Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

6. Этностар мәдениет зерттеудегi басшылыққа алынатын қағида қандай? 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2.Табылдиев Ә. Қазақ  этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

3.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

4.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова  М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

2.Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.

3. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.

4.Қыраубаева А. Ежелгi дәуiр  әдебиетi. – Алматы: “Мектеп” 2003 ж.

5.Аймауытов  Ж. Шығармалары. А; “Жазушы” 1989 ж. Психология. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

6.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 том. – Алматы, 1998-2005 ж. 

 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. - Москва-Воронеж. 2002 ж.

2.Бизақов С. Түбi бiр түркiлер.  Қазақ энциклопедиясы.

3.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының  ауыз әдебиетi. А; ҚМОП баспасы. 1958 ж.

2.2. Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуы 

 

Жоспар 

 

1. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының  ғылым ретiнде дамып қалыптасуы

2. Ресей империясының  құрамына кірген Қазақстанның  білім жүйесі.

3. Халық педагогикасы  жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

XX      ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi   саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып  келген Қазақстанның зиялы қауымы осы  мәселелер төңiрегiнде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдiң отаршылық және “орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерiн қайтарып беру және жастардың бiлiм алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды.

Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.), газетi “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды.

Бұл орайда, белгiлi қоғам қайраткерi, ғалым-түрiктанушы Ахмет Байтұрсынов “Қазақ” газетiнде былай деп жазады: “...қазақ жерiнде өндiрiс жоқ, шикiзатын сатады, ал сол шикiзаттан жасалған өнiмдi 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшiлiк — бiлiм-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерiнде мектептер өте аз...”, — дедi (“қазақ” газетi, 1913 жыл, N 26, 15 тамыз).

1917 жылы Ленин бастаған коммунистiк  партия Ресей патшасын тақтан  құлатып, тарихқа белгiлi Қазан  төңкерiсiн жасады, әлемде жаңа империяның негiзi қаланды. Қазақстан ендi орыстар басқарған бұрынғы Ресей империясының мұрагерi жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына кiруге мәжбүр болды.

Бұл кезең қазақ халқына тиiмдi және тиiмсiз әсерiн тигiздi. Қоғам  проблемаларының аса күрделi саласы — сауатсыздық жойылды. Көптеген маңызды кәсiпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуiр жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдiк тәжiрибелерге негiзделген кеңестiк ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негiзi қаланды.

Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары, негiзiнен, орыс тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлдi. Әрине, орыс тiлiнде бiлiм беру прогрессивтi роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерiнiң  оқу-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар көп болды.

Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан  педагогикалық тәжiрибелер “коммунистiк  идеологияға” негiзделiп, “коммунистiк  тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты.

1937—1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте ұлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң   дамуы мен   қалыптасуына   үлкен   үлес   қосқан   қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.

Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру  мақсаты отаршылық принципке  негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару  жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды.

Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен  тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.

Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннiң, С.Мусиннiң, Ә.Б.Сейтешевтiң, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. әлденеше монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты.

Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме  ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу  жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие принциптерiне сүйендi.

Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң  ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды. 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Халық пед.туралы ғалымдар көзқарасын-дағы  айырмашылығын ата.

2.Салт-дәстүрлер, жол-жора, ырымдар  мен кәделер жөнiндегi өз көзқарасыңды  бiлдiр.

3.Ұлттық психикалық құрылымның үш бөлiгiне талдау жаса.

4.Жаңа заман туд. Салт-дәстүрлерге  сипаттама бер.

5.”Сегiз қырлы бiр сырлы”  азамат тәрбиелеудiң халықтық  ұғымын талдап, ажырат;

6.Х/пед.мен ғылыми пе-дагогикасының  қағид. идеялық үндестiктi ажыратып  талда.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика”. -  Астана. 2005 ж.

2.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова  М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

3. Асыл сөз. //Құр. Асанов Ж.  – Алматы. 2000.

4.Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. “Әдеп және жантану”. – Алматы: “Атамұра” 1994 ж.

5.Дүйсембiнова Р.Қ.  Қазақ этнопедагогикасын мектеп  программасына ендiру. – Алматы: “Ғылым” 2000 ж.

6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ  тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: ҚызмемПИ. – 2005 ж.

7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж. 

 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Адамбаев Б. Шешендiк өнер. А; 1967 ж. Халық даналығы. А; 1976 ж.

2.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. Москва-Воронеж. 2002 ж.

 

 

2.3. Қазақстан Республикасындағы ұлттық тәлім-тәрбие 

 

Жоспар: 

 

1. Егемендi Қазақстан Республикасында  ұлттық тәлiм-тәрбиенiң қайта жандануы.

2. 1986 жылғы студенттердің  саяси көтерілісі.

