Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

59. Ежелгі, ортағасырлық және жаңа ойлардың дамуы. Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады.  Саяси ойдың даму кезендері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатмларымен байланысты. Бірінші кезең — ежелгі дүние.

Ежелгі дүние  өз бастауын ғасырлардың терең қойнауы- нан алады. Осы ретте ежелгі дүниеде адамдар қалай өмір сүрді, онда билік, адамдарды басқару болды ма — деген бірінші сауалымызға жауап беріп көрелік. (Адамзаттың жасаған өркениеті бастапқы табиғи, хайуандық жағдайдан шықты деген концепцияға сүйенер болсақ, осы табиғи жағдайға және одан кейінгі даму барысына алғашкы қауымдағы адамдардың тіршілік әрекеттері үшін қажетті тәртіптілікті ендірген басқарудың тән болғандығын мойындауға тура келеді. Гректер мемлекетке дейінгі баскарудың бұл түрін белгілеу үшін "архия" (билік, баскару) терминін пайдаланды. Бұдан — анархия (биліксіздік), монархия (бір адамның билігі) келіп шықты.Бірақ анархия кемелденген саяси мазмұнда болмады, ол алғашқы қауымдық адамдардың шынайы өмірімен араласын кеткен болатын және адамдардың бір тобының басқа топка үстемдік ету формасы бола алмады. 
Бірақ басқарудың бұл түрі өзінің осы қарапайым формасында адамзат қауымдастығына бастапқыдан-ақ тән екендігімен қызық ал баскарудың мемлекеттік формасы, мемлекеттік билік қоғам дамуының бұдан гөрі кемелденген сатысында пайда болды, олардың пайда болуы билік функциясының, басқару проблемаларының мазмұнының күшеюімен байланысты болды. Алғашқы мемлекеттер ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай) пайда болдыуОлар ірі жер иеленуші өркениеттер еді. Жер және су ең негізгі ресурстар болғандықтан, осы ресурстарға кім иелік етер болса, сол шешуші әлеуметтік-экономикалық және саяси позицияға ие болатын. ірі ирригациялық құрылыстар (бөгендер, каналдар) салу үшін құлдардың күші кеңінен пайдаланылды. Қоғам сословиелерге бөлінді. Ресурстарға иелік етіп отырған жоғары сословие өкілдері өздерінің арасынан жоғары билеушіні бөліп шығарып оның шыкқан тегі мен іс-әрекеті жеткілікті дәрежеде мифологияландырылды. 
Орта ғасырлар.


Бұл кезенде тарихи процесс  бірте-бірте Жерорта теңізі жағалауьшан еуропалық қүрлықгың ішкері аймақгарына қарай көше бастады. Бұл процесс еуропалық қүрлықтағы варварлық тайпаларды қарқынды әлеуметтік өмірге араластырған римдік жаулап алулардан бастау алады. Варварлар аяғына тұрып, өркениеттенген соң, өзінің бар күшін Римге төгіп оны құлатты және осының нәтижесінде бұрынғы күл иеленуші алып империяның қираған орнында көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Еуропаның ортағасырлық тарихы осылай қалыптаса бастады. Бұл кезең діни соғыстар, мұра үшін күрестер, таққа талас, крест жорықтары, еретиктерді қудалау, шаруалар көтерілістері секілді оқиғаларға толы болды ( Орта ғасырларда озық ойлы элитаның негізгі қаруы, оның "ғылыми матрицасы" діни догматика болды. Діни күпірлік (ересь) өзінің мазмұны жағынан өзгеше, діни ортодоксалды емес еді, мұнда діни тұманды жарып өтіп адам- дардың шынайы, өмірлік мүдделері қарастырылды. Бұл кезенде саяси өмір сахнасында билік үшін күресті жер иеленуші аристократия мен дін басылар, ақсүйек билеушілер, шіркеу қайраткерлері сияқты екі үлкен саяси күш ұйымдасқан түрде жүргізді. Бұл күрестің басында билікті зандастыру проблемасы түрды Орта ғасырда құл иеленуші (Римнің құлауы нәтижесі. Жерорта теңізі бассейінінде өте күшті мемлекет -Сараб Халифаты пайда болды. Оның пайда болуы жалғыз Құдай — "Аллаға сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығыц тани- тын бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалыс ретіндегі исламның шығуымен байланысты. 
Исламның дамуы Жерорта теңізінің шығысын, оңтүстігін, батысын өте тез қамтыған, өзінің ыкдалын азиялық құрлықтың шығысына дейін таратқан динамикалық әлеуметтік-саяси процесс болды. Ислам мемлекеті өзінің идеологиялық базасы бар, құқықтық негізге ие, жекеменшік, нарық жүйесі, дінге сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығы, құқықтық және моральдық нормалар тәрізді бірлесіп өмір сүрудің позитивті құндылықтары сақталған теократиялық мемлекет еді. 
Жаңа заман

