Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

Белгiлi шығыстанушы ғалым  Г.Клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегi “Азия журналы” бетiнде француз  тiлiнде жарық көрген “қазақ тiлi жайлы” деген мақаласында қазақтарды моңғол тегiне жатқызуға байланысты жаңсақ пiкiрге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе, Р.Карутцтың “Маңғышлақ түркiмендерi мен қазақтардың арасында” атты кiтабы сол кездегi қазақ тұрмысын бiршама байыпты қарастырған.

Ал Э.С.Вульфсон деген  дат ғалымы өзiнiң “Қазақтар” атты очеркiнде (М., 1901) қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келiп, “тап қазақтардай бүкiл өмiрде әндi қастерлеп өтетiн халықты табудың өзi неғайбыл...” деп, олардың өнердi қастерлеуiн кең сахарада көшiп-қонып еркiн жүруiмен байланыстырады. Қазақтың балаларды кiшкентайынан инабаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелейтiнiне сүйсiнген ғалым, қазақ өз баласына “Егер қарттарды сыйласаң, құдай сенi сыйлайды” деген нақылды титтейтiнен миына құйып өсiредi. Егер үйге ақсақал кiрiп келсе, барлық жас түрегелiп, бас иедi және әзiл-қалжың кiлт тыйылады” – деп жазады. Ғалым “осы халықта қарттар – үлкен ұстаз” (44, 225), – деп, дұрыс қорытынды жасайды.

Осы пiкiр ХIХ ғасырдың екiншi жартысында қазақ даласында  болып, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын терең зерттеп, өзiнiң “Из Сибири” атты еңбегiн жазған немiс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегiнен де байқалады: “... менiң, – деп жазды ол, – қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрлерiмен танысқанымда көзiм жеткен ақиқат, бұлардың өзiндiк ерекше мәдениетi бар халық екендiгi. Бiздiң отандастарымыз ойлағандай, олар тiптi де тағы, “ауыздықсыз”, “басбұзар”, “қарақшы”, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес. Олардың мiнез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқарастан басқа көзқараспен қарау керек... Олардың өмiрге көзқарасы, салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы, бiр сөзбен айтқанда, бар өмiрi мен еңбегi малмен тiкелей байланысты болғандықтан, жыл бойы көшiп-қонуға негiзделген...” (44, 237), – деп, қазақ мәдениетiне аса жоғары баға берген болатын.

Қазақтар жөнiнде Ресейде  алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшин (1792-1879) болды. Оның “Қырғыз-қайсақ ордалары мен  даласының сипаттамасы” (1832) атты еңбегiнiң  бiрiншi бөлiмiнде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берiлсе, екiншi бөлiмi қазақтардың тарихына, ал үшiншi бөлiмi этнографиясына арналған.

А.Левшин – “Қазақ”  деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым. (Осы  еңбекке дейiн Ресейдiң баспасөз беттерiнде, сондай-ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-қайсақ” деп келген. – С.Қ.) Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынан бастап ХIХ ғасырға дейiнгi Орынбор әкiмшiлiгi және орыс өкiметiмен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастарынан көптеген мағлұмат бередi.

А.И.Левшин қазақтардың табиғат  қаталдығына төзiмдiлiгiн, күнкөрiс  кәсiбiн төрт түлiк малмен байланыстыра былайша сөз етедi: “...табиғатпен етене өмiр сүрген, қарапайым тамақ iшiп, жайбарақаттықта, таза ауамен тыныстаған қырғыздардың денсаулығы мықты, көп  жасайтын, күштi де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келедi. Күннiң ыстығы қаперлерiне де кiрмейдi. Айналасын көргiштiгi таңдануға тұрарлық. Тегiс жерде тұрып кiшкентай заттарды он не одан да көп шақырымнан көре бiледi. Көздерi аса өткiр келедi. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көрiп әзер байқайтын жерден, олар заттың  сұлбасы мен түсiн (әсiресе, малдың түсiн) жақсы ажырата бiледi. Бала күнiнен ат құлағында ойнау қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былайша айтқанда, олар ат үстiне туып, ең асау аттың өзiн батыл да шебер ауыздықтайды. Әйелдерi бұл жағынан еркектерден кейде асып та кетедi, ...ауылға сырттан қонақ келсе, бәрi жиналып соны тыңдайды, берген тамағына ешкiм әңгiмеден басқа ақы сұрамайды. Қырғыздар үшiн меймандостық қастерлi заң” (44, 230), – деп, қазақтың қонақжайлық салт-дәстүрiн мадақтаса, олардың психологиялық ерекшелiгiне орай: “...қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету олардың ең жақсы қасиетi, халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат  берiп, өлсе де ұмытпай үлгi тұтады. қырғыздар туған жерiн, атамекенiн қатты қастерлейдi. Кiр жуып, кiндiк кескен жерiн тастап, ешкiм ешқайда кетпейдi”, – деп, елiн, жерiн сүюшiлiк олар үшiн ұлттық сезiмнiң ең қасиеттi белгiсi екенiн айтып, биiк адамгершiлiк қасиеттерiн ерекше атап өтедi.

А.И.Левшин қазақ әйелдерiнiң инабатты, шаруақор, iске шебер, ерiне адал болатынын  да дұрыс көрсеткен. “қырғыз әйелдерi, – деп жазды Левшин, – түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен  ерлерге iзеттiлiк көрсетудi ұмытпайды. Олар ерлерден гөрi бейнетқор, малға қарайды, киiм тiгедi, ерi үшiн бәрiн жасап, оны кетерде атына мiнгiзiп, аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрi ана көп қарайды, қыздарын үй-iшiндегi өнердiң бәрiне үйретедi” (44, 231), – дейдi.

Осы еңбектiң ХII тарауында қазақтың балаға ат қою, сүндетке отырғызу, үйлену, өлген адамды жерлеу мен еске алу (жетiсiн, қырқын, жылын беру) сияқты салт-дәстүрлерiн жан-жақты сөз еткен. А.И.Левшиннiң бұдан басқа “Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы” (1823), “Кiшi жүз ханымен (Шерғазымен. – С.Қ.) кездесу” (1820), “Татарлардың ежелгi қаласы Сарайшық туралы хабар” (1824), “қазақ халқының аты-жөнi және нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы” (1826) деген еңбектерiнде де қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерiн шынайы да, әдiл бағалаушылығы байқалады.

