Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы кұйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды. Ол эпос үлгiсiндегi поэзиялық мұра ретiнде бiздiң дәуiрлерiмiзге жеттi. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелi тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн бейнелейтiн мәлiметтер көптеп кездеседi. Олар тәлiмдiк жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ, қараша үйден құлазыған тұз артық.. Әйелдiң төрт түрi болады: оның бiрi ниетi қара әйел, екiншiсi — нысапсыз әйел, үшiншiсi - үйдiң құты болған әйел, төртiншiсi – кесiрлi әйел...” деп келетiн Қорқыттың нақыл сөздерi өз мәнiн күнi бүгiнге дейiн жоймай келедi (51, 7—9).
IX—X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым.
Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды.
Iзгiлiк, имандылық,
Қазақстан мен Орта Азия елдерiн ХIII ғ. басында Шыңғыс ханның жаулап алуы мәдениеттiң тоқырауын тудырды.
Көне мәдениет көздерi – Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалалары жалынға оранды. Қалалар қиратылып, мешiт, медiреселер, сауда дүкендерi, кiтапхана қорлары талқандалып жоқ болды.
Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, қанды майданның аренасына айналды.
Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң “Махаббатнама” поэмасы, ақын Сайф Сарайдың “Гүлстан” аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.
Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.
Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi
Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны”), ал Хорезмидiң “Мухаббатнама”, Саиф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гулстан бит турки”, Құтыптың “Хусрау Шырын” сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi негiзiнен әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi. Ел қорғау мәселелерi ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегi болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең алдымен қайратты, ептi және намысқой, өнерлi болып өсулерiн талап етiп отырды.
Қазақ хандығының құрылуы — ХIҮ-ХҮ-ғасырларда, Алтын Орда мемлекетi мен Ақсақ Темiр империясының өзара бақталастықтарының нәтижесiнде әлсiреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келедi. Қазақ хандығы — сөзсiз кешегi ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы — Русь мемлекетiнiң отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсiздiгiн алуына әкелiп соқты. Шыңғысхан мен Алтын Орда империяларынан саяси тәжiрибе жинақтаған Русь мемлекетiнiң тәуелсiздiк алуы — қайта өрлеу дәуiрiне (14—16 ғ.ғ.) дөп келдi.
Тарихтың бұл бетi — Шыңғысхан империясының тарихымен бiрге өрбидi. Бiр кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темiр империясының отар елi болған Ресей, кейiн сол империядан ыдырап, бөлiнiп шыққан халықтарды (өзбек, татар, ноғай, Сiбiр (Көшiм), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар елiне айналдырды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.
Қазақ жерiнiң байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келiсiм-шарт жасасып, қытай — жоңғарларды, ал Ресей — қалмақтарды бiзге қарсы айдап салды.
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады.
Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды (37). Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелi сөздерiмен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етiп, халықты ел болуға, берекелi бiрлiкке шақырып, қоғамдық өмiр сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебiренiстерi, билердiң шешендiк- қанатты сөздерi өзiнiң тәлiмдiк шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бiрге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәнi жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлiк заманда хандар мен бектердiң, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшiсi болып, жорыққа бiрге аттанды, ру-тайпаларына басшылық еттi, сұрапыл қанды майдан көрiнiстерiн жырға қосты, ерлiктi мадақтады, шейiт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлiстi.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар
шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн (39).
XV-XVII ғасырларда өмiр
сүрген қазақ ақын-
Қазақтың тәрбие мектебi — ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.
Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.
Бұл дәуiрде мал
1650—1730 жылдар арасындағы
қазақ-жоңғар соғысы қазақ
1730 жылы Кiшi жүздiң
ханы Әбiлхайыр өз билерiмен
келiсе отырып, қазақ халқын сақтап қалу
мақсатында, Ресей
Бұл жайында “қазақтың
көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың
20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ
арасында хандық үкiметтi бiржолата
жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк
тәртiбiн жақындатуға тырысты..
Қазақ жерiне қоныстана
бастаған орыстар шұрайлы егiстiк
жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып
алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер
мен шiркеулер салынып, балаларды
шоқындыру мен орыстандыру
Осындай мақсаттағы оқу
орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында
“Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс
Қазақстандағы Бөкей ордасында
қазақ бай-феодалдарының
XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан
даласында Ресейдiң алдыңғы
Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.) жазып, ұсынды.
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ атауының этимологиясы жөнiнде не бiлесiң?
2.Қазақ этносының пайда болу тарих.кезеңдерiн ажыратып бер.
3.Этностың пайда болу заңд.саралап айтып бер.
4.Этнос.мәдениет тарихын зерттеудегi қоғамдық және жар.тану.ғыл өзара байланысын.ажырат
5.Этностар мәдениеті бiркелкi дамымау себептерiн анықта.