Нидерландыдағы революция (1566-1609 жж.), Ағылшын революциясы (1642-1689 жж.), Француз революциясы (1789-1794 жж.) сияқты Еуропа халықтарын бірінен кейін  бірін қүйзеліске ұшыраткдн революциялық оқиғалардан басталады. Аталған революциялық оқиғалар ұзақ және қатыгез сипатта болын, тұтас халықтар мен елдерді қанды қырғынға ұшыратты. Осынау революциялық оқиғалар қарсаңында, олардың кезінде және олардан кейінгі іргелі өрлеуде саяси ілім өз дамуына аса үлкен карқын алды. Саяси ғылымның одан кейінгі дамуының, саяси мәдениеттің қалыптасу концепциясының негізіне айналған бірқатар принципті ережелер жасақталды.

  1. Монархиялық режимнің тірегі болған шіркеуге елеулі сокқы берілді. Біртіндеп дін мен шіркеудің демократиялық қоғамдағы саяси ортасы — клерикализм көрініс ала бастады.# Қоғамның құқықтық мәдениеті мейлінше дәйекті және мақсатты түрде қалыптасып, құқықтық мемлекеттің концертуалдық негіздері қалана бастады
  2. Билікті шектеудің қажеттілігіне: конституциялық құрылыстың орнауына (барлық билік құрушы субъектілер, барлық азаматтар қолданатын қоғамдық және мемлекеттік құрылыстардың жаңа принциптері мен заңдарының салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін жинақтарының қабылдануы; биліктің шектелуі; билік құрушы субъектілердің өкілеттігінің анықталуы; биліктің вертикалдық тұрғынан және белдеулік тұрғыдан бөліну принциптерінің жүзеге асуы; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөліну) көңіл аударыла бастады.
  3. Билікті легитимдендіру проблемалары жасақталды. Сайлау жүйесінің біртіндеп қалыптасуы, оларды демократияландыру жүрді.
  4. Биліктің өкілетті органдары кең канат жая бастады.

