Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

9.Қалың елi қазағының қамын ойлап  екi бiрдей қара күшпен (бiрiншi - қазақ арасындағы қожа-молдалармен, екiншi орыс миссионерлерiмен) алысып баққан Ыбырай Алтынсарин небәрi 49 жас жасап, 1889 ж. июнь айында жүрек ауруынан қайтыс болады.

10.Ыбырайды мәңгi есте қалдыру  мақсатында Қостанайдағы қазақ мектеп-интернатына, Торғайдағы пединститут пен Алматыдағы Қазақ Бiлiм академиясына оның аты берiлдi. Осы мекемелер жанынан Ыбырайға арналған мұражай ұйымдастырылды. Алматы, Торғай, Қостанай қалаларында оның атында мектептер, көшелер бар.

Ыбырай мұраларын зерттеу iсiмен Ә.Сыздықов, Т.Тәжiбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Молдашев, К.Жұмағұлов, С.Қалиев т.б. айналысты. 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Ыбырайдың мектеп ашуы, оқулықтар  жазуы.

2.Ыбырай оқулықтарының құрлымдық  ерекшелiктерi.

3.Ыбырайдың қазақтардың өлген  адамды жерлеуi, ас беру дәстүрлерi туралы очеркiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi?

4.Ыбырайдың қазақтың құда түсу, қыз ұзату және той жасау  дәстүрлерiн сипаттауы, ондағы  дәстүрдiң тозығынан озығының  айырмашылығына ерекше мән беру  себептерi.

5.Ыбырайдың орыс достарымен  қарым-қатынасында көзделген басты мақсат неде едi? 

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ  тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат”  1995 ж.

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы пед.мұралары - Алматы: “Рауан” 1991 ж.

6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.

7.Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж. Ақ жол. А; “Жалын” 1991 ж. 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Ғабдуллин М. Қазақ халқының  ауыз әдебиетi. А; ҚМОП баспасы. 1958 ж.

 

 

5.3. Қазақ этнопедагогикасы жөнiндегi А.Құнанбаевтың (1845-1904) көзқарастары. 

 

Жоспар: 

1. А.Құнанбаев – қазақ жазба  әдебиетінің негізін қалаушы.

2. Абай қара сөздерінің тәрбиелік  мәні.

3. Абайдың шығыс әдебиет үлгілеріне  қатысы. 

 

Қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн  қалаушы, классигi Абай Құнанбаевтың  ең алғаш нәр алған бастау бұлағы – қазақтың бай ауыз әдебиет үлгiлерi болса, екiншi – Физули, Фердауси, Низами, Науаи, Сағди, Қожа Қафиз сияқты шығыс әдебиетi классиктерi едi. Үшiншщi – бертiн оңы мен солын тани бастағанда, Семейге жер ауып келген демократияшыл орыс зиялылары: Михаилес, Долгополов, Гросс т.б. достық қарым-қатынаста болып, солар арқылы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крыловтың, батыстың ұлы ақындары Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер еңбектерiмен танысты. Олардың (Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов т.б.) шығармаларын қазақ тiлiне аударды, Пушкиннiң Евгени Онегин поэмасынан Татьянаның хатына арнап ән жазды.

Абайдың қазақ, шығыс әдебиет үлгiлерiн  үйренуi әжесi Зере, әкесi Құнанбай, халық ақындары: Шөже, Байкөкше, Балталар  және Семей медiресесiнiң имамы Ахмед-Ризаның әсерлерiнен болса, ал орыс, батыс әдебиетiне құнығуына орыстың жер ауып келген оқымыстылары – революционерлерi әсер еттi.

1.Абай шығыс әдебиетiнiң асыл  үлгiлерiн өз шығармаларының арқауы еттi. Мысалы, Абай шығыстың “Масғұт” атты ертегiлерiнiң мазмұнында поэма жазды. Онда иесiз тамда қарақшылар өлтiргелi жатқан малды ажалдан арашалап қалған жiгiт – Масғұттың (Мұхаммед пайғамбардың) ерлiгi, оған дән риза болған шалдың:

–Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сары жесең, дәулетiң судай тасар

Егер де қызыл гүлдi алсаң таңдап,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар  – деп үш түрлi жемiсi бар гүлдi ұсынуы, жiгiттiң ақылды да, байлықты да алмай, әйелдi таңдауы, кейiн топан  суы қаптап, ел жындана бастағанда, оның да жынды суды iшiп жындануын суреттеу арқылы Абай дүниедегi байлық та, хандық та ақылға табынады. “Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды. Тiршiлiктiң тұтқасы ақыл-бiлiмде деген қорытынды жасайды.

Екiншi Абай “Ескендiр” поэмасында атақты Александр Македонскийдiң дүниежүзiн жаулап алып бетi қайтпай келе жатқанда екi шатқалдың арсына салынған темiр қақпаға кез болуы, Ескендiр қанша жұлқынса да қақпаны бұза алмағаны, ақыры күзетшiден сыйлық – белгi сұрағаны, күзетшiнiң адамның көз сүйегiн шүберекке орап, Ескендiрге сыйға бергенiн, Македонский оны өзiнiң ұстазы – Аристотельге алып келiп көрсетуi, Аристотелдiң бұл жұмбақтың шешуiн тауып, адам көзi бүкiл әлемдi жауласа да, дүние-мүлiкке тоймайтынын, өлгенде бiр уыс топыраққа тоятынын мысал ете келiп, мұнда да хандықты да, батырлықты да, бiлiм-ғылым, ақыл жеңедi деген ой топшыланып отыр.  Оны бүкiл әлемдi жаулаған Александр Македонскийдi Аристотельге бас игiзу арқылы дәлелдеп отыр.

2.Абайдың қай шығармасын алсақ  та ел тағдыры, шаруашылық кәсiбi, тұрмыс-тiршiлiгi табиғатпен тығыз байланыста алынып суреттеледi.

Мысалы: “Ескi киiм” атты өлеңiнде  қазақ жiгiтiнiң киген киiмi, ер тұрманы, сауыт-сайманы, олардың жасалу ерекшелiктерiн  түп-түгел үш ауыз өлеңге сыйғызып берiп  отыр. Сол арқылы қазақ аулының  өмiрiн сипаттау көзделген.

Ал “Жазғытұры”, “Жаз”, “Күз”, “Қыс”  атты жылдың төрт мезгiлiн сипаттайтын  өлеңдерi де қазақ аулының өмiрi, шаруашылық кәсiбi, адамдардың кәсiбi баяндалған.

Абай жылдың төрт мезгiлiн арнайы тақырып етiп алып, оны ел өмiрiмен  байланыстыруды орыс классиктерiнен үйрендi. Мысалы: Некраов орыс қысын “Мороз Красный нос” деп орыс ақсақалының бейнесiнде берсе, Абай “Кәрi құдаң қыс келiп әлек салды” деп құдасының ауылында ұзақ жатып алған құда-шалға теңейдi. Ал “Жазғытұры”өлеңiнде:

Жаздың көркi енедi жыл құсымен

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен

Көрден жаңа тұрғандай кемпiр  мен шал,

Жалбаңдасар өзiнiң тұрғысымен –  деп кәрi-жастың көңiл-күйiн жаздың бейнесiмен байланыстыра суретейдi.

Ал бұған қарама-қарсы “Қараша, желтоқсанмен сол бiр-екi ай” деген  өлеңiнде күздiң ызғырық соққан қара суығын, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей үйiнiң аянышты хәлi мен тамағы тоқ, үйi жылы ықтырма мен күзеуде ет жеп, сорпа iшiп, қызара бөртiп отырған бай үйiнiң кереғар өмiрiн суреттеу арқылы, ақын “Жалшы үйiне жаны ашып, ас бермес” сараң байларды санайды.

Ал Абайдың “Қан сонарда бүркiтшi шығады аңға” деген өлеңiнде аңшылық, саяткерлiк өнердiң қыры мен сырын  поэзия тiлiмен сипаттай келiп, аңшының  жанына ерген адамға (жас үлкенге) аңды тарту ету (байлау) дәстүрiн  де сөз етедi.

3.Абайдың бiр топ өлеңдерi қыз бен жiгiттерге арналған. Өзiнiң “қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы” қазақтың сұлу қызының сыртқы бейнесiн тамаша, асыл теңеулермен бейнелеп бере келiп:

Сөйлесе сөзi әдептi,

Һәм мағыналы

Күлкiсi бейне бұлбұл құс сайрайды – деп сыртқы сұлулығына iшкi әдебi сай аруды перiштедей бейнелеп бередi. Ал бұған қарама-қарсы ашық боламын деп тантық болған “орынсыз жыртақтаған” күлкiшiл, оспадар, дөрекi, даңғаза, парықсыз, әдеп атаулыдан жұрдай қыздарды жерiне жеткiзе сынайды.

Жар таңдаушы жiгiттерге осындай оспадар қыздардан аулақ болуға шақырады.

