Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка
1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.
35. Мемлекеттің түрлері. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси
билік бір орталыққа бағынады, мемлекет
ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға
жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы
бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары
органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақ
36.
Саяси мәдениеттің қызметі. Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі.
Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет
атқарады:
– танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды
меңгеру арқылы субъектілер саяси салада
ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады.
Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың
өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді
танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы
басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары
қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс
істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды
басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру
керектігін қамтиды;
– аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі
ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру
міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты,
саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын
қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе
қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің
іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси
тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай
тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы
ағалардың қателіктерін қайталамай, алға
қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;
– саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру
міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс
жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық
тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси
тұрақ¬тылықты, кемшіліктерге төбестікті,
қоғам алдындағы жауап¬кершілікті, ұлттық
және әлеуметтік-таптық қатынастарды
рет¬теуді қамтамасыз етеді.
– саяси психологияны дамыту міндеттері.
Олар адамдар¬ды қоғамдық-саяси қызметтерге
қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті
арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда
өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға
тәрбиелейді;
– қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері.
Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек,
мақсаттары бірдей адамдар топтасады,
сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен
қаруланады, одақтастар және қарсыластармен
саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай
шеберлікке дағдыланады;
– қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға
(топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен
өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең
құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды.
Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына
және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған
талаптарын ақтайтын саяси қазыналар¬ды
қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
37.
ҚР сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен,
тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен,
сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен
және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен
ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз
өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық
факторларына байланысты көп ғасырлар
бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық,
көршілес мемлекеттермен татуластық және
олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу
принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең
құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас
құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық
байланыс орнатқан шет мемлекеттердің
санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991
жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап
біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде
ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді
даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің
үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті
де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық
сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады,
оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша
біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы
ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің
мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі
күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы
ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес
мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы
қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.
Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен
және аймақтармен ей жакты байланыс едәір
алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай
маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу
38.
Мемлекеттік саяси режим. Қазақстан Республикасы егемендігін
алуына байланысты еліміздің әлеуметтік
өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп,
саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып
жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси
құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп
- білуге адамдардың өмірінде атқаратын
орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға
сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын
дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси
ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе
қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық
– саяси жағдайда еркін бағдар ұстап,
белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және
сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа
адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей
отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат
– мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең
жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға
негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге,
ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз
демократиялық мемлекет орнауы және тиімді
жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай
қоғамда болмасын барлық адам түгелімен
саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың
әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің
ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі
мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың
саналығы мен белсенділігіне байланысты.
Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы
шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды.
Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио
тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды
сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару,
саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі
түрде саясат теориясын игеріп, саяси
процеске қатысу жолдарын арнайы оқып
– үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек.
Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына
қарамастан, саяси білім мен мәдениет
әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты
тіршілік еткендіктен басқа адамдармен
және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет
етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси
істерде амал – айла, құлықтың құлы болып
кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер
өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын
істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси
сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси
сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне
негізделген үкімет жүйесінен, қатал,
деспоттық басқарудан, адамгершілікке
қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың
экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің
ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке
адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және
ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі
тиіс. Жеке адамдардың саяси белсенділігі
мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси
белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып,
биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны
да жоғары болады. Адамның әлеуметтік
және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің
негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық
– құқықтық заңда айқындалады. Адамның
саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін
құқығы конституциялық сипаттан қарапайым
демократиялық еркіндікке тікелей байланысты.
Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы
үшін материалдың әлеуметтік – мәдени,
саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең
алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі,
жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір
дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси
мәдениеті болуы керек. Білімді адамның
мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда
көрсетілгендей алғы шарттар болмаса,
тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене
қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала
қоюы қиынға түседі.
39.
Саяси мәдениеттің қалыптасуы. Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің
бірі – адамзат қоғамының демократиялық
даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды
ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы.
Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп,
жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет.
Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы
рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы
мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси
жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін,
қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың,
сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын,
өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын
дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. «Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға
енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі
ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек
Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және
басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге
тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе
жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес
жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған
санқилы жауап қайтаратындығы неліктен
деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап,
дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм,
Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен социологтері елеулі
үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны
ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші
ХVIII ғасырдағы неміс ағар¬тушысы, философ
Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың
өзара қа¬тынастарына байланысты тарихи
қалыптасқан саяси нұсқау¬лар, қазыналар,
адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,
қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет
қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын
қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті,
адамдардың топтардың, таптардың, ұлт¬тардың
өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында
жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті
кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет
адамның белсенді саяси өмірге дайындық
дәрежесін де білдіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет
жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам
даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі
саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына
өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік
туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның
белсенді атқарушысы, субъектісі бола
алады. Жалпы қоғамның және жеке адамның
саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші
халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған
абзал. Білімді арттыруда алдымен сауат¬тылық
қажет. Осы орайда В.И. Ленин былай деп
жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады.
Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз
саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат
емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі,
соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И.
Ленин, ШТЖ, 44-том, 188-б.)
Сондай-ақ дүниетанымдық белсенділік
жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы
рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық
мүдделер барынша көрініс тауып, соның
нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси
позициясы қалыптасады. Саяси мәдениет категорияларының құнды
қатынастары құрылымындағы келесі деңгей
өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне
байланысты. Әрбір адамның азаматтық міндет¬тері
мен құқықтарына деген көзқарасы оның
билік институт¬тарындағы іс-әрекеттеріне
баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда
саяси мәдениет құрылымының қалыптасу
детер¬минанты ретінде өкіметтің өз мәдени
деңгейі көрінеді.
40.
Саясаттанудың басқа қоғамдық
ғылымдармен байланысы. Саясаттану сөзі ("политология")
гректін, «политика" және "логос"
деген сөздерінен шыққан, саясат туралы
ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа
қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың
орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында
саясат негізгі рөл аткарды. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен
байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен
тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың
бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық
өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да
пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану
ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан
саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар
арасындағы ерекшелігін, алатын орнын
анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен
фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты.
Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының
неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым.
Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін,
рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын
және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас
туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты
саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым
болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық
тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар
мен процестерді талдауға дүниетанымдық
бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды,
өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда
өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану
қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы
заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды,
саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты
қалыптастырады. Саясаттану экономикалықикалық теориямен
өзара байланысты. Сая-си экономия саяси
процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей
отырып, ол процестердің негізінде әр
түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін
жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз
жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты
дайындау және іске асыру, ол процестерді
мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми
түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық
ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың
қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын
реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап,
іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді,
кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен
институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін
карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған
экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану күкықтануға жалпы теория,
оның теориялық-
әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет
жүйесінсіз әлеуметтік,
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар
жалпыға
міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен
қатар құқықтык
тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі
қызметін атқара
алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың
бірі — әлеуметтапу (социология). Саясаттану
саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып,
іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге
асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс
ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс
ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап,
әлеуметтік ортаның саяси салаға етер
әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері
адамды және қауымдастықты дамытуға саясат
не бере алады және саясатты жетілдіру
үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,
саясаттанудың негізгі назары саясатта
болса, әлеуметтанудың назары саясатты
жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы
байланыс әсіресе саясаттануды сандық
әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты
күшейе түседі. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның
болған уақытына байланысты саяси институттар
мен идеялардың дамуы туралы деректерді
жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану
баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты.
Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән
зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның
саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық
саяси құбылыстар мен процестер жатады.