Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру,  сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі  болып бөлінеді. 
6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді. 
Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект” деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші, “субъект” – іс-әрекетті жасаушы. 

Биліктің объектілері: 

1.Мемлекет.                                6. Әкімшілік.

2.Ел.                                            7. Ведомстволар

.3.Аймақ.                                      8. Ұйымдар.

4.Штат.                                        9. Өндірістер.

5.Республика.                            10. Жеке тұлға.

Биліктің субъектілері:

1.Мемлекет. 
2.Әлеуметтік топ, тап.

3.Әлеуметтік топтар  жүйесі.

4.Әлеуметтік топтарға  сүйенген шағын адамдар тобы.

81. Саяси режим ұғымы. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Саяси режимдердiң түрлерi


  • Демократия
  • Авторитаризм
  • Тоталитаризм

Қазіргі саяси ғылымда  саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

-  билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

-  саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б. Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын

мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының

өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу  әдістері, мемлекет пен қоғамның

өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның

ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси

институттардың қалыптасу  жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған

саяси режим түрі субъективті  және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа

да көптеген факторларға  байланысты. Сондықтан да саяси режимнің

классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде

классификация-ол қоғамда  демократиялық принциптердің бірқалыпты

дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси  режимнің түрі

былай анықталады:

- саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;

-қоғамдағы адам құқықтары  мен бостандықтарының жағдайы;

-бюрократиямен қатынас  жағдайы;

- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;

- қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы

Осы айтылғандармен байланыстырып  саяси режимнің негізгі үш түрін  ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

Тоталитарлы саяси режим – ол  мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы.    Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.

 

82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.  
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды. 
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан». 
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады. 
Қоғамдық құрылысқа қатынасына  қарай саяси қозғалыстар: 
Консервативтік. 
Реформистік. 
Революциялық. 
Контрреволюцялық  болып бөлінеді.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:

1. Қозғалысқа қажеттілік және  оның пайда болуы:                             
2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:

3. Дамыыған жұмыс кезеңі:

4. Саяси  қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық  қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің  негізінде құралады және  жұмыс істейді. Онда қатаң  айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар: Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. 
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т.с.с.          

 

83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Қазіргі идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар идеология болсын саясатпен тығыз байланысты. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

Өзектілік деңгей идеология  мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.


Информация о работе Айналамен таныстыру