Өткен ғасырдың бiрiншi жартысында саяси  көзқарасы үшiн қазақ даласына жер аударылған бiр топ орыс зиялылары  Батыс Сiбiр өлкесiнде айдауда  болып, өздерiнiң тағдырлас бауырлары  – қазақ еңбекшiлерiнiң өмiрiнен  еңбек жазған. Солардың бiрi декабристер қозғалысының Польшадағы көрнектi қайраткерi, ақын Адам Мицкевичтiң досы, Вильно университетiнiң түлегi Адольф Янушкевич (1803-1857) едi. Оның нағашысы Польшаның бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн шайқасқан атақты Костюшко болатын. А.Янушкевич университетте оқып жүрiп, Костюшко басқарған студенттердiң жасырын саяси ұйымына қатынасып, патша самодержавиясына қарсы үгiт жұргiзiп, 1832 жылғы бiр шайқаста жараланып, қолға түседi, 1832 жылы 4 наурызда А.Янушкевичтi дворян атағынан айырып, өлiм жазасына кеседi. Бiрақ кейiннен кешiрiм жасалып, Сiбiрге 25 жылға жер аударады. Ол 1832-1849 жылдары Тобыл, Есiл бойларында, Омбыда айдауда жүрiп, қазақтардың өмiрi туралы естелiк еңбектер жазды. 1846 жылы А.Янушкевич Семей, Аякөз, Лепсi, Жетiсу өлкелерiнде мал, адам санағын өткiзуге Омбыдан арнайы шыққан генерал Вишневский басқарған экспедиция құрамында болып, қазақтардың ауылдарын аралап, көрген-бiлгенiнен “қазақ даласынан жазған хаттар” атты естелiк құрастырады. Мұнысы 1861 жылы Парижде поляк тiлiнде басылып шығады. А.Янушкевич осы еңбегiнде Ресей империясы шенеунiктерi арасында қазақтар жөнiнде сол кезде қалыптасқан “тағы көшпелiлер” дейтiн терiс көзқарасты әшкерелеп, дала тұрғындарының өзiндiк мәдениетi, салт-дәстүрi бар, шешендiк, ақындық өнерге келгенде “ақыл-ой тапқырлығы” жағынан Еуропаның ең мәдениеттi деген елдерiнен кем түспейтiндiгiн нақтылы деректер келтiре отырып баяндайды... Бұл жөнiнде ғалым: “...мереке кезiнде мен ең алғаш рет өлеңшiлердi тыңдауға мүмкiндiк алдым. Бұлар қазақтың трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Қазақтардың өлең шығаруы мен орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабiлетiн тамаша айқындайды. “Бұдан бiрнеше күн бұрын өзара жауласқан екi партияның арасындағы қақтығыстың куәсi болған едiм. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы ғұмыры естiмеген  шешендердiң сөз сайысына таң қалып қол соққанмын. Ал бүгiн оқи да, жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда өнерлерiн жайып салады. Олардың жыры жаныма жылы тиiп, жүрегiмнiң қылын қозғады. Сонымен өзiмдi тәнтi еттi” (44, 232), – дейдi. А.Янушкевич қазақтың ас пен тойын, ат баптауын, қымыз ашытуын, ақындар айтысын, келiн түсiру, ұлға еншi беру, өлiктi жөнелту, барымта сияқты әдет-ғұрыптарын да терең сипаттап, сүйсiне сөз етедi. Сонымен бiрге патша шенеунiктерiнiң осы халыққа орынсыз қамшы үйiрiп, балағаттап боқтау, жазықсыз жазалау әдетiне ренiш бiлдiре, кейбiр содыр-сойқан шенеунiктердi әдiлетсiздiгi үшiн қарапайым халықтың “қамшы майор” атағынан айтады.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстанға  жер ауғандардың iшiнде С.Гросс, Б.Заленскийлер де болды.

Адвокат С.Гросс та А.Янушкевич  сияқты саяси сенiмсiздiгi үшiн Сiбiрге  жер аударылып, Семейде сегiз жылдай тұрып “материалы для изучения юридических  обычаев киргизов” атты еңбегiн  жазған. Ол сол жылдары Семейде  құрылған статистикалық комитеттi басқарады, басқа да ғылыми қоғамдардың құрылуына еңбiген сiңiредi. Абаймен достасады. Бiр айта кететiн жай поляк халқының алдынғы қатарлы идеяларды таратушыларының бiрi А.Янушкевич (ХIХ ғасырдың 40 жылдарында) Абайдың әкесi Құнанбаймен кездесiп, ол туралы жақсы лебiз бiлдiрсе, ал Гросс 80 жылдары Абайдың өзiмен пiкiрлеседi. Американ жазушысы Джордж Кеннен де осы Семейде болған кезiнде С.Гросты, оның досы А.Бектi және Абайды кездестiрiп, солардың қазақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде қандай еңбектер жазып, зерттеулер жүргiзгендiгiн өзiнiң “Сибирь и ссылка” атты еңбегiнде ашып жазады.

Қазақ халқының этнографиялық материалдарын  жинауда еңбек еткен тек Россия үкiметiнiң Қазақстан жерiне арнайы жiберiлген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көршi отырған екi ел арасында кездесетiн кейбiр қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесi баршылық. Осындай тұтқындардың бiрi орыс офицер Ф.С.Ефремов көшпелi халықтың өмiрi жайында көптеген материалдар жинаған. Ол Россияға қайтқан бетiнде тұтқында жүрiп жинаған материалдарынан еңбек жазып, соның “Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители” атты бiр тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетiндiгi, оған өзiнiң бас кейiпкер болып қатысқандығы жайлы баяндайды. Орыс тұтқындарының iшiнде бұдан басқа да кезiнде еңбектерi жарық көрмей, бүгiнде архив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гаверлевский сияқты зерттеушi ғалымдар да бар.

Қазақ халқының этнографиясы жөнiнде  еңбек жазғандардың бiрi орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев едi. Оның “Описанием средней орды киргиз-кайсаков” атты еңбегi алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесiншi тарауында шiлдехана тойындағы өтiлетiн ойындар мен нәрестенi тәрбиелеп күту мәселесi сөз болады, ал сол тараудың бесiншi бөлiмiнде үйлену тойындағы ойын-сауықтар туралы айтады.

Өткен ғасырдың екiншi жартысында Орынбор, Омбы, Семей қалаларында болып, қазақтар туралы құнды еңбек жазған, дәрiгер, антрополог ғалым Н.Л.Зеланд (1833-1902) болды. Ол 1885 жылы “қазақтар” (44, 234) атты этнографиялық очерк жазып, Омбы қаласында бастырып шығарды. Зеланд адамның табиғи қасиеттерi, оның iшiнде темпераментiн сол халықтың психологиялық ерекшелiгi деп қарайды. Ол көшпелi қазақтарды сангвиник темпераментiне жатқызады. Олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң iшiнен адалдықты, бауырмалдықты, қайғыға ортақтастық пен қонақжайлылықты, салауаттылық пен төзiмдiлiктi т.б. қасиеттерiн ерекше атап көрсетедi. Аталмыш еңбекте қыр қазақтарының дене бiтiмi жайында қызықты деректер бере келе, баланы бесiкке бөлеудiң пайдасын, балаға ат қою, сүндетке отырғызу, қонақжайлылық, салт-дәстүрлерi туралы да сөз қозғайды.

Ғалым қазақ халқына психологиялық  мiнездеме бере келiп, “...қазақ –  қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдық  пен iзгiлiк тән, ол ылғи да жайдары жүредi, жалпы сергек, әрi елiктегiш келедi. Алайда “жүйкесi” көнбiстi, ашушаңдыққа бара бермейдi. Олардың қызу қанды болуының себебi, бәлкiм, көшпендiлердiң өмiр салтынан да болса керек. Қауырт та шапшаң дене қозғалысы, үнемi ат үстiнде жүруi қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиiс, бұған қосымша дала тұрғындарының дене қызуының жиi алмасуы, олар жұтатын таза ауа да, шөлейтте жол шеккенде сусынды көп iшуi, дiни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және iшек жолы қызметiн жақсартуға көмектеседi. Бұл айтылғандардың рух күшiн сақтауға маңызды ықпалы зор: ақыр соңында арақпен, апиынмен және темекiмен жүйкесiн жұқартуға әдеттенбеудiң де бiраз пайдасы бар”, – деп қазақтардың әдет-ғұрпы мен тамақтану ерекшелiктерiне ғылыми, медициналық талдау жасалған. Н.Зеланд қазақтардың ойлаудағы алғырлығына да шек келтiрмейдi. “Жалпы, қазақтар математикаға басқалардан гөрi жетiк келедi, олардың аналитикалық ойлау қабiлетi күштi”, – дейдi.

Ғалым өз еңбегiнiң қорытындысында қазақ ерлерi мен әйелдерiнiң адамгершiлiк қасиеттерiн сөз ете келiп, “әйелдер иман жүздi, олар ақылдылығымен көзге түседi, бұл қазақ қыздарының тәрбиесiне от басында ерекше көңiл бөлуге байланысты” (44, 235), – деп тұжырымдайды.

Бұратана халықтардың тiлi, дiнi, оқу-ағарту мәселесi жөнiнде келелi пiкiр айтқан публицист-ғалым, белгiлi қоғам қайраткерi Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849). Ол Томск гимназиясын бiтiргеннен кейiн Петербург университетiне түседi. Осында оқып жүрiп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегi студенттердiң толқуына қатынасқаны үшiн университеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргiзгенi үшiн түрмеге қамалып, 9 жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сiбiрдi зерттеу экспедициясына қатысып, Сiбiр халықтарының ауыз әдебиетi мен мәдени-тарихи мұраларын зерттеу iсiмен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған қарақорымның қираған жұрты мен Орхон-Енисей таңбалы жазуы атанған көне түркi жазу-ескерткiшiн ашады. Н.М.Ядринцев өзiнiң “Ұлт аймақтарының алғашқы жарық жұлдыздары және мешеу халықтардың ағарту iсi” деген еңбегiнде Ш.Уәлиханов, Д.Банзаров сияқты қазақ, бурят халықтарынан шыққан оқымыстыларды дәрiптеп, осы ұлттардың келешекте көркеюi үшiн оқу-ағарту iсiне ерекше мән беру керектiгiн айта келiп, бұратана халықтарды күштеп орыстандыруды “тағылықтың бiр түрi” – деп айыптайды. Н.Ядринцев “кез келген ұлт өзiнiң ұлтын, тiлiн, дiни нанымын сақтауға тым бейiм... Бұратана халықтың шынайы бiлiм алуы оның өз халқымен байланысынан қол үздiрмеуге тиiс” (44, 243-244), – дептi.

Белгiлi этнограф, фольклорист, өлкетанушы Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) көп жылдар бойында Орталық Азия мен қазақстанды зерттеу экспедицияларына қатынасады, Қытай мен Орталық Монғолияның Тибет аймағын зерттеп, көптеген этнографиялық еңбектер жазды. Ол 1870-1918 жылдары Көкшетау, Құсмұрын, Семей, Қарқаралы, Кереку өлкелерiнде болып, қазақтың фольклорлық шығармаларын жинастырды, салт-дәстүрлерiн зерттеп, “Қазақтың соңғы ханзадасының киiз үйiнде” (1870), “Шығыстың таң жұлдыздары Ш.Уәлиханов пен Доржи Банзаров” (1890) атты еңбектерiнде “Аз халықтардың” еркiн мәдени даму қажеттiгi туралы ойды ұдайы уағыздай отырып, қазақ мектептерiнде татарлардың дiни оқуды уағыздануына қарсылық бiлдiредi. Дiни оқудың орнына дүнияуи ғылымдарды үйретудi құптайды. “Қазақтар етi тiрi, денi салауатты, өмiрге iңкәр халық. Олар өмiрде мереке, той-думандарды ұнатады. Өлгендердi еске алу бұл халықта ойындармен, ат бәйгесiмен, өлең-жырмен, жарыстармен, ән айтумен, ұлан-асыр салтанатпен ұласады. ...қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты. Олар өлең айтумен қатар композитор. Ол шығармасына әуендi де, ырғақты да өзi шығарады. Поэзия мен музыка – қолы бос жүретiн еркектердiң қолында, бейнелеу өнерi, негiзiнде, ою-өрнек болуы себептi, онымен әйелдер шұғылданады. Қазақтар арасында ақындық творчество аса дамыған. Ақын деген сахараға сыймайды” (44, 244), – дейдi.

