Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
Ә.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.
Қазан университетiнiң ғалымы П.Н.Ахметов (Сахит Герей АКхметов) Диваев жiберген қолжазба материалдардың маңыздылығын жоғары бағалады.
1896 ж. 22 қаңтарда Ә.Диваев ТКЛА (
Ташкентский кружок любителей
археологии) мүше болып қабылданып,
1917 ж. дейiн сол үйiрмеден қол
үзбей қызмет етедi. Диваев кейiн
Москва университетiнiң
2004 ж. Диваевтың қатынасымен
Ташкентте мұсылман
1918 ж. Түркiстан Халық
А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр” жырларының бiрнеше варианттарын, “Тазша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.
Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.
Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да бар. Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас” батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады” дейдi. Диваев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай сияқты қазақ батырларының да жырда кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ауылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени қарым-қатынасының куәсi деп қарайды.
Диваев “қазақ” сөзiнiң шығу тарихы туралы да өз пiкiрiн, бiлдiредi. Ол қазақтың тыю сөздерi мен 70-ке тарта ырымдарын талдай келiп, олардың шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне тоқталады. Бақсылардың кiм екендiгiне түсiнiктеме бередi. Қазақтың “Ас иесiмен тәттi”, “Айналайын” деген сөздердiң этимологиясына талдау жасайды.
Ә.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау жасайды.
Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.
2.Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.
1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. “Толстойша” деген өлеңiн жазған.
Ол халық аңыздары негiзiнде “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек” дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң “Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң “Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. “Абай” журналына Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.
Шәкәрiмнiң дүниенiң
“Кеттi, келдi, толды, семдi, өзгелендi бұл ғалам…
Туды, өлдi, жанды, сөндi, өршiп, өндi қайтадан” дей келiп: “Iздедiм, таптым, анығын. Тастадым ескi танығын” – деп ой түйедi. Дүние сырын бiлу, нану, ұғыну, тану – бәрi ақыл iсi. Ол мида қорытылып түсiнiк, ой, сезiм болып көрiнiс бередi дейдi.
Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман – әр iстi сол тексермек
– деп мидың қызметiнiң
Ақын өзiнiң бұл ойын “Тәңiрi мен жан” деген өлеңiнде де тереңдете түседi.
Тiптi кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз барша жан.
Тағы деге тауып алып
Тағы өседi қайтадан.
Түрлi жанда дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам
“Жоғалтатын нәрсе жоқ” деп
Айтты ғылым байқаған” – дей келiп адамдардың қосындысынан түрлi құбылыстардың пайда болып, түрлi өзгерiске ұшырайтынын (судың буға, будың бұлтқа айналуы, оны ңқайта жаңбыр, қар болып жерге жаууын) поэзия тiлiмен бейнелеп берiп отыр.
Шәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады. Оның “Жастарға”, “Дүние мен өмiр”, “Ар”, “Арман” т.б. өлеңдерiнен көруге болады. Жастарға “өзiңе-өзiң сын көзiңмен қара, өз мiнiңдi өзiң түзей бiл” дей келiп:
Ерiнбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ тек жат деп бiр құдайың.
Ойлансын деп ой бердi, көруге көз
Аяқ бердi, тапсын деп басқан сайын
Бiреуге телмiрiп көзiң сатпай, еңбектен, тер төк, iзден, адалдан тапқан мал тәттi дегендi айтады.
3.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың
әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық
жағымен бiрге тәлiмгерлiк
4. Хәлел Досмұхамедов ( 1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, “Орал”, “Пiкiр”, “Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.
1917 ж. бастап Алашорда үкiметiнiң басқару жұмыстарына белсене араласады. Батыс Қазақстан өлкесiндегi Алаш партиясының белсендi қайраткерлерiнiң бiрi болады.
1924 ж. Орта Азия университетiнде ординатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық институтында проректор, кейiнне педалогия кафедра меңгерушiсi, профессорлық қызметтер атқарады.
Жаратылыстану ғылымы саласында тұңғыш “Адамның тән тiршiлiгi” (1927) “Сүйектiлер туралы” (1928) Жануарлар (1929) атты оқулықтар жазып шығарады. Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық ғылыми терминдердi қалыптастыруда елеулi еңбек етедi.
Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: “Қазақ халық әдебиет”, “Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы”, “Кенесары-Наурызбай”, “Шатай қозғалысы туралы” еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы “Тiлләқари” және “Ширдар” медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар берген.
Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi… Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды” … дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате” – дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.
5.Мiржақып Дулатов (1885-1935)
1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ
Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.
Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-
М.Дулатов өзiнiң “есеп құралы”