1980 жылдардың басында бұрынғы  Кеңестер Одағында демократия  мен қайта құру принципiнiң өркен жаюымен баланысты Қазақстанның мәдени өмiрiнде де бiршама өзгерiстер пайда болды.

Бұрынғы Сталиндiк тоталитарлық саясаттың жазықсыз құрбаны болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ондаған қазақ зиялылары ақталып, еңбектерi баспа арқылы қайта жарық көре бастады. Олардың ұлттық идеялары жайында ондаған зерттеу еңбектерi жарияланды. Баспасөз, теледидар, радио арқылы ғылыми мақалалар мен хабарлар берiлiп, қазақ зиялыларының халқы үшiн еткен еңбектерi кең көлемде марапатталды.

Жастар ұлы орысшылдық отарлау саясатының iшкi мәнiн терең  түсiнiп, саяси көзқарастары ояна бастады.

1986 ж. желтоқсанда болған  студенттердiң саяси толқуы осы  ұлттық сана-сезiмiнiң оянуының куәсi болды.

Оның әсерi бертiн келе қоғамның барлық салаларын қамтыды. Қазақ мектептерiндегi проблемалар  туралы көптеген ұсыныс пiкiрлер қалыптасты. Халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына енгiзудiң аса қажеттiгi туралы баспасөз бетiнде пiкiр бiлдiрiп, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыров, М. Құрсабаев, М.Оразаев, М.Смайылова және басқа ғалымдар өз үлестерiн қосты.

Кеңес Одағының құрамына енген  Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсiздiгiн ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды.

Тәуелсiздiктiң әсерi қоғам  дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегi озық тәжiрибелерге  негiзделген жүйенiң қалыптасуына зор ықпал еттi.

Қазақ халқының тарихына, мәдениетiне, дүниетанымына, ұлттық қасиеттерiне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп кезiнде жауып тасталған туындылар мен шығармалардың бетi ашылды. Ұлттық сана-сезiм қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерiлу процесi басталды. Бiлiм беру мен тәрбие мәселелерiне көзқарастар мен талаптар өзгердi, нәтижесiнде жаңа идеялар дүниеге келдi.

Халық педагогикасы мен  психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына  енгiзу жолдарын ғылыми тұрғыда белгiлеу  мақсатында жергiлiктi жерлерде әр түрлi бағыттарда семинарлар-мәжiлiстер, пiкiр алмасу iс-шаралары, сондай-ақ мұғалiм-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес бiлiмдерiн жетiлдiру мәселелерi қызу қолға алынды.

Мектеп, мектептен тыс  мекемелер, балабақшалар мен арнаулы  орта және жоғары оқу орындарында  ескi педагогикалық тәжiрибелердiң орнына жаңаша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң қағидаларына негiзделiп жазылған “Қазақтың салт-дәстүрлерi” (М. Смайылова, М. Оразаев), “Қазақтың тәлiм-тәрбие тарихы” (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), “Ата-мекен” (М. Құрсабаев), “Елiм-ай” (М. Балтабаев), музыкалы-этнографиялық, “Кәусар бұлақ” (3. Ахметова), “Бал бөбек” (Б. Баймұратова, М. Сөтiмбекова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлiмдiк бағдарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгiзiле бастады.

Қазақстан Республикасының  Бiлiм министрлiгi 1993 жылы “Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы” атты көлемдi құжат қабылдады. Тұңғыш “Қазақтың салт-дәстүрлерi” атты оқулық (авт. С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев) 1994 ж. басылып шықты.

Мектеп және оқу орындарына көмекшi құрал ретiнде үлкен маңызын  тигiзетiн ғылыми-тәлiмдiк зерттеу жұмыстары, тарих, мәдениет, философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдiстемелiк нұсқаулар көптеп шығарылуда. 1995 жылы “Санат” баспасынан профессор Қ.Б.Жарықбаев пен педагогика ғылымының докторы С. Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалiмдерiне арнап жазған “Қазақ тәлiм-тәрбиесi” атты оқулығы шықты.

1994—1995 ж.ж. “Рауан” баспасынан  Қазақтың Бiлiм проблемалары институты  даярлаған 14 ғасырды қамтитын  “Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлер  антологиясының” (құрастырушылар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) орысша-қазақша томдары жарық көрдi.

Әр облыс, республика орталықтарында қазақ этнопедагогикасының проблемаларына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткiзiлiп, орта мектептер мен арнайы орат және жоғары оқу орындарына арналған ұлттық мәдениет пен әлемдiк өркениет үлгiлерiне негiзделген монографиялар мен оқулықтар жазыла бастады.

Қазақ этнопедагогикасының  проблемаларын зерттеу iстерi батыл  қолға алынды. Соның нәтижесiнде  соңғы 15 жылда этнопедагогиканың  проблемалары бойынша он шақты докторлық, жүзге тарта кандидаттық дисертациялар қорғалды.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері