Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

 

47. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән – мағынасын түсініп-білу мақсатында бірнеше әдістерді пайдаланды. Әдіс деп – зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы жүйелеу, социологиялық, тарихи бихевористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс - әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. 
Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. 
Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды заманына қарай бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді деректерді олардың болған мезгілін еске ала отырып танып – білуді талап етеді.  Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс - әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс - әрекеттерін талдау арқылы түсініп – білуге болады дейді. Нормативтік әдіс – қоғамдық игілік қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға  барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құбылыстың түрін іздейді. 
Диалектикалық – матералистік әдіс – табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен – бірін тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. 
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты мәселелерді зерттегенде басқа да әдістерді қолданады.

 

48. Саяси партиялардың пайда болуы. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды. 
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады. 
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық  үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды  тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды. 
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.

49. Саяси идеология. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады. Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді: 1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді; 2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді; 3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады; 4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады; 5) бағалау қызметі. Идео¬логия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

50. Саясаттанудың қызметтері. Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. 
Ежелгі Шығыс, антикалық  дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын.  Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. 
1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. 
2.Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, иниституттарға, іс - әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

3.Реттеушілік, басқару  қызметі – адамдардың саяси  өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді.  Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді. 

4.Болжау қызметі –  ол белгілі бір саяси жағдайларда  алдыңғы қатарлы, озық саяси  өзгерістер жасауға бағытталған  ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты сонда.

 

51. Саяси партиялардың белгілері. Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 
1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды; 

2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.

3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру: 
4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді. Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:

1. Партия бағдарламасынын  болуы;

2. Саяси билік үшін  күрестің болуы:

3.  Партиялық тәртіптің болуы:

4. Партияға мүшелік ету;

5. Мүшелік жарна төлеу;

6. Партияның  жарғысының болуы:

7. Баспа органдарының, болуы;

8. Партия басшылығының  көптеген өкілеттігі;

9. Кәсіптік негіздегі  партия аппаратының болуы. Осындай  белгілері бар саяси партиялар  тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

52. Идеологияның қызметтері. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады. Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді: 1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді; 2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді; 3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады; 4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады; 5) бағалау қызметі. Идео¬логия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

53. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды.  Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.  Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. 
Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық- 
әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік, 
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға 
міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык 
тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара 
алмайды.     Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.  Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. 
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

 

54. Саяси партиялардың жіктелуі. Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген: 
Кадрлық: 
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы. 
Бұқаралық 
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары. 
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ 
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған  өзінің барлық мүшелерінен партиянын  жұмысына белсенді катынасуын талап  етеді. 
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.

Коммунистік партиялар  — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа  алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды. 
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық  — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде  жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді. 
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар - заң  бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді 
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Информация о работе Айналамен таныстыру