60. Қазақстандағы көппартиялылық.  
Қазақстанда ең алғаш Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының бөлімі (филиалы) кұрылды. Ол ешқандай мәселені шешпеді. Қазақтардың, өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де болған жоқ. 1917 жылы 21 қазанда Казак газетінде Алаш партиясының бағдарламасын басып шығарды. Онда: Ресей демократиялық федеративтік  республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек: мұндағы мемлекеттер дініне, шыккан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар жергілікті халыктын тілін білуі керек, т.с.с. жазылған. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда жалпы қазақтың екінші съезі шакырылып. "Алашорда" үкіметінің құрылғандығын хабарлады. Басшысы Ә. Бөкейханов болып сайланды. 1918 жылы карашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінін, күшімен талқандалды. "Алаш" партиясынын. басшылары қуғын-сүргінге ұшырады. 
1917 жылы күзде "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия СОКП болды. 1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін, "Желтоқсан" партиясы дүниеге келді. Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәу¬елсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер, құралдар колдану керек. Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын  білдіреді. Қазақстанда партиялар саны өсуде. Казаңстан социалистік партиясы (ҚСП) 
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік пар¬тиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы  2000 жылы 30 қаңтарда өткен құрылтай съезінде құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет министірлігінен тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1 тамызында ҚСД «Ауыл» партиясының қатарында 10000 мүше болған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарының басшылары мен шаруалар болды. Мақсаты: ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау,аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге ат салысу, қоғамды одан әрі демократияландырудағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, елдегі тұрақтылықты баянды ету. Партияның төрағасы – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Әлімұлы Қалиев. Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы. Партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда болды. 3 сәуірде Әділет министірлігінен тіркеуден өткені туралы куәлік алды. Ақ жол өзінің негізгі мақсаты етіп Конституциядағы адам құқығы мен бостандығы толық сақталуын және билікті орталықсыздандыруды қойды.Партия қатарында бүгінде 115000 мүше бар.Негізінен олар мемлекет қызметкерлері,кәсіпкерлер,бюджет саласының қызметкерлері мен зиялылар.  Тең төрағалары бұрынғы Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы Әбілов, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан Бәйменов, бұрынғы вице-премьер Ораз Әлиұлы Жандосов. Кейін тағы екі төраға қосылды: Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Алтынбек Сәрсенбаев және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталық бас директорының бірінші орынбасары Людмила Аркадьевна Жуланова. 
«Асар» партиясы «Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. «Асар» партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты.Партия жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясыны центристік бағыт ұстанады. Қазақстанның демократиялық партиясы  
2004 жылы 29 сәуірде «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысы өзін Қазақстанның демократиялық партиясы деп жариялады.Партия қатарында 50000 –нан астам мүше бар. Мақсаты: азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы топтасуы деп санайды. КДП-ның төрағасы – Мақсұт Нәрікбаев.

61. К. Маркс, Ф, Энгельстің және В, И, Лениннің саяси идеялары. К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси идеялары

1. Капиталистік қоғамды  жою туралы қажеттілік.

2. Коммунизмді құру идеясы.

3.Саясат туралы жалпы  теорнялық және методологиялық  ойлары.

4.Тап күресі,  пролетариаттың тарихи міндеті және оның одақтар туралы пікірлері. 
5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы тұжырымдама.

6.Жұмысшы тобының азаттық  күресінде коммунистік партияның жетекшілік рөлі.

7.Пролетариаттар күресінің  стратегиясы мен тәсілдері жөніндегі  принциптері. 
8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның негізгі белгілері, мәні сипаты туралы қағидалары.

9. Соғыс және әскер,  революция жеңістерін қорғау тұрғысындағы саяси ойлар. 
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық қоғамның таптық күресінің шиеленіске бастауы - марксизм теориясын тудырды. 
К.Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономияда жаңалық ашты: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар салдарынан қақтығыс туып, аяғы социалистік революцияға айналады, басты рөлде - пролетариат болады. Олар шаруамен одақтасуы қажет деді. К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық жасаушы- коммунисттік партия болады деген тұжырымдама жасады. 
7. В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары. В.И.Лениннің идеялары 
В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды:

1.Жаңа тұрпатты саяси  партия туралы ілім.

2.Жұмысшы табының одақтары  туралы маркстік идеяларды жаңа  жағдайға байланысты тұжырымдауы.

3.Социалистік революцияның  лениндік теориясы.

4.Жаңа саяси жағдайда  коммунистік партияның стратегиясы  мен тәжірибесін ұсынуы.

5.Буржуазиялық-демократиялық  революцияның социалистік революцияға  ұласуы, имперализм туралы пікірлері.

6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты жөніндегі теориялары. 
7. Социализм тұжырымдамасының негізгі бағыттары.

В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс  пен Ф.Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының  заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

 

62. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік. Саяси қоғамдық ұйымдарға  халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. 
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. 
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: 
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б). 
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар. 
Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі. Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия,  Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды «жауапты» кәсіпорын дейді.  Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға  да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді. Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайндау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.

 

63. ҚР қалыптасуы. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді:Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді». Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды. Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін жәнеменшіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер жәнежануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»  Заңды қабылдау жөніндегі хабарды  республика халқы қуана қарсы  алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингідеҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар». Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.

1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

 

64. Қазақстандағы ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген: 
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.

2. Қайырымсыз - мұнда теріс  әрекеттер болады.  Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған  ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. 
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан. Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.

Информация о работе Айналамен таныстыру