Абай жiгiттерге де сын айтып, олар қандай болу керек деген эталлон-өлшемдi айқындайды. “Арыңды жасыңнан сақта”, “Ар ақылдың сауыты” дегендi айта келiп:

Керек iс бозбалаға талаптылық

Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.

Кейбiр жiгiт жүредi мақтан көйлеп,

Сыртқа пысық келедi, көзге сынық, – деп, жiгiтке қойылар талаптар: талаптылық, арлылық, өнерлiк, мiнездiлiк  – адамгершiлiк қасиеттiң биiк  өлшемi дегендi айтады.

Бiр жерде бiрге жүрсең басың  қосып

Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiң тосып – деп сыйласымды достыққа шақырады.

Абай өзiнiң “Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ” атты өлеңiнде  ойын-сырын, мiнез-құлық түзелмей, сыртын түзейтiн сымбас борбай, сидаң жiгiттердi:

Олардың ойында жоқ малын бақпақ,

Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ

Жалғыз атын терлетiп ел қыдырып,

Сәлемдеспей алыстан ыржаң қақпақ – деп, жерiне жеткiзе мiнеп-сынайды.

Әкенiң тiлiн алмай, шаруаға мойын  ұсынбай, ел қыдырып, ас iшiп, үнемi ойын-сауықпен өмiр өткiзушi жастарға “қалжыңбассып  өткiзген қайран өмiр, түбiнде тартқызбай ма ол бiр зарлық” деп кейiн опық жейсiң, ойлан деп ой салады. Ондай жастарға Абайдың қояр талабы:

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бiр кiрпiш дүниеге

Кетiгiн тап та бар қалан –  деп өсиет айту болды.

Абай жастарға оқу оқып бiлiм ал, өнер үйрен, егiннiң ебiн, сауданың тегiн бiл… Мал жұтайды, өнер жұтамайды дегендi айтты.

Адам болам деген жiгiттiң бойында  қандай қасиеттер болуы керек  дегенге үлкен мән бердi.

Адам болам десеңiз.

Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда.

Оған қайғы жесеңiз

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәреден қашық бол…

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой…

Бес асыл iс көнсеңiз.

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның бiлсеңiз – деп жастарға жақсы, жаман қасиеттердi санамалап  көрсетiп бередi.

Абайдың 41 қара сөздерiнде де адам бойында болуға тиiстi адами асыл қасиеттер мен оқу, бiлiм, өнердiң  пайдасы, адамды адамшылықтан аздыратын  ерiншектiк, мақтаншақтық, күншiлдiк, көрсе  қызарлық, өсекшiлдiк т.б. жаман әдет, жат мiнездер жан-жақты ғылыми тұрғыда сөз еттi.

Абай өзiнiң ақындық өнерiн  де, ғақылиялық ғалымдық ой-пiкiрiн де қазақ халқының  ғалымдық ой-пiкiрiн де  қазақ халқының келешегiне, iргелi, мәдениеттi,  көсегелi, берекелi, бiрлiкшiл ел болуына арнады. 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Абайдың нәр алған үш мәдени бастау бұлағы туралы не бiлесiң?

2.Абайдың шығыс әдебиетi үлгiлерi  негiзiнде жазылған “Масғұт”  “Ескендiр” поэмаларында айтылмақ  ойларға талдау жаса.

3.Абайдың қазақ атаулының өмiрiн,  салт-дәстүрiн сипаттауы.

4. Абайдың жастарға қоятын  талаптарының мәнi қандай?

5.Абайдың өнер мен оқу-ағарту, еңбек пен бiлiм, адамгершiлiк  мәселелерiн сөз етудегi көзделген  мақсаты? 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова  Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

5.Абай Құнанбаев шығармалары  2 томдық, 1,2, т. – Алматы: “Жазушы” 1968 ж.

6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.

7.Қыраубаева А. Ежелгi дәуiр  әдебиетi. – Алматы: “Мектеп” 2003 ж.

8.Қазақтың мақалдары мен мәтелдерi. – Алматы: ҚазГосполитиздат. 1957.

9.Тәжiбаев Т.Т. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: “Қазақ университетi” 2000 ж. 

 

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. - Москва-Воронеж. 2002 ж.

2.Бизақов С. Түбi бiр түркiлер.  Қазақ энциклопедиясы.

3.Дастандар көп томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.

4.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.

 

Ү ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЭТНОПАДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫ КӨРНЕКТI ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМДАР. 

 

5.1. ХІХ ғ. мен ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары. 

 

Жоспар:

1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.

2. Ахмет Байтұрсынов,  Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.

3. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек  Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың  этнопедагогикалық ой-пікірлері. 

 

1.Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж.  қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа  тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.

Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.

Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин, В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.

Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері