Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка
1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.
75. Саясат-қоғамдық өмір жүйесінде. Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске
асыруға, қорғауға бағытталған
және саяси билікті басып
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының
даму тарихында бұл ұғым
4) әдеттегі тілде -
адамдардың өзара қатынастарынд
5) мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің күнделікті
мәселелер немесе оқиғалар
Саясаттағы бұқаралық
көңіл-күй - адамдар қауымының басым
көпшілігін қамтитын психологиялық
жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі
үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен
көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық
деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси
талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін
субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды
өзгертуге ұмтылу. Саясаттағы бұқаралық
көңіл-күй "саяси сана", "саяси
мәдениет", "саяси мінез-құлық",
"саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй
кеңестік қоғамтанудағы дәстүрл
76. Қоғамдық қозғалыстар
туралы түсінік. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін
күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге
немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны
нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді
айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі
ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге
асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей
саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам
өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына
тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі
сияқтылармен топтасады. Экономикалық
және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады.
Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік
жағдайға наразылықтан онда «Бірлік»
деген ұйым құрылды.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы:
«Азат», «Желтоқсан».
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны
құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін.
Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының
біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын
принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық,
қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес,
ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы
ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық
талаптарға негізделген басты мақсаты
қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің
көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті
өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар
қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін.
Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде
пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай
саяси қозғалыстар:
Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1. Қозғалысқа қажеттілік
және оның пайда болуы:
2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:
3. Дамыыған жұмыс кезеңі:
4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық қозғалыстардың
ішінде кең тарағанының бірі – «Халық
майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы
бар, әлеуметтік таптардың барлығының
немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын
мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер
жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады
және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған
ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның
құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін
көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар
жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық
майдандарының мынадай түрлері бар: Қоғамдағы
батыл өзгерістер кезінде саяси күштер
дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси
күштерден пайда болған халық майдандары.
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде
маңызды мақсатқа жету, саяси билікті
алу үшін саяси партиалардың немесе олардың
көсемдерінің бастауымен құрылғн халық
майдандары Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны
қорғау үшін интерноционалдық негізде
қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы
Францияда құрылған халық майданы фашизмнің
дамуына жол бермеді, т.с.с.
77. Биліктің қызметтері. "Билік" сөзі әр мағынада қолданылады.
Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты
былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі.
Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік.
Саяси билік.
Әлеуметтік билік.
Құқықтық билік.
Әскери билік.
Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық
мағынасы мемлекеттік-саяси салада
ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі
түріне жатады. Саяси биліктің өзіндік
қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру
.3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары,
саяси емес процестерге
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға
сәйкес басқарудың түрін,
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді
ашып, оларға шек қою және дер
кезінде шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:
1.Жоғары орталық саяси
институттар, мемлекеттік
2.Орта буынды аппараттар
мен мекемелерді қамтитын және
аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін
орта деңгей.
3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар,
өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы
қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы
болып табылатын, саяси және қоғамдық
өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші
деңгей., Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай
өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы
ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз
ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды. Заң
шығарушы билік (парламент) заң шығарумен,
оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.
Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді,
соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді,
сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады
халықаралық келісім шарттарды қабылдайды,
саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын
анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына
арнайы органдар бақылау жасайды.
78. Билік ұғымы туралы
түсінік. Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан,
саясатта билік теориясы үлкен орын алады.
Билік саясаттың саяси институттар мен
барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге
көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы
Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан
ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген
екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері
Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты
ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда
негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт
Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша
қандай орын алса, саяси жүйеде билік те
соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар
бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік,
структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге
әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне
ықпал етуін айтады. Алғашқы қауымдық
құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта
болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды.
Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер
және құлдар пайда болып, теңсіздік туды.
Бір таптың екінші бір тапты бағындыру
қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты
дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс,
ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер
пайда болды. "Билік" сөзі әр мағынада
қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне
байланысты былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі.
Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік.
Саяси билік.
Әлеуметтік билік.
Құқықтық билік.
Әскери билік.
Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық
мағынасы мемлекеттік-саяси салада
ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі
түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда
саяси биліктің мынадай ерекшеліктері
бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның
атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби
айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы,
басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының
тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін
белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет
шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.
Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла
біреулер билеуге құқықты да, екіншілері
оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік
неден туады? Саяси биліктің қарамағында
теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары
бар. Экономикалық қор. Қандай саяси билік
болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы:
сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады.
Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат
жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер
жеке бай адамдардың бірлестіктердің
көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты
ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және
үкімет басына келушілер өз реформаларын
ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері
Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди
"Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға
қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа
да материалдық құндылықтар, құнарлы,
шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары,
т.б. жатады. Әлеуметтік әдіс-құралдар.
Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын,
оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды
топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен
оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді
пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті
қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси
билікті құлатуға әрекет жасаушыларға
мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура.
т.б. жатады. Ақпарат құралдары. Радио,
теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары
өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес,
дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын
көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз,
баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық
партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының
маңызы арта түседі. Ақпараттық қор. Білім
мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату
бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.
79. Саяси партиялардың негізгі қызметтері. Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы
партияның маңызды міндеті азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды
ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік
топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.
Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты
одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі
жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері
төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша
жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық
жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік
топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру.
Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін
тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне
теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын,
ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен
ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын
насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін
ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру
және партия қатарына тарту,
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік
билікті колға алуға немесе билік жүргізуге
қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде,
бір идеология негізінде құралған адамдардың
ерікті одағын айталы.
80. Биліктің жіктелуі
мен түрлері. Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан,
саясатта билік теориясы үлкен орын алады.
Билік саясаттың саяси институттар мен
барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге
көмектеседі. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай
өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы
ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз
ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды. Заң
шығарушы билік (парламент) заң шығарумен,
оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.
Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді,
соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді,
сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады
халықаралық келісім шарттарды қабылдайды,
саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын
анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына
арнайы органдар бақылау жасайды. Атқарушы
билікке үкімет пен әкімшілік жатады.
Оларды заң шығарушы өкілдік органдар
қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы
биліктің бақылауында болып, олардың алдында
есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп,
заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай
қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді.
Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды
бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде
зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер
қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді
жүзеге асырады. Сот билігі адамдардың
құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды,
парламент не президент қабылдаған заңдардың,
конституциялы жарғылардың сәйкестігін
анықтайды. Оны халық немесе өкілетті
мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы
немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады.
Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның
немесе қызмет адамының шешімін конституцияға
қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды.
Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,
айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін
бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы
жатады. Биліктің бейнесін, қоғамдағы
рөлін, қызметін және болашағын бағалау
үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні
зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар
белгілермен өзгешеленеді.
1. Институционалданған (өзінің басқарушы
және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі
мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің
жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында
билеу-бағыну қатынастары орнаған) және
институционалданбаған (биресми, басқарушы
және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген)
биліктің түрі.
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік
саяси және саяси емес болып бөлінеді.
3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері
мен саласына қарай билік мемлекеттік,
ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында,
дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың
халықаралық билігі болып жіктеледі.
4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік,
үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с.
болып топталады.