Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
Тұрмыс-тiршiлiктiң, еңбек пен кәсiптiң өмiрдегi көрiнiсi ұлттық салт-дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал, қазақ халқының салт-дәстүрi малмен, көшiп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшiп келген ағайынға ерулiк немесе көшерде көршiлерге көшерлiк беру, бие байлау, сiрне, қымыз жинау, малдың төлдеуiмен байланысты уызға, күздiкте қарын-майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келiннiң отқа салар әкелуi т.б. ырым, жол-жоралар, тiптi қыздың қалың малын немесе ердiң құнын да мал санымен есептеу сияқты салт- дәстүрлердiң халқымыздың тұрмыс-тiршiлiгiмен байланысты туғанын дәлелдейдi. Сөйтiп, салт-дәстүрлер, бiр жағынан, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң айнасы iспеттi болса, екiншiден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершiлiкке, өнерге, өмiрге икемдеуде тәрбие құралы ретiнде пайдаланған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесi халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиетi үлгiлерiне негiзделгенiмен, оның да өзiндiк мақсат-мүдделерi, негiзгi қағидалары бар.
Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасы жайындағы түрлi көзқарастар.
2.Салт-дәстүрлер мен ырымдар, кәделер жайындағы акдемик А.К.Жанның, проф. Н.Сәрсенбаевтардың пiкiрлерi.
3.Этнопедагогика мен
этнопсихологияның ортақ
4.Ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық сезiмдердiң, ұлттық мiнез-құлықтардың өзара байланысы.
5.Қазақ этнопедагогикасына тән төрт ерекшелiктер.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ
этнопедагогикасы. – Алматы: “
4.Қалиев С., Молдабеков
Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика”
5.Қалиев С., Оразаев М.,
Смаилова М. Қазақ халқының
салт-дәстүрлерi. – Алматы: “
6.Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев
Ә. “Әдеп және жантану”. –
7.Жүнiсұлы Ж. Пәниден бақиға дейiн. – Алматы.
8.Қазақстан ұлттық
9.Қалиев С. “Үлгiлi үйдiң ұл-
Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Дастандар көп томдық. – Алматы:“Жазушы”. 1989 ж.
2.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. – Алматы: “Жазушы”. 1989 ж.
3.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. - Алматы; ҚМОП баспасы. 1958 ж.
ІҮ ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ
4.1. Халық педагогикасының негізгі қағидалары
Жоспар:
1. Ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат тәрбиелеу.
2. Еңбек сүйгіш, елгезек азамат тәрбиелеу.
3. Халық педагогикасының өзекті мәселелері.
Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек
3. Халық педагогикасында “
4. Халық педагогикасында адамгерш
5. Гуманизм мен патриотизм —
халықтық тәрбиенiң басты
6. Елдi, жердi қорғ
Халық педагогикасының ”Сегiз қырлы, бiр сырлы”, “Толық адам” тәрбиелеу қағидалары
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарас-тыру
|
Еңбек-сүйгiш, елгезек етiп тәрбие-леу |
Тән сұлулы-ғын қарас-тыру, әсем-дiкке баулу |
Адамгер-шiлiк қасиет- терге (iзгiлiкке, иманды-лыққа, қайырым-дылық қа, адалдық-қа т.б.) тәрбие-леу |
Отан-сүйгiш-тiкке, Ұлтжан-дылыққа бү-кiл адам баласын сүю-ге тәрбиелеу |
“Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнер өрге сүйрейдi” деп қарап, өнер мен бiлiмдi насихаттау |
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеу |
Дененi шынықтыруға тәрбиелеу |
7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға “Өнерлi өлмейдi”, “Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады”, “Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткеншетабиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған.
Мұның бәрi сайып келгенде “Сегiз қырлы, бiр сырлы” еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы” азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды “Кiшкене болса да өнегелi, ақылды”, “Ақылды да сүйкiмдi”, “Қайырымды жiгiт” деп санаса, таулықтар “Нағыз жiгiт” деп атайды. Ал чукчалар “Адал өмiр сүретiн азамат” дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде – шешен, атыста – мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды “иманжүздi, құдайы бар азамат” дейдi.
Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, бауырмал, батыр, өнерлi, өнегелi, шыншыл, әдiл, адал болу дегендi бiлдiредi.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы”, жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу үшiн бар мүмкiндiктi сарқа пайдаланған.
Бақылау сұрақтары:
1.Еңбек және дене тәрбиесi
тақырыбына пед.түсiн-дiрме
2.Еңбек және дене тәрбиесiне
байл.мақал-мәтел.терiп жазып
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ
этнопедагогикасы. – Алматы: “
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М.,
Смаилова М. Қазақ халқының
салт-дәстүрлерi. – Алматы: “
6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев
С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. –
7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.
Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. “Жазушы” 1989 ж.
2.Айтыс көп томдық. А; “Жазушы” 1988 ж.
4.2. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың үндестігі
Жоспар:
1. Халықтық тәрбиенің
ғылыми педагогикамен
2. Халық педагогикасының
қағидаларының ғылыми
Ендi халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк.
1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың
жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi
талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа
дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн
қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң
ақылшы досыңдай бағала” деген
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата
4. Халық педагогикасының тағы
бiр принципi балаға үлкен тала
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан – қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей сабақтасып жатады. Оны бесiк жырынан, бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық педагогикада “Көп талқысы — тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке қарсылық — құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған. ( 4 кесте).