Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

Осыған орай, П.В. Плеханов методологиялыќ мынадай ќағидалар ұсынады (66,273):

1. Идеялардың (ой-пiкiрдiң) ќоғамның әлеуметтiк даму процесiне тәуелдi екендiгiн аныќтау.

2. Ғылымның, әлеуметтiк психологияның, әдебиеттiң, өнердiң даму тарихын ќоғамның даму процесiмен ұштастыра ќарастыру.

3. Тарихтың әр кезiнде ғылымның даму барысы бiркелкi болмайтынын және әр елдiң саяси, экономикалыќ, кәсiби, мәдени, психологиялыќ өзiндiк ерекшелiгiнiң бар екенiн ескеру.

Тарихи-педагогикалыќ зерттеулерге (оның iшiнде этнопедагогикалыќ зерттеулерге де) ќойылатын маңызды методологиялыќ талаптардың бiрi деректердiң барлыќ түрiн кешендi пайдалану, солар арќылы бiр-бiрiн тексеру, толыќтыру, барлыќ деректердi салыстыра отырып жинаќтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдiстер жиынтығын кешендi түрде пайдалану, сөйтiп, деректердi талдап, педагогикалыќ тұрғыда түсiндiру ќажет.

Бiз зерттеу iсiнде осы принциптердi басшылыќќа аламыз. 

 

Баќылау сұраќтары:

1.Этностар мәдениетiн зерттеудегi географиялыќ және жаратылыстыну ғылымдарының ролi.

2.Этностар мәдениетiнiң дамуының тарих, этнография ғылымдарымен байланысы.

3.Этностар мәдениетiн зерттеудегi лингвисика ғылымының ќатысы.

4.Этномәдениеттi зерттеудегi жаратылыстану және ќоғамдыќ ғылымдардың байланысы. Философия ғылымының басќарушы ролi.

5.Этностар мәдениетiн аныќтаудағы архологиялыќ ќазбалардың ролi.

6.Этностар мәдениетiн зерттеуде ғылыми жаңалыќтарды кешендi пайдаланудың маңызы, ол жөнiндегi П.В.Плехановтың көзќарасы.  

 

Негiзгi әдебиеттер:

1.Ќалиев С. Ќазаќ этнопедагогикасының теориялыќ мәселелерi  және тарихы. А; “Бiлiм” 2004 ж.

2.Жарыќбаев К.Б., Ќалиев С. Ќазаќ  тәлiмiнiң тарихы. А; “Санат” 1995 ж.

3.Табылдиев Ә. Ќазаќ этнопедагогикасы. А; “Санат” 2001 ж.

4.Ќалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” Астана. 2005 ж.

5.Ќалиев С., Оразаев М., Смаилова  М. Ќазаќ халќының салт-дәстүрлерi. А; “Рауан” 1995 ж.

6.Жұмабаев.М. “Педагогика” А; “Ана тiлi” 1992 ж. 

 

Ќосымша танысуға арналған әдебиеттер:  

 

7.Адамбаев Б. Шешендiк өнер. - Алматы; 1967 ж. Халыќ даналығы. А; 1976 ж.

8.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. - Москва-Воронеж. 2002 ж.

9.Бизаќов С. Түбi бiр түркiлер. Ќазаќ энциклопедиясы. 

 

1.2. “Этнос” туралы  ұғым. Этностардың пайда болу  заңдылықтары  

 

Жоспары: 

1. Қазақ этносының пайда болу тарихы.

2. Адам баласының әлеуметтiк дамуы

3. Жаңа этностардың пайда болу себептерi.

4. Этностардың тегi жеке адамдардың  табиғи ортадағы тiршiлiктi қабылдауына  байланыстылығы. 

 

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi  – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.

Адам баласының әлеуметтiк  дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ.

Ал жоғарыдағы сұраққа  жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты  өз ұлтым деп санайсың?” деп  сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.

Ол заңды да. Себебi, 70 жыл бойы “бiрыңғай тiл, бiрыңғай мәдениет жасаймыз” деген ұранмен тiршiлiк еткен Кеңес халқы, “Келешек коммунизм кезiнде дүние жүзiнде бiр ұлт, бiр тiл болады. Ол француздың да, ағылшынның да, немiстiң де, орыстың да тiлi емес. Оған барлық ұлт өз үлесiн қосады” деген сталиндiк волюнтаристiк теорияға имандай ұйыған ғалымдар әр ұлттың өзiндiк ерекшелiгiн зерттеуге онша мән бермедi. Ұлт мәдениетi мен ұлт тiлдерi бiртiндеп кiрiгiп жоғалатын өткiншi процесс деп қарады.

Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен  келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi (19, 13).

Тарихтан белгiлi болғандай  әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта  пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13) деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз.

Ендi “Жаңа этностардың  пайда болу себептерi неге байланысты?”  деген сұраққа жауап iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан, сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан (миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап, игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi. Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы, қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп, жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан жаңа этнос пайда болды. Бұл жерде  жаңа жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен (қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың) пайда болатынын ескеру қажет. Яғни этникалық тiршiлiктiң географиялық ортамен байланыстылығын ескерген жөн. Осыдан келiп, Э.Семплдiң “Адам – жер бетiнiң өнiмi” деген теориясы туындайды. Ал жер бетiндегi тiршiлiк күн нұрының күшеюiне, ғарыштық сәулелердiң әсерiне байланысты. Ғарыштық сәулелер ауа қабаттарын жарып өтiп, бiрнеше қиындықтарды жеңiп барып жер бетiне жетедi. Осыдан келiп себептестiк және қарама-қайшылық заңдылықтары туындайды. Табиғатта да, қоғамда да қарама-қайшылықсыз, себеп-салдарсыз даму мүмкiн емес.

Этностардың бiр-бiрiнен  этногенездiк айырмашылығы олардың  нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне байланысты емес, тек мiнез-құлқы мен жер  бедерiнiң табиғатына үйренiп, бейiмделуiне байланысты деп қарауды география ғылымы қуаттайды (19,5). Мысалы мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет  жеп тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк Африка халықтарының ыстық қанды болып келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне байланысты ерекшелiк.

Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық  құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын  өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты.

“Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық  құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас  нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Басқа этностардың басқаша нормалармен байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын, ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген.

Заман өзгерген сайын мiнез-құлық  нормалары да жаңарып отырады. Мысалы, қазан төңкерiсiнен кейiн қазақтарда “қалыңмал” берiп, әйел алуы мүлде жойылды немесе өзбек әйелдерi пәрәнжi жамылуды қойды.

Алайда этностың дамуы  бiркелкi болмайды. Ол доға iспеттi дамуды бастан кешiредi. Себебi, этностың қоғамдық мәдени-экономикалық және географиялық жағдайға байланысты бiрде шапшаң, бiрде  баяу дамуы мүмкiн. Адам өмiрi оны қоршаған табиғатпен, ғарыштық кеңiстiкпен, күн сәулелерiмен және радиацияның жер бетiндегi тiршiлiкке, соның iшiнде адамға да тигiзетiн әсерiмен биосфералық жағынан тығыз байланыста өтедi. Бұл жөнiнде Чижевскийдiң “Күн бетiндегi отты борандардың жер бетiндегi жаңғырығы” атты кiтабында айтылады. Күн бетiндегi отты борандар мен қопарылыс-жарылыс пайда болғанда, жердiң магниттiк белдеуi бағдарын өзгертетiн көрiнедi. Сонымен бiрге күн бетiнен жерге өткiр сәулелер атқылайды. Жер бетiндегi тiршiлiк әлемiне ерекше әсер ететiн физикалық құбылыстар пайда болады. Чижевскийдiң бақылауынша, күн бетiнде пайда болып жатқан осы құбылыстар кезiнде өткiр сәулелердiң шамадан тыс бөлiнуiмен байланысты вирустар көбейiп және олар желдiң бағытымен ұшып келiп, бiр жерге шоғырланып, әр түрлi жұқпалы ауруларды таратады, түрлi апаттар жиiленiп, адамдар арасында ақыл-есi ауысушы, асылып өлушiлердiң көбеюiн, бiр ұлт пен екiншi ұлттардың өзара соғысып, қантөгiстердiң болуын туғызатын көрiнедi (19,7). Биосфераның әсерiнен болатын табиғи апаттан, жарылыстан кейiн пайда болатын шала-жансарлық жағдай этностарды бiрден мүлдем құртып жiбермейдi. Дегенмен, ол этникалық жұлдыздарға (этностардың алдыңғы белсендi тобына) үлкен әсерiн тигiзiп, әлсiретуi, тiптi тұқымға орасан зор зиян келтiруi мүмкiн. Адам үнемi табиғат құшағында өмiр  сүрiп, тiршiлiк ететiн болғандықтан, күн сәулесiнiң де адамдардың психикасына ықпалын тигiзетiнi көпке аян. Яғни адамдардың өз еркiн билеу әрекетi де табиғатпен тығыз байланысты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы жиi-жиi болатын соғыс, қан төгiс, қақтығыстарды бiр жағынан экономикалық үстемдiк үшiн күрес деп қарасақ, екiншiден, ұлттар мен ұлыстарды басқарушы хандар мен патшалардың мiнез-құлық әрекетiне, мемлекеттi басқарушы адамдардың нерв жүйесiнiң қызметiне байланысты құбылыс деп ұғуға тура келедi. Мысалы, Гитлердiң немiс ұлтын үстемдiкке жаралған ақ нәсiл деп қарап, бүкiл Еуропаны басып алуды мақсат еткенi, еврейлердi кемсiтiп, асып-атуы Мальтустiң теориясына негiзделген фашистiк-диктаторлық iс-әрекет едi. Ал бiреулер мұны адамның физиологиялық жағымсыз қасиетi демей, “Алланың жiберген iсi” деп қарап, фашистiк iс-әрекеттi ақтамақ болады.

Этностардың тегi жеке адамдардың табиғи ортадағы тiршiлiктi қабылдауымен анықталады, ал қоршаған орта ол фактiнi бекiтедi. Олай болса, адамның белгiлi бiр этносқа қатысын анықтау сезiмге негiзделген. Ал адам сезiмi оның өзiндiк ойлауы және мiнез-құлық ерекшелiгiн бiлдiредi. Адамның бiр этносқа тән қасиетi оның бойына сәби кезiнен бастап ата-анасының қарым-қатынасы, мiнез-құлқы, iс әрекетi арқылы дарып, қалыптасады. Олай болса, “этнос” дегенiмiз белгiлi бiр жүйеге негiзделген мiнез-құлық, iс-әрекетi бiрыңғай топ-ұжым екен. Ал әлеуметтiк жүйенiң көпшiлiкке ортақ түрi – отбасынан басталады. Отбасы – бiр үйде тұратын адамдар жиынтығы. Жүйенiң элементiне отбасы мүшелерiнiң күнделiктi тұрмысында қолданатын заттары да енедi. Яғни олардың үй-мүлкi, баспанасы, ыдыс-аяғы, киiм кешегi, көрпе-жастығы, құрал-сайманы т.б. тұрмыстық тұтыну заттары және олардың жасалу үлгiлерi түгел кiредi. Отбасы мүшелерiнiң қарым-қатынасы, бiр-бiрiне көзқарасы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы да жүйенiң элементi болып есептеледi. Ал отбасылық жүйе этностық жүйенiң қайталанатын атрибуты болып саналады. Этностық тайпалар (топтар) күнделiктi тұрмысындағы, мiнез-құлқындағы, көзқарасындағы айырмашылықтары арқылы ерекшеленедi.

Қай халықтың болса да мәдениетiнiң  шарықтауы мен құлдырауы –  табиғи заңды процесс. Бiр кезде (бiздiң жыл санауымызға дейiнгi II ғасырда) егiншiлiкпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар малшаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениетi жоғары, өркендеген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына жол бермеген себептерге келсек, бiрiншiден, жауынгер ғұн халқының ерлiк iс-әрекетi бөгет болса, екiншiден, қалың қытайлықтардың, құрғақшылық, табиғаты қатаң даладан гөрi, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын Оңтүстiк Азияның теңiз жағалауын мекендеудi қолайлы деп санауы, үшiншiден қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кiшi Азия мен Сирияны, Египеттi жаулап алған, тұран ойпатын жайлаған, мәдениетi мен экономикасы күштi парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады (19,173).

Бүгiнгi аса мәдениеттi, экономикалық жағынан күштi деп саналатын Еуропа елдерi ол кезде (бiздiң жыл санау  дәуiрiмiздiң басында) Қытай, Персия елдерiне қарағанда мәдениетi әлдеқайда нашар дамыған елдер болған. Әрбiр мың жылда бiр ұлы өзгерiстiң болуы, мәдениетi бай елдiң соғыс, қуаңшылық, жер сiлкiнiсi т.б. апаттар салдарынан мүлде құрып кетуi немесе әлсiреп, шала жансар күйге түсуi, ал оның керiсiнше, артта қалған елдiң тез қарқынмен дамуы табиғи заңды құбылыс. Ертедегi Рим мәдениетi мен араб халифатының өркендеуi - осының айғағы.

Биосфералық процестiң әсерiнен  Еуропа мен Азия құрлығындағы этностар мыңдаған жылдар iшiнде төрт рет бүлiнiске  ұшырады. Ол ұлы Даланы мекендейтiн этностарды орасан зор қоныс аударуға ұшыратты. Шығыста әлденеше рет ғұндар мен түрiк, ұйғыр қағанаттарының қытайлықтармен қырғын соғысы болды. Аштық, өлiм-жiтiм, табиғи апаттар этностардың бiрiнiң туып, өсiп-өркендеп, кейiн құлдырап құруын, бiрiнiң орнына екiншiсiнiң пайда болып, өркен жаюын туғызады.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері