Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка
1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.
70. Саясаттанудың
міндеттері. Саясаттану сөзі ("политология")
гректін, «политика" және "логос"
деген сөздерінен шыққан, саясат туралы
ғылым деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі демократиялық
мемлекеттерде саяси оқу
71. Қоғамдық қозғалыстардың
белгілері. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін
күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге
немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны
нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді
айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі
ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге
асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей
саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам
өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына
тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі
сияқтылармен топтасады. Экономикалық
және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады.
Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік
жағдайға наразылықтан онда «Бірлік»
деген ұйым құрылды.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы:
«Азат», «Желтоқсан».
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны
құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін.
Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының
біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын
принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық,
қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес,
ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы
ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық
талаптарға негізделген басты мақсаты
қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің
көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті
өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар
қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін.
Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде
пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай
саяси қозғалыстар:
Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1. Қозғалысқа қажеттілік
және оның пайда болуы:
2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:
3. Дамыыған жұмыс кезеңі:
4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық қозғалыстардың
ішінде кең тарағанының бірі – «Халық
майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік
таптардың барлығының немесе көпшілігінің
мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған
бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық
принциптердің негізінде құралады және
жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған
ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның
құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін
көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар
жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық
майдандарының мынадай түрлері бар: Қоғамдағы
батыл өзгерістер кезінде саяси күштер
дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси
күштерден пайда болған халық майдандары.
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде
маңызды мақсатқа жету, саяси билікті
алу үшін саяси партиалардың немесе олардың
көсемдерінің бастауымен құрылғн халық
майдандары Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны
қорғау үшін интерноционалдық негізде
қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы
Францияда құрылған халық майданы фашизмнің
дамуына жол бермеді, т.с.с.
72. Қазақстан мемлекетінің
шет мемлекетпен қарым-қатынасы. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға
ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы
сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты
ынтымақтастыққа бағытталғандығымен
ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз
өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық
факторларына байланысты көп ғасырлар
бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық,
көршілес мемлекеттермен татуластық және
олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу
принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең
құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас
құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық
байланыс орнатқан шет мемлекеттердің
санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991
жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап
біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде
ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді
даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің
үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті
де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық
сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады,
оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша
біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы
ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің
мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі
күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы
ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес
мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы
қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.
Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен
және аймақтармен ей жакты байланыс едәір
алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай
маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу
73. Саясаттану курсының
құрылымы. Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері,
logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы
ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым
саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бас
Саясаттану екі сипатта
қарастырылады: ғылым және оқу
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы
саяси процестердің үрдісін айнытпай
бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі
бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы,
озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған
ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы
тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты
да сонда.
74. «Нұр Отан» саяси партиясы туралы. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды. Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды. “Нұр Отан” партиясы құрылған кезден бастап-ақ 1999 жылы партияның І съезінде қабылданған Бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай шешіп келеді. Партиямыздың бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. “Нұр Отан” партиясы барлық сынақтарға дер кезінде назар аударып, өз Бағдарламасын жетілдіріп отырды. Біз бірігіп өзімізді де, елімізді де өзгерте алдық. Бірақ қол жеткенге тоқмейілсіп, тоқтап қалуға болмайды. Ел тарихының сапалық жаңа кезеңі басталды. Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жариялаған реформаларды іске асыру экономиканы жаңғыртып, қоғам өмірін жаңартуға мүмкіндік береді. Олар Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа Жолдауында, 2020 Стратегиясында және 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан. “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы халықты осы жауапты міндетті орындауға жұмылдыруда шешуші рөл атқарады...“Нұр Отан” өз ұстанымы мен саясатын қалыптастырған кезде центристік көзқарасты ұстанады, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев кең ауқымды әлеуметтік базаға негізделген байыпты және ымырашыл саяси бағыт ретінде негіздеме берді. Дәл осы центризм саясаты біз дәйектілікпен жақтап, жүзеге асырып отырған мынадай идеологиялық құндылықтарды білдіреді:...”. Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында 2020 жылға дейін Партия бағдарламасының жобасына ұсыныстар мен ескертулерді жинақтауға арналған Редакциялық комиссия құрылды.