Ресей империясына екi жүз алпыс  жылдай бодан болған дала халқының дәм-тұзын татқан, оларға шын тiлеулес болып, жылы жүзбен қараған осынау жат  жұрт зиялылары (И.Ганвей, М.Готовицкий, А.Брем, В.Аничков, А.Васильев, С.Рыбаков, А.Седельников, Л.Мейер, А.Костин, М.Шестаков, П.Пашино, Д.Иванов, И.Кастанье, Ф.Шербина т.б.) кең-байтақ өлкенi тек тамашалап қана қоймай, мұны мекендеген елдiң салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы, өнерi мен мәдениетi, әдебиетi мен ем-домы жайлы бағалы еңбектер жазып, өздерiнiң нағыз демократ, гуманист екендiктерiн көрсете бiлдi. Мәселен, И.Кастанье дала тұрғындары туралы былай дейдi: “...қазақтар өте қонақжай, өзi аш қалса да соңғы етiн қонаққа ұсынады” (44, 247), ал И.Ганвей: “...қырғыз (қазақ. – С.Қ.) күштi де ержүрек халық. Олар танымайтын адамдарға да кiшiпейiл, қонақты ренжiтудi үлкен ұятсыздық деп бiледi”, – десе, Ф.Шербина: “...қазақ керемет өсiмдiк танығыш, ол әр түрлi өсiмдiктiң жылдың әр мезгiлiне қарай қай түлiкке жағымды келетiнiн жақсы бiледi”, – дейдi. Қазақ халқының эстетикалық, сұлулық түсiнiк-талғамдары туралы айтылған небiр ғылыми әдiл сипаттамалар аз емес. Мәселен, П.Пашино: “Өлең, жыр – қазақтардың жан серiгi, қарапайым адамдар суырып салып айтуға бейiм тұрады” десе, С.Рыбаков: “...қазақ поэзиясы жалпы сапасы тұрғысынан, тiлiнiң анықтығы, ойларының бейнелiлiгi, лирикалық қасиетi жағынан айрықша даралана түседi. Ал оның музыкасы қазақтың рухани өмiрiнiң байлығы, маңыздылығы жөнiнде қанша айтуымызға мүмкiндiк бередi”, – дейдi.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тiл байлығы, оның мағынасы мен айтылу формасының сұлу, нақыштылығы жөнiнде  айтқандарына қалайша сүйсiнбеуге болады? Мәселен, атақты түрiктанушы С.Малов: “түркi халықтарының iшiндегi ең суретшiл, бейнелi тiл – қазақ тiлi. Қазақтар өзiнiң шешендiгiмен, әсем ауыз әдебиетiмен де даңқты”, – десе, шығыстанушы П.Меллиоранский: “қазақ... тiлi түркi тiлдерiнiң iшiндегi ең таза, бай тiлге жатады. Қазақтар шешен, әрi әдемi сөйлеудiң шеберi... қазақтардың халық әдебиетi аса бай, жан-жақты”, – дейдi. Орыстың тағы бiр зиялысы А.Брем: “шешендiк тiл өнерiне жетiктiк бүкiл қазақ халқының негiзгi психологиялық ерекшелiгi”, – дейдi. “Қазақтар, – деп жазды ол, – сөз өнерiне аса жетiк келедi. Бұл жұрттың бәрiне: оқыған адамдарға да, әлiптi таяқ деп бiлмейтiндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет” (44, 6).

Алайда бiр медальдың екi жағы болатыны сияқты орыс, батыс саяхатшы ғалымдарының бәрi бiрдей қазақ халқына  жанашырлық бiлдiрдi деуге болмайды.

Кеңестiк дәуiрдегi Коммунистiк партияның ұлт саясатында үздiксiз марапатталып келген ұлы орысшылдық пен тоталитаризм идеясынан адам психологиясындаәбден қалыптасқан, бiрiншi сортты “ұлы халық”, екiншi сортты “кiшi халық деген жаңсақ пiкiрдiң түп-тамыры бұдан 270 жыл бұрын қазақ даласына орнай бастаған орыс патшасынң отаршылдық саясатынан туындады. Өткен ғасырда қазақ даласына жат пиғылмен келген миссионерлердiң де болғанын, олардың ұлт аймақтарындағы “бұратана”халықтарды шоқындыру, ана тiлiнен, ұстанған дiнiнен бездiру, сөйтiп, зорлап орыстандыру саясатын жүргiзiп баққаны да шындық.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері