Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

 

27. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. 

 

28. Қазіргі идеология. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Қазіргі идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар идеология болсын саясатпен тығыз байланысты. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

Өзектілік деңгей идеология  мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану  деңгейін сипаттайды.

29. Мемлекеттің  белгілері. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері


  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

 

30. Саяси мәдениеттің құрылымы. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

 

31. ҚР саясаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрi қарай – Тұжырымдама) – бұл елiмiздi мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, дiни өзгешелiктерiне қарамастан, бiрлiкте, татулықта өмiр сүрiп, тәуелсiздiктi сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әдiлеттiлiк орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негiзгi құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзiрлеген, қоғамның басым бөлiгi қабылдамаған «ел бiрлiгi» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады. 
Тұжырымдама ұлттық мемлекеттi қалыптастыру әрi нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негiзгi ұстанымдар, өзектi мақсаттар мен мiндеттердiң жиынтығы болып табылады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерiнде құрылғандығын, мемлекеттiң байырғы тұрғындары және республиканың абсолюттi басым бөлiгiн қазақтар құрайтындығын ескерiп, елде өмiр сүретiн өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңiрегiне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негiздерiн анықтауға бағытталған. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзiлiк құқық талаптарына негiзделiп дайындалды. Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға iлгерiлеуi, жаһандану кезеңiнде ұлттық мемлекет ретiнде ерекшелiктерiн сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдiк дамуда дара мемлекеттiлiгiн қалыптастыруы, елдегi демократиялық үрдiстердi тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттiгiн күн тәртiбiне қойды. Бұл – әрi саяси және тарихи қажеттiлiк. 
Тұжырымдама мемлекеттiк бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау үшiн негiз болып табылады.

 

32. Мемлекеттің қызметтері. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын  мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу  тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

 

33. Саяси мәдениеттің типтері. Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді:

1)    сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 
2)    идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 
3)    идеалистік (интуитивті таным басым болады); 
Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Ясперс мәдениеттің тарихи типтері туралы түсінікті едәуір байытты. 
Ол келесі топтарды атап көрсетеді: 
-    ертедегі тарихқа дейінгі, “прометей кезеңі” және қазіргі, жаңа уақыт кезеңіне дейін кеңіген (оның ғылымымен және техникасымен, тарихтың әлемдікке айналуымен). Одан әрі орталықтан екі жақтан – “ежелгі заманның ұлы мәдениеттерінің” тарихы (оның локализмі және автономиясымен), және де осьтен кейінгі, “империялық” кезең, Батыс, Үнді, Қытай өркениеттерінің жергілікті-тарихи арнасына жартылай қайтып келген. Ал орталығында – “осьтік уақыттың” өзі (1 мыңжылдықтың ортасынан біздің эрамызға дейінгі) және олардың барлық үш мәдени облыстарда жасаған универсиалды және гуманистік мәдениеті. Ол - өз кезегінде жалпы адамзаттық мәдениет “өсиеті” және адамзат үшін болашақта тірі қалып, еркіндікте болуға мүмкіншілік. 

 

34. Демократия туралы ұғым мен  түсінік. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

  • Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
  • Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
  • Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  • Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Информация о работе Айналамен таныстыру