Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
6.Нәзипа Құлжанова (1887-1934)
Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.
Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.
1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.
Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.
7.Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.
Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.
Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.
Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.
Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.
“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.
Ж.Аймауытов осы еңбегiнде
Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.
Ж.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.
Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту
жолдары” деген еңбегiнде баланың
бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн
арттыру үшiн мұғалiмдерден
Сондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.
8.Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.
Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.
Мағжан сонымен бiрге ұлт
Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады.
Автор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.
Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.
Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi.
Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.
М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi.
Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады.
Қорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс
педагогикасының атасы К.Д.
Бақылау сұрақтары:
1.Ә. Диваевтың этнографиялық еңбектерiнiң мәнi.
1. Ш.Құдайбердиевтiң дiни-философиялық көзқарастарына сипаттама бер.
2. А.Байтұрсыновтың лингвистикалық, ағартушылық еңбектерi.
3. М.Дулатовтың қайраткерлiгi және бастауыш құралдарын жазуы.
4. Х.Досмұхамедов жаратылыстану ғылымының негiзiн салушы.
5. Н.Құлжанова мектепке дейiнгi тәрбиенiң негiзiн салушы.
6. Ж.Аймауытовтың психологиялық, педагогикалық еңбектерiнiң тәлiмдiк және ғылымдық мәнi.
7. М.Жұмабаев – халық педагогикасын зерттеушi.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. А; “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова
М. Қазақ халқының салт-
6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. А; “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.
7.Құдайбердiұлы Ш.
8.Қазақстан ұлттық
Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. Москва-Воронеж. 2002 ж.