Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо  да бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан  баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп  тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден  бастау керек деп қарады.

Ал әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек” (82, 482), — дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-бiр тәрбие құралы жоқ” (82, 161),—деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский “Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге” баса көңiл бөлдi. “Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек” деп қарады.

Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци,К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады.

Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын  зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.

Кеңестiк дәуiрдiң 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк  мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады.

Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде  ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан  жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды.

Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық  тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.

Этнопедагогикалық зерттеулердiң  Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII— XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.

Бiрiншi — XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi — XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең — 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. (Ол кезеңге кейiн тоқталамыз, № 5 кесте).

Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына  қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа  шығар қақпа деп есептеген  орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер  жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.

Орта Азия мен Қазақстан даласын  мекендеген көшпелi тайпалардың өмiрi батыс оқымысты ойшылдарының назарына ерте-ақ iлiнген-дi. ХVII-ХVIII ғ.ғ. қазақ даласына тұңғыш әскери экспедициялар ұйымдастырыла бастады. М.В.Ломоносовтың замандасы географ және этнограф ғалым И.К.Кирилов 1730-35 ж.ж. Башкирия, Қазақстан далаларында саяхатта болып, көшпелi халықтардың шаруашылық тiршiлiгi мен салт-дәстүрiн зерттедi. Қазақстан және Орта Азия елдерiнiң картасын жасады. Ал орыстың саяхатшы офицерлерi әкелi-балалы Рычковтар (П.Н.Рычков, Н.П.Рычков) қазақ ауылының өмiрiнен очерктер жазып, қазақтардың ер жүрек, жауынгер халық екенiн суреттейдi. Олар қазақ әйелдерiнiң еңбек сүйгiш, табиғи қарапайым, жылы жүректi болып келетiнiн айта келiп, қазақтардың арғымақ атты ұрлауды үлкен өнер санайтынын баяндап, мәдениетi жағынан “тағы” деген тұжырым жасайды. Әрине, ол көшпендiлер мәдениетiне бiржақты баға берушi ұлы орысшылдық көзқарастың салдары едi. 

 

5-кесте Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасып, даму кезеңдері 

 

Қазақ этнопедагогикасы

ның туу кезеңi (ХIХғ. 2-жартысы), оның белсендi қайраткерлерi

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу  кезеңi (1920-1930жж.) және ол кезеңдегi қайраткерлерi

Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңi (1970-1995) және оның қайраткерлерi

Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары:

П.С.Паллас

Э.С.Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л.Зеланд

В.В.Радлов т.б. 

Қазақтың зиялы оқымыс

тылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхамедов

Н.Құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлiмбаев

Қ.Жарықбаев

С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.Ұзақбаева

М.Балтабаев

И.Бөлеев

З.Ахметова

М.Құрсабаев

М.Смайылова

М.Оразаев

К.Қожахметова


 

 

Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан  жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз  бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болды. Ол өзiнiң “0 разнообразии мира” деген кiтабында дүние жүзiндегi әр түрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-дәстүрлерiн әңгiмелей келiп, қазақтардың бие сүтiнен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақты ат мiнiп, жол азық алмай, ет асып жейтiн шәңкесi мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрi азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретiнiн, атына және өзiне қажеттi азықты жол-жөнекей тауып жейтiнiн, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгiлер арқылы тауып алып, ұрлаған адамға жетi қамшыдан үш жұз қамшыға дейiн дүре соғу айыбын кесетiнiн сөз етедi.

Ол “қазақтардың қарулары садақ, семсер және шоқпар, олар садақ  тартудың шеберi болғандықтан оны жиiрек  қолданады. Өте тамаша және ерлiкпен соғысады. Соғыста ар-намысы күштi. Қашып бара жатып, қуғыншы бас сауғалады деп, жаңсақ ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып,  жаудың  тас-талқанын шығарады” (44,  220), – деп,    олардың   мергендiгiн, қайтпас жауынгерлiгiн сүйсiне сөз етедi.

Ол өзiнiң Жетiсу бойында  болған сапарында көрген қазақтың “қызбөрi”  ойынының шығу тарихына ой жiберiп, бұл ойын Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезiнен, яғни таптық қатынаспен бiрге туғандығы жайлы ескертедi. Ұлт ойындарының шығу тарихын зерттеуге көңiл бөлген ағылшын ғалымы Э.Маккей де осы пiкiрдi тереңдете түсiп, “Түрлi құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарағие т.б. ұлт ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтардың арасында шамамен 5 мың жыл бұрын ойыналып таралғанға ұқсайды” дейдi.

Ол ертедегi Қазақстан  жерiн мекендеген көшпелi тайпалардың  негiзгi кәсiбi аңшылық болған. Тайпалар аңға шығар алдында дайындық жасап, “қарағие” ойынымен айналысқан. Олар сол арқылы мергендiктi меңгерсе, ал жаумен жекпе-жекте найзаласқанда оңайлықпен берiлмейтiн болған. Сондықтан да Сақтардың өзiнiң жауларына үнемi тойтарыс берiп отырғандығын, қарсы тайпасының Кир (558-529 Ф.д.д) Дарий 1 (5-18 ж.б.д.д.) секiлдi қолбасшылардың басы сақ тайпалары батырларының қанжығасында кеткенiн тарихтан жақсы бiлемiз.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруiмен  байланысты әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың  негiзiнде дамып, Қазақстан   жерiнде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау, таяқ жүгiрту, садақ ату, қақпатас, қарагие ойындары пайда болса, бертiнгi дәуiрде қайталау-жаттығу нәтижесiнде бұл ойындар: аң аулау, бүркiт салу, садақ тарту, жамбы ату, қарагие-найза лақтыру, қақпан-тұзақ құру т.б. аттары өзгерiп, мазмұны байи түскен.

Ертедегi Қазақстан жерiндегi рулардың қалыптасу кезiндегi этнографиясы, ойын-сауықтары, ән-күй, би, қол өнер мәдениетi жайындағы деректер ХIII-ХVIII ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан жерiнде болған Европа саяхатшыларының алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук еңбектерiнде жинақталған. Мәселен XIII ғасырдың бiрiншi жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетiсу, Тарбағатай арқылы Монғолияға барып қайтқан сапарынан жинаған материалдарынан “Монғолия тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбектi кезiнде шыгыс халықтарының этнографиясын зерттеушi ғалым Шоқан Уәлиханов та өз еңбектерiнде пайдаланды.

Немiс ғалымы Александр  Гумбольд 1829 жылы орыс өкiметiнен арнайы рұқсат алып Каспий теңiзiнiң бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. Ол көшпелi қазақ ауылдарының өмiрiмен танысып, “Центральная Азия исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии” атты еңбегiн жазады. Осы еңбегiнде “қазақ ауылына келген беттегi қонаққа көрсетiлетiн сый-құрметiне, олардың ойын-сауықтарына, әсiресе қоян-қолтық күрестерi мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнiнде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде-кем” дейдi. А.Гумбольд қазақ жерiнде жүрiп, көшпелi халықтың өмiрi жайындағы ойға түйгенiн Канкрин мен Шеллерге жазган хатында: “Мен қазақ аулында болған кезiмдi өмiрiмнiң аса құрметтi кезеңi деп есептеймiн. Мен өмiрiмде осындай қысқа уақыт iшiнде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едiм. Бiрақ, бұл кең дүниенiң ортасында болгандықтан да солай болуы керек”- дейдi .

Француздың атақты жазушысы А.Дюма “Из Парижа в Астрахань” деген еңбегiнде ұлына жазған хатында “Қымбатты ұлым, сенiң  хатың менi Астраханьда қуып жеттi. Менiң саяхаттағы өмiрiмнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Бiздер мұнда келгеннен кейiн Каспий теңiзiнiң жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндерi мен үлкен тойдың, ойын-сауықтың куәсi болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткiзу әзiрше мен көрген елде, жүрген жерде кездестiрмедiм. Мұндай ойын-сауықтың өтуiне себепшi болғандықтан, маған қаракүлден тiгiлген тон кигiздi” – дейдi.

Ал ұлты француз, өзi Ресей  Ғылым академиясының мүшесi П.С.Палластың “Ресей империясының түрлi аймақтарына саяхат” (СПб, 1779) атты кiтабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның iшiнде бақсы балгерлердi әр жiкке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидiң “Орта Азия очерктерi” (М., 1868), “Орта Азияға саяхат” (СПб., 1865) деген еңбектерiнде Бұхар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғайды.

“Ел кезген сапарларымда, – деп жазады А.Вамбери, – олардың  тұрақ-мекендерiн кездестiрдiм, халқының сан мөлшерi туралы сауалыма үнемi “әуелi даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана” – деп күле жауап бередi. Сол сияқты, олардың шекараларын дәл анықтау да мүмкiн емес. Бiздiң бiлетiнiмiз – олар Сiбiр, Қытай, Түркiстан және Каспий теңiзi аралығындағы ұлан-ғайыр сар даланы мекендейдi. Бiздiң аса бiр таң қалғанымыз – олардың музыка мен поэзияға ерекше бейiмдiлiгi, екiншi жағынан байқағанымыз – текшiлдiгi. Екi қазақ жолықса, мiндеттi түрде алғашқы сұрауы: “Жетi атаң кiм?” – деп келедi, тiптi сегiз жасар бала болса да, жауапқа мүдiрмейдi, олай болмаған күнде жетесiздiгiн көрсетедi” (44, 224), – дейдi. Немiс саяхатшысы Иван Шильтберген өзiнiң “Ұлы Татария туралы” деген мақалсында Сiбiр даласын жайлаған: татар, башқұрт, қазақ, қалмақтардың тiршiлiгiн сөз ете келе, қазақтардың киiз үйде жерге отырып тамақ iшетiн, көшiп-қонуға, ыстық-суыққа көнбiстiгiн, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсiмдерiн баяндайды. “Қазақтардың (қырғыздардың) ұлы татария даласында бүкiл түз халықтарының iшiндегi ең ержүрек ел екенiн айрықша айту қажет” (44, 220), – дейдi.

Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал – Каспий көлбеуiн мекендеушi халықтар” (1880) атты еңбегiнде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пiкiрлердi қуаттай отырып, ол: “...бүкiл Ресейдiң көлемiндей жердi, Едiл жағалауынан Алатауға дейiн, Амударияның аяғынан Ертiске дейiнгi өңiрдi алып жатқан екi миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын. – С.Қ.) қазақ ұлты Азияның көшпелi нәсiлiнiң iшiндегi ең өсiп-өнген ел, бiрақ бөлшектенуi де шексiз: қазақтар өздерiн қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңiз құмына теңейдi. Бұл халықтың өкiлдерiн тiптi Тибет пен Үндiстан шекараларынан да кездестiруге болады. Бұлардың тiлiнде мұсылман дiнi арқылы енген аздаған араб, парсы сөздерi мен моңғол тiлiнiң аз-маз әсерiнiң барлығы байқалғаны болмаса, бөгде әсерге ұшырамаған, ең таза тiлдi түркi халқына жатқызуға болады” (44, 223), – дейдi.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері