсы тайпалардың және олар құрған мемлекеттiң атына айналған”(77,. 37)”,— дейдi. Шоқан Уәлиханов “қазақ” сөзi әскери термин ретiнде қолданылып “ер жүрек”, “батыл” деген мәндi бiлдiргенiн баяндайды ‘(28, 75)”.